"Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 341 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11462 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 201 бұйрығымен. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 201 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 21.05.2020 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының

      1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В.Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрінің

      міндетін атқарушы

      ____________ А. Рау

      2015 жылғы "____"________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы "____"________



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 341 бұйрығымен бекітілген

"Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттiк қызметті Министрлiк (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы, сондай-ақ www.e-lisence.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 8 (сегіз) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды толық ұсынбаған және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 08.06.2017 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесі – қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келiсу-хаты.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен расталады.

      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің қорытындысын беру мен өтінішті қабылдау сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру мен өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы жергілікті атқарушы органның оң қорытындысының көшiрмесi;

      қолданыстағы электр желiлерi бойынша тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгi туралы тиiстi энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдардың хаттары.

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

      110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы жергілікті атқарушы органның оң қорытындысының электронды көшiрмесi;

      қолданыстағы электр желiлерi бойынша тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгi туралы тиiстi энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдардың хаттарының электронды көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен "электронды үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттарының электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 08.06.2017 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, № А305 кабинет, телефондары: 8 (7172) 97-69-31, 97-69-71.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kence@energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 08 10, 74 00 58. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Қосалқы (шунтталатын) электр беру
желiлерi мен шағын станцияларды
жобалауды және салуды келісу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

      үлгі

"Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу-хатын беруге
ӨТІНІШ

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      (орналасқан жері, заңды мекенжайы)

      БСН ______________________

      ____________________________________________________________________

      (орналасқан жері, қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалаудың және салудың мақсаты)

      қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалау және салу үшін келісім беруді сұрайды.

      Қағаз тасығышта _____ (егер хатты қағаз тасығышта алу қажет болса, Х белгісін қойыңыз).

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиялардан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Заңды тұлғаның басшысы

      20__ ж. "___" ____ ________ ________________________

      (қолы) (аты-жөні)