РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 25.09.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2017 жылғы 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Төрағасы _______________ Н. Айдапкелов 2017 жылғы 26 қыркүйек |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 169 қаулысына қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 249 (01.01.2019 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 28 тамыздағы № 167 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9803 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) және "Инвестициялық қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн (бұдан әрі – тізілімдер жүйесі) жүргізу жөніндегі бірыңғай тіркеуші қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шоты – эмитентке тiзiлiмдер жүйесінде ашылған, бағалы қағаздардың қайталама нарығында эмитент сатып алған, сондай-ақ Қағидалардың 46 және 47-тармақтарына сәйкес осы шотқа аударылған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу жүзеге асырылатын жеке шот;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың не осы Қағидалардың 17-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген, заңды тұлға болып табылатын тіркелген тұлға ұсынған құжаттардың көшiрмелерi;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) негізінде тiзiлiмдер жүйесінде операциялар жүргiзiлген Қағидалардың 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 36, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 51, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74-тармақтарында көрсетілген құжаттар;";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Жеке тұлға немесе оның өкілі Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттарды тіркеушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде ұсынады не почта байланысымен немесе курьер арқылы жібереді.
Заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) оның өкілі Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген жеке шот ашуға арналған құжаттарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат негізінде ұсынады не почта байланысымен немесе курьер арқылы жібереді.
Басқарушы компанияға пайларды иеленуге өтінім берген тұлғаға жеке шот ашылған жағдайда, егер инвестициялық пай қорының қағидаларында көзделген болса, Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тіркеушіге беруді басқарушы компания жүзеге асырады.";
19-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қағидалардың 16 және 17-тармақтарының талаптары:";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген орталық депозитарийдің бұйрығында Қағидалардың 21-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген мәліметтерді қамтылады.";
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Орталық депозитарийдің номиналды ұстауға берілген бағалы қағаздарды есепке алу жүргізілетін жеке шотында Қағидалардың 24-тармағының 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат көрсетілмейді.
26. Инвестициялық пай қорының орналастырылған пайларды есепке алуға арналған жеке шотында инвестициялық пай қорының, оның активтерін басқаруды жүзеге асыратын басқарушы компанияның атауы туралы ақпарат қамтылады және Қағидалардың 24-тармағының 1), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген ақпарат қамтылмайды.";
38 және 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Қағидалардың 19-тармағына сәйкес ашылған жеке шоттар бойынша Қағидалардың 32-тармағының 2), 3), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген операциялар (мұраға қалдырған немесе заңды тұлға таратылған кезде бағалы қағаздар бойынша меншік құқығы ауысқан жағдайда бағалы қағаздарды бір жеке шоттан басқа жеке шотқа аударуды, басқарушы компанияның инвестициялық пай қоры қызметін тоқтатқан кезде пайларды есептен шығаруын қоспағанда) жеке тұлға болып табылатын тіркелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не, егер тіркелген тұлға заңды тұлға болып табылған жағдайда, Қағидалардың 17-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген құжаттарды тіркеушіге бергенге дейін жүргізілмейді.
39. Тіркелген тұлға тіркеушіге:
1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке тұлға үшін);
2) Қағидалардың 17-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды (заңды тұлға үшін) ұсынғанға дейін Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шот бойынша тіркелген тұлғаның жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу операцияларын қоспағанда, Қағидалардың 32-тармағының 2), 3), 5), 7) тармақшаларында көрсетілген операциялар жүргізілмейді.";
41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) операцияларын тіркеуші эмиссиялық бағалы қағаздармен (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарымен) мәмілелерді тіркеу туралы қарсы бұйрықтарды және Қағидалардың 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49-тармақтарында, 51-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 65, 66 және 69-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес осы операцияны жүргізу үшін қажетті өзге құжаттарды алған кезде жүргізеді.";
41-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"41-1. Тіркеуші кепілге қойылған бағалы қағаздар бойынша меншік құқығының (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) басқа тұлғаға өтуін тіркеу операциясын жүргізген жағдайда, Қағидалардың 41-тармағында көзделген құжаттардан басқа, пайдасына бағалы қағаздарға (эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған кепіл ұстаушының оларды иеліктен алуға келісімі ұсынылады.";
43-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Эмитенттің кредиторлары алдындағы ақшалай міндеттемелерді оның жай акцияларына конвертациялау туралы жазбаларды енгізу бойынша операцияны тіркеуші эмитенттің жай акцияларды жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған жеке шотынан есептен шығару және оларды осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарына сәйкес эмитенттің кредиторларына ашылған жеке шоттарға есепке жазу арқылы эмитенттің ақшалай міндеттемелерді конвертациялау туралы жазбаларды енгізу бұйрығы негiзiнде жүргізеді.";
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
"43-1. Эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлары алдындағы өзге ақшалай міндеттемелерін оның жалғыз ұстаушысы уәкілетті органның қызметі екінші деңгейдегі банктердің орнықтылығын арттыруға бағытталған еншілес ұйымы (бұдан әрі – Ұйым) болып табылатын бағалы қағаздар бойынша жай акцияларына конвертациялау туралы жазбаларды енгізу бойынша операция Ұйымның хабарламасы негізінде жүргізіледі.
Эмитенттің бағалы қағаздарын және кредиторлары алдындағы өзге ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына конвертациялау Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.";
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Тіркелген тұлғаның Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шотына бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу операцияларын тіркеуші орталық депозитарийдің жеке шотынан бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және тіркелген тұлғаның Қағидалардың 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ашылған жеке шотына есепке алуға арналған орталық депозитарий бұйрығы негізінде жүргізеді.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Егер эмитент Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес жүргізілген қайта құрылымдау процесін Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін аяқтаса, онда осы қайта құрылымдау шеңберінде шығарылған және ұстаушылары қайта құрылымдау процесі аяқталғанға дейін талап етпеген эмитенттің бағалы қағаздарын сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу операциясын тіркеуші эмитенттің бұйрығы және осы бағалы қағаздарға эмитенттің меншік құқығын (егер мұндай құқық эмитенттің қайта құрылымдау жоспарында көзделмеген болса) тану туралы тиісті сот шешімі негізінде жүргізеді.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Қаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру кезінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясы Қағидалардың 53, 54, 55 және 56-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Қаржы ұйымдарын қайта ұйымдастыру кезінде құқықтарына ауыртпалық салынған және (немесе) сенімгерлік басқарудағы тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздардан ауыртпалықты алу (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) және (немесе) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны алып тастау операцияларын жүргізу талабымен жүргізіледі.
Тіркеуші орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша Қағидалардың 53, 54, 55 және 56-тармақтарында көзделген операциялар жүргізілгеннен кейін бір сағат ішінде оған ілеспе хатты, қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымдары акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің үзінді-көшірмесін және тізілімдер жүйесіндегі орталық депозитарийдің жеке шотынан үзінді көшірмені жібереді.";
58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) мұраға алу жағдайында тіркеуші тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (жеке шоттарына) бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару (есепке алу) операциясын мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрығы, мұраға құқығы туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі, мұрагер өкілінің өкілеттілігін растайтын құжаттар және тізілімдер жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген құжаттар негізінде жүргізеді.
