"Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жұмыс істеуге қабылданған берешектің құрылымы туралы есептің нысаны (берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарт бойынша);
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес иеленген берешектің құрылымы туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қабылданған қарыздар, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Коллекторлық агенттіктің есептілікті табыс ету қағидалары бекітілсін.
2. Коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (коллекторлық агенттіктің орналасқан жері бойынша) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей электрондық форматтағы есептілікті ұсынады.
3. Зерттеулер және статистика департаменті (Тутушкин В.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
______________ Н. Айдапкелов
2017 жылғы 19 шілде
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына 1-қосымша |
Коллекторлық агенттік есептілігінің тізбесі
Коллекторлық агенттіктің есептілігіне мыналар кіреді:
1) жұмыс істеуге қабылданған берешектің құрылымы туралы есеп (берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарт бойынша);
2) иеленген берешектің құрылымы туралы есеп;
3) тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп;
4) қабылданған қарыздар, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есеп.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына 2-қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Жұмыс істеуге қабылданған берешектің құрылымы туралы есеп (берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарт бойынша);
Есепті кезең: 20__жылғы "___"________ жағдай бойынша
Индекс: КА _ 2
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынатындар: коллекторлық агенттік
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей
Нысан |
1-кесте.
саны (дана)
№ | Атауы | Екінші деңгейдегі банктер | Микроқаржы ұйымдары | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Есепті кезеңде кредиторлармен жасалған берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарттар | |||
2 | Есепті кезеңде жұмыс істеуге қабылданған берешекті өндіріп алу туралы шарттар | |||
3 | Есепті кезеңнің соңында қолданыста болатын берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарттар | |||
4 | Есепті кезеңнің соңында қолданыста болатын берешегі жұмысқа қабылданған шарттар |
2-кесте.
мың теңге
№ | Атауы | Екінші деңгейдегі банктер | Микроқаржы ұйымдары | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1 | Есепті кезеңде жұмыс істеуге қабылданған берешектің көлемі, оның ішінде: | ||||
1.1 | негізгі борыш | ||||
1.2 | сыйақы | ||||
1.3 | айыппұлдар, өсімпұл түріндегі өзге есептеулер және басқалар | ||||
2 | Есепті кезеңде өндіріп алынған берешектің сомасы, оның ішінде: | ||||
2.1 | негізгі борыш | ||||
2.2 | сыйақы | ||||
2.3 | айыппұлдар, өсімпұл түріндегі өзге есептеулер және басқалар | ||||
3 | Есепті кезеңде кредиторға қайтарылған берешектің көлемі, оның ішінде | ||||
3.1 | негізгі борыш | ||||
3.2 | сыйақы | ||||
3.3 | айыппұлдар, өсімпұл түріндегі өзге есептеулер және басқалар | ||||
4 | Есепті кезеңнің соңында жұмысқа қабылданған берешектің ағымдағы қалдығы, оның ішінде: | ||||
4.1 | негізгі борыш | ||||
4.2 | сыйақы | ||||
4.3 | айыппұлдар, өсімпұл түріндегі өзге есептеулер және басқалар |
Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Орындаушы ___________________________________ ______ ______________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы телефон нөмірі
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "___" __________
Мөр орны (бар болса)
Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Жұмыс істеуге қабылданған берешектің құрылымы туралы есепке (берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарт бойынша) қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Жұмыс істеуге қабылданған берешектің құрылымы туралы есеп (берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарт бойынша)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Жұмыс істеуге қабылданған берешектің құрылымы туралы есеп (берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы шарт бойынша)" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды коллекторлық агенттік тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей толтырады. Нысандағы деректер санмен және мың теңгемен көрсетіледі.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 1-кестенің 1-жолында коллекторлық агенттік есепті тоқсан ішінде кредиторлармен берешекті соттан тыс тәртіпте өндіріп алу туралы жасаған шарттардың саны көрсетіледі.
1-кестенің 2-жолында есепті тоқсан ішінде коллекторлық агенттік кредиторлармен берешекті соттан тыс тәртіпте өндіріп алу туралы шарттар шеңберінде берешегі жұмыс істеуге қабылданған шарттар саны көрсетіледі.
