Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қазанда № 15888 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алу мүдделі субъектілеріне және Комитеттің аумақтық басқармаларына мәлімет үшін жолдануын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 108 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қүқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 101 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8808 санымен тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылы 26 қазанда № 240 (28179) жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:".

      2. "Атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерін орындамаған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды ерікті түрде орындамаған адамдардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құру және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 70 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9628 санымен тіркелген, 2014 жылы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ".

      3. "Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 81 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9724 санымен тіркелген, 2014 жылы 25 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Елден тыс жерлерде жүрген қазақстандық азаматтарды қорғауды және оларға қамқорлық жасауды мемлекетке міндеттейтін Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ".

      4. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу қағидаларын, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 санымен тіркелген, 2014 жылы 21 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 180-бабы 3-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      5. "Есірткі заттардың, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелеріне байланысты құқық бұзушылықтар туралы" статистикалық есеп нысанын құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 101 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9859 санымен тіркелген, 2014 жылы 24 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 12) тармақшасын іске асыру мақсатындажәне есірткі заттардың, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелеріне байланысты құқық бұзушылық саласындағы қызмет нәтижелерін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:".

      6. "Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды статистикалық есепті және оны құрастыру Нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9852 санымен тіркелген, 2014 жылы 24қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 12) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ".

      7. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 10 қазандағы № 114 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9869 санымен тіркелген, 2014 жылы 24 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:".

      8. "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырумен (жылыстатумен) және терроризмді қаржыландырумен байланысты арнайы есепке алуды жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 6 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10193 санымен тіркелген, 2015 жылы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 16), 17), 18) тармақшаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:".

      9. "Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 11 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10218 санымен тіркелген, 2015 жылы 27 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 7) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      Сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдардың есебін жүргізу қағидасына, осы бұйрығымен бекітілген:

      4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "4. Есеп Комитеттің аумақтық органдарының "Азаматтық-құқықтық саладағы соттық нысанды есептерді және Қазақстан Республикасы сот органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесіне электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу және азаматтық-құқықтық саладағы есептерді қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13690 санымен тіркелген) (бұдан әрі – № 52 бұйрық) бекітілген сот шешімдерінің кестелік көшірмелерін, азаматтық іске арналған электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарын (бұдан әрі – ЭАЕҚ), жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса отырып, сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – есепке алу деректері) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) АЕ ААЖ-не енгізу жолымен жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "Адамды әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танудың қайталанған дерегі анықталған жағдайда Комитеттің аумақтық органы бір жұмыс күні ішінде "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін қадағалаушы прокурорға, ал егер адамның іздестіру есебінде тұрғаны анықталған жағдайда іздеу салған бастамашыға ақпарат жолдайды.";

      11-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "11. Тоқсан сайын Комитеттің аумақтық органдары АЕ ААЖ-нің есептік мәліметтерін № 52 бұйрықпен бекітілген, Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйенің Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған сот есептерінің статистикалық ақпараттарымен салыстыру жүргізеді.".

      10. "Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 нысанды есепті және оның құрылуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 38 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10567 санымен тіркелген, 2015 жылы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 нысанды есептің құрылуы жөніндегі кіріспе:

      24-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "24. Соның ішінде 11-бағанда Заңының 6-бабы 3-1) тармақшасына сәйкес, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі орындаған іс жүргізулердің саны бейнеленеді.".

      11. "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы" статистикалық есептің нысанын және оның қалыптасуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12397 санымен тіркелген, 2015 жылы 18 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 13) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ".

      12. "Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 13 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13171 санымен тіркелген, 2016 жылы 23 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексіның 146-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Тексерудi тағайындау туралы актiлердi, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламаларды тіркеу қағидаларында:

      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тексерудiң тағайындалғаны туралы актiлердi тіркеу, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру мен оның нәтижелерi туралы ақпараттық есептiк құжаттарды ұсыну қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексіның 146-бабы 2-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Кәсіпкерлік Кодексі), "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерін орындау мақсатында әзірленген.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртібінің, оларды жүргізу, ұзарту, тоқтату мерзімдерінің, тексерулерді тағайындау, олардың нәтижелері мен аяқталуы туралы актіні ресімдеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Салық кодексімен, ал мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен жүзеге асырылатын тексерулер Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12557 санымен тіркелген) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесімен айқындалады, прокуратура органдарымен жүзеге асырылатын тексерістер Қазақстан Республикасы "Прокуратура туралы" Заңымен айқындалады.".

