"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 41-71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөнінде жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
______________ Е. Біртанов
2017 жылғы 9 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 329 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-71) тармақшасына сәйкес әзірленді және авиажолаушыларға әуе кемесі бортында және әуежай аумағында медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2. Халықаралық ұшуларды орындау кезінде осы Қағидалар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, сондай-ақ аумағында, аумағынан немесе аумағы арқылы осындай ұшулар жүзеге асырылатын елдің заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
3. Әуе кемесінің бортында авиажолаушыларға, кейбір жағдайларда әуе кемесінің экипажына дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетіледі.
4. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Медициналық көмек көрсету кезінде, оның ішінде шетелдік авиажолаушыларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен медициналық заттар мен медициналық бұйымдарды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тексеруден және тіркеуден өтпеген медициналық өлшеу құралдарын қолдануға, сондай-ақ науқастың қолындағы медициналық заттар мен медициналық бұйымдарды медициналық қызметкердің тағайындауынан басқа жағдайларды қоспағанда пайдалануға рұқсат етілмейді.
Науқаста бар және дәрігер тағайындаған медициналық құралдарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды пайдаланған кезде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету бланкісін (бұдан әрі - Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету бланкісі) жазба жазылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) авиакомпания – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
2) жолаушы – экипаж құрамына кірмейтін және әуе тасымалы шартына сәйкес немесе өзге де заңды негіздерде әуе кемесімен тасымалданатын жеке тұлға;
3) әуежай – әуе кемелерiн қабылдауға және жөнелтуге, әуе тасымалдарына қызмет көрсетуге арналған және осы мақсаттар үшiн әуеайлағы, аэровокзалы, сондай-ақ басқа да қажетті құрылыстары мен жабдықтары бар құрылыстар кешенi;
4) ұшу қауіпсіздігі - ұшудың қауiпсiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн шаралар кешенi, бұл ретте адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлкіне залал келтіру тәуекелі шекті деңгейге дейін төмендетіледі және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осындай не бұдан да төмен деңгейде сақталады;
5) әуе кемесі – жер (су) бетiнен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебiнен атмосферада қалықтайтын аппарат;
6) дәрілік заттар – адам ағзасымен байланысқа түсетін немесе оның мүшелері мен тіндеріне енетін, аурулардың алдын алуға, оларды диагностикалауға және емдеуге, сондай-ақ ағзаның күйi мен функцияларының өзгеруiне арналған фармакологиялық белсендi заттарды бiлдiретiн немесе олардан тұратын құралдар: дәрiлiк субстанция, дәрiлiк шикiзат, дәрiлiк заттардың балк өнiмдерi, дәрiлiк заттар, дәрілік препараттар.
7) медициналық пункт – азаматтық авиация ұйымының авиажолаушыларға осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес медициналық жәрдем көрсететін құрылымдық бөлімшесі;
8) халықаралық ұшу – ұшу кезінде әуе кемесі шетел мемлекеттерінің шекарасын кесіп өтетін ұшу;
9) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
10) жолаушылар салоны – әуе кемесі жолаушылар кабинасының жолаушылар креслоларымен жабдықталған және жолаушыларды орналастыруға арналған бөлігі;
11) әуе кемесінің ұшуы – әуе кемесінің ұшып көтерiлу кезіндегі екпін алудан (тiк ұшып көтерiлген кезде жер немесе су бетiнен ажыраудан) бастап жүру аяқталғанға (ұшу-қону жолағын аялдамай босатқанға дейін) немесе тiк қонған кезде жер (су) бетiне жанасқанға дейiн әуе кемесiнiң жер (су) бетiмен және әуе кеңiстiгiнде қозғалуы;
12) кабиналық экипаж мүшесi – қауіпсіздік мүддесі үшін және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі оған тапсыратын міндеттерді орындайтын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын авиациялық персоналға жататын тұлға;
13) ұшу экипажының мүшесі – авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігі бар, ұшу уақыты ішінде оған әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген авиациялық персоналға жататын тұлға;
14) борттық дәрі қобдишасы – дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуге, сондай-ақ жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға арналған дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техниканың және өзге құралдардың жиынтығы;
15) дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы "first aid kit" (бұдан әрі - дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы) – әуе кемесінің бортында дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық бұйымдар мен басқа да құралдардың жиынтығы;
16) медициналық көмек жиынтығы "medical kit" (бұдан әрі - медициналық жәрдем жиынтығы) – әуе кемесінің бортында медициналық жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдар мен басқа да құралдардың жиынтығы;
17) әмбебап профилактикалық жиынтығы "universal precaution kit" (бұдан әрі – әмбебап профилактикалық жиынтығы) – әуе кемесінің бортында жұқпалы ауруларға, карантинді жұқпаларға, контагиозды вирусты геморрагиялық қалтырауға, безгекке және халықаралық маңызы бар этиологиясы анық емес аурулармен ауруларға күдікті науқас адам (мәйіт) анықталған жағдайларда бастапқы іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған медициналық бұйымдар мен басқа да құралдардың жиынтығы;
18) ұшуға арналған тапсырма – экипаж мүшелері туралы қажетті мәліметтерден тұратын және ұшудың мақсатын айқындайтын авиакомпания белгілеген нысандағы құжат;
19) инфекциялық және паразиттік аурулар – өмір сүру ортасының биологиялық факторларының әсерінен пайда болатын және таралатын, ауырған адамнан, жануардан сау адамға берілуі мүмкін аурулармен адамның ауруы;
20) кабиналық экипаж – қауіпсіздік мүддесінде және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі оған тапсыратын міндеттерді орындайтын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын авиациялық персонал;
21) дәрігерге дейінгі медициналық көмек – аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналық көмекті медициналық білімі жоқ, уәкілетті ұйыммен бекітілген оқу бағдарламасы бойынша тиісті даярлықтан өткен адамдар, сондай-ақ зардап шегушілердің өмірін құтқару мақсатында өзге де адамдар көрсетуі мүмкін;
22) білікті медициналық көмек – диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек білікті медициналық көмек болып табылады;
23) жедел медициналық көмек – жолаушының өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар кезіндегі, денсаулық жағдайы күрт нашарлаған, созылмалы аурулары асқынған кездегі медициналық көмек;
24) шұғыл медициналық көмек – уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар, денсаулық жағдайының күрт нашарлауы, созылмалы аурулардың асқынуы кезіндегі денсаулыққа елеулі зиянды болдырмау немесе өмірге төнген қауіпті жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін медициналық көмек;
25) бортсерік – орындайтын жұмысының көлемі мен ерекшелігін ескере отырып, оның функциясы мен міндеттерін азаматтық әуе кемесін пайдаланушы айқындайтын және ұшуды орындау нұсқаулығында көрсетілетін әуе кемесінің кабиналық экипажының мүшесі;
26) әуе кемесінің экипажы - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгiлеген тәртiпте ұшуды орындау бойынша әуе кемесін басқару және оған қызмет көрсету жөнiндегі белгiлi бiр мiндеттердi атқару тапсырылған авиация персонал;
27) әуе кемесін пайдаланушы (бұдан әрі – Эксплуатант) – азаматтық әуе кемелерiн пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
28) деконтаминация – адам немесе жануар денесінің үстіндегі, тұтыну үшін дайындалған өнімдегі немесе өнім ішіндегі, не басқа да заттардағы, оған қоса жолаушылардың денсаулығы үшін қауіпті тасымалдау құралдарындағы жұқпалы және уытты агенттерді жоюға арналған рәсім.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 23.07.2019 № 538 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2-тарау. Әуежайдың медициналық пунктінде және әуе кемесі тұрақта тұрған кезде
оның бортында медициналық көмек көрсету тәртібі
7. Медициналық пункттің (бұдан әрі – медпункт) қызметкерлері әуе кемесінің жолаушылары мен экипажына әуежай аумағында, сондай-ақ әуе кемесі тұрақта тұрған кезде оның бортында медициналық көмек көрсетеді.
