БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4687 болып тіркелген, Заң газетіне 2007 жылғы 15 маусымдағы № 90 (1293) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қоғамдық тыңдау:
1) Мыналар:
Кодекстің 57-2-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген жобалар бойынша;
Кодекстің 57-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген I, II санаттағы объектілер үшін шаруашылық қызметі бойынша мүдделі жұртшылықпен ашық отырыс нысанында;
2) Кодекстің 57-2-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген III, IV санаттағы объектілер үшін мүдделі жұртшылықтың пікірін ескеру үшін сауал нысанында өткізіледі.
Бұл ретте осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауал парақтары ресімделеді.
7. Кодекстің 41-бабы 1-тармағының 14) тармақшасын қоспағанда, Кодекстің 41-бабының 1-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші қоғамдық тындауға қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі құжаттаманы ұсынады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тындау өткізу үшін тапсырыс беруші мынадай мәліметтерді:
қоғамдық тыңдау өткізу күні, уақыты және орнын;
жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға жауапты тұлғаның байланыс деректерін;
ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын жергілікті атқарушы органның электрондық поштасының мекенжайын;.
жоба бойынша құжаттама орналастырылған жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсының мекенжайын;
жұртшылық өкілдерінің жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға мүмкін болатын орнының мекенжайын;
мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауын;
тапсырыс берушінің атауын және байланыс деректерін;
тапсырыс берушінің ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын интернет-ресурсының немесе электрондық поштасының мекенжайын;
құжаттаманы әзірлеушінің атауы және байланыс деректерін көрсете отырып, қоғамдық тыңдау өткізілгенге дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде ашық жиналыстар нысанында қоғамдық тындау өткізу туралы хабарландыруды БАҚ-да жариялайды.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қоғамдық тыңдау өтетін күні белгіленген уақытта және орында қоғамдық тыңдауды өткізуге жауапты тұлға қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Қоғамдық тыңдаудың нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. Хаттама қоғамдық тыңдауға қатысқан адамдардың пікірлері және интернет-ресурсы арқылы немесе ақпараттандырудың өзге де тәсілдерін қолдана отырып, қабылданған ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып жасалады. Хаттамада тапсырыс берушінің жобасына қатысты мүдделі жұртшылықтың ескертулері мен ұсыныстары және әрбір ескерту мен ұсынысты ескеру бойынша тапсырыс берушінің ұстанымы, сондай-ақ шешімге шағымдану мүмкіндігі туралы ақпарат орын табады. Хаттамаға қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының қолы қойылады және ол қоғамдық тыңдау өткеннен кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қоғамдық тыңдау осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген өкілдер міндетті түрде қатысқан кезде өтті деп есептеледі.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Тапсырыс беруші мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық тыңдауларды сауал нысанында өткізу жөнінде хабарландыруды БАҚ-да мынадай мәліметтерді:
жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауды өткізуге жауапты тұлғаның байланыс деректерін;
мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауын;
тапсырыс берушінің атауын және байланыс деректерін;
құжаттаманы әзірлеушінің атауын және байланыс деректерін;
мүдделі жұртшылықтың пікірін ескеру жөніндегі сауалнама парағы және жоба бойынша құжаттама жарияланған мемлекеттік органның интернет-ресурсының мекенжайын;
ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын Тапсырыс берушінің электрондық поштасының немесе интернет-ресурстың мекенжайын;
ескертулер мен ұсыныстарды қабылдауды бастау және аяқтау күндерін көрсете отырып, сауал нысанындағы қоғамдық тыңдаудың өтетін кезеңін (кем дегенде жиырма жұмыс күні) көрсете отырып, жариялайды.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Жергілікті атқарушы органның жауапты адамы Тапсырыс берушімен бірлесіп, осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша сауал нысанында қоғамдық тыңдау өткізу туралы хаттама жасайды. Хаттамада мүдделі жұртшылықтың ұсыныстары мен ескертулері және Тапсырыс берушінің әрбір ұсынысты не (немесе) ескертулерді ескеру бойынша ұстанымы және шешімге шағымдану мүмкіндігі туралы ақпарат орын табады.";
мынадай мазмұндағы 28-тармақпен толықтырылсын:
"28. Сауал нысандағы қоғамдық тыңдаулар өткеннен кейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қоғамдық тыңдаулар хаттамасы жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылады.";
3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа сәйкес көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларыда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 307 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
________ жоба бойынша ашық отырыс нысанындағы қоғамдық тыңдаудың хаттамасы
1. Өткізу күні ____________________________________________________________________
2. Өткізу орны ___________________________________________________________________
3. Қоғамдық тыңдауды_______________________________________________ұйымдастырды
(жергілікті атқарушы орган)
4. Қоғамдық тыңдау өткізу туралы ақпарат жұртшылыққа ______________________________
