Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 тамызда № 15565 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ____________ Д. Абаев

      2017 жылғы 12 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 25 шілде

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 8 маусымдағы
№ 192 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланды) өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Энергетика министрінің 15.04.2020 № 143 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11130 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 маусымда жарияланды) өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады".

      мынадай мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы".

      3. "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 341 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11462 болып тіркелді, "Әділет"-ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 23 шілдеде жарияланды) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 8 (сегіз) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады".

      мынадай мазмұндағы 9-1 тармағымен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы".

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 55 бұйрығына
1-қосымша

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуды айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар Заңға және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

2. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу тәртібі

      3. Заңның 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес белгіленген электр қуаты 5 МегаВаттан (бұдан әрі – МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі – кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспорттарын (бұдан әрі – әзірлік паспорты) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша береді.

      4. Заңның 6-бабы 10-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлгі паспорттарын жергілікті атқарушы органдар береді.

      5. Заңның 6-бабы 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның аумақтық бөлімшелері береді. 

      6. Жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган немесе оның аумақтық бөлімшелері энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) өтініштерін қабылдауды жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырады.

      30 қыркүйектен кейін әзірлік паспортын алуға түскен өтініштер құжаттардың толық топтамасымен бірге өтініш берушіге қараусыз қайтарылады.

      Әзірлік паспортын беру өтінішті берген сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі.

      7. Әзірлік паспортын алу үшін ұйымдар осы Қағидалардың 3, 4, 5-тармақтарына сәйкес мына құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігінің паспортын алуға өтініш;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі (бұдан әрі – әзірлік актісі).

      Әзірлік актісіне осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттарының (бұдан әрі – шарттар) орындалғанын растайтын құжаттар қоса беріледі;

      3) станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі туралы, сондай-ақ ұйымның күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

      8. "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтініш беруді қоспағанда, осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар нөмірленеді, тігіледі, сондай-ақ басшының қолымен және ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады.

      9. Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісін дайындау үшін ұйымдар жыл сайын күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі ұйым комиссияны (бұдан әрі – ұйым комиссиясы) құрады және ол 1 тамыздан бастап жұмыс істей бастайды.

      10. Ұйым комиссиясы төрағадан, төрағаның орынбасарынан және оның мүшелерінен тұрады.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.

      Ұйым комиссиясының құрамына ұйымның басшылары және басқа да жауапты лауазымды адамдары, жергілікті атқарушы органның және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның өкілдері кіреді.

      Қуаты 100 Гигакаллория/сағ (бұдан әрі – Гкал/сағ) дейін энергия өндіруші ұйымдар құрған ұйым комиссиясының құрамына ұйымның басшылары және басқа да жауапты лауазымды адамдары кіреді.

      11. Ұйым комиссиясының төрағасы болып ұйымның бірінші басшысы, ал ол болмағанда оның міндетін атқарушы адам тағайындалады. Жергілікті атқарушы органның өкілі төрағаның орынбасары болып тағайындалады.

      12. Ұйым комиссиясы шарттарға сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін айқындайды.

      13. Ұйым комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі актісі ресімделеді және оған барлық мүшелері қол қояды.

      14. Егер отырыста ұйым комиссиясы мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан ұйым комиссиясы мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады.

      Ұйым комиссиясының жекелеген мүшелері келіспеген кезде әзірлік актісі "ерекше пікірмен" жазылады.

      Ұйым комиссиясының ерекше пікірі әзірлік актісіне қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      Күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау кезінде комиссиясы анықтаған кемшіліктер әзірлік актісінде көрсетіледі.

      15. Ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзір еместігі жағдайында ұйым басшылығы кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оны ұйым комиссиясымен келіседі. Келісілген іс-шаралар жоспары әзірлік актісіне қоса беріледі.

      16. Барлық қосымшаларымен бірге әзірлік актісі екі данада жасалады, оның бір данасы ұйымда сақталады, ал екінші данасы әзірлік паспортын алу үшін өтінішке қоса беріледі.

      17. Ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініштерін қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      18. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелері құратын комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің және жергілікті атқарушы органның өкілдері енгізіледі.

      19. Комиссия жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығына сәйкес құрылады және жыл сайын 15 тамыздан бастап 31 қазанды қоса жұмыс істейді.

      20. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және оның мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады және оның дауыс беру құқығы жоқ.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.

      21. Жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның төрағасы болып жергілікті атқарушы органның жауапты тұлғасы тағайындалады.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган құратын комиссияның төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның жауапты тұлғасы тағайындалады.

      Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесі құратын комиссияның төрағасы болып мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшесінің жауапты тұлғасы тағайындалады.

