Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 15361 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне және 33-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.09.2019 № ҚР ДСМ-123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылатын Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінің 9, 10, 11, 12, 13-тармақтарын және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтар аралығында туындайтын қатынастарға қолданылатын осы қағидалардың 27-тармағының 4), 5) тармақшаларын қоспағанда, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі______________Д. Абаев

      30 маусым 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі_____________Б. Сұлтанов

      10 шілде 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 478 бұйрығына
1-қосымша

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.09.2019 № ҚР ДСМ-123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.09.2019 № ҚР ДСМ-123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      3) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – Заңда белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;

      4) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) жарналар – осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      7) МӘМС – қор активтерінің есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      8) МӘМС жүйесі – МӘМС жүйесіне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;

      9) жұмыс істемейтін адам (осы Қағидаларға қолданылады) – кәсіпкерлік қызметті, оның ішінде еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және табысы жоқ адам;

      10) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, Заңның 30-бабында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер МӘМС-ке аударымдар төлеушілер болып табылады.

      Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес мынадай адамдар үшін жұмыс берушілер:

      1) балалар;

      2) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

      3) зейнетақы төлемдерін алатындар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

      4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      5) мүгедектер;

      6) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар;

      7) әскери қызметкерлер;

      8) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      9) құқық қорғау органдарының қызметкерлері МӘМС-ке аударымдар төлеуден босатылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. МӘМС-ге жарналарды төлеушілер:

      1) мемлекет;

      2) жұмыскерлер, әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;

      3) дара кәсіпкерлер;

      4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      5) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      6) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      7) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);

      9) мыналарды:

      осы тармақтың 2), 8) және 10) тармақшаларында;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;";

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтарынан басқа (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар), осы тармақтың 4) тармақшасында көрестілген, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары;

      10) Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылады.

      6. Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналардан төлеуден:

      1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген адамдар;

      2) әскери қызметшілер;

      3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

      4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттің МӘМС-ке жарналары мынадай адамдар:

      1) балалар;

      2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

      3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

      4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

      5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

      6) мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

      7) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;

      8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

      9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

      10) тергеу изоляторларындағы адамдар;

      11) жұмыс істемейтін оралмандар;

      12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

      13) мүгедектер;

      14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

      15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін төленеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.09.2019 № ҚР ДСМ-123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.

      10. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.

      11. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда, адамдар Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Бұл ретте, көрсетілген адамдар төленбеген кезең үшін қорға жарналар төлеуден босатылмайды.

      Осындай жарналарды төлеуді тоқтатқан сәттен бастап үш ай өткеннен кейін төленетін жарналар сомасы төленбеген кезең есебіне есепке алынуға тиіс.

      Осы тармақтың ережелері Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылмайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлемеген адамдар қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеуді жүзеге асырады, бірақ олар республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде төлем күнінің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс.

      13. Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген адамдарға 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.

      14. Салық агенттері МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды ұстап қалу және аудару туралы, оның ішінде артық (қате) төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетті атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 263 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15997 болып тіркелген) бекітілген сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес сақтауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) тәртібі мен мерзімдері

      15. Қорға төлеуге жататын аударымдар және (немесе) жарналар ай сайын есептеледі.

      Әрбір жұмыс берушіден аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объект республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайды.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      16. Жұмыс беруші жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) ай сайын жүзеге асырады.

      Қорға төлеуге жататын жұмыс берушілердің аударымдары Заңның 27-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.

      Қорға төлеуге жататын жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.

      Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) үшін Заңның 29-бабына сәйкес айқындалған табыстар қабылданады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады). Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңға сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленеді.

      Мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 1,4 еселенген ең төменгі мөлшері дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.

      Дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс кеткен азаматтардың, сондай-ақ дербес төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды салық кезеңінің әрбір айы үшін дербес немесе үшінші тұлға олардың пайдасына жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19-1. Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың жарналары республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшерінің және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

      Ескерту. 2-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды осындай жеке тұлғалардың кірістер есебінен Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған салық агенттері жүзеге асырады.

      Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғаның жарналары осы Қағидалардың 22-тармағында айқындалған, жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістерден Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады).

      Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Дербес төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жеке практикамен айналысатын адамдардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналары Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады).

      Жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) олар дербес немесе үшінші тұлға оның пайдасына жүзеге асырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22.Қорға аударымдар және (немесе) жарналар Заңның 29-бабының 4-тармағына сәйкес төлемдер мен табыстардан ұсталмайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу тәртібі мен мерзімдері

      23. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.

      24. Жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.

      Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдар және (немесе) жарналар Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аударылады.

      25. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы осындай шарттар жасалған салық агенттері ай сайын қорға аударуды жүзеге асырады.

      26. Дербес төлеушілердің, дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Есептелген (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды:

      1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар – кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;

      2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;

      3) патенттің негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – патент құнын төлеу үшін Салық кодексінің 685-тармағында көзделген мерзімде;

      4) дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;

      5) мемлекет – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабымен айқындалған тәртіппен, ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде аударады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      28. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Заңның 30-бабының 3-1-тармағына сәйкес дербес төлеушілер қорға алдағы кезеңге жарналар төлеуді жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен ілесіп жүретін жұбайының (ілесіп жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша еркін нысанда жасалатын Мемлекеттік корпорация арқылы кейіннен қорға аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу арқылы жүргізіледі.

      31. Аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, оның ішінде берешектерді Мемлекеттік корпорацияға жүргізеді. Мемлекеттік корпорация аударымдар және (немесе) жарналар жүргізетін жұмыскерлер тізіміне (бұдан әрі – жеке тұлғалар тізімі) сәйкес қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды аударады.

      Жеке тұлғалардың тізімі: жеке сәйкестендіру нөмірін; тегін; атын; әкесінің атын (бар болған жағдайда); туған күнін; аударымдар және (немесе) жарналар сомасын; аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезеңді (айды, жылды) қамтиды.

      Аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезеңді төлеушілер қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмасының "Төлемнің мақсаты" деген бағанында, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларындағы көзделген "ААЖЖЖЖ" жеке жиегiнде көрсетеді.

      32. Төлеушiлер Қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды Мемлекеттік корпорация арқылы жеке тұлғалар тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.

      33. Мемлекеттік корпорацияға банктердің ақша аударуы жеке тұлғалар тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматында электрондық төлем тапсырыстарымен жүзеге асырылады.

      34. МТ-100 форматының төлем сомасына сәйкес салық агенттерінен түскен тапсырыстар тобынан тұратын жарналарды Мемлекеттік корпорация бір мезгілде электрондық тәсілмен қорға жеке тұлғалар тізімінің пайдасына аударады.

      35. Төлеушілердің берешектерді аударуы аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін кезең (жыл,ай, айлар) үшін жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматында электрондық төлем тапсырмаларымен жүргізіледі.

      36. Дербес төлеушілердің, дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналарын оларды кейіннен Мемлекеттік корпорацияның шотына аудару үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшамен төлеуге рұқсат беріледі.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Мемлекеттік корпорация жеке сәйкестендіру нөмірлерінің базасында аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді жүзеге асырады және мемлекеттік кіріс органдарымен аударымдардың және (немесе) жарналардың түсімдерін салыстыруды жүргізеді, аударымдар және (немесе) жарналар төленген жеке тұлғалардың дерекқорын және Заңмен айқындалған өзге де функцияларды актуалдандырады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен аударымдар және (немесе) жарналар сомалары түскен күнінен бастап операциялық үш күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.

