"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы №403 бұйрығымен бекітілген |
Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Жобаны орындаушы – ҚЗК айқындайтын заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі – Орындаушы);
2) Жобаға сараптама – Жобаны сарапшының зерделеу мен талдау және Жобаға сараптама қорытындысын жасау процесі;
3) Жобаға сараптама қорытынды – сарапшы жасайтын және оның Жобаға жүргізген талдау нәтижелері, оның алдына қойылған мәселелер бойынша оның қорытындылары туралы мәліметтерді, сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объективті және Тапсырыс берушінің және Әлеуетті орындаушының мүдделерінен тәуелсіз талдамалық бағалауды қамтитын құжат;
4) қорғаныстық зерттеулер – мемлекеттің әскери ұйымын, әскери өнерді дамыту, қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту, әзірлеу және жаңа түрлерін енгізу, Қарулы Күштердің құрылымы және оны қамтамасыз ету, аумақтық қорғаныс мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық, қолданбалы, талдау және әлеуметтік зерттеулерді қамтитын қорғаныс және әскери қауіпсіздік саласындағы зерттеулер;
5) ҚЗК-ның уәкілетті органы – ҚЗК қызметін қамтамасыз етуді, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге Өтінімдер тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) жасауды, сондай-ақ қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру бойынша ҚР ҚМ іс-шараларын ұйымдастыруды жүзеге асыратын ғылым саласындағы ҚР ҚМ уәкілетті құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);
6) қорғаныстық зерттеулерді әлеуетті орындаушы – қорғаныстық зерттеулерді орындауға жобаны берген заңды және/немесе жеке тұлға (бұдан әрі – Әлеуетті орындаушы);
7) Қорғаныстық зерттеулер жөніндегі кеңес (бұдан әрі – ҚЗК) – өз қызметін қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру бойынша шешім қабылдау мақсатында жүзеге асыратын ҚР ҚМ алқалық консультативтік-кеңесші органы;
8) қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру – қорғаныстық зерттеулер тақырыптарын іріктеу, олардың орындаушыларын айқындау, іске асыру құны мен орындалу мерзімі, сараптаманы жүргізу, шарт жасасу, нәтижелерді қабылдау және орындаушы төлемі жөнінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ) жүргізетін іс-шаралар.
9) қорғаныстық зерттеулерге тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының құрылымдық бөлімшесі, Қарулы Күштерінің бас басқармалары және өңірлік қолбасшылықтар мен әскер түрлерінің басқармалары (бұдан әрі – Тапсырыс беруші);
10) сарапшы – сараптауды жүргізетін және сараптама қорытындысын ұсынатын сарапшылардың электрондық деректер базасына (бұдан әрі – ЭДБ) енгізілген жеке немесе заңды тұлға.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қорғаныстық зерттеулер тақырыптарын іріктеу
3. Тапсырыс беруші әрбір қорғаныстық зерттеу тақырыбына жеке Өтінім жасайды және уәкілетті органға жыл сайын 1 қыркүйекке дейін, қосымша Өтінімді – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің нұсқауын алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жолдайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Уәкілетті орган Тапсырыс берушілердің Өтінімдерін жинауды жүзеге асырады және жыл сайын 15 қыркүйекке дейін Тізбенің жобасын жасайды және оны Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК БШ бастығына бекітуге енгізеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Қосымша Өтінімді уәкілетті орган Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК БШ бастығымен бекітпей қосымша түрінде Тізбеге енгізеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Қорғаныстық зерттеулердің орындаушыларын айқындау
6. Жобаларды жинау жөніндегі ақпаратты уәкілетті орган Өтінімдер тізбесі бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ҚР ҚМ интернет-ресурсына орналастырады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. ҚЗК-ның құрамын уәкілетті орган кемінде 15 адамды құрайтын ҚЗК мүшелерінің тақ санынан құрады және ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. ҚЗК төрағасы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, ҚЗК төрағасының орынбасары – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК БШ бастығы, ҚЗК хатшысы – дауыс беру құқығы жоқ ҚЗК жұмыс органының өкілі болып табылады.
