Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.09.2017 № 720 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Біліктілік санаты үшін үстеме ақы төлеу ережесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ЖИТС проблемасы бойынша ғылыми тақырыпты орындағаны үшін және ЖИТС-пен ауыратын науқастармен және АИТВ жұқтырғандармен байланыста болатын, ЖИТС қоздырғышымен және АИТВ-материалын ықтимал жұқтырғандармен (оның ішінде жануарлармен) жұмыс істейтін, лауазымдық жалақысының 60 % мөлшерінде үстемеақы белгіленетін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың медицина қызметкерлеріне, қызметшілері мен техникалық қызметкерлеріне, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлер лауазымдарының тізбесі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес айрықша еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті (М.М. Рысбеков) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. "Еңбек жағдайы үшін қосымша ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесін және Біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 50 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4536 тіркелген, 2007 жылғы 5 мамырдағы № 18 (331) "Ресми газет" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Досқалиев |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 576 бұйрығына 1-қосымша |
Біліктілік санаты үшін үстеме ақы төлеу ережесі
1. Осы Ереже "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес әзірленген және біліктілік санаты үшін үстемеақы төлеу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
біліктілік санаты (разряд) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі.
3. Медицина қызметкерлеріне, сондай-ақ бөлімшелердің басшыларына (бөлімшелердің меңгерушілеріне, бас мейірбикелерге, аға мейірбикелерге) біліктілік санаты үшін үстеме ақы нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
4. Ұйым қызметкерлеріне осы қосымша ақылар олардың басшылық және медициналық лауазымдардағы қызметі ғылыми дәрежесіне бейіні бойынша сәйкес келген жағдайда белгіленеді.
5. Үстеме ақы қызметкерлерді аттестаттау нәтижелерінің негізінде айқындалады.
6. Көрсетілген қосымша ақы тиісті біліктілік санаты бар дәрігердің лауазымдық ақысынан белгіленеді.
7. Біліктілік санаты үшін үстеме ақы мөлшері Қаулының 19-қосымшасының 12-тармағына сәйкес базалық лауазымдық жалақыға пайыздық қатынаста айқындалады.
8. Медициналық ұйымдардың басшыларына, олардың орынбасарларына дәрігерлік мамандықтар бойынша біліктілік санаты үшін үстеме ақы қоса атқаратын дәрігерлік мамандықтар бойынша жұмыстарды атқарған жағдайларда ғана төленеді.
9. Көрсетілген үстеме ақы ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізетін қызметкерлерге біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау жөніндегі Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген тиісті дипломы болған жағдайда белгіленеді және негізгі жұмысы бойынша төленеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 576 бұйрығына 2-қосымша |
ЖИТС проблемасы бойынша ғылыми тақырыпты орындағаны үшін және ЖИТС-пен ауыратын науқастармен және АИТВ жұқтырғандармен байланыста болатын, ЖЙТС вирусымен және АИТВ-материалын ықтимал жұқтырғандармен (оның ішінде жануарлармен) жұмыс істейтін, лауазымдық жалақысының 60% мөлшерінде үстемеақы белгіленетін ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтардың медицина қызметкерлеріне, қызметшілері мен техникалық қызметкерлеріне, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде бактериялық және вирустық препараттардың өндірісі жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлер лауазымдарының тізбесі
№ | Ұйымдардың тізбесі | Қызметкерлер лауазымдарының тізбесі |
1 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) | Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер |
2 | Облыстық (қалалық) ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтар | Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер |
3 | АИТВ/ ЖИТС проблемасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын денсаулық сақтау саласының ғылыми-зерттеу ұйымдары | Директор, директордың емдеу ісі және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. Ғылыми қызметкерлер (бас ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер). Зертхана меңгерушісі, зертханашы-дәрігер, зертханашы, мейірбикенің көмекшісі |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 576 бұйрығына 3-қосымша |
Айрықша еңбек жағдайы үшін үстеме ақы белгіленетін ұйымдар мен қызметкерлер лауазымдарының тізбесі
