БҰЙЫРАМЫН:
1. "Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу және өрт салдарын жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 910 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10155 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуді және өрттердің салдарын жою қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзуді және өрттердің салдарын жою қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Метрополитенде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзу және өрт салдарын жою қағидаларында
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргiзуді және өрттердің салдарын жою қағидалары";
"1-тарау. Жалпы талаптар";
1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуді және өрттердің салдарын жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына және Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі (бұдан әрі – МЕӨҚҚ) үшін метрополитендегі және өртке қарсы ерікті құралымдар (бұдан әрі – ӨҚЕҚ) үшін трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік ұйымдарда өрт қауіпсіздігі және өрттердің салдарын жою бойынша профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Қалалық рельсті көлікте өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу тәртібі";
3 – 6 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қалалық рельсті көлік объектілерінің басшыларына жүктеледі. Ұйым басшысы жекелеген объектілердің және учаскелердің өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғаны белгілейді.
4. Қалалық рельсті көлігінің жылжымалы құрамы мен объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі нысаны өрттердің туындау қаупіне ықпал ететін себептерді уақтылы анықтау және жою мақсатында жүргізілетін профилактикалық жұмыс болып табылады.
Профилактикалық жұмыс жоспарлы зерттеу, үнемі бақылау қарап-тексеру, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ұйғарымдарын орындауды бақылау тұрғысына күн сайынғы бақылау жиынтығын білдіреді.
5. Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмысты метрополитеннің МЕӨҚҚ, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік ұйымдардың ӨҚЕҚ жүзеге асырады.
6. Профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде МЕӨҚҚ, ӨҚЕҚ мыналарға:
1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысына ведомстволық қарап-тексеру жүргізу арқылы қалалық рельсті көлігінің жылжымалы құрамы мен объектілерін пайдалану кезінде тиісті өртке қарсы режимді сақтауға;
2) қалалық рельсті көліктің қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына және өрт туындаған кездегі іс-қимылға үйретуге;
3) азаматтық қорғау органдарының қалалық рельсті көлік объектілерінің өрт сөндіру жедел жоспарын әзірлеуге, оларды пысықтау үшін ведомстволық жоспарлы машықтанулар мен оқу-жаттағуларды ұйымдастыруға, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет органы бастамашылық ететін оқу-жаттығуларға қатысуға;
4) өрт қаупін азайтуға бағытталған жаңа техникалық шешімдерді енгізуге бағытталған шараларды қабылдайды.";
9 және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"9. МЕӨҚҚ қалалық рельсті көлік басшысы бекітетін жылдық, тоқсандық және айлық профилактикалық іс-шаралар жоспарларын әзірлейді. Жоспарларда ұйымдастырушылық-профилактикалық іс-шаралар және зерттелуі жоспарланатын объектілер көрсетіледі.
10. МЕӨҚҚ, ӨҚЕҚ басшысы жоспарлардың орындалуын бақылайды және оған белгі жасайды. Жекелеген іс-шаралар орындалмаған жағдайда тоқсан сайын олардың орындалмау себептері туралы анықтама жасалады, онда жоспарда көзделген жүргізілген жұмыс көрсетіледі.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қалалық рельсті көлік объектілерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 276 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9510 болып тіркелген) Өрт қауіпсіздігі шараларына ұйымдар қызметкерлері мен халықты оқыту қағидалары және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар негізінде арнайы өртке қарсы даярлықтан өтеді.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Қалалық рельсті көлікте өрттің салдарын жою тәртібі";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Метрополитендегі өрттің салдарын жою жөніндегі іс-шаралар метрополитен басшысы бекіткен аварияны жою жоспарына сәйкес, ал трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті көлік объектілерінде ұйым басшысы белгіленгін тәртіппен ұйымдастырылады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Өрт салдарын жою кезінде қалалық рельсті көліктнің жылжымалы құрамдар қозғалысын қалпына келтіруге, электр энергиясымен, байланыспен қамтамасыз ету, темір жолдарды, энергиямен жабдықтау және байланыс қондырғыларын жөндеуді қоса алғанда, тоқтап қалған технологиялық процестің жұмысын ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (Беккер В.Р.) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы полиция генерал- майоры |
Р. Жақыпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_______________ Ж. Қасымбек
2017 жыл 23 тамыз
"КЕЛІСІЛДІ"
Астана қаласының әкімі
_______________ Ә. Исекешев
2017 жыл 11 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Алматы қаласының әкімі
_______________ Б. Байбек
2017 жыл 20 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарағанды облысының әкімі
_______________ Е. Қошанов
2017 жыл 10 қазанда
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысының әкімі
_______________ Б. Бақауов
2017 жыл 20 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
_______________ Д. Ахметов
2017 жыл 2 қазан