      22. Комиссия әзірлік паспортын алуға ұсынылған материалдарды аптасына кемінде бір рет қарастырады.

      23. Егер Комиссия отырысында комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екісі қатысқан болса, комиссия шешiмi заңды болып есептеледi. Дауыс беру нәтижелерi отырысқа қатысқан комиссия мүшелерiнің көпшілік дауысымен айқындалады.

      24. Қарау қорытындылары бойынша комиссия мынадай негізделген шешімдердің бірін қабылдайды:

      1)әзірлік паспорты берілсін;

      2) әзірлік паспорты ескертулермен берілсін;

      3) әзірлік паспортын беруден бас тартылсын. 

      25. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарды орындағанын растайтын ұсынылған құжаттар мазмұнының сәйкестігі комиссияның әзірлік паспортын беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады. 

      26. Комиссияның әзірлік паспортын беру туралы шешімі немесе әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімі кезінде хаттамаға қол қойылғаннан кейін өтініш берушіге әзірлік паспорты электронды/қағаз түрінде жіберіледі.

      Берілген әзірлік паспорттары осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспорттарын тіркеу журналында тіркеледі.

      Әзірлік паспорты алдағы күзгі-қысқы кезеңде қолданылады.

      27. Әзірлік паспортын алу үшін шарттарға ұсынылған құжаттардың сәйкестігі комиссияның әзірлік паспортын ескертулермен беру туралы шешімін қабылдау үшін негіз болып табылады, бұл ретте кейбір құжаттар мазмұны бойынша қосымша түсіндірмелер, материалдар және негіздемелер ұсынылуы қажет.

      Ескертулер келесі жылдың 1 қаңтарына дейін жою үшін белгіленіп беріледі.

      Берілген ескертулерді орындау туралы ақпаратты ұйым мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органға, оның аумақтық бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органға ескертулерді орындау мерзімі өткен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

      28. Мыналар комиссияның әзірлік паспортын беруден бас тартуы үшін негіздеме болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелді) сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

      29. Комиссия әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, хаттамаға қол қойылғаннан кейін өтініш берушіге электронды/қағаз түрінде дәлелді жауап жіберіледі.

      30. Осы қағидалардың 28-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, белгіленген мерзімде әзірлік паспортын алмаған ұйым күзгі-қысқы кезеңде жұмысты жалғастырады және ескертулерді көрсетілген мерзімдерде жоюды қамтамасыз етеді.

      31. Ұйымдар үшін әзірлік паспортын алу мерзімі жыл сайын 31 қазанды қоса алғанда, жүйелік оператор үшін жыл сайын 25 қарашаны қоса.

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

____________________________________________________________________
(паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы) Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жж.
күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты

      №_________________ _______________________ қ.
      "____" _____________ 20___ ж. (паспорт жасалған жер)
      (паспорттың нөмірі және берілген күні)
      Осы паспорт ________________________________________________ берілді.

      (ұйымның заңды атауы)

      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________ _________________________________
      (басшының лауазымы) (басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
      МО (бар болған жағдайда)
      Сериясы ______ № ______

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
2-қосымша
Нысан

____________________________________________________________________
(паспорт берген мемлекеттік органның толық атауы) Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың _________ жж.
күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорты ескертулермен

      №_________________ _______________________ қ.
      "____" _____________ 20___ ж. (паспорт жасалған жер)
      (паспорттың нөмірі және берілген күні)
      Осы паспорт ________________________________________________ берілді.
      (ұйымның заңды атауы)
      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________
      __________________________________ _________________________________
      (басшының лауазымы) (басшының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
      МО (бар болған жағдайда)
      Сериясы ______ № ______

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
(кімге)
__________________________
(органның атауы)
____________________________
(заңды тұлғаның атауы)

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш ____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
______________________________________________________________
(БСН, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы
анықтаманың нөмірі және күні)

      Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:
      Пошталық мекенжайы_________________________________________________
      Телефон нөмірлері ___________________________________________________
      E-mail ______________________________________________________________
      Факс________________________________________________________________
      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
      1. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      2. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      3. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      4. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      5. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      6. ______________________________________ __ парақта, беттің реттік №
      Ұйымның басшысы___________________________________________________
      (лауазымы, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
      МО (бар болған жағдайда) 20__ ж. "___" ______________

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың __________ жж.
күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі

      _____________________________ ___________________
      (акт жасалған жер) (күні)
      ____________________________________________________________________
      (ұйымның атауы)
      __________________ № _____________ бұйрығымен тағайындалған комиссия.
      ____________________________________________________________________
      (энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда
      ____________________________________________________________________
      жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін шарттардың орындалғаны
      ____________________________________________________________________
      орындалмағаны көрсетіледі)
      Тұжырым:___________________________________________________________
      (ұйым күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа әзір - әзір емес)