Мысалы: коллекторлық агенттік есепті тоқсан ішінде банктермен берешекті сотқа дейін өндіріп алу туралы 2 шарт жасаған, банк осы шарттардың шеңберінде, осы кезеңде 300 банктік қарыз шарты бойынша берешек берілген болатын. Мұндай жағдайда 3-бағанның 1-жолында "2", 3-бағанның 2-жолында – "300" көрсетіледі.
6. 1-кестенің 3-жолында есепті тоқсанның соңында қолданыста болатын коллекторлық агенттік кредиторлармен жасаған берешекті соттан тыс тәртіпте өндіріп алу туралы шарттардың саны көрсетіледі.
7. 1-кестенің 4-жолында есепті тоқсанның соңында қолданыста болатын коллекторлық агенттік кредиторлармен жасаған берешекті соттан тыс тәртіпте өндіріп алу туралы шарттар шеңберінде берешегі жұмыс істеуге қабылданған шарттар саны көрсетіледі.
8. 2-кестенің 1 және 2-жолдарында есепті тоқсан ішінде берешекті өндіріп алу туралы шарттар бойынша жұмыс істеуге қабылданған талап ету құқықтарының көлемі және есепті тоқсан ішінде осындай шарттар бойынша өндіріп алынған сома көрсетіледі.
9. 2-кестенің 3-жолында есепті кезең ішінде кредиторға қайтарылған берешектің көлемі көрсетіледі.
10. 2-кестенің 4-жолында есепті тоқсанның соңында берешекті өндіріп алу туралы шарттар бойынша жұмыс істеуге қабылданған берешектің ағымдағы қалдығы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына 3-қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Иеленген берешектің құрылымы туралы есеп
Есепті кезең: 20__ жылғы "____" ___________ жағдай бойынша
Индекс: КА_3
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынатындар: коллекторлық агенттік
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей
Нысан |
1-кесте.
саны (дана)
№ | Атауы | Екінші деңгейдегі банктер | Микроқаржы ұйымдары | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар | Басқа коммерциялық ұйымдар | Дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Есепті кезеңде жасалған талап ету құқығын беру шарттары | |||||
2 | Есепті кезеңде кредиторлардан сатып алынған борышкерлердің талап ету құқықтары | |||||
3 | Есепті кезеңде кері сатылған (қайтарылған) талап ету құқықтары | |||||
4 | Есепті кезеңде борышкерлердің қайтарылған талап ету құқықтары | |||||
5 | Есепті кезеңнің соңында қолданыста болатын талап ету құқықтарын беру шарттары | |||||
6 | Есепті кезеңнің соңында қолданыста болатын талап ету құқықтары берілген шарттар |
2-кесте.
мың теңге
№ | Атауы | Екінші деңгейдегі банктер | Микроқаржы ұйымдары | Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар | Басқа коммерциялық ұйымдар | Дара кәсіпкерлер және жеке тұлғалар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Есепті кезеңде сатып алынған талап ету құқықтарының көлемі, оның ішінде: | |||||
1.1 | негізгі борыш | |||||
1.2 | сыйақы | |||||
1.3 | айыппұлдар, өсімпұл түріндегі өзге есептеулер және басқалар | |||||
2 | Есепті кезеңде өндіріп алынған берешектің сомасы, оның ішінде: | |||||
2.1 | негізгі борыш | |||||
2.2 | сыйақы | |||||
2.3 | айыппұлдар, өсімпұл түріндегі өзге есептеулер және басқалар | |||||
3 | Есепті кезеңде кері қайтарылған берешектің сомасы, оның ішінде: | |||||
3.1 | негізгі борыш | |||||
3.2 | сыйақы | |||||
3.3 | айыппұлдар, өсімпұл түріндегі өзге есептеулер және басқалар | |||||
4 | Есепті кезеңнің соңында иеленген талаптардың ағымдағы қалдығы, оның ішінде: | |||||
4.1 | негізгі борыш | |||||
4.2 | сыйақы | |||||
4.3 | айыппұлдар, өсімпұл түріндегі өзге есептеулер және басқалар |
Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Орындаушы ___________________________________________ _________ ____________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы телефон нөмірі
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "___" __________
Мөр орны (бар болса)
Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Иеленген берешектің құрылымы туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Иеленген берешектің құрылымы туралы есеп
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Иеленген берешектің құрылымы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды коллекторлық агенттік тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей толтырады. Нысандағы деректер санмен көрсетіледі.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. 1-кестенің 1-жолында есепті тоқсанның ішінде коллекторлық агенттік кредиторлармен жасаған талап ету құқықтарын беру шарттарының саны көрсетіледі.
