"Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 тамызда № 15449 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 5 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2017 жылғы 26 маусымдағы
№ 394 бұйрығымен бекітілген

"Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік және Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздікті комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және оның аумақтық департаменттері арқылы жүзеге асырылады.

2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген барынша ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін барынша ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша хаттама мен куәлік.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - корсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      емтихан тапсырушы адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымдарын көрсете отырып, еркін нысанда жазылған өтініш;

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті тапсырған кезде (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

3-Тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.

      Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымның кеңседе қабылдануын растау болып табылады.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңселерінде қолма-қол беріледі.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуіне болады.

4-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындардың мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған – www.mid.gov.kz; www.comprom.mid.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;

      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі мәселелері Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 75-45-31, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.

  "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалардың басшылары,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерінің білімін тексеру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметі стандартына
1-қосымша

ХАТТАМА № ____

      ________________________________
заңды тұлғаның атауы

      "____" _______20__ жыл                                           _________________

      Мына құрамдағы комиссия:

      Төраға: _________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері:______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының Заңдарында және нормативтік құқықтық актілерінде

      белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары көлемінде білімдеріне тексеру жүргізді:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

№№ р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Білімі

Комиссия қорытындысы (тапсырды, тапсырмады)

1.





2.





3.





      Комиссия төрағасы             ___________________________________

                              (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Комиссия мүшелері             __________________________________

                              __________________________________

                              __________________________________

  "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалардың басшылары,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерінің білімін тексеру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметі стандартына
2-қосымша



      1. Куәлік мұқабасы қатты;

      2. Куәлік өлшемі - 204 х 65 мм;

      3. Фото - 3х4;

      4. Білімін қайта тексеру жөніңдегі қосымша беттер - 4 парақ.