Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 92 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 шілдеде № 15400 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрыққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.07.2018 № 157 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 7 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 29 маусым

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 29 мамырдағы
№ 92 қаулысымен
бекітілген

Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін
жүргізу қағидалары

      1. Осы Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және коллекторлық агенттіктердің есептік тіркеу және тізілімін жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) есептік тіркелуге жатады.

      3. Өтініш беруші есептік тіркеуден өту үшін өтініш берушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі – филиал) Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті ұсынады.

      Өтініш талап етілетін құжаттарды қоса берумен қағаз жеткізгіште ұсынылады.

      4. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - заңды тұлғасы туралы мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      Жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он және одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы ақпаратты ашу мақсатында өтініш беруші коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылаудағы тұлғалар туралы мәліметтерді Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - жеке тұлғасы туралы мәліметтер Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      5. Өтініш берушінің басшы жұмыскері туралы мәліметтер Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      6. Кредиттік тарихтарды қалыптастыру мен оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы құжатты алу үшін өтініш беруші Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11669 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 91 қаулысымен бекітілген Кредиттік бюролардың, ақпарат жеткізушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың 14-тармағы бесінші бөлігінің, 15-тармағы екінші бөлігінің, 29-тармағы төртінші бөлігінің, 31-тармағы екінші бөлігінің, 40-тармағы төртінші бөлігінің, 41-тармағы екінші бөлігінің, 42-тармағы екінші бөлігінің, 43-тармағы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келеді.

      7. Борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасатын жұмыскерлер туралы мәліметтер Қағидаларға 6- қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      8. Филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      9. Заңның 7-бабының 2-тармағында көзделген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парақтың сыртқы бетінде тігілген парақтардың саны көрсетіле отырып, тігістің түйініне желімделген жапсырма қағазға жартылай басылған өтініш берушінің мөрімен (бар болған жағдайда) расталып ұсынылады.

      Құжаттардың көшірмелері өтініш берушінің осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғаларының қолдарымен және өтініш беруші мөрінің таңбасымен (бар болған жағдайда) расталады.

      Филиал Қағидалардың 4, 5 және 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарды Заңның 12-бабының талаптарына сәйкес келетіндігін тексереді.

      10. Өтініш берушілердің тұрған жері бойынша филиалдар Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізбесін жүргізеді.

      11. Филиал коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізбесіне енгізгеннен кейін келесі күні, бірақ Заңның 7-бабының 5-тармағында көзделген мерзімнен кешіктірмей, Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктерді коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізбесіне енгізілгені туралы ақпаратты жібереді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізілімін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырады.

      12. Өтініш берушіні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізіліміне енгізгеннен кейін филиал оған тіркеу нөмірін көрсете отырып, мұндай шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      13. Коллекторлық агенттіктердің тізіліміндегі есептік тіркеу нөмірінде 11 (он бір) белгі болады және мынадай құрылымнан - ФФ.К.ЖЖ.ННН тұрады, мұнда:

      ФФ – Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтарына сәйкес қойылатын филиал коды;

      К – коллекторлық агенттік;

      ЖЖ – ағымдағы жылдың соңғы 2 (екі) цифры;

      ННН – коллекторлық агенттікті есептік тіркеудің реттік нөмірі.

      Филиал коллекторлық агенттікті есептік тіркеудің реттік нөмірін өзі дербес береді және әрбір күнтізбелік жылда 001-ден басталады.

      Егер есептік тіркеудің реттік нөмірі үш таңбалы саннан (999 (тоғыз жүз тоқсан тоғыз)) асып кетсе, төрт таңбалы реттік нөмірді (НННН) пайдалануға жол беріледі.

      14. Есептік тіркеуден бас тарту Заңның 8-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығаруы Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда жүргізіледі.

      16. Филиал Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізілімінен шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастыру үшін коллекторлық агенттікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығару туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жібереді.

      17. Коллекторлық агенттік он бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға 2, 3 және 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тиісінше Заңның 7-бабы 2-тармағының 3), 5) және 6) тармақтарында көзделген құжаттарға енгізілген өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабардар етеді.

