Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 тамызда № 15478 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 108-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ______________К. Мәсімов

      2017 жылғы 12 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 378 бұйрығымен
бекітілген

Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы бөлім

      1. Осы Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) стандарттарына және ұсынатын практикасына сәйкес әзірленді және ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу әуе кемесінің кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін (бұдан әрі – ЭМК) беру тәртібін анықтайды.

      2. ЭМК беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2-тарау. Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға ЭМК берудің тәртібі

      3. ЭМК алу үшін пайдаланушы бірінші басшының немесе оны оны алмастырушы адамының қолы қойылған бланкіде хат-өтінімді ЭМК алу қажеттігінің негізімен және алфавиттік тәртіппен мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған қызметкерлер тізімімен осы қызметкерлер нақты жұмыс істейтін пайдаланушының немесе оның филиалының (өкілдігінің) тіркелген орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына алдын ала келісуге жібереді.

      4. Хат-өтінімді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарым 20 жұмыс күн қарастырады және қарастыру нәтижесі бойынша хат-өтінімде көрсетілген әр қызметкерлердің аты-жөні бойынша, ЭМК беруге кедергі болуы мүмкін, ақпараттардың бары/жоғы туралы көрсетілген хат-өтінім ілеспе хатпен пайдаланушыға қайтарады.

      5. ЭМК беруге кедергі болатын ақпарат жоқ болғанда пайдаланушы келесі құжаттарды қоса отырып, хат-өтінімді уәкілетті органға жолдайды:

      1) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

      2) ЭМК алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы көрсетілген электрондық түрде (.jpg графикалық форматында, дискіде) жеке қолының нұсқасы, түрлі-түсті (күңгірт) фото 9*12 мөлшерінде (бас киімсіз және нысанды киімде);

      3) осы Қағидаларға Қосымшаға нысан бойынша персонал туралы мәліметтер;

      4) авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);

      5) Оқу орталығында алынған (әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін) ИКАО-да тіркелген сертификаттың көшірмесі;

      6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органының келісу-хаты.

      6. Енгізілген хат-өтінімді уәкілетті орган оның келіп түскен күнінен бастап 10 жұмыс күн қарастырады және ЭМК пайдаланушының жауапты адамына береді.

      7. ЭМК 3 жылға беріледі және басқа адамға беруге тыйым салынады.

      8. ЭМК беруден уәкілетті орган мынандай:

      1) ЭМК алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) ЭМК беру үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) ЭМК алу үшін талап етілетін келісім туралы сұрау салуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарының теріс қорытындысы;

      9. Шет мемлекеттің азаматы болып табылатын, Қазақстан Республикасы пайдаланушысында жұмыс істейтін, ұшу экипажының мүшелеріне және инженерлі-техникалық құрамына ЭМК беруді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығымен бекітілген Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесінің талаптарына сәйкес авиациялық персонал куәлігін уәкілетті орган танығаннан кейін, оларды мойындаудың мерзіміне осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.

      10. Қазақстан Республикасында тіркелген пайдаланушы басқа мемлекетте тіркелген әуе кемелерін пайдаланған жағдайда шет мемлекеттің азаматтары болып табылатын ұшу экипажының мүшелеріне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 546 бұйрығымен бекітілген Авиациялық персоналдың шетел мемлекеттері берген куәліктерін тану ережесінің талаптарына сәйкес тіркелген мемлекетпен авиациялық персонал куәлігін мойындағанан кейін уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес 1 жыл мерзімге ЭМК беруді жүзеге асырады.

      11. ЭМК жоғалтқанда немесе бүлдіргенде ЭМК-ні беру осы Қағидараға сәйкес жүзеге асырылады.

      12. Экипаж мүшесін жұмыстан босату, оның басқа жұмысқа немесе басқа ұйымға ауысуы және ЭМК бүлдірілген жағдайда пайдаланушы берілген ЭМК-ні рұқсаттама басшылары ЭМК уәкілетті органға қайтарады.

  Ұшу құрамының, кабина
экипажының адамдарына,
ұшуға техникалық қолдау
көрсетуді қамтамасыз
ететін инженерлік-техникалық
құрамға және ұшу кезінде
әуе кемесінің қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін
персоналға экипаж мүшесінің
куәлігін беру қағидаларына
қосымша
  Нысан

Хат-өтінімге қоса берілетін қызметкерлерлер туралы мәліметтер

№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Жынысы

Туған жылы, азаматтығы

Персонал жеке басын куәландыратын құжаттың деректері

Атқаратынлауазымы

Тұрғылықты жері

Жеке қолы

1

2

3

4

5

6

7

1.

мемлекеттік тілде







орыс тілінде

ағылшын тілінде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 378 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығы Қазақстан Республикасы (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6637 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 сәуірде № 124-127 (26529) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған)).

      2. "Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 437 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7120 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 қыркүйекте № 433-435 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған)).

      3. "Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің кауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 465 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 22 қазандағы № 821 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8925 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 желтоқсанда № 270 (28209) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған)).