59. Қағидалардың 41-1, 60 және 69-тармақтарында көзделген операцияларды қоспағанда, бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының міндеттемесіне байланысты бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) бойынша құқықтарды шектеуді тіркеуші бағалы қағаздарына (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалық салынған бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) ұстаушының және пайдасына оларға ауыртпалық салу жүргізілетін тіркелген тұлғаның ауыртпалығы туралы қарсы бұйрықтары және бағалы қағаздарға ауыртпалық салу көзделетін шарттың түпнұсқасы немесе көшірмесі негізінде ауыртпалық салу операцияларын жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Қағидалардың 60 және 69-тармақтарында көзделген операцияларды қоспағанда, тіркеуші тізілімдер жүйесіндегі бағалы қағаздарға (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына) ауыртпалықты алып тастау операциясын мәмілеге қатысқан тұлғалардың ауыртпалықты алып тастау туралы қарсы бұйрықтары негізінде жүргізеді.";
60-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кепілге салынған бағалы қағаздарға құқықты (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздары жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын) соттан тыс сату нәтижесінде ауысуын тіркеу операциясын тіркеуші Қағидалардың осы тармағының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген хабарламалар болған жағдайда мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырады:";
62-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"62. Тіркеуші айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу міндеттемелерін орындамаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері немесе эмитенттің міндеттемелерді орындауы бойынша талап ету құқықтарын беруді тіркеу операциясын талап ету құқықтарын беретін тіркелген тұлғаның жеке шотынан осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есептен шығару және пайдасына осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беру жүргізілетін тұлғаның жеке шотына немесе эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есепке алу үшін эмитенттің жеке шотына есепке жазу операциясын жүргізу жолымен мәмілеге қатысатын тұлғалардың қарсы бұйрықтары негізінде жүзеге асырады. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын тіркелген тұлғалардың шоттарынан (шоттарына) есептен шығару (есепке алу) бұйрығында Қағидалардың 34-тармағында көзделген мәліметтер қамтылады.";
67-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тіркеуші Қағидалардың 19-тармағына сәйкес ашылған жеке шотта бағалы қағаздарды жою немесе мұраға алу нәтижесінде барлық бағалы қағаздарды есептен шығарған күннен бастап алты ай ішінде бағалы қағаздар болмаған жағдайда оны жабады.";
69-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Тіркеуші орталық депозитарийден Қағидалардың 68-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген тіркеушінің сұратуына жауап ретінде мәліметтерді алғаннан кейін осы шығарылымның эмиссиялық бағалы қағаздарын оларды ұстаушылардың барлық жеке шоттарынан есептен шығаруды (Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және осындай құқыққа ие тұлғалардың актілері негізінде тізілімдер жүйесінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) және айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу үшін ашылған эмитенттің жеке шотына есепке алуды жүзеге асырады. Осымен қатар тіркеуші эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын айналыс мерзімі аяқталған және олар бойынша эмитент осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық, сенімгерлік басқару) сақтай отырып оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар есептен шығарылатын ұстаушылардың жеке шоттарына есепке алуды жүзеге асырады.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген барлық операциялар жүргізілген күннен кейін күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде тіркеуші эмитентке, орталық депозитарийге, сенімгерлік басқарушыларға, сондай-ақ пайдасына айналыс мерзімі аяқталған және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған бағалы қағаздарға ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаларға тиісті хабарламалар (есептер) жібереді.
Егер эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын ұстаушылардың саны отыздан астам болса, тіркеуші Қағидалардың 69-тармағында көрсетілген осындай ұстаушылардың жүргізілген операциялары туралы хабарлауды осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде өзінің ресми интернет-ресурсында тиісті ақпарат орналастыру арқылы жүзеге асырады.";
72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"72. Эмитент айналыс мерзімі аяқталған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын ұстаушы алдындағы міндеттемелерді орындаған кезде тіркеуші эмитенттің осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді орындағанын растайтын хабарламасы болған кезде Қағидалардың 41-тармағында белгіленген тәртіпте осындай бағалы қағаздар бойынша талап ету құқықтарын оларды ұстаушылардың жеке шотынан есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша сатып алынған талап ету құқықтарын есеп алу бойынша эмитенттің жеке шотына есепке алу операциясын жүргізеді.";
78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"78. Тіркеушінің Қағидалардың 77, 80, 81 және 82-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық құжат нысанында жасауына және беруіне жол беріледі.
79. Инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тізілімінде Қағидалардың 77-тармағының 3) және 5) тармақшаларында аталған мәліметтер көрсетілмейді.";
82-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай мәліметтерді қамтиды:";
86-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қағидалардың 76 және 87-тармақтарында көрсетілген;";
88-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"88. Клиенттің бұйрығын орындаудан бас тартуға негіздер болмаған жағдайда тіркеуші Қағидалардың 86-тармағында белгіленген мерзімде бұйрықтың орындалуы туралы есепті қалыптастырады және оны жіберілетін құжаттар журналында тіркейді.";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қағидалардың 34-тармағында белгіленген тәртіппен басқарушы компанияның пайларды есептен шығару (есепке алу) бұйрығымен бір мезгілде (бір жұмыс күні ішінде) инвестициялық пай қорының активтерін есепке алуды қамтамасыз ететін кастодианның растауы ұсынылмағанда;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) Қағидалардың 41-1, 59-1, 60 және 69-тармақтарында көзделген операцияларды жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздарға ауыртпалық салынған;";
95-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тізілімдер жүйесінде операциялар жүргізуге негіз болған Қағидалардың 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 36, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 51, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73 және 74-тармақтарында көрсетілген құжаттар;";
100-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Қағидалардың 77 және 81-тармақтарында көзделген ақпарат тіркеушінің клиенттеріне тіркеушінің ішкі құжаттарында айқындалған нысандар бойынша ұсынылады.
Қағидалардың 82-тармағында көзделген ақпарат тіркеушінің клиенттеріне Қағидалардың қосымшасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.";
қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Банктің және банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларын және банк пен банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13606 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін мынадай факторлар белгіленсін:
1) өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі;
2) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;
3) таза жіктелген қарыздардың меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы;
4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың ұлғаюы;
5) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, олардың банктің несие портфелінің жалпы көлемі бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде оған қатынасының асып кетуі;
6) жіктелген дебиторлық берешек бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегендегі оның жиынтық дебиторлық берешектегі үлесінің ұлғаюы;
7) активтер рентабельділігі коэффициентінің төмендеуі;
8) ұлттық валютамен бос активтердің ұлттық валютамен талап етуге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәнінің төмендеуі;
9) меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттері (k1, k1-2, k2) мәндерінің меншікті капиталдың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген буферлерін және пайыздық үстемеақыларын есептегенде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің (k1, k1-2, k2) ең төменгі мәндерінің сомасынан төмендеуі.
Осы тармақтың мақсаттары үшін:
қалыптастырылған резервтер деп халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес қалыптастырылған резервтер түсініледі;
қарыздар есебіне негізгі борыш сомасы кіреді;
таза жіктелген қарыздар деп бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған қарыздардың баланстық құны (дисконттар (сыйлықақылар), оң (теріс) түзетулер, есептелген сыйақы және олар бойынша құрылған резервтер есептелген негізгі борыш) түсініледі.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларында және банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Факторды жақсарту жөніндегі шаралар мыналарға бағытталған:
осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген фактор бойынша:
өтімділік коэффициенттерін:
ағымдағы өтімділік коэффициенті k4-ті кемінде 0,4;
мерзімді өтімділік коэффициенті k4-1-ді кемінде 1,1;
мерзімді өтімділік коэффициенті k4-2-ні кемінде 1;
мерзімді өтімділік коэффициенті k4-3-ті кемінде 0,9;
мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-4-ті кемінде 1,1;
мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-5-ті кемінде 1;
мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті k4-6-ны кемінде 0,9 деңгейіне дейін жеткізу;
осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген фактор бойынша:
меншікті капиталдағы таза жіктелген қарыздардың үлесін 80 (сексен) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;
осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген фактор бойынша:
жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешек үлесін 50 (елу) пайыздан аспайтын деңгейге дейін жеткізу;
осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген фактор бойынша:
активтер рентабельділігі коэффициентін кемінде 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыз деңгейіне дейін жеткізу;
осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген фактор бойынша:
ұлттық валютамен өтеу коэффициентін кемінде 0,4 деңгейіне дейін жеткізу;
осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көзделген фактор бойынша:
меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің (k1, k1-2, k2) мәндерін меншікті капиталдың уәкілетті орган белгілеген буферлерін және пайыздық үстемеақыларын есептегенде меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициенттерінің (k1, k1-2, k2) ең төменгі мәндерінің сомасына дейін жеткізу.";
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі
9. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау мынадай әдістеме бойынша жүзеге асырылады:
1) қатарынан 6 (алты) ай ішінде өтімділік коэффициенттерінің № 147 нормативтерімен белгіленген өтімділік коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінен 0,1-ге асатын деңгейге дейін немесе одан төмен деңгейге 2 (екі) және одан көп рет төмендеуі;
2) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың қатарынан 6 (алты) ай ішінде қарыздардың ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
МҚ90 (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары).
Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
3) есепті кезеңнің соңына қарай таза жіктелген қарыздар меншікті капиталдың 80 (сексен) пайызынан астам болған жағдайда және ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде, қаралатын кезеңде резервтердің абсолютті мәнінде өсу мөлшерінен, жіктелген қарыздардың өсу мөлшері қатарынан 6 (алты) ай ішінде таза меншікті капиталға арақатынасының ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
мынадай талаппен:
ТЖҚ (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша құрылған резервтерді шегергенде, таза жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);
МК (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы № 147 нормативтерге сәйкес есептелген меншікті капитал;
ЖҚБ (ай) – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);
Пр (ай) – жіктелген қарыздар бойынша құрылған резервтердің қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңындағы мөлшері;
4) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде қатарынан 6 (алты) ай ішінде 5 (бес) және одан көп пайызға ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
МҚ61-90 – қаралатын кезеңнің белгілі бір айының соңында олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) 90 (тоқсан) күнге дейін астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары).
Қаралатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
мұнда:
– есепті кезеңде олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың орташа арифметикалық мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);
– есепті кезеңге дейінгі қатарынан күнтізбелік 6 (алты) айдағы олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 61 (алпыс бір) күннен 90 (тоқсан) күнге дейін мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың арифметикалық орташа мәні (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);
5) олар бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде банктің несие портфелінің жалпы көлеміне қатынасының асып кетуі мынадай формула бойынша есептеледі:
ТҚ – қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);
ТҚ-ға "А-"-дан төмен емес (Standard & Poor's және Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "А3"-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингі бар және банктік холдинг немесе банкке қатысты ірі қатысушы болып табылмайтын банктің осы қарыздары бойынша болған құнсыздануды сөзсіз қамтамасыз ету болып табылатын депозит сомасына жабылған негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздар кірмейді;
НП – қарастырылатын кезеңнің соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде несие портфелі (банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қарыздар, дара кәсіпкерлерге қарыздарды қоса алғанда, жеке тұлғаларға қарыздар, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыздарды қоса алғанда, заңды тұлғаларға қарыздар және "кері РЕПО" операциялары);
6) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ол бойынша қалыптастырылған резервтерді ескермегенде жиынтық дебиторлық берешектегі ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек үлесінің ұлғаюы мынадай формула бойынша есептеледі:
келесі талап орындалған жағдайда
мұнда:ЖДБ (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жіктелген дебиторлық берешек;
ДБ (ай) – қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай ол бойынша қалыптастырылған резервтерді есептемегенде жиынтық дебиторлық берешек;
А (ай) - қарастырылатын кезеңнің белгілі бір айының соңына қарай жиынтық активтер.
Қарастырылатын кезеңде жүйелі өсу болмаған кезде осы көрсеткіштің есепті кезеңде 5 (бес) және одан да көп пайыздық тармаққа өсуі де банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін фактор болып табылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
Жіктелген дебиторлық берешек ретінде бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес 10 (он) пайыздан жоғары деңгейде резервтер қалыптастырылған дебиторлық берешек түсініледі.
Жіктелген дебиторлық берешек есебіне негізгі борыш сомасы енгізіледі.
Жиынтық дебиторлық берешектің төмендеуі нәтижесінде жиынтық дебиторлық берешектегі жіктелген дебиторлық берешектің үлесі ұлғайған жағдайда, осы тармақшада көзделген фактор банкке қолданылмайды;
7) қатарынан 6 (алты) ай ішінде активтер рентабельділігі коэффициентін 2 (екі) және одан көп рет 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайыздан төмен түсуі.
Активтер рентабельділігінің коэффициенті жылдық көрсетудегі бөлінбеген таза кірістің (өтелмеген шығынның) активтердің орташа шамасына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
БТК (0ТШ) (n) – табыс салығы төленгеннен кейін ағымдағы кірістердің (шығыстардың) ағымдағы шығыстардан (кірістерден) асуы;
Аорт(n) – белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
Кт – мына формула бойынша есептелетін түзету коэффициенті:
А – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны.
Активтердің орташа шамасы тиісті жылдың өткен айларындағы активтер мөлшері сомасының тиісті жылдың өткен айларының санына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
Аорт(n) – белгілі бір қаралатын кезеңдегі активтердің орташа шамасы;
А (0, 1....n) - белгілі бір айдың соңына қарай активтердің мөлшері;
n – тиісті қаржы жылының басынан бастап өткен айлар саны;
8) қатарынан 6 (алты) ай ішінде ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні 0,4 төмен 2 (екі) және одан көп төмендеуі.
Ұлттық валютадағы бос активтерге:
қолма-қол ақша;
корреспонденттік шоттардағы қаражат;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;
шетел валютасында номинирленгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ауыртпалық салынбаған мемлекеттік бағалы қағаздары;
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг" акционерлік қоғамы шығарған ауыртпалық салынбаған бағалы қағаздар;
банктердегі овернайт - салымдары;
кері репо - овернайт;
2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы талаптар кіреді.
Ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге:
жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;
заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;
басқа банктердің корреспонденттік шоттары және талап еткенге дейінгі шоттары;
басқа банктердің овернайт - салымдары;
2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге жасалған валюталық своп операциялары бойынша ұлттық валютадағы міндеттемелер кіреді.
Осы факторды есептеу мақсаттары үшін ұлттық валютадағы бос активтердің ұлттық валютадағы талап еткенге дейінгі міндеттемелерге қатынасының орташа мәні мына формула бойынша есептеледі:
n – бір айдағы күнтізбелік күндердің саны.
Есепті күні аяқталатын кезең қаралатын кезең болып табылады. Банктің қаржылық жай-күйі нашарлауына әсер ететін факторлардың көрсеткішін есептеу кезінде өзгерістер үтірден кейін үш таңбадан соң беріледі;
9) уәкілетті орган белгілеген меншікті капиталдың буферін және пайыздық үстемені ескере отырып, меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің мәндері (k1, k1-2, k2) меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндерінің сомасынан төмен түсуі.
Пайыздық үстеме уәкілетті орган белгілеген оң айырманың:
2017 жылғы 25 қыркүйектен бастап 95 (тоқсан бес) пайызға;
2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 83,33 (сексен үш бүтін жүзден отыз үш) пайызға;
2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап 66,67 (алпыс алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайызға;
2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 50,01 (елу бүтін жүзден бір) пайызға;
2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 33,33 (отыз үш бүтін жүзден отыз үш) пайызға;
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап – 16,67 (он алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайызға көбейтілген;
k1, k1-2 и k2 коэффициенттерді есептеуде қолданылатын, тәуекел дәрежесі бойынша алынған активтердің, шарттық және ықтимал міндеттемелердің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап капитал буферлерін ескере отырып меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерінің ең төменгі мәндеріне пайыздық үстеме енгізілмейді.
Осы қаулының 1-тармағының 4), 7) және 8) тармақшаларында көзделген факторларды есептеу 2016 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 7) тармақшасының талаптары негізгі капиталының жеткіліктілігі коэффициенті (k1) негізгі капиталдың жеткіліктілігі коэффициентіне тең немесе 0,10 төмен немесе меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті (k2) № 147 нормативтерде белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентіне тең немесе 0,13 төмен болатын банкке қолданылады.".