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу
ағидаларына
1-қосымша
нысан

      _____________________________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының толық атауы)
      _____________________________________________________________________________
      (өтініш берушінің толық атауы)
      Өтініш

      Коллекторлық агенттік ретінде есептік тіркеуден өткізуді сұраймын
      Өтініш беруші туралы мәліметтер:
      1. Бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________
      2. Өтініш берушінің тұрған жері және нақты мекенжайы _______________________

      (индекс, қала,

      _____________________________________________________________________________

      аудан, облыс, көше, үйдің, офистің нөмірі,

      _____________________________________________________________________________
      телефон, факс, электрондық пошта мекенжайы, интернет-ресурс)
      3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, данасы және олардың әрқайсысының парақтарының саны:
      _____________________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________________

      Өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттардың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарастыруға байланысты сұратылған қосымша ақпараттар мен құжаттардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне уақтылы ұсынылғанын растаймын.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.

      Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы ______________________

      (қолы)

      20__ жылғы "___"____________

      Мөр орны (бар болса)

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  нысан

      Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - заңды тұлғасы туралы
мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      (өтініш берушінің толық атауы)

      20__ жылғы "___"____________
      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) ___________________________
      _____________________________________________________________________________

      (толық атауы)

      2. Тұрған жері ___________________________________________________________

      (пошта индексі, мекенжайы, телефон және факс нөмірі,

      _____________________________________________________________________________

      электрондық пошта мекенжайы бар болған жағдайда)

      _____________________________________________________________________________
      3. Бизнес сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________
      4. Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _____________________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________________
      (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
      5. Резиденттігі ___________________________________________________________
      6. Негізгі қызмет түрі _____________________________________________________
      _____________________________________________________________________________
      7. Өтініш берушінің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі ____________________
      _____________________________________________________________________________
      8. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және оның қызметіне құрылтайшы (қатысушысы), акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер, заңды тұлғалардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып _____________________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________________
      9. Өтініш беруші құрылтайшысы (қатысушысы) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер, ұйымдардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып
      _____________________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________________
      10. Құрылтайшы (акционер, қатысушы) не құрылтайшының (қатысушының) басшы жұмыскері бұдан бұрын, уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болғаны жөнінде мәліметтер _____________________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________________
      11. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) басшысы туралы мәліметтер ___________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
      20__ жылғы "___"____________
      Мөр орны (бар болса)

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
3-қосымша
нысан

      Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен
(тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе
бақылаудағы тұлғалар (бұдан әрі – қатысушы, (иеленуші) туралы мәліметтер

      1-кесте. Қатысушы (иеленуші) туралы мәліметтер

Бизнес – сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе басқа жеке сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бей резиденттері үшін)

Резиденттігі

Атауы

Алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болуы туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін) (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша сипаттамасы, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің деректемелері, жауапкершілікке тарту негізін көрсете отырып)

Уәкілетті орган аталған коллекторлық агенттікті Заңның 9-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған құрылтайшы (акционер, қатысушы) немесе басшы жұмыскер туралы мәліметтер

Қызмет түрінің сипаттамасы
 

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Қатысушыға (иеленушіге) тиесілі қатысу үлестері санының коллекторлық агенттіктің

жеке

тікелей

жанама

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Қатысушының, (иеленушінің) сол арқылы коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен)

Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (теңгемен)

Сол арқылы жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы
 

8

9

10

11

12

13







      кестенің жалғасы

жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің жалпы санына арақатынасы

бірлескен

тікелей

жанама

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (теңгемен)

Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі (пайызбен)

Қатысушының, (иеленушінің) сол арқылы коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне иеленетін ұйымдағы қатысу үлесі (пайызбен)

Тиесілі акциялардың саны (дана) (қатысу үлесі) (пайызбен)

Сол арқылы жанама түрде иелену жүзеге асырылатын ұйымның атауы
 

14

15

16

17

18

19







      Ескерту:

      1-кестеде заңды тұлғалар бойынша қатысушының, (иеленушінің) жарғылық капиталындағы акцияларын не қатысу үлестерін тікелей немесе жанама түрде иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін тұлғалар туралы, қатысушының (иеленушінің) жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайызынан астамын иеленетін жеке тұлғалары туралы мәліметтерге дейін көрсетіледі.

