Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдинет және спорт министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 210 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 тамызда № 15467 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидалары бекітілсін.

      2. "Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 373 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12641 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінресми жариялау және Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2017 жылғы 18 шілдедегі
№ 210 бұйрығымен
бекітілген

Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидалары (әрі қарай – қағидалар) қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату тәртібін айқындайды.

      2. Қоғамдық маңызы бар әдебиет – қоғамның рухани-білім және зияткерлік-мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған өзекті шығармалар.

2-тарау. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу

      3. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мақсатында бұрын басылып шығарылмаған әдебиетті іріктеу жүргізіледі (әрі қарай – іріктеу).

      4. Іріктеуге қатысу мақсатында автор (авторлар), немесе оның сенімхаты бойынша өкілі (әрі қарай - автор) өзінің әдебиетін мәдениет саласындағы уәкілетті органға (әрі қарай – уәкілетті орган) ұсынады.

      5. Іріктеу келесі әдебиет түрлері бойынша жүргізіледі:

      1) энциклопедиялық және анықтамалық әдебиет;

      2) балалар және жасөспірімдерге арналған әдебиет;

      3) мәдениет және өнер туралы әдебиет, оның ішінде ноталық әдебиет (ноталық шығармаларда ноталар шығарманың жалпы көлемінің 50% құрайды);

      4) көркем әдебиет;

      5) танымдық әдебиет;

      6) қоғамдық-саяси әдебиет;

      7) ғылыми-көпшілік әдебиет;

      8) аударма әдебиет;

      9) мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған әдебиет.

      6. Автор күнтізбелік жылдың 1 ақпанынан 1 мамырына дейін уәкілетті органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іріктеуге қатысу үшін өтінімді (әрі қарай - өтінім) жолдайды. Өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) автордың және (немесе) оның сенімхаты бойынша өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) Times New Roman (Таймс Нью Роман) қаріп түрімен, № 14 өлшеммен, "бірлік" жол аралығымен терілген қолжазбаның электрондық түрі және (немесе) фотоальбом, сурет-альбом және кітап-альбомдар PDF (ПДФ) форматында.

      Қолжазбалар авторлық баспа табақта есептеледі, қайсысы 40 000 белгіге, 700 өлең жолдарына тең. Фотоальбом, сурет-альбом және кітап-альбомдар авторлық баспа табақта есептеледі, қайсысы көркемдеу немесе басқа да бейнеленген материалдың 3000 шаршы сантиметр суретті көлеміне тең.

      7. Автор бір әдебиет түрі бойынша бір шығармадан артық ұсынбайды.

      8. Өтінім және оған қосымша құжаттар мына жағдайларда қарастырусыз қайтарылады:

      1) уәкілетті органға осы Қағиданың 6-тармағының бірінші абзацында көрсетілген мерзімнен кейін түскенде;

      2) осы Қағиданың 6-тармағының 2) тармақшасындағы көрсетілген талаптарға сәйкес келмегенде;

      3) құжаттар толық тізімде түспегенде.

      9. Ұсынылған әдебиетті қарастыру мақсатында уәкілетті органмен Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу жөніндегі сараптама комиссиясы құрылады (әрі қарай – Сараптама комиссиясы).

      10. Сараптама комиссиясы ұсынылған әдебиетті күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін олардағы көркемдік құндылығын, маңыздылығын мен сатып алу қажеттігін қарастырады.

      11. Қарастыру нәтижелері бойынша Сараптама комиссиясы әр әдебиет бойынша мүшелері қол қойған қорытынды шығарады.

      12. Уәкілетті орган Сараптама комиссиясының қорытындыларын күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 19-2-бабына сәйкес құрылған (әрі қарай – "Мәдениет туралы" Заң) Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына (әрі қарай – Ведомствоаралық комиссия) енгізеді.

      13. Ведомствоаралық комиссия күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейін уәкілетті орган ұсынған Сараптама комиссиясының қорытындыларын қарастырады және сатып алынатын әдебиеттің тізімін қалыптастырады.

      14. Әдебиет "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес сатып алынады (әрі қарай – "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заң).

