Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 қыркүйекте № 15614 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар есептілігінің тізбесі және мерзімділігі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

      5) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;

      6) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

      7) пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп нысаны осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Бухгалтерлердің кәсiби ұйымдары, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйымдар есептілікті электрондық форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-порталы арқылы ұсынады.

      3. Мыналардың күші жойылсын:

      1) "Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 296 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11261 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған);

      2) "Кәсiптік ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оларды ұсыну мерзiмдiлiгiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 296 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 320 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14004 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде 2016 жылғы 9 тамызда жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      ______________ Н. Айдапкелов

      2 тамыз 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 1 тамыздағы
№ 467 бұйрығына
1-қосымша

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар есептілігінің тізбесі және мерзімділігі

Р/с

Есептің атауы

Ұсыну мерзімі

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары

1

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп

есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде*

2

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп

3

Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есеп

4

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар

5

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым берген және таныған сертификаттар туралы есеп

емтихан өткен күннен бастап үш ай ішінде танылған және берілген сертификаттарда, сондай-ақ емтихандық модульге өзгертулер енгізген күннен бастап *

6

Пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есеп

      Ескертпе: уәкілетті орган пысықтауға жіберілген жағдайда, пысықталған есепті 5 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 1 тамыздағы
№ 467 бұйрығына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысан

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп

      20___ж. есепті кезең

      Индексі: № 1 - ЧЛ (баланс).

      Кезенділігі: жылдық.

      Ұсынатындар: бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша тапсырады.

      Қайда тапсырылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне.

      Тапсыру мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде.

      Ескертпе: есепті толтыру бойынша түсіндіру "Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымшада келтірілген.

      Жыл____________________________________

      Кәсіби аудиторлық ұйымның БСН ___________________________________

      Кәсіби аудиторлық ұйымның атауы __________________________

Бухгалтерлер мен кәсіби бухгалтерлердің саны туралы мәліметтер

ЖСН

Т.А.Ә. (болған кезде)

Мекенжайы

Кәсіби бухгалтер сертификаты

Енген күні

Шыққан күні

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымындағы мүшелік билеті немесе оның мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Консультативтік орган құрамына өкілеттік туралы ақпарат

өңір

толық мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы

нөмірі

берілген күні

сертификат берген ұйымның атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













Бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы мәліметтер

Бухгалтерлік ұйымның БСН

Бухгалтерлік ұйымның атауы

Басшысының ЖСН

Басшысының Т.А.Ә. (болған кезде)

Заңды мекенжайы

Тұрақты мекенжайы

Енген күні

Шыққан күні

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымындағы мүшелік билеті немесе оның мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі

өңір

қала/аудан, мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы

өңір

қала/район, мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12













      Бухгалтерлердің аккредиттелген

      кәсіби ұйымының басшысы            ____________ ________________________________

      қолы            (Т.А.Ә. (болған кезде)

  "Бухгалтерлердің
аккредиттелген кәсіби
ұйымына енген (шыққан)
бухгалтерлердің, кәсіби
бухгалтерлердің және
бухгалтерлік ұйымдардың
саны туралы есеп"
әкімшілік деректерін
жинауға арналған
нысанға қосымша

"Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      1. "Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп" нысан "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. "Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына енген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есеп" нысан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне электрондық форматта аккредиттелген кәсіби ұйымдармен ұысынылады.

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      "Бухгалтерлер мен кәсіби бухгалтерлердің саны туралы мәліметтер" кестесінде:

      нысанның 1-бағанында нөмір ретімен көрсетіледі;

      нысанның 2-бағанында жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      нысанның 3-бағанында аты, тегі, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

      "Мекенжайы" нысанының 4, 5-бағандарда мекенжайы, оның ішінде өңір, толық мекенжайы, телефон, электрондық мекенжайы көрсетіледі;

      нысанның 6, 7, 8-бағандарда "Кәсіби бухгалтердің сертификаты", оның ішінде нөмірі, берілген күні, сертификат берген ұйымның атауы;

      нысанның 9-бағанында енген күні көрсетіледі;

      нысанның 10-бағанында шыққан күні көрсетіледі;

      нысанның 11-бағанында бухгалтерлердің кәсіби ұйымына мүшелікті растайтын билеті немесе оның мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі көрсетіледі;

      нысанның 12-бағанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Консультативтік орган құрамына өкілеттік беру туралы ақпарат көрсетіледі.

