"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13485 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 5), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
5) көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7241201, индексі 1-Е (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
6) көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 7241201, индексі 1-Е (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы |
Н. Айдапкелов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
___________Т. Дүйсенова
2017 жылғы 12 мамыр
Ақпаратты алушы органдар құпиялылығына кепілдік береді | Приложение 1 к приказу Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 10 мая 2017 года № 68 | |||||||
Ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысаны | ||||||||
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырылады | ||||||||
Статистикалық нысанды www.enbek.gov.kz сайтынан алуға болады | ||||||||
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына дәйексіз деректерді ұсыну және алғашқы статистикалық деректерді тапсырмау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады. | ||||||||
Статистикалық нысанның коды 7241201 |
Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу | |||||||
1-Е (жұмысқа орналастыру) | Отчет о мероприятиях содействия занятости населения | |||||||
Айлық |
| |||||||
Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың тапсыру мерзімі – есепті айдан кейінгі айдың 2-күні, облыстық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың тапсыру мерзімі – есепті айдан кейінгі айдың 4-күні, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық-талдау орталығының тапсыру мерзімі – есепті айдан кейінгі айдың 7- күні. | ||||||||
БСН коды | ||||||||
ЖСН коды |
Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп
О мероприятиях содействия занятости населения
____________ айына___________________20__ жыл
месяц год
Жол коды |
Көрсеткіштер |
Барлығы |
Оның ішінде ауыл | ||
айына |
жыл басынан бастап |
айына |
жыл басынан бастап | ||
А | Б | 1 | 2 | 3 | 4 |
0 |
Жыл басынан бастап есепте тұрғандар, барлығы адам | х | х | ||
0.1 |
оның ішінде жұмыссыздар, адам | х | х | ||
1 |
Еңбек делдалдығы үшін халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінгендер, бірлік | ||||
1.1 |
жұмыс іздеген адам ретінде тіркелгендер, адам | ||||
1.1.1 |
кәсіптік бағдарлаудан өткендер, адам | ||||
1.1.2 |
жүгінген күннен бастап 10 күн ішінде жұмысқа орналасқандар, адам | ||||
1.1.3 |
жұмыс іздеген адам ретінде есептен шығарылғандар, адам | ||||
2 |
Мемлекеттік қолдау шарасын көрсету үшін жұмыспен қамту органдарында тіркелгендер, адам | ||||
оның ішінде: | х | ||||
2.1 |
жұмыссыздар, адам | ||||
2.2 |
жұмыспен қамтылған халық, адам | ||||
3 |
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары, бірлік | ||||
оның ішінде: | |||||
3.1 |
бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, адам | ||||
3.2 |
кәсіптік оқытуға жіберілгендер, адам | ||||
3.2.1 |
кәсіптік оқытуды аяқтағандар, адам | ||||
3.3 |
кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасты | ||||
3.4 |
кәсіпкерлік негіздеріне оқығандар, адам | ||||
3.5 |
микрокредиттер берілді, адам | ||||
3.6 |
жастар практикасы, адам | ||||
3.7 |
әлеуметтік жұмыс орындары, адам | ||||
3.8 |
отбасы көшірілді | ||||
3.8.1 |
олардың ішінде еңбек етуге қабілеттілер, адам | ||||
3.9 |
мүгедектерді жұмысқа орналастыру, адам | ||||
3.10 |
қоғамдық жұмыстар, адам | ||||
3.11 |
өзге де шаралар | ||||
4 |
Есептен шығарылғандар, барлығы адам | ||||
4.1 |
оның ішінде жұмыссыздар | ||||
5 |
Есепті айдың соңында есепте тұрғандар, адам | х | х | ||
5.1 |
оның ішінде жұмыссыздар | х | х | ||
6 |
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны, адам | ||||
7 |
Жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар көрсетілді, барлығы бірлік | ||||
оның ішінде: | |||||
7.1 |
жұмысқа орналастырылды, барлығы, адам |
Атауы Мекенжайы
Наименование ________________________ Адрес _________________________________
_____________________________________ _______________________________________
Телефон _____________________________
Электрондық пошта мекенжайы
Адрес электронной почты______________
Алғашқы деректерді жариялауға первичных данных |
Алғашқы деректерді жариялауға Первичны данных |
Орындаушы
Исполнитель ____________________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) телефоны
фамилия, имя и отчество (при его наличии)
Бас бухгалтер ____________________________________________________ _______________
Главный бухгалтер тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Басшы
Руководитель_____________________________________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Мөрдің орны (бар болған жағдайда)
Место для печати (при наличии)
"Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп"
ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі
нұсқаулық (коды 7241201, индексі 1-Е (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық)
1. Осы нұсқаулық "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және ведомстволық статистикалық байқаудың "Халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу іс-шаралары туралы есеп" (коды 7241201, 1-Е индексі (жұмысқа орналастыру), кезеңділігі айлық) статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.
2. Статистикалық нысанды аудандық (қалалық), облыстық халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі органдар толтырады және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығына тапсырады.
3. Зерттеудің осы сауалнамасын толтыру мақсатында мынадай анықтамалар қолданылады:
1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшiн халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;
2) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау – адамның кәсіптік білімін, дағдыларын, қызығушылықтарын және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіп таңдауда, кәсіп түрін ауыстыруда және біліктілігін арттыруда практикалық көмек көрсетуге бағытталған өзара байланысқан іс-шаралар кешені;
3) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
4) жұмысқа орналастыру – халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
5) жұмыс іздеген адам – жұмыс іздеп жүрген, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ адам.