6. 1-кестенің 2-жолында есепті тоқсанның ішінде кредиторлармен жасалған талап ету құқықтарын беру шарттарының шеңберінде коллекторлық агенттіктің сатып алған талап ету құқығы шарттарының саны көрсетіледі.
7. 1-кестенің 5-жолында есепті тоқсанның соңында қолданыста болатын коллекторлық агенттік кредиторлармен жасаған талап ету құқықтарын беру шарттарының саны көрсетіледі.
8. 1-кестенің 6-жолында есепті тоқсанның соңында қолданыста болатын кредиторлармен жасалған талап ету құқықтарын беру шарттарының шеңберінде коллекторлық агенттік ол бойынша талап ету құқықтарын сатып алған шарттардың саны көрсетіледі.
9. 2-кестенің 1 және 2-жолдарында есепті тоқсанның ішінде талап ету құқықтарын беру шарттары бойынша сатып алынған талап ету құқықтарының көлемі және есепті тоқсанның ішінде осындай шарттар бойынша өндіріп алынған сома көрсетіледі.
10. 2-кестенің 4-жолында есепті тоқсанның соңында талап ету құқықтарын беру шарттары бойынша сатып алынған талап ету құқықтарының ағымдағы қалдығы көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына 4-қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп
Есепті кезең: 20__жылғы "___"________ жағдай бойынша
Индекс: КА_4
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынатындар: коллекторлық агенттік
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей
Нысан |
мың теңге
р/с | Кредитордың атауы | БСН/ЖСН | Саланың коды | Қарыздар | Кредиторлық берешек | Басқа көздер (қандай екенін көрсету керек) | Барлығы | |||
қысқа мерзімді (1 жылға дейін) | ұзақ мерзімді (1 жылдан астам) | қысқа мерзімді (1 жылға дейін) | ұзақ мерзімді (1 жылдан астам) | сома | Көз түрі | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | ||||||||||
1.1 | ||||||||||
... | ||||||||||
2 | ||||||||||
2.1 | ||||||||||
... | ||||||||||
3 | ||||||||||
3.1 | ||||||||||
... | ||||||||||
4 | ||||||||||
4.1 | ||||||||||
... | ||||||||||
5 | ||||||||||
5.1 | ||||||||||
... | ||||||||||
6 | ||||||||||
6.1 | ||||||||||
... | ||||||||||
7 | ||||||||||
7.1 | ||||||||||
... | ||||||||||
8 | ||||||||||
8.1 | ||||||||||
... | ||||||||||
9 | ||||||||||
9.1 | ||||||||||
... | ||||||||||
10 | ||||||||||
10.1 | ||||||||||
... | ||||||||||
Жиынтығы |
Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Орындаушы ___________________________________________ _________ ____________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы телефон нөмірі
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "___" __________
Мөр орны (бар болса)
Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Тартылған ақшаның негізгі көздері туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды коллекторлық агенттік тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанды толтыру кезінде коллекторлық агенттіктер жеке және заңды тұлғалар – ұйымның он ең ірі кредиторын (кему тәртібімен басқалармен салыстырғанда ең үлкен кредит мөлшерін ұсынған ұйымдар ұйымның ең ірі кредиторлары болып табылады) көрсетеді. Бұл ретте, коллекторлық агенттіктің он ең ірі кредиторының қатарына кіретін заңды тұлғаның алдындағы міндеттемелер және осы тұлғаның ірі акционерлері/еншілес ұйымдары алдындағы міндеттемелер коллекторлық агенттікте болған жағдайда тиісті тармақшаларда ірі акционерлер/еншілес ұйымдар бойынша мәліметтерді көрсету қажет.