8. Медпунктте медициналық көмектің мынадай түрлері көрсетіледі:
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
2) білікті медициналық көмек (медпункт штатында дәрігер болған кезде).
9. Медпунктте медициналық қызметтер кешенін және әуежай аумағындағы санитариялық эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтитын медициналық бақылаусыз амбулаториялық-емханалық көмек түріндегі медициналық көмек көрсетіледі.
10. Бортта медициналық көмек қажет науқас жолаушы бар екендігі туралы хабарламаны алған кезде, медпункттің медициналық қызметкері әуе кемесінің тұрақта тұрған кезінде келіп, науқасқа тиісті көмек көрсетеді және жолаушының одан әрі қарай ұшуы/емханаға жатуы туралы шешімді қабылдайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Жолаушы медпункттен медициналық көмек сұраған кезде:
1) медициналық тексеру жүргізеді, алдын ала диагноз қояды және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетіледі;
2) науқасты қысқа мерзімді бақылау үшін оны медпунктте қалдырады; ал аурудың алдан ала диагнозын қою қиын болған жағдайда медициналық ұйымнан кеңес алады;
3) медициналық көрсетімдер бар болған кезде медициналық жедел жәрдем бригадасын шақырады және/немесе ауруханаға жатуға жібереді;
4) әуе көлігін пайдалануға қарсы көрсетімдер бар болған кезде науқас авиажолаушыны ұшудан шеттетіп, оған ұшудан шеттетілгендігі туралы анықтама береді;
5) тасымалдау ұйымдастыру қызметінің диспетчеріне ұшудан шеттетілген авиажолаушы туралы ақпарат береді және оны жолаушылардың медициналық көмекке жүгіну журналына жазады, осы ретте оның қайда кеткендігін міндетті түрде жазады.
12. Медициналық пункттің кезекші медициналық қызметкері денсаулық жағдайына байланысты авиажолаушыны одан әуе көлігін пайдалануға қарсы көрсетімдер анықталған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық билетті қайтару үшін негіз болатын ұшудан шеттету анықтамасын бере отырып ұшудан шеттетуді жүзеге асырады.
13. Жолаушыларға азаматтық авиацияның әуе кемелерінде ұшуға медициналық көрсетімдер/қарсы көрсетімдер мәселелері бойынша кеңес беру осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес азаматтық авиацияның әуе кемелерінде пациенттерді/авиажолаушыларды тасымалдауға медициналық көрсетімдер/қарсы көрсетімдерге бойынша жүргізіледі.
14. Медициналық көмек науқастың орналасқан жерінде немесе медициналық айғақтары бойынша медпунктте көрсетіледі.
15. Әуежайдың аумағында авиациялық оқиға туындаған кезде медпункттің медициналық қызметкерлері авариялық құтқару жұмыстарына авариялық-құтқару командасының құрамында қатысады.
Зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсету және сұрыптау мақсатында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес зардап шеккендерді біріздендіру карточкасы пайдаланылады.
3-тарау. Әуе кемесінің бортында (ұшу барысында) медициналық көмек көрсету тәртібі
16. Әуе кемесінің бортында дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетіледі, ал жолаушылар арасында медициналық қызметкер болса медициналық көмек көрсетіледі.
17. Әуе кемесінің бортында жұқпалы ауруларға, карантинді жұқпаларға, контагиозды вирусты геморрагиялық қалтырауға, безгекке және маңызды халықаралық мәні бар этиологиясы айқын емес ауруларға күдік тудыратын науқас адам, жолаушы/экипаж мүшесі қаза болуы анықталған жағдайларда алғашқы іс-шаралар жүргізіледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Әуе кемесінің бортындағы емдік дәрі-дәрмектер пайдаланылатын дәрігерге дейінгі медициналық көмек тиісті даярлықтан өткен әуе кемесінің кабиналық экипажы мүшелері немесе әуе кемесінде кабиналық экипажы қаралмаған кезде ұшу экипажы мүшелерімен көрсетіледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Пайдаланушы әуе кемесінде медициналық көмек көрсетуге арналған жиынтықтар мен дефрибиллятордың мына түрлерінің болуын қамтамасыз етеді:
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы/жиынтықтары;
2) медициналық жиынтық/жиынтықтары;
3) әмбебап профилактикалық жиынтық/жиынтықтар;
4) автоматтық сыртқы дефрибиллятор.
Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері, әуе кемесі бортындағы борттық дәр дәрмек қобдишалары жиынтықтарының құрамы, борттық жиынтықтардың әуе кемесі бортындағы орналасуы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес реттеледі.
Борттық жиынтықтарды жинақтау, сақтау және оның құрамындағы медициналық және өзге де басқа заттарды кәдеге жарату жөніндегі басшылық нұсқау осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес реттеледі.
20. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету үшін дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы қолданылады.
21. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығын әуе кемесі экипажының кез келген мүшесі қолданады.
22. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығының дәрілік заттары тиісті даярлықтан өткен экипаж мүшелері береді.
Медициналық көмек жиынтығының дәрілік заттарын медициналық қызметкер (ауызша немесе жазбаша, не болмаса қашықтықтан) берген ұсыныс/кеңес бойынша қолданады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Жолаушының денсаулығы медициналық қызметкердің араласуын талап ететін күйде болған кезде, аға бортсерік ол туралы әуе кемесінің командиріне келу әуежайына ақпарат жіберу үшін хабарлайды.
26. Егер дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жолаушының жай-күйі жақсармай, жолаушының өміріне қауіп төндіретін белгілер пайда болса, онда аға бортсерік науқастың жағдайы нашарлап кеткендігі туралы әуе кемесінің командиріне хабарлайды.
27. Әуе кемесінің командирі ұшуды жалғастыру авиажолаушының денсаулық жағдайына қауіпті деп санаған жағдайда шұғыл қонуды жүзеге асырады.
28. Әуе кемесінің бортынан науқастың бар екендігі хабарлама беру бірізділігі:
1) әуе кемесінің командирі хабарламаны авиадиспетчерлік қызметке береді;
2) авиадиспетчерлік қызмет хабарламаны әуе кемесінің келу/шұғыл қону әуежайына хабарлайды;
3) келу/шұғыл қону әуежайы елінің денсаулық сақтау органдарына хабарлайды.
Қажет болған кезде, келу/шұғыл қону әуежайы елінің денсаулық сақтау органдары, әуежайдың құзыретті органдары ауру туралы егжей-тегжейлі мәлімет алу үшін авиакомпаниямен байланысады.
