Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына және 31-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері.
2) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылатын Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінің 9, 10, 11, 12, 13-тармақтарын және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтар аралығында туындайтын қатынастарға қолданылатын осы қағидалардың 27-тармағының 4), 5) тармақшаларын қоспағанда, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі______________Д. Абаев
30 маусым 2017 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі_____________Б. Сұлтанов
10 шілде 2017 жыл
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына 1-қосымша |
Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аударымдар және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
3) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – Заңда белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;
4) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
6) МӘМС – қор активтерінің есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
7) МӘМС-ге аударымдар және (немесе) (жарналар) бойынша берешек (бұдан әрі – аударымдар және (немесе) (жарналар) бойынша берешек) – Заңда және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде МӘМС-ке аударылмаған аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасы;
8) МӘМС жүйесі – МӘМС жүйесіне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
9) жарналар – осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
10) салық агенті (Қағидаларға қолданылады) – Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған және Заңға сәйкес МӘМС-ке аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу мен аудару міндетті бойынша дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, заңды тұлға, оның ішінде бейрезидент заңды тұлға.
3. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, Заңның 30-бабында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер МӘМС-ке аударымдар төлеушілер болып табылады.
Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес мынадай адамдар үшін жұмыс берушілер:
1) балалар;
2) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
3) зейнетақы төлемдерін алатындар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
4) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
5) мүгедектер;
6) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар;
7) әскери қызметкерлер;
8) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
9) құқық қорғау органдарының қызметкерлері МӘМС-ке аударымдар төлеуден босатылады.
4. МӘМС-ге жарналарды төлеушілер:
1) мемлекет;
2) жұмыскерлер, әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
3) дара кәсіпкерлер;
4) жекеше нотариустар;
5) жеке сот орындаушылар;
6) адвокаттар;
7) кәсіби медиаторлар;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);
9) мыналарды:
осы тармақтың 2) және 8) тармақшаларында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандарды немесе әрекетсіз деп танылғандарды қоспағанда, осы тармақтың 3) тармақшасында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандарды қоспағанда, осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 23) тармақшасында белгіленген өзге де адамдар (бұдан әрі – өзге де төлеушілер), оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар) болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен оралмандарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.
5. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылады.
6. Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналардан төлеуден:
1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген адамдар;
2) әскери қызметшілер;
3) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттің МӘМС-ке жарналары мынадай адамдар:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
9) тергеу изоляторларындағы адамдар;
10) жұмыс істемейтін оралмандар;
11) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
12) мүгедектер;
13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
14) оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар үшін төленеді.
8. Мемлекеттің МӘМС-ке жарналар төлеуі мынадай адамдар:
1) алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
3) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ордаларында оқу біткен айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқу бітірген адамдар үшін аударымдар және (немесе) жарналар аударуы кезінде тоқтатылады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.
10. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.
11. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда, адамдар Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Бұл ретте, көрсетілген адамдар төленбеген кезең үшін қорға жарналар төлеуден босатылмайды.
12. Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлемеген адамдар қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеуді жүзеге асырады, бірақ олар республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде төлем күнінің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс.
13. Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген адамдарға 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.
14. Салық агенттері МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды ұстап қалу және аудару туралы, оның ішінде артық (қате) төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10345 болып тіркелген) бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес сақтауды жүзеге асырады.
Салық агенті таратылған кезде МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды ұстап қалу және аудару туралы құжаттар "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес сақтауға беріледі.
2-тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) тәртібі мен мерзімдері
15. Қорға төлеуге жататын аударымдар және (немесе) жарналар ай сайын есептеледі.
Әрбір жұмыс берушіден аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объект республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайды.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Жұмыс беруші жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) ай сайын жүзеге асырады.
Қорға төлеуге жататын жұмыс берушілердің аударымдары Заңның 27-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.
Қорға төлеуге жататын жұмыскерлердің, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың қорға төлеуге жататын жарналары Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі.
Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) үшін Заңның 29-бабына сәйкес айқындалған табыстар қабылданады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады). Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңға сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленеді.
Мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, кәсіби медиаторларды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының екі еселенген ең төменгі мөлшері дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналарын есептеуді олар салық кезеңінің әрбір айы үшін өз бетінше жүзеге асырады.
20. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын қорға есептеуді (ұстап қалуды) осындай шарттар жасалған салық агенті ай сайын жүзеге асырады.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғаның жарналары осы Қағидалардың 22-тармағында айқындалған, жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістерден Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады).
Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінен аспайды.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Қазақстан Республикасынан тыс шығып кеткен азаматтардың, сондай-ақ басқа төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналары Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес есептеледі (ұстап қалады).
Жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) олар өз бетінше не үшінші тұлға олардың пайдасына жүзеге асырады.
Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22.Қорға аударымдар және (немесе) жарналар Заңның 29-бабының 4-тармағына сәйкес төлемдер мен табыстардан ұсталмайды.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу тәртібі мен мерзімдері
23. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
24. Жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.
Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдар және (немесе) жарналар Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аударылады.
25. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы осындай шарттар жасалған салық агенттері ай сайын қорға аударуды жүзеге асырады.
26. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың және өзге де төлеушілердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банктер (бұдан әрі - банктер) немесе ұйымдар арқылы жүзеге асырылады
27. Есептелген (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды:
1) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар – кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;
2) дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 3) тармақшасында адамдардан тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті мерзімнен кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;
3) патенттің негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – патент құнын төлеу үшін Салық кодексінің 685-тармағында көзделген мерзімде;
4) Қазақстан Республикасынан тыс шығып кеткен азаматтар, сондай-ақ өзге төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей;
5) мемлекет – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабымен айқындалған тәртіппен, ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде аударады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
29. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың және өзге де төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.
30. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен ілесіп жүретін жұбайының (ілесіп жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша еркін нысанда жасалатын Мемлекеттік корпорация арқылы кейіннен қорға аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу арқылы жүргізіледі.
31. Аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, оның ішінде берешектерді Мемлекеттік корпорацияға жүргізеді. Мемлекеттік корпорация аударымдар және (немесе) жарналар жүргізетін жұмыскерлер тізіміне (бұдан әрі – жеке тұлғалар тізімі) сәйкес қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды аударады.
Жеке тұлғалардың тізімі: жеке сәйкестендіру нөмірін; тегін; атын; әкесінің атын (бар болған жағдайда); туған күнін; аударымдар және (немесе) жарналар сомасын; аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезеңді (айды, жылды) қамтиды.
Аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезеңді төлеушілер қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмасының "Төлемнің мақсаты" деген бағанында, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларындағы көзделген "ААЖЖЖЖ" жеке жиегiнде көрсетеді.
32. Төлеушiлер Қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды Мемлекеттік корпорация арқылы жеке тұлғалар тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.
33. Мемлекеттік корпорацияға банктердің ақша аударуы жеке тұлғалар тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматында электрондық төлем тапсырыстарымен жүзеге асырылады.
34. МТ-100 форматының төлем сомасына сәйкес салық агенттерінен түскен тапсырыстар тобынан тұратын жарналарды Мемлекеттік корпорация бір мезгілде электрондық тәсілмен қорға жеке тұлғалар тізімінің пайдасына аударады.
35. Төлеушілердің берешектерді аударуы аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін кезең (жыл,ай, айлар) үшін жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматында электрондық төлем тапсырмаларымен жүргізіледі.
36. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың және өзге де төлеушілердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банкке қолма-қол ақшалармен төлеуге рұқсат беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген төлеушілер жарналарды төлеу үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын банктік шотты ашпай немесе пайдаланбай жүзеге асыру үшін "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 14419 болып тіркелген) нысандарға сәйкес төлем хабарламаларын пайдаланады.
