Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15793 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 8-тармағының екінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженің 15-тармағы 312) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 51/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берілген Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде баспа мен электрондық түрінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми түрде жариялау және орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етуін;

      3) осы тармақта қарастырылған шаралар орындалғаннан кейін он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне тармақтың 1), 2) тармақшалары бойынша орындалуы туралы ұсынуын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Д. А.Ділмановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері таныстырылсын.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2017 жылғы 26 тамыздағы
№ 70 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларда ҰҚО әскери қызметшісінің отбасы мүшелеріне мыналар жатады:

      1) жұбайы (зайыбы);

      2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);

      3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 51/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. ҰҚО әскери қызметшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру шығындары ұшақтың экономикалық класс салондағы тарифпен өтеледі.

      3. ҰҚО әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүреді, егер:

      1) жол жүру қашықтығы 1500 (бір мың бес жүз) километрдан асса;

      2) әуе көлігімен жол жүру құны теміржол көлігімен жол жүру құнына тең немесе одан төмен болған кезде, ол жоқ болған кезде – теңіз, өзен және автомобиль көлігімен, ал бірнеше көлік түрлерімен жүру кезінде – сол көлік түрлерінің барлық жол жүру құны тең болған кезде;

      3) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған кезде, сондай-ақ әуе көлігімен тасымалдау қажеттігі туралы денсаулық сақтау ұйымының немесе әскери – дәрігерлік комиссияның қорытындысы болғанда;

      4) қызметтік іссапарларға барған кезде (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өту, теміржол, автомобиль және ішкі су көліктерінің болмауы немесе іссапардың қауырттылығы кезінде).

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 51/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Курсанттардың, кадеттердің жəне мерзімді әскери қызметтегі əскери қызметшілердің отбасы мүшелерін қоспағанда, ҰҚО əскери қызметшілерінің отбасы мүшелері әуе көлігімен мемлекет есебінен əскери қызметші басқа жергілікті жерге ауысқан жағдайда жол жүреді, егер:

      1) жол жүру қашықтығы 1500 (бір мың бес жүз) шақырымнан асса;

      2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) болса;

      3) әуе көлігімен жол жүру құны теміржол көлігімен жол жүру құнына тең немесе одан төмен болса, ол жоқ болған кезде – теңіз, өзен және автомобиль көлігімен, ал бірнеше көлік түрлерімен жүру кезінде – сол көлік түрлерінің барлық жол жүру құны тең болса.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 16.08.2022 № 51/қе (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. ҰҚО әскери қызметшілері әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру шығыстарын (қызметтік іссапарларға жол жүру кезіндегі шығындардан басқа) өтеу үшін келесі лауазымды адамдардың атына еркін түрде баянат ұсынады:

      1) ҰҚК Төрағасына – ҰҚК ведомстволарының және әскери, арнаулы оқу орындарының бірінші басшылары;

      2) ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасарына - орталық аппараттың және орталық аппарат жанындағы құрылымдық бөлімшелерінің және ҰҚК әскери, арнаулы оқу орындарының әскери қызметшілері;

      3) ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына – "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің әскери қызметшілері, ҰҚК Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары және ведомстволық бағынысты ұйымдарының әскери қызметшілері;

      4) ҰҚК ведомстволарының және ҰҚК Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшыларына – оларға бағынышты әскери қызметшілер.

      Осы Қағидаларда көзделмеген жағдайларда, ҰҚО әскери қызметшілеріне мемлекет есебінен әуе көлігімен жол жүру шығысын өтеуге ҰҚК Төрағасы немесе ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары жазбаша түрде рұқсат етеді.

      6. Жол жүру мақсатына байланысты баянатқа келесі құжаттар қоса ұсынылады: отырғызу талоны, жол жүру құжаттары, фискальды чек, электронды билеттерді ұсыну кезінде (отырғызу талоны және құнын төлеуді растама құжаттары), кадр бөлімшесінен әскери қызметшінің сауалнамалық деректер негізінде көрсетілген отбасы мүшелері туралы аңықтама, мүгедектігін және жер үсті көліктермен алып жүруге жарамайтын дене бітімінің кемдігін дәләлдейтін анықтамалар.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 83/қбп бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15747 болып тіркелген) Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмыскерлерін қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге жіберу, сондай-ақ олардың шығындарын өтеу қағидалары бойынша ҰҚО әскери қызметшілеріне қызметтік іссапарларға барған кезде әуе көлігімен жол жүру шығыстары өтеледі.

      8. Әуе көлігімен жол жүру шығыстары өтеледі:

      1) қаржыландыру жоспары бойынша қаражаттар болған кезде – ақшалай үлеспен бірге төлеу;

      2) қаражаттар болмаған кезде – жеке қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.