3. "Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесінде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес Қарыздар және дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі Нұсқауда мына ұғымдар пайдаланылады:
баланстық құн – бухгалтерлік баланста қарыз бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) шегерілгеннен кейін танылатын қарыз сомасы;
2) бірыңғай қарыздар – кредиттік тәуекелге ұқсас сипаттамалары бар қарыздар тобы;
3) жеке қарыздар – әрбір осындай қарыз бойынша провизиялар (резервтер) есептелетін қарыздар;
4) инвестициялық қарыз (кредит) – мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз (кредит):
қарыз (кредит) мерзімі 5 (бес) және одан астам жылды құрайды;
қарыз (кредит) шартының талаптарымен толық мерзімінен бұрын өтеуге тыйым белгіленген. Қарызды ішінара өтеу қарыз алушының бизнес-жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүзеге асырылады;
қарыз (кредит) заңды тұлғаға материалдық өндірісті, өндірістік және көлік инфрақұрылымын құруға, кеңейтуге және жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыруды көздейтін оның бизнес-жоспарына сәйкес беріледі;
5) кепілдің тұрақсыз түрлері – болашақта, оның ішінде үлестік қатысу шарттары бойынша түсетін мүлік және ақша қаражаты (мемлекеттің қатысуы бар компаниялармен (квазимемлекеттік сектор субъектілерімен) жасалған шарттар бойынша келіп түсетін ақша қаражатын қоспағанда), сақтандыру шарттары (Standard&Poor's рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингі бар сақтандыру компанияларымен жасалған, міндеттемелерді шартсыз және кері қайтарусыз орындау туралы тармақтары бар сақтандыру шарттарын қоспағанда), жеке немесе заңды тұлғалардың кепілдіктері (Standard&Poor's рейтингтік агенттігінің "ВВ+" төмен емес кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдіктерін, Standard&Poor's рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" төмен емес кредиттік рейтингі бар екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктерін, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер және олардың еншілес ұйымдары берген кепілдіктерді қоспағанда), материалдық емес активтер, жарғылық капиталға қатысу үлестері немесе Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушыларының халықаралық қор биржалары танитын сауда-саттықты ұйымдастырушылардың ресми тiзiмiне енгiзiлмеген бағалы қағаздар (айналым қаражатын қаржыландырумен байланысты емес мақсаттарға берілген қарыздар бойынша берешегінің есептелген сыйақыларды, салықтық есептеулерді және есептелген амортизацияны (EBITDA) төлеу жөніндегі шығыстарды шегергенге дейінгі пайдасына қатынасы 4-тен аспайтын заңды тұлғалардың кепілмен қамтамасыз етуге қабылданған жарғылық капиталына қатысу үлестерін және (немесе) бағалы қағаздарын қоспағанда), қағазға басып шығарылған астық қолхаттары, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі кепілмен қамтамасыз ету (көрсетілген елдердің кепілмен қамтамасыз етудің тиісінше ресімделуін растайтын құқығына сәйкес банктің заң консультанттарының немесе еншілес ұйымдары мамандарының қорытындысы болған кезде Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріндегі кепілмен қамтамасыз етуін қоспағанда);
6) қарыз – банктің банктік қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операцияларды жүзеге асыруы, ислам банкінің Банктер туралы заңның 52-5-бабы 1-тармағының 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген операцияларды жүзеге асыруы, вексельдерді есепке алу және бұрын берілген банктік қарыздар бойынша дебиторлық берешек;
7) қарыз алушы – қарыз (кредит) шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
8) провизиялар (резервтер) – қарыздың құнсыздануына құрылған резервтер;
9) тең қарыз алушы – қарыз алушымен бірге қарыз (кредит) шартына қол қоятын және қарыз (кредит) шарты бойынша алған ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерді орындауға ортақ жауап беруші ретіндегі жеке немесе заңды тұлға.";
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің еншілес ұйымы болып табылатын, Standard&Poor's рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А"-дан төмен емес шетел валютасында ең төменгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингі бар жаңадан құрылатын банк үшін жарғылық және меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Меншікті капитал мынадай:
1) жеке тұлғалар депозиттерінің сомасы мен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11160 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 74 қаулысына 2-қосымшаға (бұдан әрі – 700-Н нысаны) сәйкес екінші деңгейдегі банктердің және ипотекалық ұйымдардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есепке сәйкес 5,5-ке көбейтілген меншікті капитал арасындағы оң айырманы;
2) Нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес Қарыздар және дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқауға сәйкес есептелген провизиялар (резервтер) мен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес банктің бухгалтерлік есебінде қалыптастырылған және көрсетілген провизиялар (резервтер) арасындағы оң айырманы (бұдан әрі – оң айырма) шегергендегі бірінші деңгейдегі капитал мен екінші деңгейдегі капиталдың сомасы ретінде есептеледі.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиттерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген теңгенің шетел валютасына қатысты ағымдағы ресми бағамы бойынша, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтарда белгіленген бағамнан аспайтын мөлшерде есептеледі.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген меншікті капиталды есептеу мақсаттары үшін оң айырманы банктер есептейді және мөлшері мынадай болады:
2017 жылғы 25 қыркүйектен бастап – 5 (бес) пайыз;
2017 жылғы 1 желтоқсаннан бастап – 16,67 (он алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайыз;
2018 жылғы 1 қыркүйектен бастап – 33,33 (отыз үш бүтін жүзден отыз үш) пайыз;
2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап – 49,99 (қырық тоғыз бүтін жүзден тоқсан тоғыз) пайыз;
2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап – 66,67 (алпыс алты бүтін жүзден алпыс жеті) пайыз;
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап – 83,33 (сексен үш бүтін жүзден отыз үш) пайыз;
2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап – 0 (нөл) пайыз.
Уәкілетті органның тексеру нәтижелері бойынша түзетілген оң айырма есепті айдан кейінгі есепті күннен бастап меншікті капиталдың есебіне қосылады.
Нормативтердің мақсаттары үшін уәкілетті орган Standard & Poor's агенттігінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағаларымен қатар басқа рейтингтік агенттіктердің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтік бағаларын да мойындайды.
Нормативтердің мақсаттары үшін халықаралық қаржы ұйымдарына мынадай ұйымдар жатады:
Азия даму банкі (the Asian Development Bank);
Африка даму банкі (the African Development Bank);
Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);
Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);
Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Development);
Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank);
Ислам даму банкі (the Islamic Development Bank);
Жеке секторды дамыту жөнiндегі ислам корпорациясы (ICD);
Америкааралық даму банкі (the Inter-American Development Bank);
Халықаралық даму қауымдастығы;
Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Development);
Халықаралық валюта қоры;
Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;
Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі;
Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank).
7. Бірінші деңгейдегі капитал негізгі капитал мен қосымша капитал сомасы ретінде есептеледі:
1) негізгі капитал:
Нормативтерге 1-1-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған критерийлерде көзделген негізгі капиталдың қаржылық құралдарының критерийлеріне сәйкес келетін, ақысы төленген жай акциялардың;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап еншілес банктер шығарған, миноритарлық акционерлерге (үшінші тұлғаларға) тиесілі ақысы төленген жай акциялардың;
қосымша төленген капиталдың;
өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының;
ағымдағы жылдың бөлінбеген таза пайдасының;
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарының 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3510 "Резервтік капитал" және 3400 "Динамикалық резервтер" баланстық шоттарындағы қалдықтар сомасы ретінде белгіленетін, ашып көрсетілген жинақталған резервтің;
сату үшін қолда бар негізгі құрал-жабдықтарды және қаржы активтерінің құнын қайта бағалау бойынша резервтердің;
мынадай реттеуіш түзетулерді:
сатып алынған меншікті жай акцияларды;
гудвилді қоса алғанда, материалдық емес активтерді;
өткен жылдардың шығындарын;
ағымдағы жылдың шығындарын шегергенде;
азайтылатын уақытша айырмаларға қатысты танылған, кейінге қалдырылған салық активтерінің бір бөлігін қоспағанда, кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін шегергендегі кейінге қалдырылған салық активтерінің;
өзге де қайта бағалау бойынша резервтердің;
активтерді секьюритилендіру бойынша транзакциялармен байланысты сатудан түскен кірістердің сомасы. Мұндай кірістерге болашақта толық немесе ішінара кіріс алуды күту арқылы секьюритилендіру талаптарымен алынуына байланысты болашақ кезеңдердің кірісі жатқызылады;
қаржылық міндеттеме бойынша кредиттік тәуекелдің өзгеруіне байланысты осындай міндеттеменің әділ құнының өзгеруінен болған кірістердің немесе шығындардың;
қосымша капиталдан шегерілуге тиіс, бірақ оның жеткіліксіз болу деңгейіне байланысты негізгі капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулердің;
Нормативтердің 8-тармағында көрсетілген инвестициялардың сомасы ретінде есептеледi.
Осы тармақшада көрсетілген негізгі капиталды есептеу мақсаттары үшін 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап оң айырма 100 (жүз) пайыз мөлшеріндегі негізгі капиталдың есебімен шегеріледі;
2) қосымша капиталға Нормативтерге 1-1-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған критерийлерде белгіленген критерийлерге сәйкес келетін мерзімсіз шарттар енгізіледі, олардың нәтижесінде бірмезгілде бір тұлғада қаржы активі және екінші тұлғада қаржылық міндеттеме немесе заңды тұлғаның барлық міндеттемелерін басқа тұлғадан шегергеннен кейін қалған оның активтерінің үлесіне құқығын растайтын өзге қаржы құралы (бұдан әрі – мерзімсіз қаржы құралдары) туындайды, сондай-ақ Нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған критерийлерде белгіленген критерийлерге сәйкес келетін, ақысы төленген артықшылықты акциялар енгізіледі.
