Ақпарат және коммуникациялар саласындағы кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 309 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 15831 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін ақпарат және коммуникациялар саласындағы кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түріндегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 7 қыркүйек

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2017 жылғы 17 тамыздағы
№ 309 бұйрығымен бекітілген

Ақпарат және коммуникациялар саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық бұйрықтардың тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 29.08.2024 № 394-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 20.08.2024 № 364-НҚ (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 05.09.2024 № 408-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12464 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларында және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнінде:

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. АНОДҚ жұмыс істеуін және АНОДҚ-ға қолжетімділікті қамтамасыз етудің бағаларын қалыптастыруды АНОДҚ операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13588 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырады.".

      5. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 18.04.2018 № 158 (01.11.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. "Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында:

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Мемлекеттік органдардың АК-қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі сұрау салулары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 83 бұйрығымен (Мемлекеттік регламетінің нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 13324 болып тіркелген) бекітілген Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      Серіктес мемлекеттік органдардың оның жұмысымен байланысты сұрау салуларын орындау процесінде АКИ объектінің (объектілерінің) немесе сервистік бағдарламалық өнімнің техникалық қолдауын қамтамасыз етеді.".