Комиссия төрағасы:

(лауазымы)

(басшының қолы және ұйымның мөрі)

(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия төрағасының орынбасары:
 
(лауазымы)

__________________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия мүшелері:

(лауазымы)

(басшының қолы және мемлекеттік органның мөрі)

(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

(лауазымы)

(қолы)

(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

(лауазымы)

(қолы)

(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу
қағидаларына
5-қосымша

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттары

      1. Энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпанда № 73 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелді) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері;

      3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт

      4) энергия өндіруші ұйымның жүктемелер кестесін орындауға әзірлік актісі, яғни жұмыс пен резервте қажетті жабдық құрамының болуы;

      5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірде № 172 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14033 болып тіркелді) Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларына сәйкес, белгіленген қоймада талаптарға сәйкес негізгі және резервтік (авариялық) отын қорының болуы туралы анықтама;

      6) жұмысқа өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің күзгі-қысқы кезеңдегі әзірлік актісі;

      7) автоматика және релелік қорғаныс құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік актісі;

      8) гидроқұрылыстарды (бар болған жағдайда) және күл үйінділерінің қалған сыйымдылығын күзгі комиссиялық қарап тексеру жүргізу туралы актісі;

      2. Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:

      1) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) электр жүктемелері кестесін орындауға әзірлік туралы акті, яғни жұмыста және резервте жүктемелер кестесін орындау және электр беруші желілер мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (күзгі-қысқы кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы жаздық және қыстық бақылау күндеріне жүктемелерді өлшеулер);

      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурызда № 230 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелді) Электр қондырғыларын орнату қағидаларына және нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес, электр желілерінің жабдығына келетін көлемде және мерзімдерде сынақтар жүргізу туралы акті;

      4) релелік қорғау және автоматика, апатқа қарсы автоматика құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау туралы акті, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік және технологиялық басқару құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің әзірлігі (актілердің көшірмелері);

      5) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеу (веерлі ажыратулар) кестелерінің көшірмелері;

      6) пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, кестелер мен кезеңділікке сәйкес техникалық куәландырудан өткен жабдық, электр қондырғыларының, әуе желілердің, кәбілді желілердің, релелік қорғау және автоматика құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың энергия кәсіпорындары жұмыс комиссияларының электр қондырғыларына техникалық куәландыруды жүргізуі тізбесі;

      7) аварияға қарсы, өртке қарсы объектілік жаттығу жүргізу материалдары (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);

      8) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі туралы актісі.

      3. Жылу энергиясын тасымалдауды және таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын энергия беруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:

      1) электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және техникалық актілерге сәйкес қажетті көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің орындалуы туралы актісі;

      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акті;

      3) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлік актісі;

      4) күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа ғимараттар мен құрылыстардың, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының әзірлік актісі;

      5) энергия көздері қуаты мен жылу желілерінің қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдармен келісілген тұтынушыларды шектеу кестелері;

      6) жылу беретін ұйымдардың аталған жерді жылыту үшін жылу желілері мен жылу көздерінің сыртқы ауаның есептік температурасына жылу желілері жұмысының температура кестелерін орындауды қамтамасыз ету жөніндегі актісінің болуы.

  Энергия өндіруші, энергия
беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік
паспортын алу қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспорттарын тіркеу журналы

Берілген күні

Бланк нөмірі

Ұйым атауы

Әзірлік паспортын берген адамның Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы

Әзірлік паспортын алған ұйым өкілінің қолы

Бланкті қайтару белгісі

1

2

3

4

5

6

      Журнал нөмірленуі, тігілуі, паспорт берген мемлекеттік органның мөрімен және басшысының қолымен бекiтілуі тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 281 бұйрығына
3-қосымша

"Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан
төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан
жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары
кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға
әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

      1) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МегаВатт (бұдан әрі - МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерімінде 110 килоВольт (бұдан әрі - кВ) және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

      2) барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспорттарын Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

      3) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндіруші ұйымдарға әзірлік паспорттарын Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) береді;

      Өтініштерді қабылдау:

      1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысы портал арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырады, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт - 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызметті көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт - 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспорты, күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын ескертулермен беру, күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт астам немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары кернеудегі электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға әзірлік паспортын беруден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды/қағаз.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мен өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушілерге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік актісі;

      әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға арналған шарттарды орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

      станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйі туралы, сондай-ақ ұйымның күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге әзірлігі туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

      Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі.