29. Жолаушыға медициналық көмек көрсетуде тиімді ден қою үшін кабиналық және ұшу құрамының мүшелері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Әуе кемесінің бортындағы жолаушыда оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жай-күйдің немесе аурудың пайда болуына" әрекет ету алгоритмін қолданады.
30. Медициналық білімі бар жолаушыны медициналық көмек көрсетуге тарту үшін дауыс зорайтқыш байланысты пайдалану қажет.
31. Білікті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы қолданылады, ал қажет болған кезде медициналық көмек жиынтығы қолданылады.
32. Медициналық көмек жиынтығын әуе кемесінің бортындағы медициналық білімі бар жолаушы, не болмаса, аға бортсерік (не ауызша, не жазбаша немесе қашықтықтан) медициналық қызметкерден ұсыныс/кеңес алғаннан кейін қолданады.
33. Кабиналық экипаж мүшесі, қажет болған кезде, медициналық білімі бар жолаушының нұсқауы бойынша әрекет етеді.
34. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
36. Медициналық көмек көрсету бланкісі барлық борттық дәрі қобдишаларында сақталады, олардың саны жүкқұжатта көрсетіледі.
37. Медициналық көмек көрсету бланкісін ресімдеу медициналық көмек көрсетіліп болғаннан кейін жүзеге асырылады. Жазу анық (жазу үлгісімен) жазылады және барлық бағандар толтырылады.
38. Медициналық көмек көрсету бланкісі екі данада жасалады. Түпнұсқасы науқасқа немесе оны ертіп жүрген тұлғаға беріледі, көшірмесі ұшуға арналған тапсырмаға тіркеліп, ұшып келгеннен кейін авиакомпанияға қайтарады.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Медициналық көмек көрсету бланкісінің көшірмесі одан әрі қарай ұшып келу, жедел қону әуежайының немесе авиакомпанияның (бар болған жағдайда) медициналық қызметке немесе медициналық қызметкерге (болған жағдайда) есепке алу үшін беріледі.
40. Егер экипаж мүшелерінде немесе жолаушыларда ұшу алдында инфекциялық және паразитарлық аурулардың белгісі бар болса, олар әуе кемесі бортына жіберілмейді.
Әуе кемесінің кабиналық экипаж мүшелері немесе ұшу экипаж мүшелері жұқпалы және паразитарлық аурулардың белгілері туралы білімдері бар.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Әуе кемесі экипажының мүшелерінің жұқпалы аурулардың белгілері туралы білімдері болуы тиісті.
41. Жұқпалы және паразиттік аурулардың белгілері бар науқас анықталған жағдайда кабиналық және ұшу экипажының әрекет ету алгоритмі осы Тәртіпке 8-қосымшада қарастырылған.
42. Зақымданған аудандары бар елдерге ұшатын әуе кемелері қорғану киімдерімен, қажетті медициналық жабдықпен, емдік және профилактикалық дәрі-дәрмектермен, дезинфекциялайтын, дезинсекциялайтын құралдармен және ратицидтермен жарақталады.
43. Әуе кемесінің командирі ұшу кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылардың және экспаждың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті төтенше шараларды қолдану туралы шешім қабылдайды.
44. Егер жерден медициналық қолдау болса, әуе кемесі экипажының мүшелері, қажет болған кезде, олардың медициналық ұсыныстарын орындайды.
45. Эпидемияға қарсы алғашқы іс-шараларды жүргізу үшін әмбебап жиынтық қолданылады.
46. Әмбебап профилактикалық жиынтықты әуе кемесі экипажының кез келген мүшесі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес әмбебап профилактикалық жиынтықты қолдану жөніндегі ұсынымға сәйкес пайдалана алады.
47. Рейсте эпидемияға қарсы алғашқы іс-шараларды жүргізетін экипаж мүшесі рейс кезінде әуе кемесі бортында жұқпалы ауруы бар науқас анықталған жағдайдағы экипаж мүшелерінің алгоритмі, әмбебап профилактикалық жиынтықты пайдалану бойынша ұсынымды пайдаланады және осы құжаттардың орындалуын қадағалайды.
48. Аға бортсерік авиакомпанияның (болған кезде)/келу (шұғыл қону) әуежайының медициналық қызметіне немесе дәрігеріне қызметтік жазба жасау арқылы әмбебап профилактикалық жиынтықты әрбір қолдану туралы хабарлайды.
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Жолаушының авиабилетін қайтаруға негіз болатын ұшудан шеттетуге арналған
№ _______ анықтама
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, туған жылы, күні, айы)
ол денсаулық жағдайына байланысты ұшудан шеттелгені үшін берілді және ұша алмайды.
Рейс № ____________________________ Ұшу күні ________________________
Авиабилет қайтарылуы тиіс.
Диагноз: ___________________________________________________________
Медпункттің медициналық қызметкері _________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, жылы, қолы, күні, айы)
Авиакомпания өкілі __________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, жылы, қолы, күні, айы)
Авиакомпания өкілі __________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі, жылы, қолы, күні, айы
Мөр орны (бар болса).Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Азаматтық авиацияның әуе кемелерінде пациенттерді/авиажолаушыларды
тасымалдауға медициналық көрсетімдер/қарсы көрсетімдер
Диагноздар | Авиациялық медицинада тәжірибесі бар дәрігердің бағалауы | Жарамды | Түсіндірме | |||
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуы | ||||||
Жүрек қыспасы | Тұрақсыз жүрек қыспасы немесе жүктемесі төмен жүрек қыспасы | Емдік дәрілермен бақыланады. Тыныштық күйде білінбейді | ||||
Миокард инфарктісі | Соңғы 10 күн ішінде болған немесе жоғары тәуекелмен (ФВ <40%, жүрек жеткіліксіздігі, бұдан әрі тексерудің қажеттілігі, реваскуляризация немесе емдеуге арналған қосымша құрылғы | асқынып кетпесе ≥10 күн және одан астам | ||||
Жүрек жеткіліксіздігі | Асқынған жүрек жеткіліксіздігі немесе бақыланбайтын созылмалы жүрек жеткіліксіздігі | Егер жүрек жеткіліксіздігі бақыланатын болса және жағдайы қалыпты болса | Егер 50 метр жүре алатын болса немесе қалыпты қарқынмен сатымен жоғары демікпестен көтерілетін болса қалыпты бақылау. Олай болмаған жағдайда ұшу уақытында оттегі қажет. | |||
Өкпе ісінуі | Рұқсат етілмеген | Рұқсат етілген өкпе ісінуі немесе кез келген қоздыратын фактор | Миокард инфаркты кезінде тактика сақтау талап етілуі мүмкін | |||
Туа біткен жүрек кемістігі | Барлық жағдайлар | Ұшу кезінде барлық жағдайларда оттегі қажет | ||||
