Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 50 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 маусымда № 15274 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А.Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы, Тізбенің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      Министр ______________ Д. Абаев

      2017 жылғы "_"________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Министр ______ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "_"________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 50 қаулысына
қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9324 тіркелген, 2014 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру, оларды тоқтата тұру және олардан айыру қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14784 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 305 қаулысымен бекітілген Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру қағидаларына және келісім алу үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес басшы қызметкерлерді келісу үшін ұсынылатын құжаттар;";

      1-қосымшаның "Өтініш" нысаны осы Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

  "Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
2-қосымша";

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

  "Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
3-қосымша";

      4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

  "Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
4-қосымша";

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

  "Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
5-қосымша
  Нысан";

      6-қосымшаның "Өтініш" нысаны Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тіркелген тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) немесе бағалы қағаздарды ұстаушының атауы, клиенттің резиденттік белгілері, жеке тұлғаның азаматтығы туралы мәліметтер, экономика секторы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес) заңды тұлғаның тіркелуін растайтын құжат туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер, жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) (бұдан әрі – БСН), почта және заңды мекенжайлары, банк деректемелері (қажет болған жағдайда бағалы қағаздар бойынша өтелетін сыйақы мен сомаларды аударуға арналған банк деректемелері және бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған банк деректемелері), салық жеңілдіктері туралы мәліметтер және орталық депозитарийге және (немесе) номиналды ұстаушыға қағидалар жинағына немесе номиналды ұстаушының ішкі құжатына сәйкес қосалқы шотты және (немесе) тиісінше жеке шотты ашу үшін қажет болатын басқа да ақпарат);";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Номиналды ұстаушы номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректерді резервтік көшіруін және сақтауын жүзеге асырады.

      Номиналды ұстауды есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректерді резервтік көшіруін номиналды ұстаушы күн сайын жүзеге асырады. Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады.

      Осы тармақ номиналды ұстаушылар болып табылатын екінші деңгейдегі банктерге қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. Басқарушы компаниясы инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айрылған инвестициялық пай қорының номиналды ұстауға берілген пайларын кастодианның сатып алу бойынша операцияны тіркеуін қамтамасыз ету мақсатында және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы өзінің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде мұндай пайларды есепке алуды жүзеге асырған номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиядан айрылған жағдайда, мұндай инвестициялық пай қорының кастодианы бір мезгілде кастодианға хабарлай отырып, пай ұстаушыларға номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде клиентпен жасалған номиналды ұстау туралы шарт шеңберінде ашылған клиенттердің шоттарындағы пайларды есептен шығару туралы бұйрықтарды орталық депозитарийге ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды.

      Пай ұстаушыдан пайларды есептен шығару жөніндегі бұйрықты алған жағдайда, орталық депозитарий Қағидалардың 34-тармағының бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді орындайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаны пай ұстаушыға жіберген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде пайларды есептен шығару туралы бұйрықты не пай ұстаушының орналасқан жерде (тұрғылықты жері бойынша) болмауы туралы хабарламаны алмаған жағдайда, кастодиан:

      орталық депозитарийге пай ұстаушыға бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесінде жеке шот ашуға бұйрықты жібереді;

      орталық депозитарийден пай ұстаушыға бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдердің жүйесінде жеке шотты ашу туралы хабарлама алғаннан кейін орталық депозитарийге орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған номиналды ұстаушының шотынан пай ұстаушыға тіркеуші оларды кейіннен бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдер жүйесінде ашылған жеке шотқа есептеу мақсатында пайларды есептен шығаруға бұйрық жібереді.";

      35-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер номиналды ұстаушы клиентінің жеке шотында мәмілелер жүргізуге шектеулер белгіленген бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемесі бойынша талап ету құқығы) тұрса, онда Қағидалардың осы тармағында көрсетілген іс-әрекеттер салынған мұндай шектеулер туралы мәліметтерді орталық депозитарийге бір мезгілде берумен, оларды мұндай бағалы қағаздар есепке жазылатын жеке шотта міндетті түрде көрсетумен және ол шектеулерді салған адамға ол бойынша салынған шектеулермен мұндай бағалы қағаздарды одан әрі есепке алу жүзеге асырылатын жеке шоттың жаңа деректемелерін көрсетумен жүргізілген операциялар туралы бір мезгілде хабарлай отырып жүзеге асырылады.".

