Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 235 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 15389 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшермесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 29 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 26 маусым

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2017 жылғы 9 маусымдағы
№ 235 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 7-1/625 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10298 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      5. Ведомство 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардың болуын және НТҚ-ның осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді.

      6. НТҚ-ны келісуге ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижелері бойынша ведомство мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ұсынылған құжаттар қойылған талаптарға сәйкес келген жағдайда, НТҚ-ны сараптама өткізу үшін мемлекеттік ветеринариялық ұйымға жібереді;

      2) ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынылған жағдайда, өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.

      2. "Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10254 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалардың қолданысы саны 2 бастан көп емес жеке пайдалануға арналған иттер мен мысықтардың экспорты, импорты және транзиті жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасына (-нан, арқылы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Асыл тұқымды жануарларды және асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттау кезінде экспорттаушы елдің ресми органы берген, жануар мен асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әр басына арналған асыл тұқымдық куәліктің немесе оған баламалы құжаттың көшірмесі өтінішке қоса беріледі (ақпараттық жүйеде жоқ болған жағдайда).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары өтінішті және қоса берілген құжаттарды қарағаннан кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға рұқсат алуға сұраным жолдайды;

      2) осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға рұқсат беруден жазбаша түрде уәжді бас тартады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінішті қарайды және өтініш қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына сұраным жолдайды.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы уәжді жауап береді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 98 (28576) санында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Аспалы сырғалардың біреуі жоғалған немесе бүлінген кезде (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін анықтау мүмкін болмаған жағдайда) ауыл шаруашылығы жануарының иесі аспалы сырғаның телнұсқасын беру туралы өтініммен тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына жүгінеді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) (аспалы сырғаның телнұсқасы) деген қажеттілік бойынша ақпарат береді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымы аспалы сырғаның телнұсқасы келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруді жүргізеді.

      29. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – аспалы сырға, радио жиілікті белгісі бар сырға, болюстер, чиптер және ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын басқа да бұйымдар (құралдар) бүлінген (ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін анықтау мүмкін болмаған кезде) немесе жоғалған кезде иесі сырғасы, болюсі, чипі және ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылатын басқа да бұйымдары (құралдары) бүлінген немесе жоғалған ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірін анықтау үшін жануарды шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ветеринариялық паспорттармен және дерекқормен салыстырып тексеру жүргізілгенге дейін оқшаулайды.

      Бірнеше ауыл шаруашылығы жануары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдар) жоғалтқан жағдайда, сырғасы, чиптері, болюстері бүлінген немесе жоғалған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірін белгілеу ветеринариялық паспортта көрсетілетін қосымша белгілері (жынысы, ауыл шаруашылығы жануарының түсі, қосымша белгілері) бойынша жүргізіледі.

      Көрсетілген жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларының иесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық ұйымына осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді. Осы тармақта көрсетілген себептерге байланысты ауыл шаруашылығы жануарларын қайта бірдейлендіру осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарына иесі өтініш берген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен асырмай жаңа жеке нөмір бере отырып жүргізіледі.

      Ауыл шаруашылығы жануарына жаңа жеке нөмір берілген кезде дерекқорда және ветеринариялық паспортта ауыл шаруашылығы жануарының бұрынғы бірдейлендірілген нөміріне қоса, ауыл шаруашылығы жануарын қайта бірдейлендіру себебін көрсете және осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген шараларды қабылдай отырып, тиісті ақпарат (қайта бірдейлендірілді) көрсетіледі.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11959 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші ветеринариялық сертификат алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект туралы ақпараттың ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуі;

      3) импортаушы елдің Қазақстан Республикасынан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізуі;

      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сәйкес келмеуі;

      5) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсаттың болмауы (үшінші елдерге (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттерге) экспорттау кезінде);

      6) Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері болып табылмайтын мемлекеттер) Біріңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін талаптар бойынша әкелінген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және олардан өндірілген өнімдердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге әкетілуі;

      7) өтініш берушіге қатысты ветеринариялық сертификат алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      8) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші ветеринариялық сертификат алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды немесе анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды (бұдан әрі – ветеринариялық-санитариялық қорытынды) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Ветеринариялық-санитариялық қорытынды электрондық нысанда ресімделеді, бланкке басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылады және мөрмен расталады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ветеринариялық-санитариялық қорытындыны алу орны, күні мен уақыты туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мыналардың:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші ветеринариялық-санитариялық қорытынды алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) өтініш берушіге қатысты ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші ветеринариялық-санитариялық қорытынды алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарға, жемшөптік қоспаларға тіркеу куәліктерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші тіркеу куәлігін алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) байқаудан өткізу мен тіркеу сынақтарының теріс нәтижелері;