      Мемлекеттік корпорация төлеушіге жарналарды және аударымдарды:

      1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген;

      2) аударымдардың және жарналардың сомасы аударымдардың және (немесе) жарналардың объектісінен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір төлеушіден тиісті қаржы жылында ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен артық төленген;

      3) Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген аударымдарды төлеуден босатылған тұлғалардан қайтаруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      39. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару мынадай тәртіппен тиындарды дөңгелектеуді ескере отырып, теңгеде жүргізіледі:

      50 тиынға дейінгі сома 0 теңгеге дейін дөңгелектенеді;

      50 тиыннан жоғары сома 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      40. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      41. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      42. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      43. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      44. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      45. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған деректердің негізінде Мемлекеттік корпорация зейнетақы және жәрдемақы төлемдері бойынша қажеттілікті есептеу күніндегі жағдай бойынша олардың нақты саны негізінде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар (бұдан әрі – жарналар төлеуден босатылған адамдар) санына қажеттілікті ай сайын екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.

      Ескерту. Қағидасы мен мерзімі 46-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.01.2020 № ҚР ДСМ-2/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді (бұдан әрі - өтінім) Мемлекеттік корпорация уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Уәкілетті орган өтінімнің негізінде есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде ақша қаражатын жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары бөлінісінде төлем тапсырмаларымен қордың шотына аударуды жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган ақша қаражатын аударғаннан кейін жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары мен көлемін көрсете отырып, ақпаратты қорға жібереді.

      Ескерту. Қағидасы мен мерзімі 47-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.01.2020 № ҚР ДСМ-2/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      48. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналарына есепті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нақты қажеттілікке сәйкес ақша қаражатының жетіспейтін сомасын аударуды уәкілетті орган төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағидасы мен мерзімі 48-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.01.2020 № ҚР ДСМ-2/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Қор ай сайын Мемлекеттік корпорацияға уәкілетті органнан жарналар төлеуден босатылған адамдар санаттары бөлінісінде мемлекеттің жарналарын алу туралы хабарламаны ақпараттық жүйе арқылы жібереді.

      Ескерту. Қағидасы мен мерзімі 49-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.01.2020 № ҚР ДСМ-2/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
Нысан

Өтiнiш

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару
қағидалары мен мерзімдеріне
2-қосымша
  Нысан

Анықтама-растама

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару
қағидалары мен мерзімдеріне
3-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

  Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу (ұстап
қалу) және аудару қағидалары
мен мерзімдері
4-қосымша

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) _________ күні _______ сағ._______ мин жағдай бойынша өтінім

      Ескерту. Қағидасы мен мерзімі 4-қосымшамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.01.2020 № ҚР ДСМ-2/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ж. есепті кезең

      Индекс: қажеттілік

      Жиілігі: ай сайын

      Ұсынатын тұлғалар ортасы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде

  тыс. тенге

Мекеме 226

Бағдарлама 066

Кіші бағдарлама 102

Ерекшелік 339

Төлем түрі

Саны, адам

Қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, %

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақы, теңге

Сомасы, теңге

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер









Оның ішінде:









балалар









Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар









Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер









осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)









жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар









мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар









бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам









зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері









қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар









тергеу изоляторларындағы адамдар









Жұмыс істемейтін оралмандар









Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар









мүгедектер









орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар









мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер









Жиыны





      Атауы: ___________________________ Мекенжай ___________________________

      тел. _____________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________

      Орындаушының тегі мен телефоны _____________________ ______________________

      Басшы _______________________________________________ (Т.А.Ә.)

                                    Қолы

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 478 бұйрығына
2-қосымша

Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Бұйрық қағидамен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.04.2019 № ҚР ДСМ-19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 17-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 33-бабына сәйкес әзірленді және артық (қате) төлеген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын қайтаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      3) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуші – Заңда белгіленген тәртіппен қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, аударуды, төлеуді жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекемелері, филиалдары, өкілдіктері арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда жұмыс берушілер, сондай-ақ дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар;

      4) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      5) жарналар – Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      6) МӘМС – әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры активтерінің есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

2-тарау. Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру тәртібі

      3. Қорға аударылған аударымдардың және (немесе) жарналардың артық (қате) төленген сомаларын, аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару үшін төлеуші немесе банк Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтініш береді, оған мыналар қоса беріледі:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарналарды пайдасына жасаған жеке тұлғадан соманы қайтаруға келісім туралы өтініші;

      2) төлем құжатының немесе аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың төленгені туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

      Аударымдар және (немесе) жарналар, өсімпұл жүргізілген жеке тұлғалар тізімдерінде қате жіберілген жағдайда, өтінішке осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растау-анықтама қоса беріледі.