      2-кесте. Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың тізімі

Бизнес – сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғалар үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғалар үшін) немесе басқа сәйкестендіру нөмірі (Қазақстан Республикасының бейрезиденті үшін)

Тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы туралы мәліметтер

Бақылау негізі

Коллекторлық агенттікке бақылауды жүзеге асыратын тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) 20 пайызынан көп иеленетін ұйымдар туралы мәліметтер

ұйымның атауы

Акцияларды иелену (жарғылық капиталындағы) үлесі

1

2

3

4

5

6







      Ескерту:

      3-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) туралы ақпарат көрсетіледі. Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      ___________________________________________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы

      Қол қойылған күн 20_____ жылғы "_____" __________

      Мөр орны (бар болса)

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
4-қосымша
нысан

      Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) - жеке тұлғасы туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауы)

      20 __ жылғы "___" _____________
      1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (қатысушысы) _____________________________
      ________________________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
      2. Туған күні ______________________________________________________________
      3. Азаматтығы _____________________________________________________________
      4. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ______________________________
      ________________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берді)

      5. Жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________
      6. Тұрғылықты жері ________________________________________________________

      (пошта индексі, мекенжайы,

      ________________________________________________________________________________

      телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________
      6. Жұмыс орны (мекенжайын көрсете отырып), лауазымы
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      7. Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) өзге заңды тұлғаларды құруға және оның қызметіне қатысушы (иеленуші), акционер ретінде қатысуы туралы мәліметтер, заңды тұлғалардың толық атауын және тұрған жерін көрсете отырып
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      8. Жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы туралы мәліметтер
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін.
      20 __ жылғы "___" _____________
      Өтініш беруші құрылтайшысының (қатысушысының) қолы ____________

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
5-қосымша
нысан

Өтініш берушінің басшы жұмыскері туралы мәліметтер
_______________________________________________________________
(коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскерінің лауазымы және коллекторлық агенттіктің
тауы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәлiметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

____________________________________________________
____________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда, олардың қашан және қандай себептермен өзгертілгенін көрсету)

Туған күні және туған жері

____________________________________________________
____________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

____________________________________________________
____________________________________________________
(елді мекенінің кодын қосқанда, толық мекенжайды, қызмет, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін көрсету)

Азаматтығы

____________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

____________________________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________

      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күнi - аяқтаған күнi

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері (бар болса - күні мен нөмірі)

1

2

3

4

5






      3. Басшы жұмыскерінің заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысуы туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және тұрған жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Басшы жұмыскердің заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, акциялардың саны және лауазымды тұлғаға тиесілі акциялардың заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      4. Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

      Бұл тармақта ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда лауазымын көрсете отырып, басшы жұмыскердің жоғары оқу орнын аяқтаған сәттен бастап барлық еңбек қызметі (сондай-ақ басқару органындағы мүшелігі) туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидит еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс кезеңі (күн, ай, жыл)

Жұмыс орны (ұйымдарда қаржы, сақтандыру қызметі, білім беру, мемлекеттік басқару және қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру секцияларында, құқық және бухгалтерлік есепке алу саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес айқындалған төлемдерді жинау жөніндегі агенттіктер мен кредиттік бюроларда тіркелген елін көрсете отырып)

Лауазымы (келісу күнін көрсете отырып, егер талап етілсе)

Тәртіптік жазаның болуы

Жұмыстан шығару, лауазымнан босату себептері

1

2

3

4

5

6







      5. Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты мемлекеттік функцияларды орындауы туралы мәліметтер:

Кезеңі (күн, ай, жыл)

Мемлекеттік қызмет органының атауы

Осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексеру нысанында бақылау бойынша не оның құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты лауазымдық өкілеттіктер