Қосымша капитал мөлшері мынадай реттеуіш түзетулердің:
банктің меншікті мерзімсіз қаржы құралдарына тікелей не жанама тәсілмен жасалатын инвестицияларының;
банктің сатып алынған меншікті артықшылықты акцияларының;
Нормативтердің 8-тармағында көрсетілген инвестициялардың;
екінші деңгейдегі капиталдан шегерілуге тиіс, бірақ оның жеткіліксіз деңгейіне байланысты қосымша капиталдан шегерілетін реттеуіш түзетулердің сомасына азаяды.
Егер банктің қосымша капиталының сомасы шегеруді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болса, онда қалған бөлігі банктің негізгі капиталынан шегеріледі.
Банктің инвестициялары банктің акцияларға салымдарын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін), мерзімсіз қаржы құралдарын, сондай-ақ заңды тұлғаның реттелген борышын білдіреді.";
9-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тартылған, Нормативтерге 1-1-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған критерийлерде белгіленген критерийлерге сәйкес келмейтін реттелген борыштың мөлшері екiншi деңгейдегi капиталдың есебіне мынадай талаптарға сәйкес енгізіледі:";
50-тармақтың он жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция бойынша валюталық позициялардың Нормативтерге 10-қосымшаға сәйкес Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция жөніндегі валюталық позициялар туралы кестеге сәйкес есебі.";
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Қазақстан Республикасының Үкіметі құрылтайшысы болып табылатын банктерді қоспағанда, банктер есепті айдың ішінде меншікті және тартылған қаражатын күн сайын ішкі активтерге мынадай формулаға сәйкес орналастырады:
ІА – ХҚЕС сәйкес қалыптастырылған резервтерді (провизияларды) ескере отырып, ағымдағы күннің соңындағы ішкі активтер шамасы;
– реттелген борыштың орташа айлық шамаларының, банк шетел валютасында шығарған борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, банк шығарған борыштық бағалы қағаздардың, Нормативтердің 59-тармағының екінші бөлігінде айқындалған ішкі міндеттемелердің есепті айдың алдындағы айда қалыптасқан сомасы;
– 700-Н нысанның деректеріне сәйкес жарғылық капиталдың есепті айдың алдындағы айда қалыптасқан орташа айлық шамасы;
– 700-Н нысанның деректеріне сәйкес меншікті капиталдың есепті айдың алдындағы айда қалыптасқан орташа айлық шамасы.";
1-қосымшаға сәйкес Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған критерийлер Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес редакцияда 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
10-қосымшаға сәйкес Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция жөніндегі валюталық позициялар туралы есеп Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірме 20__ жылғы ___ ________ ________ уақыттағы жағдай бойынша №_____
________________________________________ _____________________
(үзінді-көшірме жасалған күн) (уақыты)
Бағалы қағаздарды ұстаушы туралы мәліметтер:
Заңды тұлға-бағалы қағаздарды ұстаушының атауы, жеке тұлға-бағалы қағаздарды ұстаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | |
Жеке тұлға-бағалы қағаздарды ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері немесе заңды тұлға-бағалы қағаздарды ұстаушының мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі және күні | |
Жеке шоттың атауы |
№ | Эмитенттің атауы | Эмитенттің орналасқан жері | Бағалы қағаздардың түрі және ұлттық бірегейлендіру нөмірі (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығын сәйкестендіргіш) | Облигацияларды (исламдық бағалы қағаздарды) өтеу күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
кестенің жалғасы
Бағалы қағаздар саны (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқығының) | Бағалы қағаздарды ұстаушыға тиесілі бағалы қағаздар санының эмитенттің бағалы қағаздарының санына арақатынасы (пайызбен) | Қосымша мәліметтер | ||||
жалпы саны | пайдасына ауыртпалық салу жүзеге асырылған тұлғаны көрсете отырып, ауыртпалық салынғандар | оқшауланғандар | сенімгерлік басқарушының атауын көрсете отырып сенімгерлік басқаруға берілгендер | орналастырылғандар | дауыс беретіндер | |
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
__________________________________________________________________________
(тіркеушінің атауы, орналасқан жері, телефон, факс нөмірлері)
Қол қоюға уәкілетті адам _________________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), атқаратын лауазымы) (қолы)
Мөр орны (бар болса)
Қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқау 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтерінің құнсыздануынан болған провизияларды (резервтерді) қалыптастыру жөніндегі нұсқау (бұдан әрі – Нұсқау) қарыздар мен дебиторлық берешек түріндегі банк активтері бойынша провизияларды (резервтерді) есептеу тәртібін белгілейді.
Нұсқауға сәйкес қалыптасқан қарыздар бойынша провизиялар (резервтер) сомасы қарыз бойынша жалпы баланстық берешек пен қарыз бойынша күтілетін дисконтталған болашақтағы ақша ағыны арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Егер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес қалыптастырылған провизиялар (резервтер) Нұсқауға сәйкес қалыптастырылған провизиялардан артық болса онда ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған провизиялар (резервтер) танылады.
Нұсқауға сәйкес банк активтері бойынша провизияларды (резервтерді) есептеу 2017 жылғы 25 қыркүйектен бастап жүзеге асырылады.
Банк активтері бойынша провизияларды (резервтерді) келесі есептеу алты айда 1 (бір) рет кезеңділікпен 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.
2. Провизиялар (резервтер) сомасын есептеу:
құнсыздаған жеке қарыздар бойынша жеке;
құнсызданбаған жеке қарыздар бойынша, сондай-ақ біртекті қарыздар бойынша ұжымдық негізде жүзеге асырылады.
3. Егер есепті күні жалпы берешек бухгалтерлік баланс деректеріне сәйкес меншікті капиталдың 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан артық болса, бірақ кемінде 50 (елу) миллион теңге болса жеке қарыздарға жатқызылады.
4. Банктерге және халықаралық қаржы ұйымдарына берілген қарыздар берешек сомасына қарамастан жеке қарыздарға жатқызылады.
5. Есепті күндегі провизияларды (резервтерді) шегергенге дейінгі қарыз құны (негізгі борыш, есептелген сыйақы және қарыз шарты шеңберінде банктің қарыз алушыға қоятын өзге талаптары) жалпы берешек ретінде түсіндіріледі. Банк пен қарыз алушы арасында бірнеше талаптар болған кезде аталған талаптардың жиынтық сомасы жалпы берешек ретінде түсіндіріледі.
6. Банкте қарыз алушыға қоятын бірнеше талап болған кезде талаптардың біреуі бойынша құнсызданудың объективті растамасының болуы банктің қарыз алушыға қоятын барлық талаптары бойынша құнсызданудың болуын растайды.
7. Егер:
қарыздар жеке қарыздарға жатқызылмаса;
не құнсызданудың объективті белгілері анықталмаса;
не құнсызданудың объективті белгілері анықталса, және келешектегі ақша ағынының келтірілген құны қарыздың провизияларды (резервтерді) шегергенге дейінгі құнынан артық болса қарыздар ұжымдық негізде бағаланады.
Банктердің жеке қарыздарға жатқызылмайтын, құнсыздану белгісі бар біртекті қарыздардың портфельдерін қалыптастыруына жол беріледі.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, ұлттық басқарушы холдингтерге және олардың еншілес ұйымдарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ұлттық басқарушы холдингінің және оның еншілес ұйымдарының кепілдігімен берілген қарыздар бойынша қойылатын талаптар бойынша провизиялар (резервтер) сомасы есептелмейді.
Банк осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар бойынша ХҚЕС-ке сәйкес қалыптастырылған провизиялар мөлшерінен кем емес мөлшердегі провизиялардың мөлшерін мойындайды.