Жүрекке жасалған оталар | Жүрекке ота 9 күн және ҚТАТ және жүрек құлақшасына хириугиялық араласу кезінде үшін одан аз күн. ЖААК, ЖҚАК, трансплантация бойынша жақында жасалған оталар және басқалары | 10 күн және одан артық |
ЖААК – жүрекше алды аралығындағы кемістік | |||
Ангиография/коронарография | 24 сағат және одан аз | Жағдайы қалыпты болса, 24 сағат және одан артық | ||||
Стенталы және стентасыз ангиопластика | 2 күн және одан аз | Симптомсыз болса, онда 3 күн және одан артық | ||||
Пейсмекер немесе дефибриллятор имплантациясы | Пневмоторакс болмаса және жүрек соғысы қалыпты болса, онда 2 күн және одан артық | |||||
Радиожиілікті абляция | 2 күн және одан артық | Пациент апта бойы ұшады және терең күретамырларда қанның ұю қаупі жоғары | ||||
Аяқ көктамырларының тереңде ұйып қалуы | Егер ағымы белсенді болса | Симптомсыз өтіп жатса | Ішетін антикоагулянттармен жағдайы тұрақты | |||
Өкпе эмболиясы | Егер жағдай 4 және одан да аз күн ішінде болған болса | Егер антикоагуляция тұрақты болса, 5 және одан да артық күн, PAO 2 бөлме жағдайларында қалыпты | Ха факторының жаңа тура ингибиторы-мен жарамды бола алады | |||
Қантүзілімінің бұзылуы | ||||||
Анемия | Созылмалы аурулар болмаса, гемоглобиннің деңгейі 9,5 г/дл (5,9 ммоль/л) аз | Гемоглобиннің деңгейі 9,5 г/дл (5,9 ммоль/л) артық |
Егер асқынған анемия болса, гемоглобиннің деңгейін соңғы тоқтатылған қан жоғалтудан кейін | |||
Орақ-жасушалы анемия (Sickle cell disease) | Орақ-жасушалы анемия эритроциттерініңалдыңғы 9 күндегі өнімділігі | 10 және одан да артық күн | Әрдайым оттегімен қолдап отыру керек | |||
Тыныс алу жүйесінің аурулары | ||||||
Пневмоторакс (үшкір қарудан болған жараға байланысты өкпе айналасындағы ауа немесе күтпеген пневмоторакс) | Толық инфляциядан (ауа толтырылғаннан) кейін 6 және одан да аз күн. Жағдайы адекватты болса, онда жарамды, "Heimlich" үлгісінің дренажымен ерте тасымалдау және дәрігердің немесе мейіргердің еріп жүруі | Толық инфляциядан (ауа толтырылғаннан) кейін 7 және одан да артық күн. Жарақат пневмоторакста толық инфляциядан (ауа толтырылғаннан) кейін 14 күн | ||||
Кеуде қуысына хирургиялық араласулар | 10 және одан да аз күн | Асқынбай қалпына келген жағдайда 11 және одан артық күн | мысалы, лобэктомия, плеврэктомия, ашық өкпе биопсиясы | |||
Пневмония | Симптомдары бар | Толық рұқсат берілген немесе егер рентгендік белгілер өтпесе, симптомдар болмаса | ||||
Туберкулез | Емделмеген немесе емдеудің алғашқы 2 аптасы | Ең аз дегенде екі апта тиісті ем алғаннан кейін және симптомдарсыз | ||||
ХОБЛ, эмфизема, фибриозы фиброзы, өкпеқап сарысуы (өкпе қуысындағы сұйықтық) және гемоторакс (өкпе қуысындағы қан) және т.б. |
Жерде оттегі қажет. | Жаттығуларға (жаяу) шыдамды >50 метрді демікпестен жүріп өту және жалпы жай-күйі адекватты. Жақында асқыну болған болса, онда толық қалпына келу. Қазіргі уақытта инфекция жоқ. | ||||
Іріңді фиброз | Жерде 1 минутта < 50% ауа үрлеу | Қазіргі уақытта инфекция жоқ. | ||||
Астма | Қазіргі уақытта ауруға тән белгілер мен инфекция жоқ. | |||||
Обыр | Белсенді емделуден кейін (радио және химия). өкпеқап сарысуы. Жерде демігу | Белгілері жоқ. Үлкен гемоптаз – қарсы көрсетім болып табылады | ||||
Бронхоэктаз | Жерде гипоксемияның болуы | Қазіргі уақытта инфекция жоқ | ||||
Жүйке бұлшық еттерінің ауруы | Өкпеден тыс күшті шектеулер. Үй жағдайындағы желдету қажет | |||||
Артериа-веналық өкпе мальформациясы | Егер ауыр гипоксемия болса (Жердегі оттегі сатурациясы < 80%) | |||||
Орталық нерв жүйесінің аурулары | ||||||
Транзиторлық ишемиялық шабуыл | 2 және одан да аз күн | 2 күннен кейін өзінің бақылауынан кейін | ||||
Инсульт | 4 және одан да аз күн | Жағдайы қалыпты болса, 5-14 күн немесе жазылып келе жатса, орта медициналық персоналдың еріп жүруімен. Жолаушы инсульт алғаннан кейін алғашқы екі аптада оттегінің сүйемелдеуімен сапарға шығады. | Егер қалпына келу ешбір қиындықсыз, орта медициналық персоналдың сүйемелдеуі талап етілмесе | |||
Үлкен талма (Grand Mal) | 24 және одан да аз сағат | Жалпы жай-күйі жақсы бақыланса, онда 24 және одан да артық сағат | ||||
Бас сүйек ішіне араласулар | 9 және одан да аз күн | 10 және одан да артық күн адекватты жалпы жағдай | ||||
Асқазан-ішек аурулары | ||||||
Асқазан-ішек жолынан қан кету | Қан кеткеннен кейін 24 және одан да аз сағат | 10 және одан да артық күн | Эндоскопиялық немесе басқа да әдістермен қанның тоқтағандығы анықталса, онда 1-9 күннен кейін рұқсат етуге болады (мысалы, гемоглобин нің деңгейі көтерілсе және қан кету тоқтаса) | |||
Құрсақ қуысына үлкен хирургиялық араласулар | 9 және одан да аз күн | Асқынусыз қалпына келсе, онда 10 және одан да артық күн | мысалы, ішектердің резекциясы, ашық гистерэкто-мия, бүйректерге араласулар және т.б. | |||
Аппендэктомия | 4 және одан да аз күн | Асқынусыз қалпына келсе, онда 5 және одан да артық күн | ||||
Лапароскопиялық хирургия (Keyhole) | 4 және одан да аз күн | Асқынусыз қалпына келсе, онда 5 және одан да артық күн | мысалы, холецистэкто-мия (өт қабын алып тастау), жатыр түтігіне араласу | |||
Диагностикалық лапароскопия | 24 және одан да аз күн | Егер газ тараса, онда 24 және одан да артық сағат | ||||
ЛОР аурулары | ||||||
Ортаңғы құлақтың қабынуы және синуситтер | Асқынған ауру және Евстахиев түтігінің функциясынан айырылу | Құлағын тазартатын халде болса | ||||
Ортаңғы құлаққа хирургиялық араласулар | 9 және одан да аз күн | ЛОР мүшелеріне жүргізілген ем туралы медициналық қорытындымен 10 және одан да артық күн | Мысалы, стапедэктомия | |||
Тонзилэктомия | 10 және одан да аз күн | |||||
Төменгі жақ сүйектерді сыммен бекіту | Еріп жүретін адамсыз | Еріп жүретін адаммен (+ кескіштер) немесе сымды өзі алып тастау | ||||
Психиатриялық аурулар | ||||||
Асқынған психоз | 30 күн ішіндегі эпизодтар (мысалы, шизофрения немесе дәрілік заттардан болған мания) | Бұл қауіпсіздікті ойлау бойынша | ||||
Психикалық созылмалы бұзылулар | Ұшу кезінде нашарлап кету тәуекелі болса | Егер дәрілермен бақыланатын және жағдайы қалыпты болса (мысалы, қоғамда өмір сүру және өзінің барлық мұқтаждықтарын орындай алса, оның дәрілерді іше алса) | ||||