№ | Ұйымдардың (бөлімшелердің) тізбесі | Қызметкерлер лауазымдарының тізбесі | Айрықша жағдайлар |
1 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ДСМ) Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің (бұдан әрі -МСЭҚК) Обаға қарсы күрес мемлекеттік мекемелері, станциялар, (оның ішінде бөлімшелер) | Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер | Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштарымен және оны ықтимал жұқтырған материалдармен жұмыс істегені үшін |
2 | ҚР ДСМ МСЭҚК "Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалы аурулар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі - РМҚК) | Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер | Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштарымен және оны ықтимал жұқтырған материалдармен жұмыс істегені үшін |
3 | ҚР ДСМ МСЭҚК "Қазақ республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясы" ММ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының аса қауіпті жұқпалар зертханалары мен бөлімдері | Аса қауіпті жұқпалар зертханалары мен бөлімдерінің және виварийлердің қызметкерлері | Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштарымен және оны ықтимал жұқтырған материалдармен жұмыс істегені үшін |
4 | ҚР ДСМ МСЭҚК "Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы" РМҚК трансмиссиялы вирусты жұқпалар зертханалары | ҚР ДСМ Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы" РМҚК трансмиссиялы вирусты жұқпалар зертханаларының қызметкерлері | Аса қауіпті жүқпалардың қоздырғыштарымен және олардың жұқтырылуы ықтимал материалдармен жұмыс істегені үшін |
5 | ҚР ДСМ "Апаттар медицинасы орталығы" мемлекеттік мекемесі және оның аумақтық бөлімшелері | Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету жөніндегі мамандандырылған бригадалардың қызметкерлері | Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша шұғыл медициналық көмек көрсеткені үшін |
6 | ҚР ДСМ "Қазақ республикалық лепрозорийі" ММ | Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық қызметкерлер | Алапес ауруын емдеуді ұйымдастырғаны үшін |
7 | ҚР ДСМ "Сот медицинасы орталығы" РМҚК және оның аумақтық бөлімшелері, патологиялық-анатомиялық бюро (бөлімшелері мен зертханалары) | Басшылар, басшылардың емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, бөлімшелерінің, зертханаларының меңгерушілері, сот-медициналық сараптама дәрігерлері, мейірбикелер, зертханашылар, фельдшерлер, медициналық тіркеушілер және санитарлар | Сот-медициналық сараптама қызметін жүзеге асырғаны үшін |
8 | Дәрігерлік амбулаториялар, қалалық, аудандық және ауылдық емханалар, аудандық, орталық аудандық ауруханалардың емханалары, фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункттер | Терапия, педиатрия бөлімшелерінің меңгерушілері, учаскелік терапевт-дәрігерлер, учаскелік педиатор-дәрігерлер, жалпы тәжірибе дәрігерлері, акушер-гинеколог дәрігерлер мен фельдшерлер, акушерлер, учаскелік мейірбикелер, сондай-ақ жасөспірімдер қызметінің терапевтері, | Аумақтық учаскелерде халыққа медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсеткені үшін |
9 | Туберкулезге қарсы емханалар, туберкулезге қарсы, неврологиялық, онкологиялық, психо-неврологиялық, наркологиялық диспансерлер (емханалық бөлімшелер) және тәуелділік ауруларының алдын алу және оларды емдеу жөніндегі орталықтар, сондай-ақ туберкулезге қарсы санаториялар | Психиатр дәрігерлер, фтизиатр дәрігерлер, онколог дәрігерлер, нарколог дәрігерлер және көрсетілген қызметтердің учаскелік мейірбикелері | |
10 | "Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" РМҚК, "Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" РМҚК, басқа ауруханалардың құрамындағы бөлімдер мен бөлімшелер | Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, барлық медицина және фармацевтика қызметкерлері, қызметшілер, техникалық қызметкерлер мен басқа да жұмыскерлер | Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға арналған госпитальдарда және ауруханалардың құрамындағы арнаулы бөлімшелерде медициналық көмек көрсеткені үшін |
11 | Шұғыл медициналық көмекті тікелей көрсету және құтқару жұмыстары үшін ұйымдастырылған арнайы мақсаттағы медициналық жасақтардың медицина қызметкерлері | Лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, санитариялық авиация станциясының көшпелі бригадаларының, республикалық, облыстық және өңірлік ауруханалардың жоспарлы және шұғыл консультациялық көмек бөлімшелерінің медицина қызметкерлері | Шұғыл медициналық көмек көрсеткені үшін |