      3. "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 249 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12998 тіркелген, 2016 жылғы 1 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листингтік комиссиясының құрамына қойылатын талаптарда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Осы Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына және қор биржасының листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "3. Листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін құзыретіне осы мәселелерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі - листинг комиссиясы) құрылады.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Листинг комиссиясы тақ саны бар мүшелерден тұрады. Листинг комиссиясы мүшелерінің саны бес адамнан кем болмайды.

      5. Листинг комиссиясының құрамына қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) өкілі кіреді.

      Листинг комиссиясы құрамы мыналардан құралады:

      қор биржасы басқармасының мүшелері;

      қор биржасы директорлар кеңесінің мүшелері;

      "Қазақстанның қаржы ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ өкілдері.

      Листинг комиссиясы мүшелерінің бірі листинг комиссиясының отырыстарына жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қатыспаған жағдайда, қор биржасының директорлар кеңесі оны қайта сайлау туралы шешім қабылдауға құқылы.";

      6, 7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "6. Листинг комиссиясының құрамы қор биржасының директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      7. Директорлар кеңесі листинг комиссиясының төрағасын қор биржасы басқармасының мүшелері және уәкілетті органның өкілдері болып табылатын мүшелерді қоспағанда, листинг комиссиясының мүшелері арасынан сайлайды.

      8. Листинг комиссиясының отырыстары уәкілетті органның өкілін қоса алғанда, листинг комиссиясы мүшелерінің жалпы санынан кем дегенде үштен екісі отырысқа қатысу талабымен қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      Листинг комиссиясының отырысына қажеттілігіне қарай бағалы қағаз эмитентінің және жасалған шартқа сәйкес эмитентке оның бағалы қағаздарын сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымның өкілдері (бұдан әрі - қаржы консультанты) шақырылады.

      9. Листинг комиссиясының шешімі оның қабылдануына листинг комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісі дауыс берсе қабылданады.

      10. Листинг комиссиясы қызметінің тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қадағалау бөлімшесінің қызметкерлері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13333 тіркелген "Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, қор биржасының сараптамалық комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 13 қаулысымен (бұдан әрі - № 13 қаулы) және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарымен бекітілген критерийлерге сәйкес келетін күмәнді мәмілелерді анықтаған болса, күмәнді мәміле туралы есеп дайындайды, онда мыналар қамтылады:

      1) оның негізінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалған мәміле № 13 қаулыға және (немесе) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес күмәнді мәмілелер санына жатқызылған критерийдің сипаттамасы;

      2) күмәнді мәміленің параметрлері және қажет болғанда оның графикалық суреті;

      3) өзара байланысты күмәнді мәмілелер тобының құрамына кіретін күмәнді мәміле үшін мұндай мәмілелердің параметрлері және қажет болғанда осы топтың графикалық суреті;

      4) күмәнді мәміле бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалды деп қорытынды жасауға мүмкіндік беретін мәліметтер;

      5) күмәнді мәмілені жасауға ықтимал себептері немесе бағалы қағазға немесе өзге қаржы құралына нарықтық бағаның өзгеруіне осы мәміленің әсер етуі, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және (немесе) мәміле қатысушыларының кірістері мен шығындарына осы мәміленің әсері келтірілген талдау бөлігі;

      6) есепті жасаған қадағалау бөлімшесі қызметкерінің қойылған қолы;

      7) қадағалау бөлімшесі бастығының қойылған қолы;

      8) қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін қор биржасының басқарма мүшесінің есепті сараптама комитетіне жіберу туралы бұрыштамасы.

      5. Күмәнді мәміле туралы есеп қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде, бірақ осы мәмілені жасаған күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жасалады.".

      4. "Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, қор биржасының сараптамалық комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 13 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 29 ақпанда № 13333 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, қор биржасының сараптамалық комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидаларында, сондай-ақ оның сандық құрамында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мына талаптарға немесе мына талаптардың біреуіне сәйкес келетін, қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер:

      мәміле жасалған күнінің алдындағы соңғы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде, бірақ осы кезеңнің кемінде 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде осы атаудағы бағалы қағаздармен қор биржасының кемінде 7 (жеті) мүшесі тараптары болып табылатын, жиынтық көлемі 35 000 000 (отыз бес миллион) теңгеден кем емес мәмілелер жасалған. Қор биржасының сауда жүйесінде сауда жүйесінің қатысушыларына жеке-жеке әрбір бағалы қағаз бойынша ағымдағы сауда-саттық күнінің алдындағы соңғы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде аталған бағалы қағаз бойынша жасалған мәмілелердің тарабы болып табылған қор биржасы мүшелерінің санын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін баптаулар көзделеді;