      Міндетті аударымдарды және (немесе) жарналарды қолма-қол ақшамен төлеуді жүзеге асыратын төлеушілер растау-анықтамаға құжатының көшірмесін немесе аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы төлем құжатын қоса береді.

      Мемлекеттік корпорация өтінім түскен күннен бастап операциялық бес күн ішінде аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісін тексереді, өтініш осы төлем бойынша барлық деректемелердің растамасын қоса бере отырып, осы тармақтың бірінші бөліміне сәйкес құжаттар қорға жіберіледі.

      Салық кодексіне сәйкес адамдар салықтық есепті беруді тоқтата тұруы туралы, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлердің әрекет етпейтін деп танылғаны туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми сайтында орналастырылған. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер күнделікті негізде жаңартылып отырады.

      Қор төлеушінің артық (қате) есептелген аударымдары және (немесе) жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтару туралы өтінішін қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдайды:

      - артық (қате) есептелген аударымдар және (немесе) жарналар және (немесе) өсімпұлдың сомаларын төлеушіге қайтару туралы;

      - мынадай негіздер бойынша төлеушінің артық (қате) есептелген аударымдары және (немесе) жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қабылдаудан бас тарту туралы:

      1) төлеушінің өтінішінде оның реквизиттері (БСН, ЖСН), төлемнің реквизиттері (нөмірі және/немесе күні және/немесе төлем тапсырмасының сомасы) дұрыс көрсетілмеуі (немесе көрсетілмеген), медициналық қызметті тұтынушы деректерінің (реквизиттерінің) өзгергенін, төлемнің қорға жіберілгенін растайтын құжаттардың салынбауы немесе растайтын құжаттардың оқуға келмейтін көшірмелерінің салынуы;

      2) төлеушінің өтініш нысаны осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келмейді;

      3) төлеушінің өтінішінде кері қайтарудың дұрыс емес себебінің көрсетілуі;

      4) осы тармақтың екінші абзацына сәйкес құжаттарды толық ұсынылмауы;

      5) аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға негіздеменің болмауы;

      6) Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсынан алынған мәліметтерге сәйкес әрекет ететін ретінде тіркелген дара кәсіпкердің жарналар төлеуден босатылмауы;

      7) қорға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелерінің пайдасына аударылған сома.

      Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қор өтініштерді өңдегеннен кейін MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейіннен оларды төлеушіге аудару үшін қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық он күннің ішінде ақшаны Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады. Қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша, қор себебін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға бас тарту туралы ақпаратты береді.

      Қор тізілімінің негізінде Мемлекеттік корпорация MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық (қате) есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын операциялық үш күн ішінде төлеушіге аударады.

      Төлеуші әлеуметтік аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтарудан бас тарту себебі туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы алады. Мемлекеттік корпорация артық (қате) төленген сомалар қайтарылғаннан кейін қорды осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген қайтарым туралы хабардар етеді.

      Мемлекеттік корпорация мен Қордың арасында айына бір рет аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың аударылуын, сондай-ақ қордан аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргізіледі.

      4. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресімдеу кезінде қате жіберген жағдайда, банк "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды.

      5. Қор келіп түскен және қайтарылған артық (қате) аударылған аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды есепке алуды жүргізеді.

      6. Төлеуші салық заңнамаларында белгіленген мерзімдерде және тәртіпте тіркелу орны бойынша мемлекеттік кірістер органына аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілген адамдарға есептелген аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп-қисап ұсынады.

      7. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына тіркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың тізілімдерін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ұсынады.

      8. Қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді жүзеге асыратын төлеуші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2003 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік корпорациядан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратады және алады.

  Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін өсімпұлдың
артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  "Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры"
коммерциялық емес
акционерлік қоғамы
(бұдан әрі – КеАҚ)
Басқармасының төрағасына
__________________________
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетілсін)

Өтініш

      _________________________________________________________________

      (аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды

      төлеушінің немесе төлеуші банктің, банк операцияларының жекелеген

      түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)

      үшін _________________________________________________________________

      _______________ №__ төлем тапсырмаларымен қате аударылған аударымдардың және

      (немесе) жарнаның және (немесе) өсімпұлдың артық (қате) төленген сомаларын

      ______________________________________________________________

      _____________________________________________________________ атына

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі көрсету)

      қайтаруды сұраймын, референс, жалпы сомасы _____________, қайтару сомасы

      _____________________________________________________________

      Кейінгі төлемдермен түзету мынадай себепке байланысты мүмкін емес

      (қажеттісін белгілеу керек):

      1) қате аударылған;

      2) жұмыскерге артық есептелген;

      3) төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;

      4) МТ-102 төлем тапсырмасы форматында қате жіберілген;

      5) төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;

      6) төлеуші немесе банк екі немесе одан да көп рет аударылған.

      Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргізуді сұраймыз:

      ______________________________________________________________

      (төлеушінің толық деректері, банктік деректемелер көрсетілсін)

      Қосымшалар:

      1) жарналарды пайдасына жүргізген жеке тұлғадан соманы қайтаруға келісімі туралы арызы;

      2) аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам өтініш берген жағдайда – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.

      Басшы __________________________/______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)

      Бас бухгалтер ____________________/______________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады (факсимильді қолтаңбаға жол берілмейді).

  Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе)
толық төлемегені үшін
өсімпұлдың артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Мен, ________________________________________________________

                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған күні)

      ЖСН _________________________

      Осы арқылы __________ (жыл, ай) кезені (дері) __________ соманы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төленген артық (қате) есептелген аударымдары және (немесе) жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын менің пайдама қайтаруға келісім беремін.

      _________________

      (қолы, күні)

  Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін
өсімпұлдың артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды жүзеге
асыру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Анықтама-растау


растайды,

(аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеушінің атауы)




"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ-ға аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеген кезде олар үшін аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілген жұмыскерлер мен жеке тұлғалардың тізімдерінде мынадай төлем тапсырмаларында қателіктер жіберілгенін растайды:

р/с №

Төлем тапсырмасының №

Төлем тапсырмасының күні

Төлем тапсырмасының жалпы сомасы

Референс

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні

Қате аударылған (теңге)

Аударылуға тиісті (теңге)



















Кезең

Сомасы (теңге)

Кезең

Сомасы (теңге)













      Басшы ______________________/________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)

      Бас бухгалтер ______________________/__________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

  Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе) толық
төлемегені үшін өсімпұлдың
артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды жүзеге
асыру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды қайтарудан бас тарту туралы ақпарат

      20___жылғы "___" _______

      Азамат ______________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ЖСН ________________________________

      ______________________________ себебі бойынша қайтарудан бас тартылды

      Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылды

      Басшы ______________________________

  Аударымдардың, жарналардың
және (немесе) аударымдарды
және (немесе) жарналарды
уақтылы және (немесе)
толық төлемегені үшін
өсімпұлдың артық (қате) есепке
жатқызылған сомаларын
төлеушілерге қайтаруды
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  "Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры"
коммерциялық емес
акционерлік қоғамы
(бұдан әрі – КеАҚ)
Басқармасының төрағасына
__________________________
________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетілсін)

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 20__ жылғы "___" _______ № ___ өкімге сәйкес мынадай төлеушілер бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ-дан келіп түскен, қате есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын қайтару туралы хабарлайды:

р/с №

Төлеушінің атауы

Сомасы (теңге)

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ төлем тапсырмасының нөмірі мен күні

Негіздеме


























Барлығы:



      Басшы ______________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)