      "Бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы мәліметтер" кестесінде:

      нысанның 1-бағанында реттік саны көрсетіледі;

      нысанның 2-бағанында бухгалтерлік ұйымның БСН көрсетіледі;

      нысанның 3-бағанында бухгалтерлік ұйымның атауы көрсетіледі;

      нысанның 4-бағанында басшының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      нысанның 5-бағанында басшының тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

      нысанның 6, 7-бағандарда "Заңды мекенжайы", оның ішінде өңір, қала/аудан, мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы көрсетіледі;      

      нысанның 8, 9-бағандарда "Тұрақты мекенжайы", оның ішінде өңір, қала/район, мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы көрсетіледі;

      нысанның 10-бағанында енген күні көрсетіледі;

      нысанның 11-бағанында шыққан күні көрсетіледі;

      нысанның 12-бағанында Мүшелік билеттің нөмірі немесе Бухгалтерлердің кәсіби ұйымына мүшелікті растайтын құжаттың нөмірі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 1 тамыздағы
№ 467 бұйрығына
3-қосымша
  Әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысан

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп

      20___ж. есепті кезең

      Индексі: № Ф - 2 ПК.

      Кезенділігі: жылдық.

      Ұсынатындар: бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша тапсырады.

      Қайда тапсырылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне.

      Тапсыру мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде.

      Ескертпе: есепті толтыру бойынша түсіндіру "Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымшада келтірілген.

      Жыл____________________________________

      Кәсіби аудиторлық ұйымның БСН ___________________________________

      Кәсіби аудиторлық ұйымның атауы __________________________

Кәсіби бухгалтердің ЖСН

Кәсіби бухгалтердің Т.А.Ә. (болған кезде)

Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі

Кәсіби бухгалтер сертификатын берілген күні

Біліктілікті арттыруды жүргізген нысан

Біліктілікті арттыруды жүргізген орны

Біліктілікті арттыруды жүргізген ұйымның БСН

Біліктілікті арттыруды жүргізген ұйымның атауы

"Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша сағатсаны

"Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәнібойынша сертификат күні

"Салық және салық салу" пәні бойынша сағат саны

"Салық және салық салу" пәні бойынша сертификат күні

"Азаматтық құқық" пәні бойынша сағат саны

"Салық және салық салу" пәні бойынша сертификат күні

Қосымша сағат саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Бухгалтерлердің аккредиттелген

      кәсіби ұйымының басшысы ____________ _____________________________

      қолы            (Т.А.Ә. (болған кезде)

  "Бухгалтерлердің
аккредиттелген кәсіби
ұйымдары мүшелерінің
біліктілігін арттыру туралы
есеп" әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп" нысанын толтыру жөнінде түсіндірме

      1. "Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп" нысаны "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. "Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есеп" нысанын бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары электрондық форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ұсынады. Нысанға бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымының басшысы қол қояды. Есептің электрондық форматы есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде қалыптастырылады.

      3. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      нысанның 1-бағанында реттік саны көрсетіледі;

      нысанның 2-бағанында кәсіби бухгалтердің жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      нысанның 3-бағанында кәсіби бухгалтердің тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

      нысанның 4-бағанында кәсіби бухгалтердің сертификатының нөмірі көрсетіледі;

      нысанның 5-бағанында кәсіби бухгалтердің сертификаты берілген күн көрсетіледі;

      нысанның 6-бағанында біліктілікті арттыру нысаны көрсетіледі;

      нысанның 7-бағанында біліктілікті арттыру орны көрсетіледі;

      нысанның 8-бағанында біліктілікті арттыруды жүргізген ұйымның БСН көрсетіледі;

      нысанның 9-бағанында біліктілікті арттыруды жүргізген ұйымның атауы көрсетіледі;

      нысанның 10-бағанында "Халықаралық қаржылық есептілік стандартарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша сағат саны көрсетіледі;

      нысанның 11-бағанында "Халықаралық қаржылық есептілік стандартарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша сертификат күні көрсетіледі;