      мәміле жасалған сәтте осы бағалы қағаздар осы қор биржасында айналысқа жіберілген неғұрлым өтімді акциялардың бағасы бойынша қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін қор биржасы индексінің өкілдік тізіміне енгізілген.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі Қағидалардың 3-тармағында және қор биржасының ішкі қағидаларында белгіленген ережелерді ескере отырып, Қағидалардың 6-тармағына сәйкес келетін мәмілелерді, сондай-ақ осы мәмілелердің ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп пайымдауға негіздер болатын өзге де мәмілелерді анықтаған жағдайда, осындай мәмілелер туралы есеп қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде, бірақ аталған мәміле жасалған күннен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сараптама комитеті мүшелерінің қарауына тапсырылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Сараптама комитетінің шешімі отырысқа уәкілетті органның өкілін қоса алғанда, оның мүшелерінің кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда, отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік дауысымен қабылданады және сараптама комитетінің қорытындысы түрінде ресімделеді.

      Сараптама комитеті мүшелерінің осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер ретінде қарастыруға қажетті және жеткілікті негіздемелердің болуы мәселесі бойынша дауыс беруден қалыс қалуға құқығы жоқ.

      Қаралатын күмәнді мәміленің тараптары болып табылатын ұйымдарға, бағалы қағаздың немесе қаралатын күмәнді мәміленің мәні болып табылатын бағалы қағаздың базалық активінің эмитентіне қатысты үлестес сараптама комитетінің мүшелері дауыс беруге қатыспайды.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сараптама комитетінің қорытындысына сараптама комитеті төрағасының қолы қойылады және қор биржасы қаралып отырған мәмілелерді күмәнді мәмілелерге жатқызу үшін қажетті және жеткілікті негіздемелердің болуы немесе болмауы мәселесі бойынша сараптама комитеті шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оны уәкілетті органға жібереді.".

      5. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 247 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 248 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. "Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13789 тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған өтiнiш;";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған өтiнiш;";

      25-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) есепті айдың соңындағы (облигациялар толық орналастырылмаған жағдайда) немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күніндегі (облигациялар толық орналастырылған жағдайда) жағдай бойынша қаржылық есептілік;";

      39-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) эмитенттің өтінішіне эмитенттің атқарушы органының басшысы (жеке-дара атқарушы орган) (не оның орнындағы адам) қол қояды;";

      2-қосымшаның "Айналыс мерзiмi 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу және ұлттық сәйкестендiру нөмiрiн беру үшiн сұрату" нысаны Тізбеге 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларында, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облигациялар шығару проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі) қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде 2 (екі) данада және электрондық түрде PDF форматында қазақ және орыс тiлдерiнде 1 (бір) данада жасалады.

      Эмитенттер уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) эмитенттің атқарушы органының басшысы (жеке-дара атқарушы орган) (не оның орнындағы адам) қол қояды және эмитенттің мөр бедерімен расталады (бар болса).";

      11-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әділет органының белгісі бар оған енгізілген барлық өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге жарғының көшірмесі (не жарғыға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі) (эмитенттің атауы және (немесе) оның орналасқан жері өзгерген жағдайда);";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарда:

      4-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп қағаз тасымалдағышта, облигацияларды орналастыру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күні тіркеуші берген облигация ұстаушылардың тізілімінің көшірмесімен қоса берумен 2 (екі) дана қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ электрондық түрде PDF форматында қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) дана етіп жасалады және мынадай ақпараттан тұрады:";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қағаз тасымалдағыштағы Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке эмитенттің атқарушы органының басшысы (жеке-дара атқарушы орган) (не оның орнындағы адам) қол қояды және эмитенттің мөр бедерімен расталады (бар болса).";

      5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржы ұйымдарының (бұдан әрі - халықаралық қаржы ұйымы) тізбесінде көрсетілген Халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп қағаз тасымалдағышта, облигацияларды орналастыру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күні тіркеуші берген облигация ұстаушылардың тізілімінің көшірмесімен қоса берумен 2 (екі) дана қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ электрондық түрде PDF форматында қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) дана етіп жасалады және мынадай ақпараттан тұрады:";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Қағаз тасымалдағыштағы Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепке эмитенттің атқарушы органының басшысы (жеке-дара атқарушы орган) (не оның орнындағы адам) қол қояды және эмитенттің мөр бедерімен расталады (бар болса).";

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) бар эмитенттің есепті айдың соңындағы немесе облигациялар орналастырудың аяқталу күніндегі жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігі болмаған жағдайда, эмитент уәкілетті органға жеке қаржылық есептілікті ұсынады.