2-тарау. Құнсызданған жеке қарыздар бойынша провизияларды (резервтерді) есептеу тәртібі
9. Жеке қарыздар бойынша құнсызданудың объективті растамасы болып табылатын кез келген оқиғалардың болуы бағаланады:
1) қарыз алушыда (тең қарыз алушыда) банктің ішкі әдістемесіне (ішкі модельдеріне) сәйкес құнсыздану деңгейіне сәйкес келетін ішкі рейтингінің (балдың) болуы;
2) мынадай белгілерге сәйкес қарыз алушыда біршама қаржылық қиындықтардың болуы:
жеке тұлғалар үшін:
қарыз бойынша төлемдерді тұрақты және (немесе) уақтылы жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауы;
қарыз алушының (тең қарыз алушының) кірістілік немесе төлемқабілеттілік деңгейінің тұрақты және біршама нашарлауы;
кредиттік досьесінің болмауы;
қарыз алушының (тең қарыз алушының) соңғы 5 (бес) жылдағы кредиттік тарихы немесе қарыз алушының (тең қарыз алушының) төлем қабілеттілігі туралы өзге ақпарат банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындамағаны туралы куәландырса немесе негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімін өткізу сомасы 5 000 (бес мың) теңгеден аспайтын (аспаған) және (немесе) мерзімін өткізудің ең көп мерзімі 90 (тоқсан) күннен аспайтын (аспаған) жағдайларды қоспағанда, қарыз алушының (тең қарыз алушының) төлем жасауға қабілетсіздігі;
еңбекпен қамтылмауы немесе коммерциялық қызметінің болмауы;
қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) материалдық зиян келтірген немесе оған өзге коммерциялық қызметті жалғастыруға мүмкіндік бермейтін факторлардың болуы;
қарыз алушының (тең қарыз алушының) банкпен өз міндеттемелері бойынша есептеспеу ықтималдылығының болуы.
заңды тұлғалар үшін:
қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық есептілігін талдаудан, ақша қаражатының қозғалысы бойынша үзінді-көшірмелерден, мониторингтік есептерден және өзге жалпыға қол жетімді дереккөздерден байқалатын қаржылық жағдайының тұрақты және (немесе) біршама нашарлауы;
өткен кезеңдегі шығындардың өсу серпіні кемінде он екі ай болуы;
қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау бойынша банктің ішкі әдістемесіне сәйкес есептелген коэффициенттердің теріс мәні, төлем қабілеттілігі деңгейінің төмен болуы, қарыз қаражатына қатты мұқтаждық;
теріс меншікті капиталының болуы;
нарықтық үлесінің тұрақты төмендеуі (ақпарат болса), банкте қарыз алушы (борышкер, тең қарыз алушы) қабылдаған шаралардың қаржылық жағдайды тұрақтандыру үшін тиімді болуына сенімділіктің болмауы;
қарыз алушының (борышкердің, тең қарыз алушының) қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты бұрын ұсынылған қарызды өтеу мақсатында қарыз алушыға (борышкерге, тең қарыз алушыға) қарыз беру;
"инвестициялық мақсаттар" (инвестициялық қарыз) кредит қаражатын
нысаналы пайдаланатын заңды тұлғалар үшін:
қарыз алушының (тең қарыз алушының) қаржылық ахуалының үнемі және (немесе) айтарлықтай нашарлауы, яғни кредиттеудің басынан кірістер, төлем қабілеттілігі және зияндар деңгейі борышкердің бизнес-жоспарында көзделген деңгейден айтарлықтай жағымсыз ауытқулары бар және бизнес-жоспарды іске асыруға ықпал етеді;
нарықтық үлестің төмендеуі (ақпарат болса);
қарыз алушы (тең қарыз алушы) қабылдайтын шаралар қаржылық ахуалын тұрақтандыру үшін тиімсіз;
1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге сауықтырудың болуы;
төтенше жағдайлардың, сондай-ақ қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) зиян келтірген, алайда оның қызметін тоқтатуға әкелмеген өзге де жағдайлардың болуы.
Рейтингтік бағалаудың үлгісін жасау саласындағы халықаралық ұйымдардың (сарапшылардың) немесе олардың мамандандырылған бөлімшелерінің қатысуымен әзірленген және тестілеуден өткен ішкі рейтинг үлгісі болған кезде, банк қарыз алушының айтарлықтай қаржылық қиындықтарының бар екендігін анықтау мақсаты үшін ішкі рейтингті пайдаланады.
Рейтингтік бағалаудың үлгісін жасау саласындағы халықаралық ұйымдар (сарапшылар) мыналар болып табылады:
Standard & Poor’s Financial Services LLC;
Fitch Ratings Inc.;
Moody’s Investors Service;
Fair, Isaac and Company (FICO);
Experian plc.;
Deloitte Touche Tohmatsu Limited;
Ernst & Young Global Limited;
KPMG;
PricewaterhouseCoopers International Limited;
3) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегінің болуы;
4) соңғы 12 (он екі) ай ішінде қарызды бір және одан көп рет қайта құрылымдау. Қарызды қайта құрылымдау деп қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты қарыз шартының тәртібі мен талаптарының кез келген өзгеруі түсініледі. Қайта құрылымдауға мына жағдайлардың кез келгені жатады:
қарыз бойынша төлемдер кестесінің өзгеруі, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) сыйақыны өтеу үшін қарыз бойынша төлемдер бойынша жеңілдік беру не ұзарту, қарыз мерзімін ұзарту, қарыз бойынша бір немесе одан да көп төлемнің мерзімін кейінге қалдыру, қарыз бойынша негізгі борыштың және (немесе) сыйақының бөлігін есептен шығару немесе кешіру, сыйақы
бойынша мерзімі өткен төлемдерді капиталдандыру, қарыз валютасын сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті капиталдандыра отырып, бір валютадан басқа валютаға өзгерту;
банктегі, оның ішінде басқа банктердегі қолданыстағы қарыз бойынша берешекті төлеу үшін жаңа қарыз беру. Жаңа және қолданыстағы қарыздарда қайта құрылымдау түріндегі құнсыздану белгісі болады;
мерзімі өткен берешек болған жағдайда кредиттік лимитті ұлғайту;
қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
қарыз бойынша берешекті кепілмен қамтамасыз ету есебінен төмендету.
Осы тармақшаның мақсаты үшін қарыздың құнсыздануының объективті растамасы, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында жүргізілген қайта құрылымдау болып табылады.
Рейтингтік бағалаудың үлгісін жасау саласындағы халықаралық ұйымдардың (сарапшылардың) немесе олардың мамандандырылған, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген бөлімшелерінің қатысуымен әзірленген және тестілеуден өткен, ішкі рейтинг үлгісі болған кезде, банк осы тармақшаның мақсаттары үшін қарыз алушының қаржылық ахуалының нашарлауы ретінде кредиттік рейтингті соңғы 12 (он екі) айдағы ішкі кредиттік рейтингтің нашарлау серпінімен бірге пайдаланады;
5) банкте қарыз алушының (тең қарыз алушының) негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша басқа банктерде 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам өтелмеген мерзімі өткен берешегі туралы ақпараттың болуы;
6) банк берген қарызды (айналым қаражатын толықтыруға берілген қарыздарды қоспағанда) нысаналы пайдаланбау;
7) қарыз алушы (тең қарыз алушы) заңды тұлғаның қаржылық ахуалын ақпаратты банктің ішкі құжаттарына сәйкес ұсыну үшін белгіленген есепті күннен бастап 6 (алты) ай ішінде анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттың болмауы;
8) төтенше жағдайлар, сондай-ақ қарыз алушыға (тең қарыз алушыға) айтарлықтай материалдық зиян әкелген немесе оған өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермеген, мысалы, қызмет түрлеріне арналған лицензиядан айыру немесе тоқтата тұру туралы лицензиялар, өзге де жағдайлардың болуы;
9) қарыз алушының банкротқа ұшырауының немесе басқалай түрдегі қаржылай қайта құрылуының, сондай-ақ оның қаржылық ахуалын нашарлататын соттың қарауына тартуының жоғары ықтималдығы;
10) 3 (үш) жылдан астам мерзімге берілген қарыз бойынша негізгі борышты және сыйақыны өтеу қарыз мерзімінің соңында жүзеге асырылады;
11) жеке тұлға қарыз алушының (тең қарыз алушының) қайтыс болғаны туралы ақпараттың болуы;
12) жеке тұлға қарыз алушының (тең қарыз алушының) еңбекпен қамтылмағаны немесе коммерциялық (кәсіпкерлік) қызметінің болмауы туралы ақпараттың болуы.
10. Құнсызданудың объективті растамасы анықталған әрбір жеке қарыз бойынша болашақ ақша ағындары есептеледі және қарыз бойынша сыйақының бастапқы тиімді мөлшерлемесі бойынша дисконтталған болашақ ақша ағындарының келтірілген құны айқындалады.