9. ҚЗК төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді.
10. ҚЗК қызметінің негізгі нысаны оның мүшелерін тікелей шақыру және төрағаның қатысуы арқылы өткізілетін ашық отырыс болып табылады.
11. ҚЗК отырысы, егер отырыста ҚЗК мүшелері қатарынан кемінде үштен екісі қатысса, құқылы болып табылады.
12. Жобалар бойынша ҚЗК шешімі ашық дауыс беру арқылы ҚЗК мүшелерінің отырысындағы қатысушылар жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.
13. ҚЗК мүшелерінің дауыс саны тең болған кезде ҚЗК төрағасының даусы шешуші болып табылады.
14. ҚЗК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде екі рет өткізіледі.
15. ҚЗК отырысының күн тәртібін ҚЗК жұмыс органы жасайды, ҚЗК отырысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді және мыналарды:
1) ҚЗК отырысының күн тәртібін;
2) ҚЗК отырысы басталған және аяқталған күндерді;
3) отырысқа қатысқан ҚЗК мүшелері туралы мәліметтерді;
4) ҚЗК-да дауыс беруге қойылған мәселелерді және олар бойынша дауыс беру қорытындыларын (нәтижелерін);
5) ҚЗК шешімі бойынша өзге де мәліметтерді қамтиды.
16. ҚЗК отырысының хаттамасына ҚЗК төрағасы және хатшысы отырыс аяқталғаннан күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қояды.
17. ҚЗК мүшесінің ҚЗК-ға дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша ерекше пікірі болған жағдайда ҚЗК хатшысы хаттамаға тиісті жазбаны енгізеді.
18. ҚЗК жұмыс органы:
1) ҚЗК отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;
2) ҚЗК құжаттамасын есепке алуды жүргізеді;
3) ҚЗК-ның құпия емес және құпия іс жүргізуі ҚЗК жұмыс органына бекітіледі.
19. Уәкілетті орган бекітілген Тізбені Жоба беруге ниет білдірген заңды және жеке тұлғаларға жолдайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Әлеуетті орындаушы он бес жұмыс күні ішінде бекітілген Тізбені алғаннан кейін Жоба әзірлейді және уәкілетті органға жолдайды.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Жобаны әзірлеу барысында Әлеуетті орындаушы дербес:
1) бір жылдан аспайтын және екі айдан кем болмайтын Жобаны орындау мерзімін;
2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес айқындалатын заңды және жеке тұлғаларға арналған шығындар нормативіне сүйене отырып жобаның құнын;
3) стратегиялық, қолданбалы және талдау зерттеулері үшін бес адамнан аспайтын, әлеуметтік зерттеулер үшін он бес адамнан аспайтын жоба қатысушыларының санын айқындайды.
Қорғаныстық зерттеулер сапасын арттыру мақсатында Жоба қатысушыларының қатарына жүргізілетін зерттеулер саласында маман болып табылатын, ғылым докторы (ғылым кандидаты, PhD докторы) ғылыми дәрежесі бар және/немесе "подполковник" және одан жоғары әскери атағы бар әскери қызметші, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және қорғаныстық зерттеулер тақырыбы саласында тәжірибесі бар жетекші кіреді.
Жобаға қатысушылар ғылыми дәрежесі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және қорғаныстық зерттеулер тақырыбы саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар мамандар болып табылады.
22. Уәкілетті орган Әлеуетті органнан Жобаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Жобаға сараптау жүргізу үшін Жобаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Әскери ғылыми-зерттеулер орталығына (бұдан әрі – ҰҚУ ӘҒЗО) жолдайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Қорғаныстық зерттеулерге сараптама жүргізу тәуелсіздік, объективтілік, құзыреттілік, кешенділік, нақтылық, толықтық және негізділік қағидаттарына негізделген.