      3) өтініш берушіге қатысты ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына мемлекеттік тіркеу алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімнің (үкімнің) болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімнің болуы, оның негізінде өтініш беруші ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына мемлекеттік тіркеу алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мыналардың:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейін;

      демалыс және мереке күндері – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 85-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Белгіленген жұмыс уақыты ұзақтығының шегінен тыс өтініш қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді жұмыс уақыты кестесіне сай көрсетілетін қызметті беруші белгілейді.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) толық емес құжаттар топтамасы;

      2) өтініш беруші ветеринариялық анықтама алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      3) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орнындағы жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық ахуалдың өзгеруі (нашарлауы);

      4) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың шығу (орналасқан) орнының саламатсыз аймақ деп белгіленуі;

      5) жануардың жеке нөмірінің болмауы;

      6) жануардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, көлік құралының ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларға сәйкес келмеуі;

      7) өтініш берушіге қатысты ветеринариялық анықтама алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      8) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші ветеринариялық анықтама алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы. ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:

      ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне – 7 (жеті) жұмыс күні;

      республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшесіне – 5 (бес) жұмыс күні;

      өндіріс объектісінің жүзеге асырылатын қызмет түрін өзгертуге әкеп соқтырмай, атауы және/немесе ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда – 5 (бес) жұмыс күні;

      өндіріс объектісі қызметінің түрі өзгерген жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есепке алу нөмірін беру рәсімінен қайта өтеді;

      сою алаңдары қолда бар есепке алу нөмірін растау үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мерзімдерде есепке алу нөмірін қайта ресімдеу рәсімінен өтеді.

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мыналардың:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың жұмыс кестесі: – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші есепке алу нөмірін алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) есепке алу нөмірін беру үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, объектілердің деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;

      3) берілген ветеринариялық-санитариялық қорытындыға сәйкес өндіріс объектісінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ егер, өтініш беруші өндіріс объектісі экспорттаушы болып табылса, экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) өтініш берушіге қатысты өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімнің (үкімнің) болуы;

      5) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімнің болуы, оның негізінде өтініш беруші өндіріс объектісіне есепке алу нөмірін алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен көп емес.

      Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

      серологиялық зерттеулер бойынша:

      классикалық – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай);

      вирусологиялық зерттеулер – 25 (жиырма бес) жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);

      молекулярлық-генетикалық зерттеулер (МГЗ) – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына қарай);

      бактериялогиялық зерттеулер бойынша:

      микроскопия – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      биологиялық сынама – 70 (жетпіс) жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);

      паразитологиялық зерттеулер бойынша – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      тамақ өнімдерінің, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау бойынша – 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде;

      тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша – 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

      Сынаманы алу және оны зерханаға зерттеуге жолдау – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – сараптама актісі (сынақ хаттамасы) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қағаз нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" сараптама актісін (сынақ хаттамасын) алу орны, күні мен уақыты туралы ақпарат жолданады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші сараптама актiсiн (сынақ хаттамасын) алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) өтініш берушіге қатысты сараптама актiсiн (сынақ хаттамасын) алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші сараптама актiсiн (сынақ хаттамасын) алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап немесе порталға жүгінген кезде:

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік алып өтуге – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға, экспорттауға – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.";

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) экспорт кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде әкелу орны бойынша – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды өнім (материал) импортталған кезде экспорттаушы елдің ресми органы жануардың және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған баламалы құжаттың көшірмесі (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) экспорт кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде әкелу орны бойынша – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды өнім (материал) импортталған кезде – экспорттаушы елдің ресми органы жануардың және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған баламалы құжаттың көшірмесі (ақпараттық жүйеде болмаған жағдайда);

      порталға:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды өнім (материал) импортталған кезде – экспорттаушы елдің ресми органы жануардың және асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған баламалы құжаттың электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы, асыл тұқымдық куәлік немесе оған баламалы құжат туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері, егер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған жағдайда, өтініштің қабылданғанын мыналар растайды:

      1) көрсетілетін қызметті алушыға – өтінішінің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      2) Мемлекеттік корпорацияға - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

      3) порталға - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді оның жұмыскері жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде (не оның өкіліне нотариалды куәландарылған сенімхат бойынша заңды тұлғаға өкілеттілігін растайтын құжат бойынша) қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижесін бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінсе, Мемлекеттік корпорацияның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжатты көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген (егер, беру қағаз жеткізгіште жүзеге асырылатын болса, алу орнын көрсету қажет) хабарлама жіберіледі.