Қарыз алушыда 2 (екі) және одан да көп қарыз болған кезде қарыз бойынша жалпы ақша ағынын есептеуді жүзеге асыруға және уәкілетті орган тексеру жүргізуі шеңберінде банктің есептеу әдісін қабылдаған кезде есептеу күнгі негізгі борыштың қалдығы бар әрбір жеке қарыз бойынша сыйақының бастапқы тиімді мөлшерлемесін есептеу арқылы есептелетін сыйақының орташа алынған бастапқы тиімді мөлшерлемесі бойынша дисконттауға жол беріледі.
11. Кепіл мүлкін сатудан ағындардың дисконтталған құнын есептеген кезде банктің ішкі құжаттарында белгіленген кепіл мүлкін сату мерзімі, алайда кепіл мүлкінің мына түрлері үшін кемінде 24 (жиырма төрт) ай ескеріледі:
1) жылжымайтын мүлік;
2) жабдық және негізгі құрал-жабдықтар;
3) әуе, су көлігі, теміржол жылжымалы құрамы, көлік құралдары;
4) жер қойнауын пайдалану құқығы;
5) тауар-материалдық құндылықтар;
6) ауылшаруашылығы жануарлары, өсімдік өсіру өнімдері.
12. Күтілетін болашақ ақша ағындарын есептеулерде мыналар ескеріледі:
қарыз алушының ақша қаражатының қозғалысы бойынша үзінді көшірмелер;
қарыз алушының (кепілдік берушінің, кепілгердің) қаржылық ахуалына мониторингтік есептері;
банк бөлімшелерінің (кредит бөлімшесінің, кредит тәуекелдерін басқару бөлімшесінің, экономикалық қауіпсіздік бөлімшесінің немесе заң бөлімшесінің) қорытындылары (сараптамалары);
кепілмен қамтамасыз етуді бағалау бойынша қорытындылар;
қарыз алушының (тең қарыз алушының) және (немесе) кепілдік берушінің негізі қызметі бойынша шарттар, олар бойынша тұрақты болып табылатын ақша ағынының түсуі және растайтын құжаттардың болуын көздейді;
кепіл мүлкін сатып алу-сату шарттары;
соттың берешекті мүлікті сату есебінен өндіріп алуға шешімдері;
соттың осы мүліктің болуын растаған кезде кепілмен қамтамасыз етілмеген мүлікті өндіріп алуға шешімдері.
13. Қарыз алушының (тең қарыз алушының) және (немесе) кепілдік берушінің негізгі қызметінен ақша ағындары провизияларды есептеген кезде мынадай жағдайларда:
1) егер қарыз алушы (тең қарыз алушы) жеке тұлға болып табылса;
2) қарыз алушының (тең қарыз алушының) және (немесе) кепілдік берушінің негізгі қызметі, қаржылық ахуалы бойынша дәйекті ақпарат болмаса не ұсынылмаса не негізгі қызмет расталмаса ескерілмейді. Қарыз алушының қаржылық есептілігіндегі жол берілетін айырма мөлшері валюта балансынан 1 (бір) пайыздан аспайды;
3) объективті себептер болмаған жағдайда қарыз алушы (тең қарыз алушы) заңды тұлғаның қаржылық ахуалына есепті күннен бастап соңғы 6 (алты) айға мониторингтің болмауы;
4) егер қарыз алушының (тең қарыз алушының) негізгі қызметінен кірістер бір реттік болып табылса және тұрақты (шарттық қатынастар шеңберінде) болмаса;
5) негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар болған жағдайда ескерілмейді.
Осы тармақтың мақсаттары үшін провизияларды (резервтерді) есептеген кезде кепіл болып табылатын жеке тұлғадан ақша ағындары ескерілмейді.
Егер қарыз алушының (тең қарыз алушының) операциялық қызметінен кіріс көздері осы кепілді қамтамасыз етуді сатумен байланысты болса, провизияларды (резервтерді) есептеген кезде кепілді қамтамасыз етуді сатудан және қарыз алушының (тең қарыз алушының) операциялық қызметінен ақша ағындарын бір мезгілде есепке алуға болмайды.
14. Қамтамасыз етуді сатудан күтілетін ақша ағындарын есептеген кезде кепілдің тұрақсыз түрлерінің құны кірмейді.
Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымдарына берілген қарыз бойынша қамтамасыз етуді сатудан күтілетін ақша ағындарын есептеуде банк аталған ұйымға берген талап ету құқықтары бойынша кепілмен қамтамасыз етудің дисконтталған құны да кіреді.
15. Ақша ағындарын бағалау кезінде қарыз алушының (тең қарыз алушының) және (немесе) кепілдік берушінің банктің талаптарын өтеу үшін жеткілікті таза ақша ағындарын, оның ішінде банкте осындай ақпарат бар болса, басқа кредиторлар алдындағы міндеттемелерін өтеуді ескере отырып жинақтау мүмкіндігін талдайды.
16. Қамтамасыз етуді сатудан күтілетін болашақ ақша ағындарының келтірілген құнының есебі қамтамасыз етуді сату ықтималы бар-жоқтығына қарамастан қамтамасыз етуге өндіріп алу өтініші салдарынан туындайтын ақша ағындарын көрсетеді.
Қамтамасыз етуді сатудан ақша ағынын есептеген кезде ақша ағыны есептелетін сатудан осы кепілмен қамтамасыз етілген өзге де талаптардың болуы ескеріледі. Банкте осы кепілмен қамтамасыз етілген өзге де талаптар бар болған кезде көрсетілген талаптардың баланстық құнының арақатынасы пропорциясын негізге ала отырып қамтамасыз етуді сатудан ағыны есептеледі.
3-тарау. Қарыздар бойынша провизияларды ұжымдық негізде есептеу тәртібі
17. Қарыздар бойынша провизияларды (резервтерді) ұжымдық негізде есептеу банктің уәкілетті органы бекіткен банктің ішкі әдістемесі негізінде ұжымдық негізде әрбір портфель бойынша жеке жүзеге асырылады.
Егер ұжымдық негізде бағаланатын жеке қарыз бойынша Нұсқаудың 9-тармағына сәйкес құнсызданудың объективті растамасы болып табылатын бір немесе бірнеше оқиғаның болуы туралы ақпарат қолжетімді болса, осындай қарыз ұжымдық негізде бағаланатын қарыз портфелінен алып тасталады және провизияларды (резервтерді) есептеу құнсызданған жеке қарыздар ретінде жүзеге асырылады.