      13. "Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 15 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13198 санымен тіркелген, 2016 жылы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 19) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен бекітілген Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бақылау және қадағалау органдары өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайтын хабарлардың есебін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заның, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заның орындау үшін әзірленді.".

      14. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қантардағы № 22 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13343 санымен тіркелген, 2016 жылы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңының 9-бабы 15) тармақшасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:";

      15. "Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 49 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13613 санымен тіркелген, 2016 жылы 29 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 10-1), 11) тармақшасын және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-1-бабы, "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.".

      16. "Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 113 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13977 санымен тіркелген, 2016 жылы 10 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 11-1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:".

      17. "Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 125 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14126 санымен тіркелген, 2016 жылы 1 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 12) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:".

      "Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы" № 3-К нысанды есепте:

      1-бөлімнің 8 жолы, 2-бөлімнің 9 жолы, 3-бөлімнің 8 жолы, А және Б кестелерің 4-бөлімнің 4 жолы жойылсын.

      18. "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" № 1-М нысанды есепті және оны қалыптастыру және құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 140 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14301 санымен тіркелген, 2016 жылы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 12) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      аталған бұйрықпен "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" №1-М нысанды есебінде:

      2-қосымшасында:

      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

денсаулыққа қасақана зиян келтіру (106, 107-б.)

3

      15-баған жойылсын;

      "Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" №1-М нысанды есепті қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықта:

      17-тармақтын төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қосымша бағандарында көрсетіледі: "А" бағанында – құқық бұзушылықтардың жеке түрлерін ашуға жәрдемдескен негізгі күштер және құралдар; 1-бағанда – негізгі күштер мен құралдардың қатысуының жалпы саны; 2-бағанда – кісі өлтіруді ашуға қатысу (ҚР ҚК 99-бабы); 3-бағанда – денсаулыққа қасақана зиян келтіруді ашуға қатысу (ҚР ҚК 106, 107-баптары); 4-бағанда (3-бағаннан) соның ішінде ауыр (ҚР ҚК 106-бабы); 5-бағанда – зорлауды ашуға қатысу (ҚР ҚК 120-бабы); 6-бағанда – қарақшылықты ашуға қатысу (ҚР ҚК 192-бабы); 7-бағанда – тонауды ашуға қатысу (ҚР ҚК 188-бабы); 8-бағанда – ұрлауды ашуға қатысу (ҚР ҚК 188-бабы); 9-бағанда – автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алуды ашуға қатысу (ҚР ҚК 200-бабы); 10-бағанда – есірткі құралдарының заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтарды ашуға қатысу (ҚР ҚК 296-303-баптары); 11-бағанда – парақорлықты ашуға қатысу (ҚР ҚК 366-368-баптары); 12-бағанда – Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуға байланысты құқық бұзушылықтарды ашуға қатысу (ҚР ҚК 189-бабы); 13-бағанда – алаяқтықты ашуға қатысу (ҚР ҚК 190-бабы); 14-29-бағандарда ҚР ҚК сәйкес экономикалық қызмет саласындағы құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлері бейнеленеді; 30-бағанда – ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникативтік желіге заңсыз қолжетімділік бойынша құқық бұзушылықтарды ашуға қатысу (ҚР ҚК 205-бабы).

      19. "Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 8 ақпандағы № 10 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14898 санымен тіркелген, 2017 жылы 4 сәуірде нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 3-тармағының 16-1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      "Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Қағидалар қарастырған ақпараттық есепке алу құжаттарының бланктерінің белгіленген нысаны және материалдың сапасы мемлекеттiк құқықтық статистика, арнайы есепке алу iсiн жүргiзу, қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салаларда қолданылатын құжатталған ақпаратты зерделеу және талдау мақсаттары үшiн уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистикалық ақпарат беретiн құқық қорғау, сот органдары және өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, сондай-ақ адамдар (бұдан әрі - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері) "Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15516 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 68 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – ҚР БП № 68 бұйрығы) дайындайды.";

      29-тармағының бірінші тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) ҚР БП № 68 бұйрығына сәйкес, адамды тегі бойынша есептен алу;".