Жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15772 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары бекітілсін.

      2. "Жануарларды еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-03/125 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10602 болып тіркелген, 2015 жылы 8 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары −
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 25 тамыздағы
№ 354 бұйрығымен бекітілген

Жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жануарларды еріксіз жағдайларда ұстау – жануарларды торларда, шарбақтарда, аквариумдарда, террариумдарда, бассейндерде және басқа да арнайы үй-жайларда ұстау;

      2) жануарларды жартылай ерікті жағдайларда ұстау – жануарларды табиғи мекендеу ортасына жақын жағдайларда ұстау, онда олар көбінесе табиғи азықтармен қоректенеді, бірақ олардың табиғи алқаптардың қолдан оқшауланған учаскесінен тыс еркін орын алмастыру мүмкіндігі болмайды.

      3. Жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау:

      1) шаруашылық мақсаттарда (аңшылық және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды);

      2) ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбие және эстетикалық мақсаттарда;

      3) құтқару және оңалту мақсаттарында;

      4) кәсіпкерлік мақсаттарда – жануарларды және олардан алынған өнiмдi;

      5) аңшылық мақсатында;

      6) интродукциялау, реинтродукциялау мақсаттарында, аңшылық алқаптарының өнiмдiлiгiн арттыру үшін;

      7) будандастыру мақсаттарында, күтіп бағылатын жануарлардың өнiмдiлiгiнiң арттыру үшін пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.

2-тарау. Жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібі

      4. Жабайы жануарды сатып алу заңдылығын және жабдықталған торларды, аквариумдарды, террариумдарды, бассейндерді, шарбақтарды және басқа да арнайы учаскелерді және (немесе) үй-жайларды (бұдан әрі – үй-жайлар) қоса алғанда, оларды ұстауға арналған жағдайларды растайтын құжаттар болған кезде жануарлар еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталады.

      5. Еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарлар түріне, жынысына, физиологиялық жай-күйіне байланысты олардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес:

      1) демалу, орын ауыстыру және табиғи қалпын қабылдау мүмкіндігі үшін кеңістік көлемімен (індер, ұялар, жасырын баспаналар, қалқалар, тоғандар);

      2) қажет болған жағдайда олардың қозғалу, ұйықтау, табиғи белсенділік таныту, табиғи ортамен байланыс жасау, қоректену және су ішу қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігімен;

      3) астаулармен, суаттармен, құстар қонақтайтын бақандармен және олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған жабдықтармен;

      4) азықтармен және ішетін сумен қамтамасыз етіледі.

      6. Еріксіз жағдайда ұсталатын жануарлар:

      1) үй-жайды тыныс-тіршілік өнімдерінен тазарту жүйесімен;

      2) үй-жайды ағында-сорғалық желдету және суды аэрациялау жүйесімен, артық суды ағызып жіберетін жабық дренаж жүйелерімен қамтамасыз етіледі.

      7. Еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын жануарларға басқа жануарларға зиян келтірудің алдын алу шаралары қабылданып және қызмет көрсететін персонал мен келушілердің қауіпсіздік жағдайлары қамтамасыз етіле отырып, күтім жасалады.

      8. Үй-жайлар оңай ашылатын құлыптармен, ысырмалармен, ұстағыштармен және оқшаулау айлабұйымдарымен, олардың өздігінен ашылып кетіп, жануарлардың үй-жайдан тысқары жерлерге кетіп қалуына жол бермейтін бекіткіштермен жабдықталады.

      9. Аквариум әйнектерін қабырғаларға, темір және металл жақтауларға орнату жұмсақ амортизатор төсемдермен жүзеге асырылады.

      10. Террариумдарда тамашалау терезелері сынбайтын шыныдан немесе басқа да сынбайтын мөлдір полимер материалдардан жасалады.

      11. Торлар, бассейндер және шарбақтар, үй-жайлардың ішкі және сыртқы қоршаулары жануарлардың өмірі мен саулығы үшін қауіпсіз болуы тиіс.