Көз аурулары | ||||||
Көздің ойық жарасы | 6 және одан да аз күн | 7 және одан да артық күн | ||||
Көз ішіне араласулар | 6 және одан да аз күн | 7 және одан да артық күн | SF6 инъекциясы үшін кемінде 2 апта және C3F8 инъекциясы үшін кемінде 6 апта; | |||
Шелді алып тастауға қатысты хирургиялық араласулар | 24 және одан да аз сағат | 24 және одан да артық сағат | ||||
Көздің мүйізгек қабығына лазерлік хирургия | 24 және одан да аз сағат | 24 және одан да артық сағат | ||||
Жүктілік | ||||||
Бір нәрестеге жүктілік, бірақ асқынбаған | туу күн шамамен есептегенде 36 аптаның соңына дейін – (EDD) | |||||
Көп нәрестеге жүктілік, бірақ асқанбаған | туу күн шамамен есептегенде 32 аптаның соңына дейін – (EDD) | |||||
Күрделі жүктілік | Дәрігердің рұқсаты бойынша жеке негіздерде | |||||
Түсік тастау | Қарқынды қан кету | Жағдайы қалыпты болғаннан кейін, кемінде 24 сағат бойы қан кету мен ауырудың болмауы | ||||
Жаңа туған нәрестелер | ||||||
Жаңа туылу | 48 сағаттан кем сағатқа инкубатор астында +/-ажелдету жағдайлары |
Дені сау балалар 7 күн ішінде | ||||
Жарақат | ||||||
Толық гипстеу (ұзақтығы 2 сағаттан артық) | Гипсті таңғыш жармалы лонгета болмаса, онда жарақат алғаннан кейін кемінде 48 сағаттан соң | 48 және одан да артық сағат | Сан/жамбас индексі үшін анемия ережелерін сақтау, мысалы гемоглобин 9,5 г/дл (5,9 ммоль/л) | |||
Күйік | Егер осы уақытқа дейін есеңгіреп тұрса немесе инфекция кең таралған болса | Егер жалпы жағдайы тұрақты болса | ||||
Жасанды желдету | Аурудың қауіпті жағдайы, авиакомпания, медициналық ұйым дәрігерімен егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін қолайлы болуы мүмкін | Тек қана ауаны желдету арқылы, ұзақ мерзімді тұрақты жағдай | ||||
Әр түрлі аурулар | ||||||
Берілетін жұқпалы аурулар | Аурудың жұқпалы сатысында | |||||
Омыртқаға араласу | Араласудан кейін 7 күн ішінде | 7 күннен кейін | Жолаушылар ұшу және қону аралығында тіке отыра алады, ұшуға байланысты күтпеген жерден болатын турбуленттілік пен дірілге шыдайды төтенше жағдайлардағы құтқару жилетін киюдің алдын алатын Halo жақшасы сияқты жақшалар | |||
Терминалдық сатыдағы аурулар (егер ұшу болжам қолайсыз болса) | Жеке бағалау | |||||
Декомпрессия ауруы | Емделмеген немесе белгілері бар |
кессон ауруын емдеуден кейін |
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 3-қосымша |
Зардап шеккендерді сәйкестендіру карточкасы Медициналық эмблеманың үстінде таспалы шағын тесік бар
Сол жақ бұрышы САРЫ ТҮСТІ және көрсетілген сызық бойы тесілген. |
Оң жақ бұрышы САРЫ ТҮСТІ және көрсетілген сызық бойы тесілген |
Зардап шегушіні сәйкестендіру карточкасының беттік жағы
Жалғасы
Карточканың жыртпалы бөліктерінің сипаттамасы зардап шегушіні сәйкестендіру карточкасының беттік жағындағы суретте берілген |
|
Зардап шегуші карточкасының сырт жағы
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері, әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары жиынтықтарының құрамы, борттық жиынтықтардың әуе кемесі бортындағы орналасуы
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Әуе кемесі бортындағы борттық дәрі-дәрмек қобдишалары мен дефибриллятор жиынтықтарының саны және түрлері
Жолаушылар креслоларының саны | Борттық жиынтықтардың түрлері | Дефибриллятор | ||
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы (дана)/ First aid kit | Медициналық көмек жиынтығы (дана)/ Medical kit | Әмбебап профилактикалық жиынтық (дана)/Universal precaution kit | Автоматттық сыртқы дебриллятор | |
Кабиналық экипаж мүшелерімен немесе кабиналық экипаж мүшелерінсіз | Кабиналық экипаж мүшелерімен және ұзақтығы екі сағаттан астам ұшқанда | Кабиналық экипаж мүшелерімен |
Кабиналық экипаж мүшелерімен және ұзақтығы | |
0-10 | 1* | - | - | Пайдаланушының қалауы бойынша ұшу қауіпсіздігі мен ұшу орнына қауіп төндіретін жағдайларды талдауды есепке ала отырып |
10-100 | 1 | - | 1 | |
101-200 | 2 | Пайдаланушының қарауы бойынша 1 артық | 1 | |
201-300 | 3 | 2 | ||
301-400 | 4 | Әрі қарай Пайдаланушының қарауы бойынша | ||
401-500 | 5 | |||
>500 | 6 |
*- жолаушыларды тасымалдаумен айналыспайтын әуе кемелері үшін.
2. Әуе кемесі бортындағы борттық дәр дәрмек қобдишалары жиынтықтарының құрамы
1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы мына дәрі-дәрмектен жинақталады:
антисептикалық тығындар (10 данадан тұратын қаптама)
лейкопластырь таңғыштар (лейкопластырь кесінділері)
өлшемі 7,5 см Х4,5 м дәке бинт
қауіпсіз түйреуіштері бар үшкіл таңғыш
өлшемі 10Х10 см күйікке қарсы таңғыш
өлшемі 7,4Х12 см компресс тартуға арналған зарарсыздандырылған таңғыш
өлшемі 10,4Х10,4 см зарарсыздандырылған дәке таңғыш
ені 2,5 см (орам) жабысқақ таспа
зарарсыздандырылған жабысқақ кесінділер (немесе ұқсас жабысқақ кесінділер )
қолға арналған тазартқыш құралдар және залалсыздандыратын сулықтар
қалқаншасы бар төсемшелер немесе көзге арналған таспа
өлшемі 10 см мұқал басты қайшылар
өлшемі 1,2 смХ4,6 м хирургиялық жабысқақ таспа
жарықшақтарды алуға арналған пинцеттер
бір рет пайдаланылатын қолғаптар (жұп)
термометрлер (сынабы жоқ)
жасанды тыныс алуға арналған кері қақпақшасы бар реанимациялық маска
дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық (ағымдағы басылым)
медициналық көмек көрсету бланкісі 10 дана
ауруды әлсіз/орташа әсер ету арқылы басатын дәрі
құсуға қарсы дәрі
мұрынның бітелуіне қарсы дәрі
антацидті (қышқылға қарсы) дәрі
антигистамин дәрісі
диареяға қарсы дәрі
2. Әмбебап профилактикалық жиынтық мыналардын жинақталады:
азғана төгілген сұйықтықтың мөлшерін түйіршік гельге айналдыратын құрғақ ұнтақ
беткі қабаттарды тазартуға арналған бактерецидті залалсыздандырушы дәрі
теріні тазартуға арналған сулықтар
бетке/көзге арналған маскалар (жеке немесе құрамдастырылған)
қолғаптар (бір рет пайдаланатын)
қорғану алжапқышы
үлкен сіңіргіш сүлгі
қырғышы бар алу қасығы
биологиялық қауіпті қалдықтарға арналған қап
әмбебап профлактикалық жиынтықты қолдану жөніндегі ұсыным
Әуе кемесінің бортында жұқпалы немесе паразиттік ауру жұқтырған науқас анықталған жағдайдағы ұшу және кабина экипажының алгоритмі
медициналық көмек көрсету бланкісі 5 дана.