6. Коллекторлық агенттікте заңды тұлғаның және жиынтығында он ең ірі кредитордың қатарына кіретін оның ірі акционерлерінің/еншілес ұйымдарының алдында міндеттемелер болған жағдайда коллекторлық агенттік осы тұлға және оның ірі акционерлері/еншілес ұйымдары бойынша мәліметтерді көрсету қажет.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына 5-қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысан
Қабылданған қарыздар, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есеп
Есепті кезең: 20__жылғы "___"________ жағдай бойынша
Индекс: КА_5
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ұсынатындар: коллекторлық агенттік
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей
Нысан |
мың теңге
№ | Атауы | Негізгі борыш | Есептелген сыйақы | Тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар/өсімпұл) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Кредитор ірі кәсіпкерлік субъектілеріне берген, қабылданған қарыздар, оның ішінде: | |||
1.1 | негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қабылданған қарыздар, оның ішінде: | |||
1.1.1 | 1-ден 90 күнге дейін | |||
1.1.2 | 91-ден 180 күнге дейін | |||
1.1.3 | 181 күннен астам | |||
2 | Кредиторлардың кіші және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берген, қабылданған қарыздар, оның ішінде: | |||
2.1 | Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қабылданған қарыздар, оның ішінде: | |||
2.1.1 | 1-ден 90 күнге дейін | |||
2.1.2 | 91-ден 180 күнге дейін | |||
2.1.3 | 181 күннен астам | |||
3 | Кредиторлардың жеке кәсіпкерлікке берген, қабылданған қарыздар, оның ішінде: | |||
3.1 | Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қабылданған қарыздар, оның ішінде: | |||
3.1.1 | 1-ден 90 күнге дейін | |||
3.1.2 | 91-ден 180 күнге дейін | |||
3.1.3 | 181 күннен астам | |||
4 | Кредиторлардың жеке тұлғаларға берілген, қабылданған қарыздар, оның ішінде: | |||
4.1 | Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қабылданған қарыздар, оның ішінде: | |||
4.1.1 | 1-ден 90 күнге дейін | |||
4.1.2 | 91-ден 180 күнге дейін | |||
4.1.3 | 181 күннен астам | |||
Жиынтығы |
Бiрiншi басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Орындаушы ___________________________________________ _________ ____________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы телефон нөмірі
Есепке қол қойылған күні 20___ жылғы "___" __________
Мөр орны (бар болса)
Ескерту: әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Қабылданған қарыздар, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есеп нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Қабылданған қарыздар, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есеп 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Қабылданған қарыздар, оның ішінде негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыздар туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды коллекторлық агенттік тоқсан сайын, есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен көрсетіледі. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанды толтыру кезінде берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша жұмысқа қабылданған негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар қарыз алу туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы Нысан есепті кезеңнің соңында негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар күндер бөлігінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 112 қаулысына 6-қосымша |
Коллекторлық агенттіктің есептілікті табыс ету қағидалары
1. Осы Коллекторлық агенттіктің есептілікті табыс ету қағидалары "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және коллекторлық агенттіктің есептілікті табыс ету тәртібін айқындайды.
2. Есептілік Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (коллекторлық агенттіктің орналасқан жері бойынша) электрондық форматта табыс етіледі.
3. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында – теңгемен көрсетіледі.
4. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы активтермен міндеттемелер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығының 2-тармағында көзделген тәртіпте айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша қайта есептеумен көрсетіледі.
5. Есептілікті жасаған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Есепте 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
6. Қағаз тасымалдағыштағы есептілікке бірінші басшы, бас бухгалтер немесе олар есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлғалар қол қояды, мөрмен (бар болса) расталады және коллекторлық агенттікте сақталады.
7. Электрондық форматта табыс етілетін деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестігін бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) және бас бухгалтер қамтамасыз етеді.