      нысанның 12-бағанында "Салық және салық салу" пәні бойынша сағат саны көрсетіледі;

      нысанның 13-бағанында "Салық және салық салу" пәні бойынша сертификат күні көрсетіледі;

      нысанның 14-бағанында "Азаматтық құқық" пәні бойынша сағат саны көрсетіледі;

      нысанның 15-бағанында "Салық және салық салу" пәні бойынша сертификат күні көрсетіледі;

      нысанның 16-бағанында қосымша сағат саны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 1 тамыздағы
№ 467 бұйрығына
4-қосымша
  Әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысан

Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы есеп

      20___ж. есепті кезең

      Индексі: № Ф - 3 МС.

      Кезенділігі: жылдық.

      Ұсынатындар: Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша тапсырады.

      Қайда тапсырылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне.

      Тапсыру мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде.

      Ескертпе: есепті толтыру бойынша түсіндіру "Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымшада келтірілген.

      Жыл_______________________________

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының БСН ___________________________________

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы __________________________

р/с

Ынтымақтастықтың мазмұны мен нысаны

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша комитет

Халықаралық бухгалтерлер федерациясы

Біріккен Ұлтар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының есеп және есептілік стандарттары бойынша Үкіметаралық жұмыс тобы

Басқа халықаралық ұйымдар

Ия /Жоқ

толық жазу

Ия/Жоқ

толық жазу

Ия/Жоқ

толық жазу

Ия/Жоқ

толық жазу

1

Тиісті органдарда өкілдерінің болуы









2

Стандарттар жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді жолдау









3

Рұқсатты талап ететін мәселелерді қою, стандарттарды түсіндіру үшін сұраулар жіберу









4

Ұлттық шаруашылық субьектілерімен стандарттардың сынамалық қолдануын жүргізу









5

Бірлесіп конференция, семинарлар, симпозиумдар, конгресстер өткізу









6

Персоналды ұсыну









7

Ынтамақтастықтың басқа да түрлері (қандай екенін көрсету)




























      Бухгалтерлердің аккредиттелген

      кәсіби ұйымының басшысы ____________ __________________________

      қолы            (Т.А.Ә. (болған кезде)

  "Бухгалтерлік есеп пен есептілік
саласында халықаралық
ұйымдармен ынтамақтастық
туралы есеп" әкімшілік
деректерін жинауға арналған
нысанға қосымша

"Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есеп" нысанын толтыру жөнінде түсіндірме

      1. "Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есеп" нысаны "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. "Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есеп" нысанын бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары электрондық форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ұсынады. Нысанға бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымының басшысы қол қояды. Есептің электрондық форматы есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде қалыптастырылады.

      3. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда реттік саны көрсетіледі;

      2-бағанда ынтымақтастықтың мазмұны мен нысаны көрсетіледі;

      тиісті органдарда өкілдерінің болуы;

      стандарттар жобалары бойынша ұсыныстар мен ескертулерді жолдау;

      стандарттарды түсіндіру үшін сауалдар жіберу, шешуді талап ететін мәселелерді қою;

      ұлттық шаруашылық субьектілерінің стандарттарды сынамалық қолдануын жүргізуі;

      бірлесіп конференция, семинарлар, симпозиумдар, конгресстер өткізу;

      персоналды ұсыну;

      ынтамақтастықтың басқа да түрлері (қандай екенін көрсету) көрсетіледі;

      3, 4-бағандарда халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі комитеті, оның ішінде ия/жоқ, толық жазу көрсетіледі;

      5, 6-бағандарда Халықаралық бухгалтерлер федерациясы, оның ішінде ия/жоқ, толық жазу көрсетіледі;

      7, 8-бағандарда Біріккен Ұлтар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының есеп және есептілік стандарттары жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы, оның ішінде ия/жоқ, толық жазу көрсетіледі;

      9, 10-бағандарда басқа халықаралық ұйымдар, оның ішінде ия/жоқ, толық жазу көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 1 тамыздағы
№ 467 бұйрығына
5-қосымша
  Әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысан

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп

      20___ж. есепті кезең

      Индексі: № Ф - 4 МО.