3-тарау. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару және тарату

      15. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару мен тарату үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті органға 1 қазанға дейін осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әдебиетті басып шығару мен таратуға өтінім (бұдан әрі – басып шығаруға өтінім) жолдайды. Басып шығаруға өтінімге келесі құжаттар қоса беріледі:

      1) Times New Roman (Таймс Нью Роман) қаріп түрімен, № 14 өлшеммен, "бірлік" жол аралығымен терілген қолжазбаның электрондық түрі және (немесе) фотоальбом, сурет-альбом және кітап-альбомдар PDF (ПДФ) форматында;

      2) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңның 31-бабына сәйкес айрықша құқық беру туралы авторлық шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі берілуі тиіс (заңды тұлғалар үшін);

      3) ұсынған шығармасын уәкілетті органмен интернет-ресурстарда орналастыруға автордың жазбаша келісімі (авторлық шартта ондай келісім болмаған жағдайда немесе авторлық шарт болмаған жағдайда);

      4) ұсынған шығармасын мемлекеттік сатып алулар нәтижелері бойынша анықталған заңды тұлғамен айрықша құқық беру туралы шарт жасасу туралы автордың жазбаша келісімі.

      16. Уәкілетті орган күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін "Мәдениет туралы" Заңның 7-тармағы 21-тармақшасына сәйкес құрылған Әдебиет және кітап шығару жөніндегі көркемдік кеңестің (бұдан әрі – Көркемдік кеңес) қарауына ұсынады.

      17. Көркемдік кеңес ұсынылған әдебиетті күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін олардағы көркемдік құндылығын, маңыздылығын мен сатып алу қажеттігін қарастырады және тиісті қаржылық жылға бөлінген бюджеттік қаражатты есепке ала отырып, Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару тақырыптық жоспарына енгізу туралы шешім қабылдайды (әрі қарай – Тақырыптық жоспар). Тақырыптық жоспарда шығарма авторының тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) немесе бүркеншік аты, атауы, шартты баспа табақтағы көлемі, тілі, бояуы көрсетіледі.

      18. Көркемдік кеңестің шешімі хаттама түрінде рәсімделеді. Хаттамаға көркемдік кеңестің төрағасы, хатшысы, мүшелері қол қояды.

      19. Қоғамдық кеңес хаттамасының негізінде уәкілетті орган Тақырыптық жоспарды бекітеді.

      20. Тақырыптық жоспар уәкілетті органның ресми сайтында бекітілгеннен кейін отыз күнтізбелік күнін ішінде орналастырылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      21. Басылып шығарылған әдебиет уәкілетті орган бекіткен үйлестірімге сәйкес республикалық кітапханаларға, сондай-ақ "Мәдениет туралы" Заңның 8-бабы, 14-тармақшасына сәйкес "Орталық" мәртебесі берілген (әрі қарай – "Орталық кітапхана") облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік кітапханаларына жолданады.

      22. Орталық кітапханалар келіп түскен әдебиетті облыстық, қалалық, аудандық, кенттік, және ауылдық мемлекеттік кітапханаларға жолдайды және әдебиетті алған күннен бастап екі ай мерзімде уәкілетті органды хабардар етеді.

  Қоғамдық маңызы бар әдебиетті
сатып алу, басып шығару және
тарату қағидаларына
1-қосымша
Нысан
кімге
___________________________
(өтінімді қабылдайтын уәкілетті
органның атауы)
кімнен
___________________________
(жеке тұлғаның немесе сенімхат
негізіндегі өкілдің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
тұрғылықты мекенжайы,
байланыс телефоны)

Өтінім

      Қоғамдық маңызы бар әдебиетті іріктеу мақсатында әдебиеттің мына түрі бойынша

      келесі шығарманы қарастыруды сұраймын:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (шығарма авторының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығарманың атауы

      әдебиет түрі, тілі, авторлық баспа табақтағы көлемі, қысқаша мазмұны)

      Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларының

      6-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімі:

      1.

      2.

      ______________________________

      (автордың немесе сенімхат

      негізіндегі өкілінің қолы)

      Өтінім беру күні " "________ 20__ жыл

  Қоғамдық маңызы бар әдебиетті
сатып алу, басып шығару және
тарату қағидаларына
2-қосымша
Нысан
кімге
___________________________
(өтінімді қабылдайтын уәкілетті
органның атауы)
кімнен
___________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның атауы;
тұрғылықты мекенжайы немесе
заңды мекенжайы, байланыс
телефоны)

Әдебиетті басып шығаруға және таратуға өтінім

      Басып шығару мен тарату үшін келесі шығарманы қарастыруды сұраймын:

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      (шығарма авторының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), шығарманың атауы,

      әдебиет түрі, тілі, шартты баспа табақтағы көлемі, бояуы, қысқаша мазмұны)

      Қоғамдық маңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағидаларының

      15-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімі:

      1.

      2.

      ______________________________

      (жеке тұлғаның қолы

      немесе заңды тұлғаның атауы) Мөр орны (болған жағдайда)

      Өтінім беру күні " "___________ 20___ жыл