Себептері (жұмыстан шығару, лауазымнан босату)

1

2

3

4

5






      6. Жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған туралы мәліметтер (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда)

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың сипаттамасы

      ________________________________________________________________________________

      жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)

      7. Бұдан бұрын басшы жұмыскер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы коллекторлық агенттікті "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тізілімнен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болған-болмағандығы туралы мәліметтер ______________________________________________________________________________

      (иә (жоқ),

      ________________________________________________________________________________

      ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі

      8. Бұдан бұрын басшы жұмыскер өзіне қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы жұмыскерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген тұлға болған-болмағандығы туралы мәліметтер ______________________________________________________________________

      (иә (жоқ),

      ________________________________________________________________________________

      жауаптылыққа тарту негіздемелерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы үкімнің деректемелері)

      9. Бұдан бұрын басшы жұмыскер, уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оны консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - жеке тұлғасы, ірі қатысушысының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің - заңды тұлғасының басшысы болған-болмағандығы туралы мәліметтер

      _______________________________________________________________________________

      (иә (жоқ)

      ________________________________________________________________________________

      ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

      10. Бұдан бұрын басшы жұмыскер, қатарынан төрт және одан да көп кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не өзі бойынша дефолтқа жол берілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу жөніндегі берешек сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құрайтын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушысының (ірі акционерінің) – заңды тұлғасының – эмитенттің ірі қатысушы (ірі акционері) – жеке тұлғасы, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған-болмағандығы туралы мәліметтер __________________________________________________

      (иә (жоқ)

      ________________________________________________________________________________

      ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңі)

      11. Басшы жұмыскер психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұра ма

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ)

      ________________________________________________________________________________

      есепке қою күні және есепке қою жүзеге асырылған

      ________________________________________________________________________________

      ұйымның атауы)

      12. Бұдан бұрын басшы жұмыскердің мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылғандығы туралы мәліметтер _________________________________________________________

      (иә (жоқ) босатылған күні

      13. Бұдан бұрын басшы жұмыскердің "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылғандығы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ) босатылған күні

      ________________________________________________________________________________

      және коллекторлық агенттіктің атауы

      Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      20 __ жылғы "___" _____________

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
6-қосымша
нысан

Борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз
шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты
болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасатын жұмыскерлер туралы мәліметтер 20 __ жылғы "___" __________ Өтініш берушінің толық атауы __________________________________________

Жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда жеке басын куәландыратын құжатқа толық сәйкес келетін – олар қашан және қандай себепке байланысты өзгергенін көрсету)

Туған кезі және жері

Тұрақты мекенжайы, телефон нөмірлері (елді мекені кодын қоса, мекенжайды, қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлерін толық көрсету)

Азаматтық

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

Білімі, оның ішінде техникалық және кәсіби білімі, орта білімнен кейін немесе жоғары білімі

Жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

6

7

8









      кестенің жалғасы

Жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болуы (иә (жоқ)

Коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылған (иә (жоқ)

Психологиялық-неврологиялық, туберкулездік, наркологиялық диспансерлерде есепте тұрған (иә (жоқ)

Мемлекеттік қызметтен немесе арнаулы және құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша босатылған (иә (жоқ)

Бұрын өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коллекторлық агенттіктің қызметін тексерулер нысанында бақылау жөніндегі мемлекеттік функцияларды орындаған не өзінің құзыретіне сәйкес осы коллекторлық агенттіктің қызметіне байланысты болған (иә (жоқ)

Заңның 5-бабында көзделген талаптарды бұзғаны үшін коллекторлық агенттіктен босатылған (иә (жоқ)

Осы ақпаратты өзім тексергенімді және оның дұрыс және толық екендігін растаймын. (жұмыскердің қолы), сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімімді беремін

9

10

11

12

13

14

15








      Ескерту:

      1. 8-бағанда лауазымдық міндеттемелерді көрсете отырып, басшы қызметте жұмыс өтілі көрсетіледі.