      Кезенділігі: жылдық.

      Ұсынатындар: бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша тапсырады.

      Қайда тапсырылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне.

      Тапсыру мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде.

      Ескертпе: есепті толтыру бойынша түсіндіру "Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымшада келтірілген.

      Жыл_______________________________

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының БСН _________________________________________

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы ________________________________________

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйым басшысының Т.А.Ә. (болған кезде) ____________________

      ЖСН________________

      Сайланған (тағайындалған) күні мен мерзімі ____________________

Р/с

Бөлімшенің атауы

Бөлімше басшысының лауазымы

Бөлімше басшысының ЖСН

Басшының Т.А.Ә. (болған кезде)

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

1

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша






2

Бухгалтерлердің біліктілігін арттыру бойынша






3

Этика мәселесі бойынша






4

Дауларды қарастыру бойынша






5

Басқа органдар






      Бухгалтерлердің аккредиттелген

      кәсіби ұйымының басшысы ____________ ____________________________

      қолы            (Т.А.Ә. (болған кезде)

  "Бухгалтерлердің
аккредиттелген кәсіби
ұйымдарының жұмыс органдары
құрылымының өзгергені туралы
есеп" әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп" нысанын толтыру жөнінде түсіндірме

      1. "Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп" нысаны "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. "Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының жұмыс органдары құрылымының өзгергені туралы есеп" нысанын бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары электрондық форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ұсынады. Есептің электрондық форматы есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде қалыптастырылады.

      3. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда реттік саны көрсетіледі;

      2-бағанда бөлімшенің атауы, оның ішінде:

      халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша;

      бухгалтерлердің біліктілігін арттыру бойынша;

      этика мәселелері бойынша;

      дауларды қарастыру бойынша;

      басқа органдар;

      3-бағанда бөлімше басшысының лауазымы көрсетіледі;

      4-бағанда басшының жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      5-бағанда басшының тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

      6-бағанда байланыс телефоны көрсетіледі;

      7-бағанда электрондық мекен-жайы көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 1 тамыздағы
№ 467 бұйрығына
6-қосымша
  Әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысан

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп

      20___ж. есепті кезең

      Индексі: № Ф - 5 СЕРТ.

      Кезенділігі: жылдық.

      Ұсынатындар: бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар тапсырады.

      Қайда тапсырылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне.

      Тапсыру мерзімі: емтихандар өткен, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихандық модульдерге өзгерістер енгізген күннен бастап үш ай ішінде.

      Ескертпе: есепті толтыру бойынша түсіндіру "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымшада келтірілгенү

      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымының БСН ___________

      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымының атауы __________

      Жыл ______________

      Тоқсан ______________

Т.А.Ә. (болған кезде)

ЖСН

"Аудитор" біліктілік куәлігінің болуы

Сертификатталған алқа бухгалтерлері қауымдастығының бойынша сертификаттың болуы

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп (ия/жоқ)

Салық және салық салу (ия/жоқ)

Азаматтық құқық (ия/жоқ)

Кәсіби бухгалтер сертификаты

Кәсіби бухгалтер сертификатын алу орны

Нөмірі

Берілген күні

Нөмірі

Берілген күні

Кім берді

Нөмірі

Берілген күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















      Ескертпе: есепті кезеңдегі кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың, сондай-ақ кәсіби бухгалтер сертификатын алған кәсіби бухгалтерлердің Т.А.Ә. (болған кезде) көрсетіледі

      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау

      бойынша аккредиттелген ұйымының басшысы ____________ ___________________________

      қолы            (Т.А.Ә. (болған кезде)

  "Бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі
аккредиттелген ұйым таныған
және берген сертификаттар
туралы есеп" әкімшілік
деректерін жинауға арналған
нысанға қосымша

"Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп" нысанын толтыру жөнінде түсіндірме

      1. "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп" нысаны "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттар туралы есеп" нысанын бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым электрондық форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсынады. Есептің электрондық форматы есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде қалыптастырылады.