37. Мемлекеттік корпорация жеке сәйкестендіру нөмірлерінің базасында аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді жүзеге асырады және мемлекеттік кіріс органдарымен аударымдардың және (немесе) жарналардың түсімдерін салыстыруды жүргізеді, аударымдар және (немесе) жарналар төленген жеке тұлғалардың дерекқорын және Заңмен айқындалған өзге де функцияларды актуалдандырады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен аударымдар және (немесе) жарналар сомалары түскен күнінен бастап операциялық үш күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.
Мемлекеттік корпорация төлеушіге жарналарды және аударымдарды:
1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген;
2) аударымдардың және жарналардың сомасы аударымдардың және (немесе) жарналардың объектісінен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір төлеушіден тиісті қаржы жылында ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінен артық төленген;
3) Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 7), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген аударымдарды төлеуден босатылған тұлғалардан қайтаруды жүзеге асырады.
Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару мынадай тәртіппен тиындарды дөңгелектеуді ескере отырып, теңгеде жүргізіледі:
50 тиынға дейінгі сома 0 теңгеге дейін дөңгелектенеді;
50 тиыннан жоғары сома 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40.Төлеушінің артық (қате) төлеген аударымдарының және (немесе) жарналарының сомаларын, төлеушінің немесе банктің Қорға аударылған уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін аударымдардың және (немесе) жарналардың өсімпұлын қайтару үшін Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төлеген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды қайтаруға өтініш береді, оған мыналар қоса беріледі:
1) жарналарды пайдасына жасаған жеке тұлғаның арызы;
2) төлем құжатының немесе аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
Аударымдар және (немесе) жарналар, өсімпұл жүргiзiлген жеке тұлғалар тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда, өтiнiшке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растау-анықтама қоса беріледi.
Мiндеттi аударымдарды және (немесе) жарналарды қолма-қол ақшамен төлеудi жүзеге асыратын төлеушiлер растау-анықтамаға құжатының көшірмесін немесе аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы төлем құжатының қоса береді.
Мемлекеттік корпорация өтінім түскен күннен бастап операциялық бес күн iшiнде аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша барлық деректемелердiң растамасын қоса бере отырып, осы тармақтың бірінші бөліміне сәйкес құжаттар қорға жіберіледі.
Салық кодексінің 336-бабында көрсетілген тұлғалар салықтық есепті беруді тоқтата тұруы туралы, Қазақстан Республикасының Салық заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлердің іс-әрекетсіздігін тану туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің ресми сайтында орналастырылған. Жоғарыда көрсетілген мәліметтер күнделікті негізде жаңартылып отырады.
Қор төлеушінің артық (қате) есептелген аударымдары мен жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтару туралы өтінішін қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдайды:
артық (қате) есептелген аударымдар мен жарналар және (немесе) өсімпұлдың сомаларын төлеушіге қайтаруы туралы;
мынаны негіздемелер бойынша төлеушінің өтінішін қабылдаудан бас тарту туралы:
1) төлеушінің қайтаруға талап еткен сомасы қорға медициналық қызметті тұтынушының пайдасына аударылған сомаға сәйкес келмейді;
2) төлеушінің өтінішінде оның реквизиттері (БСН, ЖСН), төлемнің реквизиттері (нөмірі және/немесе күні және/немесе төлем тапсырмасының сомасы) дұрыс көрсетілмеген (немесе көрсетілмеген), медициналық қызметті тұтынушы деректерінің (реквизиттерінің) өзгергенін, төлемнің қорға жіберілгенін растайтын құжаттардың салынбауы немесе растайтын құжаттардың оқуға келмейтін көшірмелерінің салынуы;
3) төлеушінің өтініш үлгісі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес келмейді;
4) төлеушінің өтінішінде кері қайтарудың дұрыс емес себебі көрсетілген (бір себептен аса таңдалуы);
5) төлеушінің өтінішінде бірінші басшының немесе уәкілетті тұлғаның қолының жоқтығы;
6) осы тармақтың екінші абзацына сәйкес құжаттарды толық ұсынбау.
Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық он күннің iшiнде ақшаны Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады. Қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша, қор себебін көрсете отырып, Мемлекеттік корпорацияға бас тарту туралы ақпаратты бередi.
Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде Мемлекеттік корпорация MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық (қате) есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын операциялық үш күн iшiнде төлеушiге аударады.
Төлеушi әлеуметтік аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты Мемлекеттік корпорация арқылы алады.
Мемлекеттік корпорация артық (қате) төленген сомалар қайтарылғаннан кейiн қорды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген қайтарым туралы хабардар етедi.
Мемлекеттік корпорация мен Қордың арасында айына бiр рет аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың аударылуын, сондай-ақ қордан аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жіберген жағдайда, банк "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды
42. Қор келіп түскен және қайтарылған артық (қате) төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi.
43. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына аударымдар және (немесе) жарналар жүргiзілген тұлғаларға есептелген аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп-қисап ұсынады.
44. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың тiзiлiмдерiн Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ұсынады.
45. Қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді жүзеге асыратын төлеуші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2003 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік корпорациядан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратады және алады.
Өтiнiш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________________________
(аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеушiнiң немесе
төлеушi банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атауы)
үшін ___________________________________________________________________________
_______________ №__ төлем тапсырмаларымен қате аударылған аударымдардың және
(немесе) жарнаның және (немесе) өсімпұлдың артық (қате) сомаларын
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________ атына
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрі көрсету)
қайтаруды сұраймын, референс, жалпы сомасы _____________, қайтару сомасы
_______________________________________________________________________________
Кейiнгі төлемдермен түзету мынадай себепке байланысты мүмкін емес
(қажеттісін белгілеу керек):
1) қате аударылған;
2) жұмыскерге артық есептелген;
3) төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;
4) МТ-102 төлем тапсырмасы форматында қате жіберілген;
5) төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;
6) төлеушi немесе банк екi немесе одан да көп рет аударылған.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
________________________________________________________________________________
(төлеушінің толық деректерi, банктік деректемелер көрсетiлсiн)
Қосымшалар:
1) жарналарды пайдасына жүргізген жеке тұлғаның арызы;
2) аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам өтініш берген жағдайда – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Басшы __________________________/______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
Бас бухгалтер ____________________/______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады (факсимильді қолтаңбаға жол берілмейді).Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша |
|
Нысан |
Анықтама-растама
растайды, | |||||||||||
(аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеушiнiң атауы) | |||||||||||
"Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ға аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеген кезде олар үшін аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілген жеке тұлғалардың тізімдерінде мынадай төлем тапсырмаларында қателіктер жiберілгенiн растайды: | |||||||||||
р/с | Төлем тапсырмасының № | Төлем тапсырмасының күні | Төлем тапсырмасының жалпы сомасы | Референс | Жеке сәйкестендiру нөмiрі | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған күні | Қате аударылған (теңге) | Аударылуға тиісті (теңге) | ||
Кезең | Сомасы (теңге) | Кезең | Сомасы (теңге) | ||||||||
Басшы ______________________/________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
Бас бухгалтер ______________________/__________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
Мөрдің орны
Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 3-қосымша |
|
Нысан |
"Әлеуметтiк медициналық
сақтандыру қоры" КЕАҚ төрағасына
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда) көрсетiлсiн)
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан келіп түскен, қате есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын қайтару туралы 20__ жылғы "__" ______ № __ өкіміне сәйкес мынадай төлеушілер бойынша хабарлайды:
№ р/с | Төлеушінің атауы | Сома (теңге) | Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлем тапсырмасының нөмірі мен күні | Негіздемесі |
Барлығы: |
Басшы ______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына 2-қосымша |
Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидалары
Ескерту. Қағида алып тасталды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2018 № 115 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.