      2) порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға өтініші;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актінің электрондық көшірмесі;

      әзірлік актіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға көрсетілген күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың әзірлік паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

      станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымының қорытындысы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызмет берушілерге қолма-қол берген кезде - қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мына негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 болып тіркелді) сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін
қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, немесе осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген Министрліктің басшысы атына беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына қойылады).

      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты біріңғай байланыс орталығының 1414 және 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелденген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы электрондық өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға қызмет алушының шағымы түскенде, тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастырылады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мүмкіндігі шектеулі қызмет алушыларға (олардың өкілдеріне сенімхат бойынша) олардың қызмет көрсетушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету ерекшелігі: мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін бөлек есік жабдықталған.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету мекенжайы:

      1) Министрліктің www.energo.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      2) Көрсетілетін қызметті берушінің www.kaenk.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу рәсімінде, мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы, сондай-ақ ақпаратты осы стандарттың 17-тармағында көрсетілген қызмет берушінің байланыс телефондары бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтердің байланыс телефондары қызмет берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414 және 8 800 080 7777.

  "Күзгі-қысқы жағдайлардағы
жұмысқа белгіленген электр
қуаты 5 МВт және одан төмен, 5
МВт астам немесе белгіленген
жылу қуаты сағатына 100
  Гкал/сағ және одан жоғары,
сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ
және одан төмен, 110 кВ және
одан жоғары кернеудегі электр
желілері бар энергия өндіруші
және энергия беруші ұйымдарға
әзірлік паспортын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

(кімге) ________________________________
(органның атауы)
________________________________________
(заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы) Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың
әзірлік паспортын алуға өтініші

      ____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның атауы)
      ____________________________________________________________________
      (БСН, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың нөмірі мен күні)
      Заңды тұлғаның және энергия объектісінің орналасқан жері:
Пошталық мекенжайы:____________________________________________
      Телефон нөмірлері _______________________________________________
      E-mail __________________________________________________________
      Факс ___________________________________________________________
      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
      1.___________________________ парақта, беттің реттік №
      2.___________________________ парақта, беттің реттік №
      3.___________________________ парақта, беттің реттік №
      4.___________________________ парақта, беттің реттік №
      5.___________________________ парақта, беттің реттік №
      6.___________________________ парақта, беттің реттік №
      Ұйымның басшы_________________________________________________
      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
      МО (бар болған жағдайда) 20__ж. "____"_________

  "Күзгі-қысқы жағдайлардағы
жұмысқа белгіленген электр
қуаты 5 МВт және одан төмен, 5
МВт астам немесе белгіленген
жылу қуаты сағатына 100
  Гкал/сағ және одан жоғары,
сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ
және одан төмен, 110 кВ және
одан жоғары кернеудегі электр
желілері бар энергия өндіруші
және энергия беруші ұйымдарға
әзірлік паспортын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың әзірлік актісі

      __________________________________ _________________________________________
      Акт жасалған жер (күні)
      Бұйрықпен тағайындалған комиссия ____________________________________________
      (ұйым атауы)
      _______ №____ ______________________________________________________________
      күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші
      ____________________________________________________________________________
      ұйымдардың әзірлік паспортын алу үшін
      _____________________________________________________________________________
      шарттардың орындалу-орындалмауы көрсетіледі
      Қорытынды:__________________________________________________________________
      (ұйым күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын – дайын емес)

Комиссия төрағасы:

_________________
_________________
_________________
(лауазымы)

__________________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия төрағасының орынбасары:
 
_________________
_________________
_________________
(лауазымы)

__________________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Комиссия мүшелері:

_________________
_________________
_________________
(лауазымы)

__________________
(басшының қолы және ұйымның мөрі)

_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

_________________
_________________
_________________
(лауазымы)

__________________
(қолы)

_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

_________________
_________________
_________________
(лауазымы)

__________________
(қолы)

_________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  "Күзгі-қысқы жағдайлардағы
жұмысқа белгіленген электр
қуаты 5 МВт және одан төмен, 5
МВт астам немесе белгіленген
жылу қуаты сағатына 100
  Гкал/сағ және одан жоғары,
сондай-ақ өз теңгерімінде 35 кВ
және одан төмен, 110 кВ және
одан жоғары кернеудегі электр
желілері бар энергия өндіруші
және энергия беруші ұйымдарға
әзірлік паспортын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдарға әзірлік паспортын алу шарттары

      1. Энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін келесі құжаттар беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпанда № 73 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10451 болып тіркелді) Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық кезінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуден өткен негізгі жабдықтардың техникалық жай-күйінің параметрі ведомосының көшірмелері;

      2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері;

      3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы туралы акт;