      Эмитент ұсынатын жылдық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен шығындар туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен және түсiндiрме жазбадан тұрады.

      Эмитент ұсынатын аралық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, ақша қозғалысы туралы есептен тұрады.".

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасының бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

      уәкілетті органның толық атауы

      ________________________________________________________________________________

      өтініш берушінің толық атауы

Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (бағалы қағаздар нарығындағы қызмет түрлерін (шағын түрін) көрсету)

      жүзеге асыру құқығына лицензия беруді сұраймын. 

      Өтініш беруші туралы мәлімет:

      1. Атауы, орналасқан жері

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (телефон, факс)

      2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе

      куәліктің нөмірі мен күні, бизнес – сәйкестендіру нөмірі:

      ________________________________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің банк шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері, банктік

      сәйкестендіру коды

      ________________________________________________________________________________

      4.Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтардың

      саны:

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді.

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса))

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      (күні және қолы)

      мөр орны (бар болса)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасының бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметті жүзеге асыруға
лицензиялар беру, оларды
тоқтата тұру және олардан
айыру қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

      уәкілетті органның толық атауы

      ________________________________________________________________________________

      өтініш берушінің толық атауы

      Өтініш

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (лицензияның атауын көрсету керек)

      ________________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ байланысты

      (лицензияны қайта ресімдеу себебін көрсету керек)

      __________________________________________ лицензияны қайта ресімдеуді сұраймыз.

      Өтініш беруші туралы мәлімет________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      1. Атауы, орналасқан жері

      ________________________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      (телефон, факс)

      2. Заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы анықтаманың немесе куәліктің нөмірі мен күні,

      бизнес – сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің банк шоты ашылған банктің атауы және орналасқан жері, банктік

      сәйкестендіру коды

      ________________________________________________________________________________

      4. Жіберілетін құжаттар тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтардың саны

      ________________________________________________________________________________

      Өтініш беруші және олардың құрылтайшылары (акционерлері) өтінішке қоса берілген

      құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігіне толық жауап береді.

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш беруге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      (күні және қолы)

      мөр орны (бар болса)

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасының бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 247 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін Қазақстан
Республикасының бағалы
қағаздар нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша
  Мемлекеттік емес облигациялар
шығаруды (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды орналастыру
және өтеу қорытындылары
туралы есептерді
қарау, сондай-ақ облигациялар
шығарылымын жою
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Айналыс мерзiмi 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу және ұлттық сәйкестендiру нөмiрiн беру үшiн сұрату

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға және куәлікке сәйкес эмитенттiң атауы


Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға және куәлікке сәйкес эмитенттiң орналасқан жерi


Эмитенттің байланыс телефондарының, факстың нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайын көрсетумен нақты орналасқан жерi


Облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу және ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін сұрату оны берер алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25 күніне дейін берілген жағдайда облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу және ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін сұрату беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не соңғы тоқсанның алдындағы тоқсан соңындағы жағдай бойынша меншікті капиталдың мөлшері


Облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу және ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін сұрату оны берер алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25 күніне дейін берілген жағдайда облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу және ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін сұрату беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не соңғы тоқсанның алдындағы тоқсан соңындағы жағдай бойынша жарғылық капиталдың мөлшері


Ұлттық сәйкестендiру нөмiрiн және енгізу күнін көрсетумен қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттiң мемлекеттік емес бағалы қағаздары туралы мәліметтер


Шығаруды мемлекеттік тіркеуге және оған ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сауал берілген бiр облигацияның номиналды құны


Мемлекеттік тіркеуге және ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сауал берілген облигациялар шығару көлемі


Шығаруды мемлекеттік тіркеуге және оған ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сауал берілген облигациялар айналысының басталған күні


Шығаруды мемлекеттік тіркеуге және оған ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сауал берілген облигациялардың қамтамасыз етуі


Облигациялардың айналыс мерзімі


      Шығаруды мемлекеттік тіркеуге және оған ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сауал берілген облигациялар туралы мәліметтер:

Облигациялардың түрi

Облигациялардың саны

Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерi

төлеу мерзімдері

Купондық



Дисконттық



Индекстелген



      Сауалға қол қойған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      Сауалға қол қойған адамның лауазымы

      ________________________________________________________________________________

      Қолы _____________________________________________________________________

      Мөр орны (бар болса)