"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 5 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2017 жылғы 26 маусымдағы № 394 бұйрығымен бекітілген |
"Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 925 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздікті комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштерді қабылдау мен нәтижелерін беру
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорация құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) арыз беру үшін күтудің рұқсат етілген барынша ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін барынша ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша хаттама мен куәлік.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - корсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00 аралығында.
Құжаттарды қабылдау электрондық кезек тәртібімен, көрсетілетін қызмет алушының таңдауы бойынша, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, "электрондық үкімет" www.egov.kz порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызмет көрсетушіге не Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қажетті құжаттар тізбесі (жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде):
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасында көрсетілген нысандағы өтініш.
Арыз Мемлекеттік корпорация қызметкерімен сканерленіп, мемлекеттік қызметті көрсетушіге электронды түрде жолданады. Тоқсан сайын Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетушіге арыздырдың түпнұсқасын қайта жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті тапсырған кезде:
мемлекеттік қызмет көрсетушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат беріледі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушідің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорация мен (немесе) оның қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорациялардың және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым жолданады.
Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдану растамасы (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген, мерзімі және берілген шағымға жауаптың алынған орнының көрсетілуі болып табылады.
Мемлекеттік корпорацияға қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымды қабылдаудың растамасы оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.
Шағым портал арқылы жіберілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратты көре алады, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не кеңсеге қолма-қол беріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетудің ерекшеліктерін есепке ала отырып өзге де талаптары
12. Өмір сүру әрекетін шектейтін ағза (функцияларының) тұрақты бұзылуы мен денсаулығында ақау бар көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау қажет болған жағдайда, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну көмегімен тұрғылықты мекенжайына бару арқылы Мемлекеттік корпорацияның қызметкері жүргізеді.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) Министрліктің – www.mid.gov.kzwww.mid.gоv.kz, "Мемлекеттік қызметтер" деген бөлімінде;
2) қызмет көрсетушінің – www.comprom@mid.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
3) Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 және 8 800 080 7777.
№ ____ХАТТАМА __________________________ Заңды тұлғаның атауы
20__ жылғы "____" _______ _________________
Комиссия құрамы:
Төраға: _______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - ТАӘ ), лауазымы
Комиссия мүшелері: ____________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының көлемінде білімді тексеру жүргізілді:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Лауазымы | Білімі | Комиссия қорытындысы (тапсырды,тапсырмады) |
1. | ||||
2. | ||||
3. |
Комиссия төрағасы _______________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Комиссия мүшелері _____________________________
_____________________________
_____________________________
1. Куәлік мұқабасы қатты;
2. Куәлік өлшемі - 204 х 65 мм;
3. Фото - 3х4;
4. Білімін қайта тексеру жөніңдегі қосымша беттер - 4 парақ.
Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес сәкестендіру нөмірі, телефоны және т.б.)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы ____________________________ |
|
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
(бұдан әрі – Т.А.Ә. ) |
Өтініш Заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылық пен тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруға
Қазақстан Республикасы "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 79 бабы, 8 тармағының талаптарына сәйкес, басшылық пен тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыру күнің белгілеп, емтихан қабылдауды сұраймын ____________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
1. _____________________________________________________
2. _____________________________________________________
3. _____________________________________________________
4. _____________________________________________________
(емтихан тапсырушының Т.А.Ә., лауазмы) Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. ___________________________ __________________________
(мекеме басшысының лауазымы) (Т.А.Ә. басшының қолы)