      3. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда реттік саны көрсетіледі;

      2-бағанда тегі, аты, болған кезде әкесінің аты көрсетіледі* (кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың, сондай-ақ есепті кезеңде кәсіби бухгалтердің сертификатын алған кәсіби бухгалтерлердің Т.А.Ә.);

      3-бағанда жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      4, 5, 6-бағандарда "аудитор" біліктілік куәлігінің болуы, оның ішінде: нөмірі, берілген күні, кім бергені көрсетіледі;

      7, 8-бағандарда Сертификатталған алқа бухгалтерлері қауымдастығының сертификаттың болуы, оның ішінде нөмірі, берілген күні көрсетіледі;

      9-бағанда халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп (ия/жоқ) көрсетіледі;

      10-бағанда салық және салық салу (ия/жоқ) көрсетіледі;

      11-бағанда азаматтық құқық (ия/жоқ) көрсетіледі;

      12, 13-бағандарда кәсіби бухгалтердің сертификаты, оның ішінде нөмірі, берілген күні көрсетіледі;

      14-бағанда кәсіби бухгалтер сертификатын алу орны көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 1 тамыздағы
№ 467 бұйрығына
7-қосымша
  Әкімшілік деректерін
жинауға арналған нысан

Пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп

      20 ___ жылғы есепті кезең

      Индексі: № Ф - ЭКЗ.

      Кезенділігі: жылдық.

      Ұсынатындар: бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар тапсырады.

      Қайда тапсырылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне.

      Тапсыру мерзімі: емтихандар өткен, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихандық модульдерге өзгерістер енгізген күннен бастап үш ай ішінде.

      Ескертпе: есепті толтыру бойынша түсіндіру "Пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымшада келтірілген.

Пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп

Р/с

Пән атауы

Өткізілген орны (өңір)

Өткізілген емтихан саны

Бір емтиханның орташа құны

Өткізілген оқыту курсының саны

Пән бойынша оқытудың орташа құны (болған кезде)

Қайта тапсырылған емтихан саны

Емтиханды қайта тапсыру құны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп








2

Салық және салық салу








3

Азаматтық құқық








Емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп

р/с

Пәндер бойынша емтихан модульдерінің атауы

Өзгерістер енгізу үшін негіз

Өзгеріс енгізу күні

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыну күні

1

2

3

4

5






      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау

      бойынша аккердиттелген ұйымының басшысы ____________ ___________________________

      қолы                  (Т.А.Ә. (болған кезде)

  "Пәндер бойынша өткізілген
емтихандар туралы және
емтихандық модульдердің
өзгеруі туралы есеп" әкімшілік
деректерін жинауға арналған
нысанға қосымша

"Пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп" нысанын толтыру жөнінде түсіндірме

      1. "Пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп" нысаны "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. "Пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есеп" нысанын бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым электрондық форматта Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсынады. Нысанға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымның басшысы қол қояды. Есептің электрондық форматы емтихандар өткен, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихандық модульдерге өзгерістер енгізген күннен бастап үш ай ішінде қалыптастырылады. Осы нысанды жүргізудің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының бухгалтерлік заңнамасын сақтауға мониторингті жүзеге асыру болып табылады.

      3. Нысан мынадай тәртіппен толтырылады:

      1-бағанда реттік саны көрсетіледі;

      2-бағанда пәннің атауы, оның ішінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп;

      салық және салық салу;

      азаматтық құқық көрсетіледі;

      3-бағанда өткізілген орны (өңір) көрсетіледі;

      4-бағанда өткізілген емтихан саны көрсетіледі;

      5-бағанда бір емтиханның орташа құны көрсетіледі;

      6-бағанда өткізілген оқыту курстарының саны көрсетіледі;

      7-бағанда оқытудың орташа құны (болған кезде) көрсетіледі;

      8-бағанда қайта тапсырылған емтихан саны көрсетіледі;

      9-бағанда емтиханды қайта тапсырудың орташа құны көрсетіледі.

      Емтихандық модульдердің өзгеруі туралы есепте:

      1-бағанда реттік саны көрсетіледі;

      2-бағанда пәндер бойынша емтихан модульдерінің атауы көрсетіледі;

      3-бағанда өзгерістер енгізу үшін негіз көрсетіледі;

      4-бағанда өзгеріс енгізу күні көрсетіледі;

      5-бағанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыну күні көрсетіледі.