"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңның 44-бабы 8-тармағының екінші бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық аваимаршруттарымен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде баспа мен электрондық түрінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми түрде жариялау және орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етуін;
3) осы тармақта қарастырылған шаралар орындалғаннан кейін он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне тармақтың 1), 2) тармақшалары бойынша орындалуы туралы ұсынуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Д. А.Ділмановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері таныстырылсын.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 70 бұйрығымен бекітілген |
Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары
1. Осы Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (әрі қарай – ҰҚО ) әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру тәртібін белгілейді.
2. ҰҚО әскери қызметшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығындары ұшақтың экономикалық класс салондағы тарифпен өтеледі.
3. ҰҚО әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңның 44-бабы 8-тармағының бірінші бөліміне сәйкес әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүреді, егер:
1) жол жүру қашықтығы 1500 (бір мың бес жүз) километрдан асса;
2) әуе көлігімен жол жүру құны теміржол көлігімен жол жүру құнына тең немесе одан төмен болған кезде, ол жоқ болған кезде – теңіз, өзен және автомобиль көлігімен, ал бірнеше көлік түрлерімен жүру кезінде – сол көлік түрлерінің барлық жол жүру құны тең болған кезде;
3) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған кезде, сондай – ақ әуе көлігімен тасымалдау қажеттігі туралы емдеу мекемесінің қорытындысы немесе әскери дәрігерлік комиссияның қаулысы болғанда;
4) қызметтік іссапарларға барған кезде (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өту, теміржол, автомобиль және ішкі су көліктерінің болмауы немесе іссапардың қауырттылығы кезінде).
4. Курсанттардың, кадеттердің жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоспағанда, ҰҚО əскери қызметшілердің өздерімен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелеріне әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен əскери қызметші басқа жергілікті жерге, оның ішінде əскери бөлімнің немесе бөлімшенің құрамында ауысқан жағдайда ғана жол жүреді, егер:
1) жол жүру қашықтығы 1500 (бір мың бес жүз) километрдан асса;
2) он сегіз жасқа дейін мүгедек болған мүгедек балалары, жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары, оның ішінде жер үсті көліктермен алып жүруге жарамайтын дене бітімі кем балаларды ата-анасының біреуі еріп жүру қажеттігі болса;
3) әуе көлігімен жол жүру құны теміржол көлігімен жол жүру құнына тең немесе одан төмен болған кезде, ол жоқ болған кезде – теңіз, өзен және автомобиль көлігімен, ал бірнеше көлік түрлерімен жүру кезінде – сол көлік түрлерінің барлық жол жүру құны тең болған кезде.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция қызметшісі (әрі қарай – ҰҚК) әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығыстарды өтеу үшін ҰҚК Төрағасының Бірінші орынбасарының атына еркін түрде баянат ұсынады.
Осы қағидаларда көрсетілмеген ерекше жағдайларда, ҰҚК әскери қарсы барлау және әскери полиция қызметшілеріне мемлекет есебінен әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен жол жұру шығысын өтеуге ҰҚК Төрағасы немесе ҰҚК Төрағасының Бірінші орынбасары жазбаша түрінде рұқсат етеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшісі (әрі қарай – ҰҚК Шекара қызметі) әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен мемлекет есебінен жол жүру шығыстарды өтеу үшін келесі лауазымдық тұлғалардың атына еркін түрде баянат ұсынады (тек қызметтік іссапарларға барған кездегі жол жүру шығыстарды қоспағанда):
1) ҰҚК Төрағасының – Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директоры;
2) Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының – Шекара қызметі Орталық аппаратының әскери қызметшілері, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқарма бастықтары мен орталыққа бағыныштағы әскери бөлімдерінің командирлері;
3) ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқарма бастықтарының – ҰҚК Шекара қызметінің тиісті өңірлік басқармаларының әскери қызметшілері және олардың бағыныштағы әскери бөлімдерінің командирлері;
4) ҰҚК Шекара қызметі әскери бөлімдері командирлерінің – ҰҚК Шекара қызметі әскери бөлімдерінің тиісті әскери қызметшілері.
6. Жол жүру мақсатына байланысты баянатқа келесі құжаттар қоса ұсынылады: отырғызу талоны, жол жүру құжаттары, фискальды чек, электронды билеттерді ұсыну кезінде (отырғызу талоны және құнын төлеуді растама құжаттары), кадр бөлімшесінен әскери қызметшінің сауалнамалық деректер негізінде көрсетілген отбасы мүшелері туралы аңықтама, мүгедектігін және жер үсті көліктермен алып жүруге жарамайтын дене бітімінің кемдігін дәләлдейтін анықтамалар.
7. Қазақстан Республикасы ҰҚК әскери қарсы барлау және әскери полиция қызметшілеріне қызметтік іссапарларға барған кезде әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен жол жүру шығыстары арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысымен анықталған тәртібі бойынша өтеледі.
ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне қызметтік іссапарларға барған кезде әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен жол жүру шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорының жазбаша рұқсатымен осы Қағидалардың 5 тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген уәкілетті басшының іссапарға жіберу туралы бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры қызметтік іссапарларға барған кезде әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен жол жүру шығыстарын өтеу ҰҚК Төрағасының немесе оның уәкілетті тұлғасының іссапарға жіберу туралы бұйрығы негізінде жүргізіледі.
8. Әуе көлігімен ішкі және халықаралық авиамаршруттармен жол жүру шығыстары өтеледі:
1) қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттар болған кезде – ақшалай үлеспен бірге төлеу;
2) қаражаттар болмаған кезде – жеке қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.