"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңның 44-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде баспа мен электрондық түрінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми түрде жариялау және орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етуін;
3) осы тармақта қарастырылған шаралар орындалғаннан кейін он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне тармақтың 1), 2) тармақшалары бойынша орындалуы туралы ұсынуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Д. А. Ділмановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері таныстырылсын.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 26 тамыздағы № 69 бұйрығымен бекітілген |
Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемлекет есебінен өтеу қағидалары
1. Осы Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды мемелекет еебінен өтеу Қағидалар ұлттық қауіпсіздік органдарының (әрі қарай – ҰҚО) әскери қызметшілеріне өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалатын шығыстарды өтеу тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасы ҰҚО әскери қызметшілері өз мүлкін теміржол, автомобиль және ішкі су көлігімен республикаішілік тасымалдауға жұмсалаған шығыстарды өтеу үшін келесі лауазымдық тұлғалардын атына баянат (еркін түрде) ұсынады:
1) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасының (әрі қарай – ҰҚК) – Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директоры;
2) Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының – Шекара қызметі Орталық аппаратының әскери қызметшілері, ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқарма бастықтары мен орталыққа бағыныштағы әскери бөлімдерінің командирлері;
3) ҰҚК Төрағасының қаржы-экономикалық қызметке жетекшілік ететін орынбасарының – Қазақстан Республикасы ҰҚК әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілері;
4) ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқарма бастықтарының – ҰҚК Шекара қызметінің тиісті өңірлік басқармаларының әскери қызметшілері және олардың бағыныштағы әскери бөлімдерінің командирлері;
5) ҰҚК Шекара қызметі әскери бөлімдері командирлерінің – ҰҚК Шекара қызметі әскери бөлімдерінің тиісті әскери қызметшілері.
3. Баянатқа келесі құжаттар қоса ұсынылады:
1) автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде:
фискальдық чек;
кіріс кассалық ордердің түбіртегі;
шот-фактура;
орындалған жұмыс актісі (орындалған қызмет);
тасымалданған жекеменшік мүліктің тізімі
әскери қызметшінің кету орнынан келу орнына дейінгі арақашық көрсетілген мүлікті тасымалдау туралы шарт;
2) темір жолмен, су көлігімен тасымалдау кезінде:
фискальдық чек;
кіріс кассалық ордердің түбіртегі;
шот-фактура;
жүк тасымалдау жүкқұжат;
орындалған жұмыс актісі (орындалған қызмет);
тасымалданған жекеменшік мүліктің тізімі;
әскери қызметшінің кету орнынан келу орнына дейінгі арақашықты дәлелдейтін құжат.
4. Қаржы бөлімшесі осы қағиданың 3 тармағында көрсетілген құжаттарды тексеруді жүзеге асырады және өз мүлкін республикаішілік тасымалдауға жұмсалған шығыстары бойынша өтем жүргізеді.
5. Өз мүлкін республикаішілік тасымалдаудағы шығыстарды өтеу:
1) қаржыландыру жоспарында қаражаттар болған кезде - ақшалай үлеспен бірге төлей отырып;
2) қаражаттар болмаған жағдайда - жеке қаржыландыру жоспарында тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.