"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы оқу-материалдық базаны ұйымдастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_____________ Е. Сағадиев
2017 жылғы 7 тамыз
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 411 бұйрығымен бекітілді |
Әскери оқу орындарының және әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және оны пайдалану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери оқу орындарының және әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және оны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және әскери оқу орындары мен әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және оны пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Әскери оқу орындарының және әскери кафедралардың оқу-материалдық базасы – әскери оқу орындарына және әскери кафедраларға жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге арналған жергілікті жер учаскілері, ғимараттардың, құрылыстардың, үй-жайлардың, материалдық және техникалық құралдардың жиынтығы.
3. Оқу-материалдық база білім алушылармен барлық оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мен өткізудің материалдық негізі болып табылады және қазіргі заманғы ғылым мен техниканың дамуына сәйкес болуға тиіс.
4. Оқу-материалдық база білім алушыларды оқытудың мақсаттары мен мазмұнына жауап береді, сабақтарды, өзіндік жұмыстарды сапалы өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу дәрісханаларының саны және сыймдылығы ағымдар бойынша дәрістерді оқуды, барлық оқу топтары үшін сабақтардың барлық түрлерін өткізуді қамтамасыз етеді.
5. Әскери оқу орындарының және әскери кафедралардың оқу процесін ұйымдастыру үшін қажет болған кезде әскери бөлімдер командирлерімен келісе отырып, әскери бөлімдердің оқу-материалдық базасы пайдаланылады.
2-тарау. Әскери оқу орындарының және әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және пайдалану тәртібі
6. Әскери оқу орындарының және әскери кафедралардың оқу-материалдық базасы:
оқу-зертханалық база;
далалық оқу-жаттығу базасы (әуе, теңіз машықтарына арналған база);
спорттық база;
тренажерлік база;
жалпыәскери дайындыққа арналған база;
әскери техника;
қару-жарақ;
ақпараттық қамтамасыз ету құралдары;
оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету объектілері болып бөлінеді.
1) оқу-зертханалық база дәрісханаларды (дәріс залдарын), сыныптарды, кабинеттерді, зертханаларды, кітапханаларды, оқу залдарын, курстық және дипломдық жобалауға арналған залдарды, оқытушылар бөлмелерін, зертханашылар бөлмесін, ақпараттық (мультимедиялық, интерактивті) және есептеу техникасымен, зертханалық жабдықпен және қондырғылармен, техникалық оқыту және бақылау құралдарымен, басқа да жабдықтармен және көрнекі құралдармен жабдықталған басқа да оқу және оқу-көмекші үй-жайларын қамтиды;
2) далалық оқу-жаттығу базасы (әуе, теңіз машықтарына арналған база) оларға жауынгерлік дайындық объектілері (кешендері) орналастырылған және қару-жарақпен және әскери техникамен және жабдықтардың басқа да түрлерімен, байланыс, басқару және бақылау құралдарымен қамтамасыз етілген полигондарды, оқу-жаттығу орталықтарын, әуеайлақтарды, лагерьлерді қамтиды;
3) спорттық база білім алушылармен оқу-жаттықтыру процесін қамтамасыз етуге арналған спорттық құрылыстарды және дене дайындығын және спорттық-бұқаралық жұмысты өткізуге арналған орындарды қамтиды;
4) тренажерлік база тренажерлермен, оқу-жаттығу қару-жарағымен және әскери техникамен, басқа да жаттықтыру құралдарымен жабдықталған оқу-жаттықтыру және пайдалану кешендері мен жүйелерін, оқу-жаттығу командалық пункттері мен оқу-жаттығу басқару пункттерін қамтиды;
5) жалпыәскери дайындыққа арналған база жалпыәскери дайындық бойынша саптық плацтарды, қарауылдық кешендерді (қалашықтарды), тирлерді және басқа да объектілерді қамтиды;
6) әскери техника Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жарақталатын жауынгерлік машиналарды, аспаптар мен басқа да техникалық құралдарды қамтиды;
7) қару-жарақ әртүрлі қару, оқ-дәрілер түрлерінің, олардың жеткізгіштерін және олардың қолданылуын қамтамасыз ететін құралдар кешенін қамтиды;
8) ақпараттық қамтамасыз ету құралдары: электрондық басылымдарды, компьютерлік бағдарламаларды, цифрлық білім беру ресурстарын, кино, фото және бейнематериалдарды қоса алғанда, оқулықтарды, оқу-әдістемелік материалдарды, ғылыми және анықтамалық әдебиеттерді, қағидаларды, тәлімдемелерді, нұсқауларды, оқ ату және жүргізу курстарын, ақпараттық стенділер мен плакаттарды, басқа да нормативтік құжаттарды қамтиды;
9) оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету объектілері оқу-жаттығу-өндірістік шеберханаларды, типографияларды (редакциялық-баспа немесе көшіру-көбейту орталықтарын, қоймаларды, ғылыми-зерттеу зертханаларын, есептеу орталықтарын) қамтиды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2021 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Әскери оқу орнында және Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының әскери кафедрасында оқу процесін сапалы ұйымдастыру мақсатында жыл сайын жоспарлау кезеңінде бірлесе пайдалану үшін қажетті оқу-материалдық база тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) әзірленеді.
8. Тізбе осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады және оны оқу-материалдық база балансында тұрған әскери оқу орнының және/немесе әскери кафедраның бастығы және/немесе әскери бөлім командирі келіседі және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жолданады.
9. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Тізбені зерделейді және оқу жылы басталғанға дейін бір ай бұрын қолда бар оқу-материалдық базаны әскери оқу орындары мен әскери кафедралардың және әскери бөлімдердің бірлесе пайдалану жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) жасайды.
10. Жоспарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшыларымен келісілгеннен кейін оқу жылы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекітеді және бағынысты құрылымдық бөлімдер мен бөлімшелерге дейін жеткізіледі.
11. Әскери оқу орындары мен әскери кафедралардың оқу-материалдық базасы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға қатаң сәйкестікте пайдаланылады.
12. Оқу-материалдық базаға жоспарлы техникалық қызмет көрсету оқу-материалдық базаны тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін жүйелілікпен табиғи-климаттық жағдайларды, техникалық жай-күйді және пайдалану режимін ескере отырып ұйымдастырылады және жүргізіледі.
Әскери оқу орындарының және әскери кафедралардың оқу-материалдық базасын ұйымдастыру және оны пайдалану қағидаларына қосымша |
Бірлесе пайдалану үшін қажетті оқу-материалдық база тізбесі
№ Р/с № | Оқу-материалдық базаның атауы | Оқу-материалдық базаның саны | Білім алушылардың саны | Жұмыс (оқу) орындарының саны | Профессорлық-оқытушылар құрамының және нұсқаушылардың қажетті саны (қажет болған жағдайда толтырылады) | Ескертпе |
11. | Атыс тирі | 1 | 40 | 3 | ||
22. | МТ тапаншасы | 6 | 40 | 6 |
Білім беру ұйымының басшысы (бастығы)