24. Жобаға сараптама жүргізу мақсатында ҰҚУ ӘҒЗО Жоба сарапшыларын іріктеуді жүзеге асырады, мемлекеттік құпияларға (қажеттілігі бойынша) рұқсаттамасы және Жоба тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі бар сарапшылардың ЭДБ-сын қалыптастырады, сараптама жүргізуді әдістемелік, ұйымдық-техникалық, құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, Жобаға сараптама жүргізу нәтижелерінің ЭДБ-сын қалыптастырады, оны өзекті етуді және сақтауды жүзеге асырады.
25. Сарапшылар ретінде ҰҚУ ӘҒЗО мамандары, әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы тартылады.
26. ҰҚУ ӘҒЗО уәкілетті органға сараптық қорытындыны отыз күнтізбелік күн ішінде Жобаны алғаннан кейін жолдайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. ӘҒЗО-дан Жобаларға қорытындылар алғаннан кейін уәкілетті орган ҚЗК-ның кезекті отырысы күніне дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей қорытындыны ҚЗК мүшелеріне қарауға жолдайды.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. ҚЗК отырысында сараптамалық қорытындылар мен Жобалар қаралады, оларды қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен Жобалардың орындаушыларын айқындау бойынша шешім қабылданады.
4-тарау. Орындаушымен шарт жасасу, қорғаныстық зерттеулерді қабылдау
және оның төлемі
29. ҚЗК отырысының хаттамасы негізінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін (бұдан әрі – Бұйрық), Тапсырыс берушіні, тақырыптар атауын, орындаушыны, қатысушылар құрамын, Жобаның құны мен орындау мерзімін қамтитын Қорғаныстық зерттеулер тізбесін жасайды.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Бекітілген Тізбе Жобаны орындаушысымен және оны қаржыландырушымен шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Тізбе бекітілген сәттен бастап уәкілетті орган он күнтізбелік күн ішінде қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыруға бюджеттік өтінім құрайды және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментіне (бұдан әрі – ЭҚД) жолдайды.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. ЭҚД ҚР ҚМ бюджеті шеңберінде қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргізеді.
33. Уәкілетті орган Бұйрықтан үзінділерді Орындаушыға шарттың жобасын әзірлеу үшін және Тапсырыс берушіге техникалық ерекшелікті әзірлеу үшін жолдайды.
Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Бұйрықтан үзінділер алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Орындаушы уәкілетті органға шарттың жобасын жолдайды, Тапсырыс беруші уәкілетті органға техникалық ерекшелікті жолдайды.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Уәкілетті орган шарттың жобасын және техникалық ерекшелікті алғаннан кейін Орындаушымен шарт жасау бойынша жұмысты жүргізеді.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.36. Қорғаныстық зерттеулерді жүргізу нәтижесі талаптары Тапсырыс берушінің техникалық ерекшелігінде сипатталған қорғаныстық зерттеулерді жүргізу туралы есеп (бұдан әрі – Есеп) болып табылады.
Уәкілетті орган ҚЗК-ның кезекті отырысына дейін күнтізбелік қырық бес күн бұрын Тапсырыс берушілердің және ӘҒЗО-ның өкілдерінен Есептерге қорытынды алуды ұйымдастырады. Есеп бойынша қорытынды еркін нысанда ресімделеді. Есеп беру ҚЗК-ның отырысында қабылданады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Есеп беруге қойылатын міндетті талаптар:
1) қойылған міндеттерді іске асыру;
2) күтілетін нәтижелерге сәйкес келу;
3) "Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге өтініштердің нысандарын және авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 14 бұйрығыан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7420 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (бұдан әрі – Куәлік) бар болуы;
4) электрондық нұсқасының бар болуы;
5) зерттеу тақырыбы бойынша қосымша құжаттаманың бар болуы болып табылады.