      10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына:

      1) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатсыз болуы;

      3) импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келмеуі;

      4) импорттаушы елдің орны ауыстырылатын (тасымылданатын) объектіге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралары;

      5) өтініш берушіге қатысты рұқсат алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      6) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші рұқсатты алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы;

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына:

      1) өтініш беруші рұқсат алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) Халықаралық эпизоотиялық бюро Кодексінің стандарттарына, ұсынымдарына және нұсқамаларына, Дүниежүзілік сауда ұйымының Санитариялық, фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі келісіміне сәйкес, расталған, оның ішінде үшінші елдердің құзыретті органдарымен байланыс арқылы расталған, жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша саламатсыз болуына байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты шектеу шараларының енгізілуі;

      3) ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты ветеринариялық-санитариялық тәуекелдің қолайсыз деңгейі;

      4) ұйымның немесе адамның Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізілімінде болмауы;

      5) өтініште көрсетілген жекелеген экспорттаушы кәсіпорынға (экспорттаушы кәсіпорындар тобына) қатысты уақытша шектеулердің енгізілуі;

      6) бақылауға жататын тауарлардың әкелінуі жоспарланған Қазақстан Республикасының аумағына немесе ол арқылы жүру маршруты өтетін аумаққа шектеу шараларының, карантиннің енгізілуі (тиісті бақылауға жататын тауарлар шектеу шаралары, карантин қойылған аурудың таратушысы (тасымалдаушысы) болып табылуы мүмкін жағдайда);

      7) Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес келмеуі;

      8) экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша эпизоотиялық ахуалының өзгеруі;

      9) өтініш берушіге қатысты рұқсат алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      10) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші рұқсат алумен байланысты арнайы құқығынан айрылуы.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру тәсілдерінің бірімен жануарларға ветеринариялық паспорт бере отырып жеке нөмір беру, телнұсқа беру, ветеринариялық паспорттан үзінді-көшірме беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мыналардың:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға жеке нөмір алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) өтініш берушіге қатысты ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға жеке нөмір алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші ветеринариялық паспорт бере отырып, жануарға жеке нөмір алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – аттестаттау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Атестаттау бір күнде өткізіледі және мынадай екі кезеңнен тұрады: тестілеу және әңгімелесу.

      Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден теріс нәтиже алған жағдайда атестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесу) өтпейді. Қайта тестілеу алғашқы тестілеу өткізілген күннен бастап 6 (алты) айдан кейін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған тәртіппен өткізіледі.

      Комиссия шешім қабылдаған жағдайда, қайта әңгімелесуден өтуі тиіс. Қайта әңгімелесу алғашқы әңгімелесу өткізілген күннен бастап 1 (бір) айдан кейін өткізіледі.

      Аттестаттаудан өтпеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы аттестаттау нәтижесін алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін аттестаттауға қайта қатысады;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мынадай шешімдердің бірі көрсетілген аттестаттау парағы:

      1) аттестатталды;

      2) қайта аттестатталуы тиіс;

      3) аттестатталған жоқ.

      Не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

      Аттестаттау парағы электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттаудың өткізілетін күні, уақыты, орны туралы хабарлама және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жолданады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мыналардың:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мерекелер туралы" Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Мерекелер туралы" Заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші аттестаттау парағын алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) өтініш берушіге қатысты аттесттау парағын алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші аттестау парағын алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жаңа жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісу;

      сараптама қорытындысы теріс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға нақты себептерді көрсете отырып, жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттаманы келісуден жазбаша бас тарту жібереді.

      Не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші жаңа, жетілдерілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамаға келісім алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттама сараптамасының теріс қорытындысы;

      3) өтініш берушіге қатысты жаңа, жетілдерілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техниалық құжаттамаға келісім алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші жаңа, жетілдерілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамаға келісім алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ветеринариялық препараттарға және жемшөптік қоспаларға апробация жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін - жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, жемшөп қоспаларына нормативтік-техникалық құжаттамаларға және Ветеринариялық препаратқа, жемшөптік қоспаға апробация жүргізу бағдарламасына сәйкес 2 (екі) жылға дейін;

      2) көрсетілетін қызметті алушы ведомствоға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – апробация нәтижелері туралы акт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      Апробация нәтижелері туралы акт қағаз нысанда ресімделеді, оған көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен расталады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші апробация нәтижелері туралы актіні алу үшін ұсынған құжаттардың және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) өтініш берушіге қатысты апробация нәтижелері туралы актіні алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші апробация нәтижелері туралы актіні алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Лазерлік станцияларды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және оларды өндірушілерді эмиссия жөніндегі дерекқорда тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін – 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде;

      2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеуден өткені туралы анықтама және көрсетілетін қызметті алушының сұранымы болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы жөніндегі дерекқордан үзінді - көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші тіркеу алу үшін ұсынған құжаттардың дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) өтініш берушіге қатысты тіркеу алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші тіркеу алуға байланысты арнайы құқығынан айрылуы.".