      2. 9-бағанда жеке адамға, отбасыға және кәмелетке толмағандарға, адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне, меншікке, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне, коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне, басқару тәртібіне қарсы, экономикалық қызмет, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, сондай-ақ әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар немесе қылмыстық қудалауға ұшырайтын немесе ұшыраған туралы ақпарат көрсетіледі (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда). Егер солай болса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы үкімнің күнін және нөмірін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бабын көрсету қажет.

      3. 10-бағанда егер жұмыскер бұдан бұрын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі коллекторлық агенттікті Заңның 9-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде коллекторлық агенттіктің басшы жұмыскері не оның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын иеленген тұлға болып табылған туралы ақпарат көрсетіледі. Егер солай болса, онда ұйымның, лауазымның, жұмыс кезеңінің атауын көрсету қажет.

      4. 11-бағанда егер солай болса, есепке қою күні және есепке қою жүзеге асырылған ұйымның атауын көрсету қажет.

      5. 12-бағанда егер солай болса мемлекеттік қызметтен немесе арнайы және құқық қорғау органдарынан босатылған күнін көрсету қажет.

      6. 13-бағанда егер солай болса, мемлекеттік қызметтің тоқтаған күні көрсетілсін.

      7. 14-бағанда егер солай болса, босатылған күні және коллекторлық агенттіктің атауын көрсету қажет.

      Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға

      _____________________________________ ____________

      тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы

      Қол қойылған күн 20_____ жылғы "_____" __________

      Мөр орны (бар болса)

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
7-қосымша
нысан

Филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер

Филиалдың және (немесе) өкілдіктің атауы
 

Тұрған жері және нақты мекенжайы

Мемлекеттік тіркеу туралы деректер (нөмірі, күні)

1

2

3

4





  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
8-қосымша
нысан

Коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізбесі
20 __ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша


 

Берілген тіркеу нөмірі

Коллекторлық агенттіктің атауы

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Тұрған жері және
нақты мекенжайы

Телефон нөмірі, факс, электрондық пошта мекенжайы, интернет- ресурс

Тізілімге қосу күні

1

2

3

4

5

6

7








  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
9-қосымша
нысан

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің коллекторлық агенттіктердің тізілімі
20 __ жылғы "___" ____________ жағдай бойынша

Коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізілімдегі есептік тіркеу нөмірі
 

Коллекторлық агенттіктің атауы

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе)
 

Тұрған жері және
нақты мекенжайы

Телефон нөмірі, факс, электрондық пошта мекенжайы, интернет- ресурс

Тізілімге қосу күні

Тізілімнен шығару күні

Негіздеме

1

2

3

4

5

6

7

8

9










  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
10-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының коллекторлық
агенттіктерді есептік тіркеу кезінде пайдаланылатын кодтары

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің филиалы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалының коды

1

2

3

1

Орталық филиал (Астана қаласы)

53

2

Алматы қалалық филиалы

05

3

Алматы облыстық филиалы

41

4

Ақмола филиалы

24

5

Ақтөбе филиалы

03

6

Атырау филиалы

12

7

Шығыс Қазақстан филиалы

09

8

Жамбыл филиалы

14

9

Батыс Қазақстан филиалы

49

10

Қарағанды филиалы

18

11

Қостанай филиалы

27

12

Қызылорда филиалы

21

13

Маңғыстау филиалы

29

14

Павлодар филиалы

32

15

Солтүстік Қазақстан филиалы

36

16

Оңтүстік Қазақстан филиал

58

  Есептік тіркеуден өту және
коллекторлық агенттіктердің
тізілімін жүргізу қағидаларына
11-қосымша
нысан

Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктердің аумақтық тізілімінен шығару туралы
мәліметтер
20 __ жылғы "__" ___________ жағдай бойынша


 

Берілген тіркеу нөмірі

Коллекторлық агенттіктің атауы

Тұрған жері және
нақты мекенжайы

Тізілімнен шығару күні

Негіздеме

1

2

3

4

5

6