38. Куәлік Есеп беруді сатып алынатын тауарларға, қызметтерге қатысты ерекше құқықтарға ие адамның зияткерлік меншік объектісі деп тану үшін негіздеме болып табылады.
39. Есеп беруді Орындаушы "Авторлық және аралас құқықтар саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 250 бұйрығына сәйкес авторлық және аралас құқықтар саласындағы мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға жолдайды.
40. Қорғаныстық зерттеулер қызметтерін төлеу жасасылған шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
41. Есеп беруді қабылдағаннан кейін Есеп беруге зияткерлік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне өтеді.
42. ҰҚУ ӘҒЗО уәкілетті органға жолданатын ЭДБ есептерін жасайды, оны өзектілендіруді және сақталуын жүзеге асырады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларына 1-қосымша Нысан |
Қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге өтінім
Құрылымдық бөлімше: ___________________________________________________________
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшесінің атауы)
Тақырып: _______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(қысқартусыз зерттеу тақырыбының толық атауы)
Өзектілік негіздемесі: _____________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(зерттеуді жүргізу қажеттілігіне егжей-тегжейлі сипаттама)
Күтілетін нәтижелер:
1. _______________________________________
2. _______________________________________
3. _______________________________________
(зерттеуден күтілетін нәтижелерге қысқаша сипаттама)
Іске асырудың болжамды мерзімі: ____________________________________
(зерттеуді аяқтаудың болжамды айы мен жылы)
Болжамды мақсатты іссапарлар:
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
4. ________________________________________________________________
5. ________________________________________________________________
(зерттеуді анағұрлым сапалы орындау үшін қайда шығу қажет болатын орынды көрсету)
Құрылымдық бөлімше бастығы________________________________
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшесі бастығының, әскери бөлім командирінің қолы)
Әскери атағы ___________________________ тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшесі бастығының қолы)
КүніМөрдің орны
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық
бөлімшесі)
Ескертпе: барлық бағандар Times New Roman қарпімен, 14 көлемде толтырылады.
Қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге өтінімдер тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 13.03.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № |
Қорғаныстық зерттеулерге тапсырыс беруші | Қорғаныстық зерттеулер тақырыбы (қысқартусыз зерттеу тақырыбының толық атауы) |
Қорғаныс зерттеулерді іске асырудың болжамды мерзімдері |
1. | |||
2. | |||
3. |
Уәкілетті органның бастығы
Әскери атағы ______________________________ тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(қолы)
Күн Мөрдің орны
(Уәкілетті орган)
Ескертпе: барлық бағандар Times New Roman қарпімен, 14 көлемде толтырылады.
Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларына 3-қосымша Нысан |
Қорғаныстық зерттеулер жобасы
тақырыбы: "_________________________________________________________________"
(қысқартусыз зерттеу тақырыбының толық атауы)
1. Қорғаныстық зерттеу мақсаты_________________________________________________________________________
2. Қорғаныстық зерттеудің міндеттері:
1)______________________________________________________________________________
2)______________________________________________________________________________
3)______________________________________________________________________________
3. Зерттеудің әдіснамасы және әдістемесі ________________________________________________________________________________
4. Қорғаныстық зерттеулерді өткізу туралы есептің болжамды құрылымы_______________________________________________________________________
5. Күтілетін нәтижелер:
1. __________________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________________
(жаңалық дәрежесін көрсетумен зерттеуден күтілетін нәтижелерге қысқаша сипаттама)
6. Жобаға қатысушылар туралы мәліметтер
Р/с № | Әскери атағы |
ТАӘ (толық) |
Атқаратын лауазымы (толық) | Дәрежесінің бар болуы (ғылыми, академиялық) | Білімі |
Зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі (зерттеу тақырыбы саласындағы лауазымды көрсетумен жылдары) | Зерттеу тақырыбы бойынша жарияланған мақалалардың, оқу басылымдарының бар болуы (басып шығарылған жылы мен орнын көрсетумен) |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми кеңесші | |||||||
1. | |||||||
Қатысушылар | |||||||
2. | |||||||
3. | |||||||
4. | |||||||
5. |
Р/с № | Іссапарға жіберу орны | Іссапар кезеңі және ұзақтығы |
Іссапарға келушілер, әскери атағы, Т.А.Ә. | Іссапар мақсаты |
---|---|---|---|---|
1. | ||||
2. |
9. ҚЗ орындалу барысын талқылау жөнінде ұсынылатын іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар және т.б.).