Банк капиталының құрамындағы құралдарды жіктеуге арналған критерийлер
№ | Негізгі капитал | Қосымша капитал | Екінші деңгейдегі капитал |
1 | банкті тарату кезінде соңғы кезекте қанағаттандырылатын талаптарды білдіреді | шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда) | шығарылған және төленген (сатып алынғандарды қоспағанда) |
2 | банкті тарату кезінде Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарын ескере отырып, басым талаптарды қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлікке өздеріне тиесілі акциялар санына теңбе-тең талап ету құқығына ие | банк таратылған кезде мерзімсіз қаржы құралдары жай акциялардың меншік иелері акционерлердің талаптарына дейін, қамтамасыз етілмеген міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандырғанға дейін сегізінші кезекте қанағаттандырылады | банк таратылған кезде қамтамасыз етілмеген міндеттеме жай акциялардың меншік иелері акционерлердің талаптарына дейін сегізінші кезекте қанағаттандырылады |
3 | банкті тарату жағдайларын қоспағанда, сондай-ақ жай акцияларды сатып алу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда номинал мерзімсіз болып табылады және төленуге жатпайды | қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты адамның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді | қамтамасыз етілмеген, банктің немесе байланысты адамның кепілдігімен жабылмаған және қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттардан және эмитент-банктің басқа кредиторларының алдында басымдығы бар өзге талаптардан туындайтын міндеттемелер көзделмейді |
4 | банк құралдарды шығару кезінде талаптарында (шығарылым талаптарында) банктің орналастырылған акцияларын сатып алу немесе күшін жою құқығы немесе міндеті көзделетін шарттарды жасамайды (туынды бағалы қағаздарды сатып алмайды) | мерзімсіз болып табылады, төлемдер (сыйақы) деңгейін арттыру талаптары және сатып алуға деген ниетін тудыратын өзге талаптар болмайды | қамтамасыз етілмеген міндет шығарылған не алынған мерзім кемінде 5 (бес) жылды құрайды |
5 | дивидендтерді төлеу банктің таза кірісі есебінен (өткен жылдардың бөлінбеген пайдасын қосқанда) жүзеге асырылады. Бұл ретте дивидент мөлшері акцияларды орналастыру кезінде алынған ақша сомасына байланысты емес. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда дивидендтерді есептеу мен төлеуге жол берілмейді |
банктің бастамасы бойынша кем дегенде бес жыл өткен соң ғана мерзімінен бұрын кері қайтарылды (орындалды), егер аталған іс-әрекет Нормативтерге | реттеуіш капиталдың құрамында айналыс мерзімінің соңғы 5 (бес) жылында тану тура сызықты әдіспен амортизацияланады |
6 | дивидендтерді төлеу міндетті болып табылатын және дивидендтерді төлемеу дефолт жағдайы болып табылмайтын талаптар жоқ | кез келген номинал төлемі (сатып алу немесе өтеу арқылы) уәкілетті органның алдын ала рұқсатымен жүзеге асырылады | төлем (сыйақы) деңгейін көтеру талаптары жоқ және сатып алуға деген ниет жоқ |
7 | дивидендтерді төлеу Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тек қана артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу бойынша барлық міндеттемелерді орындаған соң жүзеге асырылады |
дивидендтерді (сыйақыны) есептеу Нормативтерге |
банктің бастамасы бойынша кем дегенде 5 (бес жыл) өткен соң ғана мерзімінен бұрын кері қайтарылды (орындалды), егер аталған іс-әрекет Нормативтерге |
8 | шығындар туындаған кезде бірінші және соған теңбе-тең ең көп үлесті иеленетін капитал құралы болып табылады және банкке өзінің жұмыс істеуін тоқтатпастан және таратылуға немесе банкроттыққа ұшырамастан үздіксіз қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді | осы құрал бойынша дискрециялық төлемдер төлеуді жою дефолт жағдайы болып табылмайды | кредитордың қамтамасыз етілмеген міндеттеме туындаған сәттен бастап 5 (бес) жыл бұрын оны қайтарып алу (орындау) туралы талапты қоюға құқығы жоқ |
9 | төленген сома төлем қабілетсіздігін анықтау үшін меншікті капитал ретінде танылады (міндеттеме ретінде танылмайды) | банктердің міндеттемелерді орындау мерзімі басталуына қарай оларды орындау мақсатында жойылған төлемдерге толық рұқсаты бар | банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыра алатын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын ерекше қатынастармен байланысты тұлға тура банк ретінде осы құралды сатып алу үшін қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асыра алмайтыны сияқты құралды сатып алуға құқылы емес |
10 | төленген сома Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес капитал ретінде жіктеледі | төлемдерді жою негізгі акционерлерге дивидендтер төлемін жүзеге асыруды қоспағанда, банктің қызметіндегі шектеулерге әкеп соқтырмайды | |
11 |
толық шығарылған және акционерлер төлеген. Бұл ретте банктерге меншікті акцияларын сатып алуға қарыздар беруге тыйым салынады |
бухгалтерлік есеп мақсатында міндеттемелер ретінде жіктелген құралдардың берілген және алдын-ала анықталған талаптарда (триггерде) және (немесе) алдын-ала анықталған талапқа (триггерге) сәйкес құралдағы шығынды анықтайтын есептен шығару тетігінің жай акцияларға конвертациялануы арқылы шығындарды жою мүмкіндігіне ие. | |
12 | жай акциялар қамтамасыз етілмеген, эмитент-банктің немесе эмитент-банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғаның кепілдігімен жабылмаған және заңдық немесе экономикалық жағынан осындай жай акциялар бойынша эмитент-банк міндеттемелерінің эмитент-банктің басқа кредиторларына қатысты басымдығын арттыратын қандай да бір азаматтық-құқықтық шарттар болған жоқ | банк немесе сол арқылы банк бақылауды жүзеге асыратын немесе оның қызметіне қомақты түрде ықпал ете алатын кез келген байланысты тұлға банктің аталған құралдарының меншік иесі болып табылмайды немесе банк осы құралды сатып алуды қаржыландыруды тікелей немесе жанама жүзеге асырмайды | |
13 | жай акциялардың жарияланған санын ұлғайту туралы шешімді тек қана акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды, бұл ретте жай акцияларды олардың жарияланған саны шеңберінде орналастыру банктің директорлар кеңесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады | құралдың белгілі бір уақыт кезеңі аралығында мейлінше төмен бағамен жаңа құрал шығарылған жағдайда эмитенттің инвесторларға өтемақы төлеуі үшін қойылатын талап сияқты қайта капиталдандыруға кедергі жасайтын ерекшеліктері жоқ | |
14 | банктің қаржылық есептілігінде нақты және жеке ашып көрсетілген |
Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция жөніндегі валюталық позициялар туралы кесте
20__ жылғы "__" _______ жағдай бойынша
__________________________________________________________
(банктің қысқаша атауы)
Талаптар | Міндеттемелер | Апта күндері бойынша | |||||
1 | 2 | ||||||
(күні) | (күні) | ||||||
Талаптар сомасы | Міндеттемелер сомасы | Позиция | Талаптар сомасы | Міндеттемелер сомасы | Позиция | ||
1. Қолма-қол шетел валютасына қойылатын талап | |||||||
..... | .... | ||||||
2. Орналастырылған (тартылған) салымдар | |||||||
..... | .... | ||||||
3. Берілген (алынған) қарыздар | |||||||
..... | .... | ||||||
4. Бағалы қағаздар | |||||||
..... | .... | ||||||
5. Дебиторлық (кредиторлық) берешек | |||||||
..... | .... | ||||||
Талаптар жиынтығы | Міндеттемелер жиынтығы | ||||||
..... | .... | ||||||
Баланстан тыс шоттар бойынша талаптар жиынтығы | Баланстан тыс шоттар бойынша міндеттемелер жиынтығы | ||||||
Талаптар жиынтығы | Міндеттемелер жиынтығы |
кестенің жалғасы
операциялық күн соңындағы сальдо | ||||||||
3 | 4 | 5 | ||||||
(күні) | (күні) | (күні) | ||||||
Талаптар сомасы | Міндеттемелер сомасы | Позиция | Талаптар сомасы | Міндеттемелер сомасы | Позиция | Талаптар сомасы | Міндеттемелер сомасы | Позиция |
Нормативтерді есептеудің соңғы күніне банктің меншікті капиталының шамасы:
_________________________________________________________________________________
Жеке шет мемлекеттердің валюталары бойынша ашық валюталық позицияның белгіленген ең жоғарғы мөлшерін (шет мемлекеттердің топтары):
_________________________________________________________________________________
Валюталық нетто-позицияның белгіленген ең жоғарғы мөлшері:
_________________________________________________________________________________
Басшы: __________________________________________________ ______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Бас бухгалтер: _________________________________________ ______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Орындаушы: ___________________________________________ ______________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
_______________
(телефон нөмірі)
Кестеге қол қойылған күн 20 __ жылғы "____" ______________
Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция жөніндегі валюталық позициялар туралы кестеге қосымша |
Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция жөніндегі валюталық позициялар туралы кестені толтыру бойынша түсіндірме
1. Тиiстi ұяшықтарда ХҚЕС сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде баланстық шоттарда ескерiлген шетел валютасындағы талаптар мен мiндеттемелер көрсетiледi.
2. "Баланстан тыс шоттар бойынша талаптар жиынтығы" және "Баланстан тыс шоттар бойынша мiндеттемелер жиынтығы" деген ұяшықтарда ХҚЕС сәйкес қалыптасқан резервтерді шегергенде шетел валютасындағы шартты талаптар мен мiндеттемелер көрсетiледi.
3. "Позиция" бағандары бойынша "Талаптар жиынтығы" және "Мiндеттемелер жиынтығы" деген ұяшықтарда есептi кезеңдегi аптаның әрбір жұмыс күніндегі барлық шетел валютасы бойынша нетто-позиция көрсетiледi.
4. Жеке шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер топтарының) валюталары немесе валюталық нетто-позиция бойынша белгiленген барынша жоғары мөлшерден асатын ашық позициялардың мөлшерлерi туралы деректер қызыл түспен берiлуге тиiс.