      5."Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ветеринариялық сертификат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген) бекітілген Аумақты аймақтарға болу қағидаларына сәйкес аумақтың аймақтарға бөлінуін ескере отырып беріледі.

      Ветеринариялық сертификат:

      1) Қағидаларға сәйкес саламатсыз және буферлік аймақтарда орналасқан компартменттерді қоспағанда, аталған аймақтардан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге;

      2) импорттаушы ел Қазақстан Республикасынан орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізген жағдайда берілмейді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жануардың және жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың, жемшөптердің орнын ауыстыруды (тасымалдауды) жүзеге асыратын өтініш беруші жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның ветеринария саласындағы маманына (бұдан әрі – ветеринария саласындағы маман) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Жануарларды союды, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзатты өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде жануарларға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық анықтаманы Заңның 8-бабы 46-8) тармақшасына сәйкес бекітілетін тәртіппен өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері (бұдан әрі – аттестатталған ветеринариялық дәрігер) береді.

      Бес килограмнан балықтарды және басқа су жануарларын (тірі, жаңа ауланған, салқындатылған, мұздатылған балықтар, сондай-ақ шаяндар, гаммарус, салина артемиясы (цисталар)) тасымалдау кезінде қайдан ауланғаны туралы анықтама қажет.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) әкелінген ветеринариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орнын ауыстырған кезде ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі болуы қажет.".

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 9 маусымдағы
№ 235 тізбесіне
1-қосымша
  Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
обьектілердің экспортына,
импортына және транзитіне
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге:______________________
(ветеринария саласындағы
уәкілетті орган ведомствосының
аумақтық бөлімшесінің атауы)
  Кімнен:_____________________
(заңды тұлғалар үшін: толық
атауы, орналасқан жері,
ведомство берген өндіріс
объектісінің есепке алу нөмірі
(коды), заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) нөмiрi және күнi,
сәйкестендіру нөмiрi / жеке
тұлғалар үшін: жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), есепке алу
нөмірі (коды) сәйкестендіру
нөмірі, дара кәсіпкер ретінде
қызметінің басталғаны туралы
хабарлама, телефонның,
факстың, ұялы байланыстың
абоненттік нөмірі және (немесе)
электрондық мекенжайы
(егер болар болса))

Өтініш

      Сізден ________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын.

      (экспортқа/импортқа (керегін көрсету қажет)

1.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі

2.

Экспорттаушы ел (импорттаушы ел)

3

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні шыққан жері

4.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау, импорттау кезінде пайдалану болжанатын көлік түрі

5.

Олар арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары

6.

Экспорттың, импорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп-бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, қайта өңдеу; жемшөп пен жемшөп қоспалары үшін – оларды жейтін жануарлардың түрі)

7.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектісінің атауын және есепке алу нөмірін көрсете отырып, Кеден одағының (импорттау кезінде), үшінші елдердің (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) (экспорттау кезінде) кедендік аумағындағы межелі пункті

8.

Жойылып кету қаупі төнген және Жойылып кету қауіпі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның (бұдан әрі – СИТЕС) ықпалына түсетін тірі жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орама жапсырмалары немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваты) болатын немесе бола алатын туындыларын (дериваттарын) әкеткен жағдайда СИТЕС ықпалына түсетін жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге арналған рұқсаттардың берілген күндері және нөмірлері

9.

Ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының шыққан елін және олардың тіркеу куәліктерінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеу күні) көрсете отырып, өндіруші ұйымдардың ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын экспорттау кезінде

10.

Асыл тұқымды жануарларды және асыл тұқымдық өнімді (материалды) импорттау кезінде экспорттаушы елдің ресми органы жануардың әр басына берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың нөмірі және күні

11.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы

12.

Объектінің орналасқан жері

13.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантинге қою, өндіру, сақтау шарттары

14.

Талаптары бойынша "Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) әкелінген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді және олардан өндірілген өнімдерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығармау туралы келісімді растаймын

15.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін. Мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      ____________________________________________ ____________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні)

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 9 маусымдағы
№ 235 тізбесіне
2- қосымша
  Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
обьектілердің экспортына,
импортына және транзитіне
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге:______________________
(ветеринария саласындағы
уәкілетті орган
ведомствосының аумақтық
бөлімшесінің атауы)
Кімнен:____________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
мекенжайы, ведомство берген
өндіріс объектісінің есепке алу
нөмірі (коды) / жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), есепке алу
нөмірі (коды)