10. Есеп беру нәтижелері жарияланымдарының ұсынылатын түрлері (монографиялар, конференция материалдары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.).
11. Қорғаныстық зерттеулерді іске асыру кезеңінің ұзақтығы ______________________________________________
(аймен)
12. Қорғаныстық зерттеулерді жүргізудің күнтізбелік жоспары
Р/с № | Іс-шаралар атауы | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушы | Ескертпе |
---|---|---|---|---|
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 |
1) Еңбекке ақы төлеу шығындары
Жоба қатысушылары | Еңбекке ақы төлеу шығындары және еңбекке ақы төлеу бойынша төлемді есептеу | ||
---|---|---|---|
Сома (айына) | Айлар саны | Жалпы сомасы | |
Жетекші | |||
1 орындаушы | |||
2 орындаушы | |||
3 орындаушы | |||
ЖИЫНЫ |
Материалдар атауы | Материалдарды сатып алуға арналған шығындар | ||
---|---|---|---|
Құны (бірлік (дана) үшін) | Бірлік саны (дана) | Жалпы сомасы | |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
ЖИЫНЫ |
Негізгі құралдардың атауы | Негізгі құралдарды сатып алуға шығындар | ||
Құны (бірлік (дана) үшін) | Бірлік саны (дана) | Жалпы сомасы | |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
ЖИЫНЫ |
Материалдық емес активтер атауы | Материалдық емес активтерді сатып алуға шығындар | ||
---|---|---|---|
Құны (бірлік (дана) үшін) | Бірлік саны (дана) | Жалпы сомасы | |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
ЖИЫНЫ |
Басқа мекемелер, ұйымдар мен мамандар жұмысының және көрсетілетін қызметтерінің атауы | Басқа мекемелер, ұйымдар мен мамандар жұмыстары және көрсетілетін қызметтері шығындары | ||
---|---|---|---|
Құны (жұмыс (қызмет) үшін) | Жұмыс (қызмет) саны | Жалпы сомасы | |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
ЖИЫНЫ | |||
Жоба қатысушылары | Іссапарға бару орны | Іссапар кезеңі және ұзақтығы | Жол құны | Тәуліктік | Тұру үшін төлем | Жалпы сомасы |
---|---|---|---|---|---|---|
Жетекші | ||||||
1 орындаушы | ||||||
2 орындаушы | ||||||
3 орындаушы | ||||||
ЖИЫНЫ |
8) Қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге шығындар
Р/с № | Шығындар атауы | Жалпы сомасы |
---|---|---|
1 | Еңбекке ақы төлеуге арналған шығындар және еңбекақы бойынша төлемдерді есептеулер | |
2 | Материалдарды сатып алуға арналған шығындар | |
3 | Негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар | |
4 | Материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығындар | |
5 | Басқа мекемелердің, ұйымдардың және мамандардың жұмысына және көрсетілетін қызметтеріне арналған шығындар | |
6 | Іссапар шығыстарына арналған шығындар | |
7 | Қосымша шығындар (әлеуметтік төлемдер, кенеттен туындайтын міндеттерге, рентабельділікке арналған шығындар) | |
ЖИЫНЫ |
Қорғаныстық зерттеулер жобасының жетекшісі _______________________ тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(қолы)
Ұйым басшысы (бар болған жағдайда) ________________________________ тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(қолы)
КүніМ.О.
(ұйым мөрі)
Ескертпе: барлық бағандар Times New Roman қарпімен, 14 көлемде толтырылады.
Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларына 4-қосымша Нысан |
"_______________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________"
тақырыбына қорғаныстық зерттеулер
жобасына сараптама қорытындысы
Бағалау өлшемшарттарының | Балдық баға** |
Күшті және әлсіз жақтарын көрсетумен сарапшының түсіндірмелері | |||
жоғары |
орташа |
төмен | |||
І | Ғылыми жаңалық, перспективалылығы | ||||
ІІ | Қолданылатын әдіснаманы және есеп беру құрылымын бағалау | ||||
ІІІ | Күтілетін нәтижелерді бағалау | ||||
ІV | Сұрау салынатын қаржыландыру көлемінің экономикалық негізділігін бағалау | ||||
V | Жобаға қатысушыларды іріктеу сапасын бағалау | ||||
VІ | Пайдаланылған ғылыми еңбектер мен әдебиеттердің сәйкес келуін бағалау | ||||
БАЛЛ СОМАЛАРЫ: |
ҚОРЫТЫНДЫ |
Қорғаныстық зерттеулер жобасының сарапшысы
Атқаратын лауазымы
Әскери атағы (бар болған кезде) _________ тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(қолы)
* Зерттеулерді бағалаудың қосымша өлшемшарттары Тапсырыс берушінің ұсынысы бойынша белгіленеді.
** Әрбір өлшемшарт бойынша сараптамалық қорытындыда төменде көрсетілген бағалау жүйесіне сәйкес баға (балл) қойылады, жалпы балл бағаларды жинақтау жолымен есептеледі:
Сараптау объектісін сараптамалық бағаларының жүйесі
Р/с № | Шекті баға |
Баға (балл) | Күшті және әлсіз жақтарын көрсетумен бағаларға сипаттама |
---|---|---|---|
1. | Жоғары | 9 |
Ерекше. |
2. | Жоғары | 8 | Елеусіз әлсіз жақтарының ең аз санымен |
3. | Өте жақсы | 7 | Елеусіз әлсіз жақтарының ең аз санымен |
4. | Орташа | 6 | Өте жақсы. Көптеген елеусіз әлсіз жақтарымен |
5. | Жақсы | 5 |
Кейбір күшті |
6. | Қанағаттандырлық | 4 |
Кейбір күшті |
7. | Төмен | 3 | Әлсіз. Елеусіз күшті жақтарымен және көптеген әлсіз жақтарымен |
8. | Қанағаттандырарлықсыз | 2 | Күшті жақтарынсыз және елеулі әлсіз жақтарымен |
9. |
Аса | 1 | Күшті жақтарынсыз |
Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларына 5-қосымша Нысан |
"__________________________________________________________"
(қысқартусыз зерттеу тақырыбының толық атауы)
тақырыбына қорғаныстық зерттеулерді
жүргізуге техникалық ерекшелік
1. Қорғаныстық зерттеулерді орындау үшін негіздеме
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі 20___ жылғы __. ___. бекіткен қорғаныстық зерттеулер тізбесінің №__ тармағы.
2. Қорғаныстық зерттеулер мақсаты:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Қорғаныстық зерттеулер міндеті:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Қорғаныстық зерттеулерге қойылатын талаптар (күтілетін нәтижелердің қысқаша сипаттамасы):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
5. Қорғаныстық зерттеулерді орындауды аяқтау бойынша ұсынылған ғылыми, техникалық және басқа да құжаттама тізбесі:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
6. Қорғаныстық зерттеулерді орындау туралы есеп беруді ресімдеуге қойылатын талаптар (қаріп, формат, суреттерді, кестелерді ресімдеу,деректер анықтамасы, қосымша, суреттер және т.б., түптеу, тілдік талаптар және т.б.):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
7. Қорғаныстық зерттеулерді орындау туралы есеп беруді қабылдауға қойылатын талаптар (авторлық құқық объектісіне мемлекеттік тіркеу құқығы куәлігінің бар болуы, есептердің саны, электрондық нұсқаның бар болуы, есептің барынша төмен және барынша жоғары көлемі, зерттеу тақырыбы бойынша қосымша құжаттаманың бар болуы – нормативтік құқықтық актілер жобасы, анықтамалар және т.б.):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
8. Қорғаныстық зерттеулерді орындау мерзімі (айы және жыл):
басталуы: ___________________
аяқталуы: ___________________
9. Жеткізу базисі: ______________________________________________
Құрылымдық бөлімшенің бастығы________________________________
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшесінің атауы, әскери бөлімнің № )
Әскери атағы ______________________________ тегі, аты-жөнінің бас әріптері
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшесінің атауы)
Күні Мөрдің орны
(ҚР ҚМ, БШ, ҚК құрылымдық бөлімшесі)
Ескертпе: барлық бағандар Times New Roman қарпімен, 14 көлемде толтырылады.