_______________________________________________________________ арқылы жеткізілді.
(құлақтандыруға пайдаланылған құралдарды көрсету, мысалы, БАҚ атауы
және жариялау күндері)
5. Қатысқандар:__________________________________________________________________
(толық тізімді хаттамаға қосымша ретінде ұсына отырып, барлық
Қатысушыларды немесе қатысушылардың негізгі санатын көрсету)
6. Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі:_________________________________________________
(күн тәртібіндегі негізгі тармақтар және оларға қарастырылған уақыт шегі)
7. Сөз сөйлегендер:_______________________________________________________________
(сөз сөйлегендердің тізбесі, олардың сөйлеген сөздері мен баяндамаларының
тақырыбы және негізгі мәні, сөйлеген сөзі мен баяндамаларының мәтіні болған
жағдайда, оларды хаттамаға қосымша ретінде қосу).
8. Жұртшылық өкілдерінің ұсыныстары мен ескертулері,
сұрақтары:______________________________________________________________________
(сұрақты және жауапты, мақсатты топты немесе ұйымды көрсете отырып, ұсыныстар
мен ескертулерді жазу; жазбаша көлемді ұсыныстар мен ескертулер болған кезде –
оларды хаттамаға қосымша ретінде енгізу)
9. Тапсырыс берушінің сұрақтарға, ұсыныстар мен ескертулерге
жауаптары ______________________________________________________________________
10. Талқылау қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:
________________________________________________________________________________
11. Шешімге заңда белгіленген тәртіппен шағымдану мүмкіндігі.
Қоғамдық тыңдаудың төрағасы:____________________________________________________
(Тегі, аты әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Қоғамдық тыңдаудың хатшысы: ___________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 307 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
_______ жоба бойынша сауал нысанындағы қоғамдық тыңдау өткізу туралы хаттама
Мекенжайы:____________________
Есепті жасау күні ________________
Материалдармен танысу ________ күн ішінде _______ жылдың ____________бастап
_________________________________________________ мекенжайлары бойынша жүргізілді.
Құжаттаманың толық атауы: _______________________________________________________
Шаруашылық қызметті жүзеге асыру орны: __________________________________________
Тапсырыс беруші: ________________________________________________________________
Әзірлеуші_______________________________________________________________________
Сауал нысанында қоғамдық тыңдау өткізу тәртібі:
ақпараттық хабарландыруларды мына бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау:
________________________________________________________________________________
Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдау нәтижелерін өңдеу:
сауал нысанында қоғамдық тыңдау өткізу кезінде ___________ сауалнама парағы келіп түсті.
Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдау өткізгеннен кейін тапсырыс берушіге ұсынылды:
Сауал нысанындағы қоғамдық тыңдау барысында айтылған ескертулер
мен ұсыныстарға талдау:
Шешімге заңда белгіленген тәртіппен шағымдану мүмкіндігі.
Жергілікті атқарушы
органның жауапты адамы _________________________________________________________
Тапсырыс беруші ________________________________________________________________
Қосымша: сауал нысанындағы қоғамдық тыңдауға қатысушылардың толтырған сауал парақтары