Қобди 2* былай жинақталады:
аэрозоль баллондардағы инсектицид
маска респираторы (инсектицидке берілген нұсқаулыққа сәйкес)
бір рет пайдаланатын медициналық резеңке бас киім - 1 дана
қорғану көзілдірігі - 1 дана
инсектицидті қолдану жөніндегі нұсқаулық
*- тропикалық климатты елдерге және бортта дезинсекция рәсімдерін жүргізуді талап ететін елдерге рейстерді орындау кезінде бортта қолданылады.
3. Медициналық құралдар жиынтығы:
ішіндегілердің тізбесі
медициналық көмек көрсету бланкісі 5 дана
стетоскоп
сфигмоманометр
ауыз-жұтқыншақпен тыныс алу түтікшелері (3 өлшем)
шприцтер (тиісті өлшемдерде)
инелер (тиісті өлшемдерде)
ішке құюға арналған катетерлер (тиісті өлшемдерде)
антисептикалық сулықтар
қолғаптар (бір рет пайдаланатын)
қолданылған инелерге арналған жәшік
несеп шығаратын катетер
ішке құю жүйесі
күретамырдың қанын тоқтатуға арналған бұрау
дәке тығын
жабысқақ таспа
хирургиялық маска
шұғыл көмек көрсетуге арналған кеңірдек катетері (немесе күретамырдың ішіне салынатын үлкен диаметрі канюля)
кіндікке арналған қысқыш
босандыруға арналған жиынтық
термометр (сынабы жоқ)
реанимациялық қызметтің негізгі карталары
қақпақшасы бар маска
электрлік қалта шам және батареялар
адреналин 1:1000
антигистамин (енгізетін)
глюкоза 50% (немесе оның баламасы) (енгізетін: 50 мл)
нитроглицерин (таблетка түрінде немесе аэрозоль қаптамада)
ауру басатын негізгі дәрілер
тыныштандыратын антиконвульсанттар (енгізетін)
құсуға қарсы дәрілер (енгізетін)
бронхты инъекциялық кеңейткіш
атропин (енгізетін)
адренокортикалды стероид (енгізетін)
несеп айдайтын дәрі (енгізетін)
босануға қарсы қан кетумен күресетін дәрі
хлорлы натрий 0,9% (минимум 250 мл)
ацетилсалицил қышқылы (ауыз арқылы қабылдайтын аспирин)
ауыз арқылы бета-блокатор.
3. Борттық жиынтықтардың әуе кемесі бортындағы орналасуы
1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек, медициналық көмек жиынтықтары және әмбебап профилактикалық жиынтық жолаушылар кабинасында бортсеріктерге оңай қолжетімді жерлерге бірқалыпты қойылады. Әрбір жиынтық сенімді қаптамада, пломбаланған түрде сақталады.
2. Рейсті орындау кезінде барлық борттық дәрі қобдишалары пломбаланған түрде сақталады, рейсте оларды ашқан жағдайда, рейс аяқталғаннан кейін, әуе кемесі тұрақта тұрған уақытта, оларға пломба салу керек, ол үшін дәрі қобдишалары қосымша пломбалармен жасақталады.
3. Әуе кемесінің бортында борттық дәрі қобдишалары сақталатын орындар (жүк сөрелері/авариялық-құтқару жабдығының бөліктері) таңбаланады. Жүк сөрелеріндегі таңбалардың өлшемдері мен нысандары Ұшақ түріне техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықта берілген. Борттық дәрі қобдишалары төмендегі таңбаламаларға сәйкес таңбаланады:
Борттық қобдишаның атауы | Белгілеу атауы | Белгілеу түрі |
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек жиынтығы | "+" жасыл түсті белгісі | |
Медициналық көмек жиынтығы | "+" қызыл түсті белгісі | |
Әмбебап профилактикалық жиынтығы | биологиялық қауіптілік белгісі |
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Борттық дәрі қобдишаларының медициналық және өзге құралдарын жарақтау,
сақтау және жою бойынша басшылық нұсқау
1. Борттық дәрі қобдишалары Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген емдік дәрі-дәрмектермен, екінші (тұтынушылық) қаптамасындағы емдік дәрі-дәрмекті пайдалану бойынша нұсқаулығы алынбастан жинақталуға тиіс.
2. Емдік дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың және басқа да құралдардың жарамдылық мерзімі өткеннен кейін немесе олар пайдаланылған жағдайда борттық дәрі қобдишаларының жиынтықтары толықтырылу қажет.
3. Қанмен және (немесе) басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған медициналық бұйымдарды және басқа да құралдарды қолдануға, оның ішінде қайтадан қолдануға рұқсат етілмейді.
4. Емдік дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 262 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11191 тіркелген) бекітілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық тахниканы сақтау және тасымалдау қағидаларына сәйкес сақталады.
5. Көмек көрсету кезінде жиналған қалдықтарды жинау және кәдеге жарату үшін "биологиялық қалдықтарға арналған" қысқышы бар полиэтилен қапшықтар қолданылады.
6. Борттық дәрі қобдишаларын жинақтауды ұйымдастыруды және оларды жинақтауды бақылауды, оның ішінде оларды бақылаудың жарамдылық мерзімдерін бақылауды авиакомпанияның медициналық қызметі немесе медициналық қызметкерлері (болған жағдайда), не болмаса, медициналық ұйыммен шарт бойынша жүзеге асырады.