Қорғаныстық зерттеулерді қаржыландыру қағидаларына 6-қосымша |
Жоба құнын айқындау үшін шығындардың нормативтері
1. Заңды тұлғалар үшін қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге арналған шығындар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:
Нқз = Нжн + Ншм + Ннқ + Нна + Нқызм+ Ніш +Нкқ + Нжқ,
Мұнда:
Нжн – қорғаныстық зерттеуді жүргізуге арналған шығындардың жалпы нормативі;
Нет – еңбекақы төлеуге арналған шығындар мен еңбекақы бойынша төлемдерге арналған есептеулер нормативі;
Ншм – материалдарды сатып алуға арналған шығындар нормативі;
Ннқ – негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар нормативі;
Нмеа – материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығындар нормативі;
Нқызм – басқа кәсіпорындардың, ұйымдар мен мамандардың жұмыстары мен көрсетілетін қызметтеріне арналған шығындар нормативі;
Ніш – іссапар шығыстарына арналған шығындар нормативі.
Қорғаныстық зерттеулерді жүргізу кезінде пайдаланылмайтын шығындар нормативтері заңды тұлғалар үшін қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге арналған шығындар нормативінің формуласынан алып тасталады.
Еңбекақы төлеуге арналған шығындар мен еңбекақы бойынша төлемдерге арналған есептеулер нормативі (Нет) қорғаныстық зерттеулер жобасына қатысушылардың (бұдан әрі – Жобаға қатысушылар) еңбегіне ақы төлеуді қамтиды.
Жобаға қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері мынадай есеппен белгіленеді:
1) Жоба жетекшісі үшін – ғылыми-зерттеу институты басқармасы бастығының (CKKU-7) лауазымдық айлықақысына тең лауазымдық айлықақы, ай сайын;
2) Жобаны орындаушылар үшін қатысу дәрежесіне байланысты:
ғылыми-зерттеу инситутының бас ғылыми қызметкерінің (CKKU-16) лауазымдық айлықақысына тең лауазымдық айлықақы, ай сайын;
ғылыми-зерттеу институты жетекші ғылыми қызметкерінің (CKKU-18) лауазымдық айлықақысы, ай сайын.
Материалдарды сатып алуға арналған шығындар нормативі (Ншм) қорғаныстық зерттеулер үшін тікелей пайдаланылатын шығыс материалдарын сатып алуға арналған шығындарды, зерттеу бойынша материалдарды жариялауға және аударуға, семинарларды, конференцияларды ұйымдастыруға арналған шығыстарды қамтиды.
Бұл ретте осы шығыстар материалдардың түрлері, типтері бойынша бөлінуі мүмкін және белгіленген нормаларға сәйкес келуге тиіс.
Негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар нормативі (Ннқ) қорғаныстық зерттеулерді жүргізу үшін ғылыми жабдықты сатып алуға арналған шығындарды қамтиды.
Материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығындар нормативі (Нмеа) қорғаныстық зерттеулерді жүргізу үшін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға арналған шығындарды қамтиды.