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 6-қосымша |
"Әуе кемесінің бортындағы жолаушыда оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін
жай-күйдің немесе аурудың пайда болуына" әрекет ету алгоритмі
Ескерту. 6-қосымша алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 7-қосымша Нысан |
Әуе кемесінің бортында медициналық көмек көрсету бланкісі
COMPLETED FORM TO BE RETURNED TO : Ф.И.О. ЗАПОЛНЯЕМОГО: ТОЛТЫРҒАН АДАМНЫҢ АТЫ-ЖӨНІ: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
DATE: |
FLIGHT №: |
FROM: |
TO : | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
PASSENGERDETAILS/ ИНФОРМАЦИЯ ПАССАЖИРА/ ЖОЛАУШЫ АҚПАРАТЫ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
NAME: |
Seat №: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
HOME ADDRESS: |
Age: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
SYMPTOMSANDSIGNS(circleappropriate) / СИМПТОМЫИПРИЗНАКИ /СИМПТОМДАРЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Pain: |
Site: |
Character: |
Mild /Moderate / Severe | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Severity: |
Sharp / Cramping / Aching / Throbbing |
Pattern: |
Constant /Variable | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
BLEEDING |
Site: |
Severity: |
Sharp / Cramping / Aching / Throbbing | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Nausea: |
Vomiting: |
Diarrhea: |
Cough: |
Breathless or wheezy: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Faint: |
Pale: |
Blue: |
Flushed: |
Clammy/sweating: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Hot/ Feverish : |
Cold: |
Dizzy: |
Weakness: |
Fit/convulsion: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Anxious: |
Confused: |
Aggressive: |
Intoxicated: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Rash / spots: |
Where: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Other/ specify : | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Observations: |
Pulse: |
Bloodpressure:mm/Hg | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Temperature: |
Respiration: /minutes | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Other symptoms: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
CABINCREWACTIONS(circleorcompleteasindicated) / ДЕЙСТВИЯБОРТПРОВОДНИКОВ (по кругу или по порядку)/ БОРТСЕРІКТЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ (қайта айналып немесе ретімен) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Oxygengiven? |
YES | / |
NO |
If yes, did condition improve? |
YES | / |
NO | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Medication given?( specify) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Was own medication or from other passenger used?(specify) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Defibrillatorused? |
YES | / |
NO |
If yes, were any shocks administered? |
YES | / |
NO | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Otheronboardmedicalequipmentused (specify) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Defibrillator used? |
YES | / |
NO |
If yes, were any shocks administered? |
YES | / |
NO | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
WasCPRperformed? |
PulseRestored? |
Respiration restored? |
Consciousness regained? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
YES | / |
NO |
YES | / |
NO |
YES | / |
NO |
YES | / |
NO | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Assistance of on-board Doctor or Health Professional: |
Successful |
Unsuccessful | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Contacts details of Doctor or Health Professional: |
Name |
Phone | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Аddress: |
OUTCOME /.Результат / | ||||||||||||||||||||
Diversion |
Patient recovered before landing |
Patient walked off aided/unaided | ||||||||||||||||||
Patient left aircraft by wheelchair |
Patient left aircraft by stretcher |
Patient died on aircraft | ||||||||||||||||||
TREATMENT / ЛЕЧЕНИЕ | ||||||||||||||||||||
NONE |
First aid |
Ground medical |
Hospital | |||||||||||||||||
CREW: | ||||||||||||||||||||
Fit to operate |
Fit to fly as passenger |
Remained in hotel /hospital | ||||||||||||||||||
TRANSFER OF CARE TO GROUND MEDICAL SERVICE/ ИНФОРМАЦИЯ О МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ МЕДИЦИНСКИМ РАБОТНИКАМ/ МЕД.ИЦИНАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫЛАРҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНІНДЕГІ МӘЛІМЕТ: | ||||||||||||||||||||
Name of Casualty: |
Date and time of onset: | |||||||||||||||||||
Brief Details of Incident: | ||||||||||||||||||||
Oxygengiven? |
YES | / |
NO |
If yes, did condition improve? |
YES | / |
NO | |||||||||||||
MEDICATION ADMINISTERED: | ||||||||||||||||||||
Anyothertreatmentgiven: | ||||||||||||||||||||
Crew member name (CAPITAN): |
Signature |
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 8-қосымша |
Әуе кемесінің бортында жұқпалы немесе паразиттік ауру жұқтырған науқас анықталған жағдайдағы ұшу және кабина экипажының алгоритмі
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.12.2018 № 958 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әуе кемесінің бортындағы жұқпалы немесе паразиттік аурулардан зардап шегуі мүмкін адамдарға, әсіресе, оларда тұмауға ұқсас белгілер мен симптомдар болса, ерекше көңіл бөлінеді.
1. Жұқпалы немесе паразиттік аурулардың белгілері бар жолаушы анықталған кездегі кабиналық экипаждың іс-әрекетінің тәртібі:
1) әуе кемесінің командиріне хабарлау;
2) егер медициналық мамандардың қолдауы жерден берілетін болса, онда жердегі қолдау қызметімен хабарласып, туындаған жағдай туралы ақпарат беру;
3) егер медициналық қолдау жерден берілетін болса, не ӘК бортында медициналық қызметкер бар болса, экипаж мүшелері, қажет болған жағдайда, олардың медициналық ұсынымдарын орындайды;
4) егер медициналық қызметкерлердің қолдау жоқ болса:
науқас жолаушыны оқшауланған орынға, егер ондай орын бар болса ауыстырады. Науқас жолаушыны ауыстырғаннан кейін, басқа жолаушылар пайдаланбас үшін, межелі пунктте залалсыздандыру бригадасы келгенге дейін науқастың орны оқшауланады;
науқас жолаушыға қарау үшін, мүмкіндігінше, сол жолаушымен сөйлескен кабиналық экипаж мүшесінің бір адамын бөлу керек. Аса мұқият күтім қажет болған жағдайда экипаждың бір мүшесінен артық адам қажет болуы мүмкін;
мүмкіндік болса, тек науқас жолаушы ғана пайдаланатын жеке дәретхана бөлу керек. Егер ол мүмкін болмаса, әдетте адамдардың қолы тиетін дәретхана ішінің үстіңгі беттері (су краны, есік тұтқалары, қоқыс багының қақпағы, унитаз қақпағы және т. б.) науқас жолаушы дәретханаға әрбір барғаннан кейін тазалануы және дезинфекциялануы тиіс;
5) егер науқас жолаушы жөтелетін болса, одан тыныс алуға байланысты гигиена ережелерін сақтау сұралады: оны майлық/сүлгімен қамтамасыз етіп және оларды сөйлескенде, түшкіргенде немесе жөтелгенде ауызды және мұрынды жабу үшін пайдаланатындығы жөнінде нұсқама беріледі;
науқас жолаушыға тиісті қол гигиенасын сақтау ұсынылады. Егер қолында көрінетін кір болса, оларды сабындап сумен жуу керек майлық/сүлгіні қауіпсіз жою үшін гигиеналық пакет беру керек.
6) науқас жолаушыдан (хирургиялық және процедуралық) маска киіп жүретін жағдайда болса, оны киіп жүруін өтіну қажет. Пайдаланылған маска дымқылданған/ылғалданған бойда оны бірден жаңасына ауыстыру керек. Масканы ұстағаннан кейін (мысалы, оны лақтырып тастау үшін) қолды дереу мұқият жуу қажет. Бір рет пайдаланатын маскалар қайта пайдаланылмайды және пайдаланылғаннан кейін қауіпсіз жойылады;
7) егер жолаушыларға қызмет көрсетумен айналысатын экипаж мүшелеріне организм сұйықтықтарымен тікелей байланысу қаупі болатын болса, онда бір рет пайдаланатын қолғаптарды қолданады. Қолғап тиісті қол гигиенасын ауыстыра алмайды. Қолғапты абайлап шешіп, қауіпсіз жою керек. Қолғапты шешкеннен кейін қолды сабындап сумен жуып, құрамында спирт бар қолға арналған залалсыздандыру құралымен сүрту керек;
8) егер науқас жолаушы маска кие алмаса, науқасқа күтім жасау үшін бөлінген бортсерік немесе науқаспен тығыз байланыста болатын (кемінде 1 м) жолаушы медициналық (хирургиялық немесе процедуралық) масканы пайдаланады. Ауру жұқтыру (мысалы, бетті жиі ұстау немесе масканы түзету және шешу кезінде) қаупін шектеу үшін авиакомпания бортсеріктерге масканы пайдалану жөнінде оқытулар ұйымдастырады;
9) ластанған заттар (пайдаланылған орамалдар, бір рет пайдаланатын маскалар, оттегімен демалу маскасы мен түтіктер, киім-кешек, көрпелер, жастықтар, жеке пакеттегі заттар және т. б.) қысқышы және "Биологиялық қауіптілік" деген құлақшасы бар пакетке салынады. Ол болмаған кезде жабылатын пластикалық пакет пайдаланылады және оған "Биологиялық қауіптілік" құлақшасы ілінеді;
10) ертіп жүретін адамдардан (әйелінен, балаларынан, достарынан және т. б.) оларда аурудың қандай да бір ұқсас белгілерінің бар-жоқтығы сұралады;
11) келу елінің денсаулық сақтау органдары немесе жерден медициналық қолдау қызметі өзгені белгілемесе, онда науқас жолаушымен бір қатарда, оның алдындағы екі қатарда және оның артындағы екі қатарда (жалпы алғанда бес қатарда) отырған барлық жолаушыларға жеке деректерін енгізу арқылы денсаулық сақтау мақсатында жолаушының орналасқан жері туралы ақпарат картасын толтыру қағидалары жөнінде ақпарат беріледі;
12) межелі әуежайға келгеннен кейін науқас жолаушының қол жүгі әуе кемесінен жолаушымен бірге шығарылғанына көз жеткізу қажет.
2. Әуе кемесінің командирі ұшу уақытында әуе кемесінің бортындағы жолаушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті төтенше шараларды қолдану туралы шешімдерді қабылдауға уәкілетті.
3. Жұқпалы аурудың белгілері бар науқастың анықталуына байланысты оқиғаны әуе кемесінің бас декларациясының медициналық-санитариялық бөліміне жазу қажет.
4. Әуе кемесінің командирі кабиналық экипаждан әуе кемесінің бортында жұқпалы және паразиттік табиғатты аурулардың бар екендігін растайтын кез келген жағдайлар немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп бар екендігі туралы ақпарат алғаннан кейін, авиадиспетчерлік қызметке хабарлайды.
5. Әуе кемесінің бортында жұқпалы және паразиттік ауруларға күдік тудыратын жағдайлар немесе адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін басқа да қауіп бар екендігі анықталған кейін жолда келе жатқан әуе кемесінің ұшу экипажы ұшқыш байланысып отырған әуе қозғалысын басқару қызметінің бөліміне төменде көрсетілген деректерді береді:
әуе кемесінің тіркеу нөмірі;
ұшып шыққан әуежайы;
ұшып келетін әуежайы;
ұшып келудің есептік уақыты;
борттағы адамдар саны;
әуе кемесінің бортындағы ауруға күдікті адамдар саны;
егер ол белгілі болса, қоғамдық денсаулық үшін қауіптің табиғаты.
Азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларына 9- қосымша |
Әмбебап профилактикалық жиынтықты қолдану жөніндегі ұсыным
Дезинфекциялау рәсімі:
1. Қорғану қолғаптарын киіңіз.
2. Егер шашырау қаупі болса, онда көзге арналған қорғанышты (қорғану көзілдірігін) пайдаланыңыз.
3. Биологиялық қалдықтар үшін қап дайындаңыз және оны төгілген жердің қасына қойыңыз. Егер биологиялық қалдықтарға арналған қап жоқ болса, онда кәдімгі қапты "Биологиялық қалдықтар үшін" деген жазумен таңбалаңыз.
4. Күдікті науқастың (науқастардың) креслосының, сол қатардағы (қатарындағы), іргелес қатардағы (қатарындағы) аралас-креслоның беттерін және басқа да аймақтарды тазалаңыз, содан кейін:
1) креслоның айналасын:
шынтақ қойғыштарды;
орындықтардың арқаларын (пластмасса және/немесе металл бөліктерін);
қайырмалы үстелдерді;
қауіпсіздік белдігінің тоғаларын;
жарықты және желдетуді басқару құралын, бортсерікті шақыру түймесі мен жоғарғы бөліктің тұтқасын;
жанындағы қабырға мен терезелерді;
жеке видеомониторды;
2) дәретханаларды:
науқас жолаушы пайдаланған жабдықтарды:
есіктің тұтқасын;
есіктің құлпын;
дәретхана отырғышын;
кранды;
шұңғылшаны;
жанындағы қабырғалар мен бағандарды залалсындандырыңыз.
5. Лас жерлерді тазалаңыз (қатты бөлшектерді алып тастаңыз немесе сұйықтық сіңдіріп алыңыз).
Дезинфектантты (Хлоргексидин ерітіндісі) жағыңыз.
Орын суланған уақытта оны сіңіргіш сүлгімен тазалап, оларды қапқа лақтырып тастаңыз.
6. Үстіңгі беттер мен дезинфектант арасындағы байланыс уақыты микроорганизмдерді жою үшін жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз.
Барлық сақтық шараларын көрсетілгендей орындаңыз (мысалы, дәретханалар сияқты жабық үй-жайларда тиісті желдетуді қамтамасыз етіңіз, аэрозольдің кездейсоқ шашырауынан аулақ болыңыз).
7. Егер қолғап бүлініп қалса, онда оны ауыстырыңыз.
8. Кілем жабының барлық тиген бөлігін алып тастаңыз.
9. Бетін сумен жуып, кептіріңіз. Сүлгіні бүктеп қапқа салыңыз.
10. Қолғаптарды шешіп, оларды қапқа салыңыз.
11. Пайдаланылған қапты байлап, тиісті дәрежеде тасымалдануын және кәдеге жаратылуын қамтамасыз етіңіз.
12. Тазалау және дезинфекциялауды аяқтап, қолғапты шешкеннен кейін қолды сабындап жуыңыз немесе сулықпен сүртіңіз. Қолғаппен немесе жуылмаған қолмен бетті ұстаудан сақ болыңыз.
13. Тазалау үшін сығылған ауаны және/немесе қысым астындағы суды, сондай-ақ, аэрозоль сияқты инфекциялық материалды шашыратуы немесе таратуы мүмкін әдістерді пайдаланбаңыз. Шаңсорғыштарды тек дұрыс жүргізілген дезинфекциядан кейін пайдалануға болады.
14. Ауа салқындату жүйесінің жұмысы да инфекциялық материалдың таратылуына кедергі жасайды (кем дегенде күдікті жолаушыны түсіргенге дейін немесе түсіру процесі аяқталғанша). Олай болмаған жағдайда желдетуді жердегі көзден қамтамасыз ету керек.