Басқа мекемелердің, ұйымдар мен мамандардың жұмыстарына және көрсетілетін қызметтеріне арналған шығындар нормативі (Нқызм) басқа мекемелер, ұйымдар мен мамандар орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге арналған шығындарды, зерттеулерді аударуға, ғылыми зерттеулер жарияланымдарын дайындауға және нәтижелерін жариялауға, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды басып шығаруға арналған шығыстарды, патенттеуге арналған шығыстарды, ақылы ақпараттық ресурстарға қол жеткізуге арналған шығыстарды, ғарыш түсірілімдерін (аэрофототүсірілімдерді), метеорологиялық деректерді, зертханалық көрсетілетін қызметтерді, тәжірибелік үлгілерді дайындауға, сынақтарды жүргізуді ұйымдастыруға және осы зерттеуді жүргізу үшін басқа да көрсетілетін қызметтерге және жұмыстарға арналған шығыстарды қамтиды.
Іссапар шығыстарын төлеуге арналған шығындар нормативі (Ніш) Жобаларға қатысушылардың іссапар шығыстарын төлеуді қамтиды.
Іссапарлар санын зерттеуге Тапсырыс беруші ұсынады, алайда мыналардан аспауға тиіс:
1) Жобаға қатысушылар үшін – бес іссапар, олардың ішінде екеуі шетелдік болуы мүмкін;
2) әлеуметтік Жобаға қатысушылар үшін – он іссапар, олардың ішінде екеуі шетелдік болуы мүмкін.
Әрбір іссапардың ұзақтығы іссапар орнына дейін және кері қайтуға жол жүруді ескере отырып, бес тәулікке дейінді құрайды.
2. Жеке тұлғалар үшін қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге арналған шығындар нормативі мынадай формула бойынша айқындалады:
Нқз = Нет + Ніш,
мұнда:
Нжн – қорғаныстық зерттеуді жүргізуге арналған шығындардың жалпы нормативі;
Нет – еңбекақы төлеуге арналған шығындар мен еңбекақы бойынша төлемдерге арналған есептеулер нормативі;
Ніш – іссапар шығыстарына арналған шығындар нормативі.
Қорғаныстық зерттеулерді жүргізу кезінде пайдаланылмайтын шығындар нормативтері жеке тұлғалар үшін қорғаныстық зерттеулерді жүргізуге арналған шығындар нормативінің формуласынан алып тасталады.
Еңбекақы төлеуге арналған шығындар мен еңбекақы бойынша төлемдерге арналған есептеулер нормативі (Нет) Жобаға қатысушылардың еңбегіне ақы төлеуді қамтиды.
Жобаға қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері мынадай есеппен белгіленеді:
1) Жоба жетекшісі үшін – ғылыми-зерттеу институты басқармасы бастығының (CKKU-7) лауазымдық айлықақысына тең лауазымдық айлықақы, ай сайын;
2) Жоба орындаушылары үшін қатысу дәрежесіне байланысты:
ғылыми-зерттеу институты бас ғылыми қызметкерінің (CKKU-16) лауазымдық айлықақысына тең лауазымдық айлықақы, ай сайын;
ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкерінің (CKKU-18) лауазымдық айлықақысы, ай сайын.
Іссапар шығыстарын төлеуге арналған шығындар нормативі (Ніш) Жобаларға қатысушылардың іссапар шығыстарын төлеуді қамтиды.
Іссапарлар санын зерттеуге Тапсырыс беруші ұсынады, алайда мыналардан аспауға тиіс:
Жобаға қатысушылар үшін – бес іссапар, олардың ішінде екеуі шетелдік болуы мүмкін;
әлеуметтік Жобаға қатысушылар үшін – он іссапар, олардың ішінде екеуі шетелдік болуы мүмкін.
Әрбір іссапардың ұзақтығы іссапар орнына және кері қайтуға жол жүруді ескере отырып, бес тәулікке дейінді құрайды.