6) жұмыссыздар – жұмыспен қамтылған халыққа жатпайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге дайын адамдар;
7) қоғамдық жұмыстар – халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрлерi;
4. Статистикалық нысандағы барлық көрсеткіштер (есепті айдың соңындағы деректер көрсетілетін 5, 5.1-жолдарды қоспағанда) есепті айға және ағымдағы жыл басынан бергі өспелі жиынтықпен келтіріледі. Деректер дәлме-дәл көрсетіледі.
Статистикалық нысанның 3 және 4-бағандарында 1 және 2-бағандардан ауылдық жерлерде тұратын адамдар бойынша деректер бөлінеді, бұған "қалалық үлгідегі кент" санатына жататын жұмыс кенттерінің тұрғындары жатқызылмауға тиіс.
0-жол бойынша ағымдағы жылдың басында жұмыс іздеп жұмыспен қамту орталықтарының есебінде тұрған азаматтардың жалпы саны туралы деректер келтіріледі (жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде микрокредиттер алған, оқуды жалғастырған, қоныс аударған адамдарды қоса алғанда).
0.1-жол бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыс іздеп жұмыспен қамту орталықтарында есепте тұрған жұмыссыздардың жалпы саны туралы деректер келтіріледі.
1-жол бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға еңбек делдалдығы үшін өтініш берген және жұмыссыз ретінде сонда есепке қойылған азаматтардың, зейнеткерлерді, оқушыларды, студенттерді, мүгедектерді және еңбек қызметімен айналысатын, бірақ басқа жұмысқа ауысқысы келетін, қосымша табыс (жалақы) тапқысы келетін және бірнеше жеке еңбек шартымен, сондай-ақ оқудан тыс бос уақытта жұмыс істейтін, жұмыс күшіне сұраныс болған жағдайда жұмыс берушілерге жіберілетін басқа да азаматтарды қоса алғанда, жалпы саны туралы деректер келтіріледі.
1.1-жол бойынша (1-жолдағы) жұмысқа орналасуына жәрдем көрсетуі үшін тілек білдірген және жұмыс іздеген адам ретінде тіркелген адамдардың саны көрсетіледі.
1.1.1-жол бойынша жүгінген және тіркелген адамдардың, халықты жұмыспен қамту орталығы кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсеткен адамдардың саны көрсетіледі;
1.1.2-жол бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы жүгінген және тіркелген күннен бастап 10 күн ішінде жұмысқа орналастырған адамдардың саны көрсетіледі.
1.1.3-жол бойынша үш жұмыс күні ішінде кемінде бір рет халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елді мекендерде тұратындар кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне бару бөлігінде халықты жұмыспен қамту туралы заңнама талаптарын орындамаған адамдар көрсетіледі;
2-жол бойынша жұмыс іздегендердің қатарынан өтініш білдірген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдалмаған адамдардың саны көрсетіледі;
2.1-жол бойынша (2-жолдағы) жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны туралы деректер келтіріледі.
2.2-жол бойынша (2-жолдағы) жұмыс іздеген жұмыспен қамтылған адам ретінде тіркелгендердің саны туралы деректер келтіріледі.
3-жол бойынша жұмыс іздеген адамға қолданылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының саны туралы деректер келтіріледі.
3.1-жол бойынша жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың саны туралы деректер көрсетіледі;
3.2-жол бойынша кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға, біліктілік арттыруға жіберілгендердің саны туралы деректер келтіріледі (өңірлерде қолданылатын бағдарламалар шеңберінде);
3.2.1-жол бойынша кәсіптік даярлауды, біліктілік арттыруды аяқтаған адамдардың саны туралы деректер көрсетіледі (өңірдегі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде);
3.3-жол бойынша кәсіптік оқытуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасқандардың саны туралы деректер келтіріледі;
3.4-жол бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жіберілген адамдардың саны туралы деректер келтіріледі;
3.5-жол бойынша берілген микрокредиттердің саны (бірлік) (өңірдегі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде), микрокредиттердің саны көрсетіледі, жыл ішінде оларды алу саны бойынша ескеріледі;
3.6-жол бойынша жастар практикасы шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың саны туралы деректер көрсетіледі;
3.7-жол бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың саны туралы деректер көрсетіледі;
3.8-жол бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қоныс аударған отбасылардың саны көрсетіледі (өлшем бірлік ретінде отағасы алынады);
3.8.1-жол бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде қоныс аударған отбасылардың еңбек етуге қабілетті мүшелері көрсетіледі;
3.9-жол бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуы көрсетіледі (мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындары) (жастар практикасын, мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын, қоғамдық жұмыстарды есептемегенде);
3.10-жол бойынша бюджеттен субсидиялау есебінен қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін адамдардың саны көрсетіледі. Шара санына қарай айқындалады.
3.11-жол бойынша мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын өзге шаралардың саны көрсетіледі;
4-жол бойынша ағымдағы жылы "жұмыс іздеген адам" ретінде есептен шығарылған адамдардың саны көрсетіледі;
4.1-жол бойынша ағымдағы жылы жұмыссыз ретінде есептен шығарылған адамдардың саны көрсетіледі;
5-жол бойынша есепті айдың соңындағы жағдай бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда есепте турған жұмыс іздеген адамдардың іс-жүзіндегі саны көрсетіледі;
5.1-жол бойынша есепті айдың соңындағы жағдай бойынша жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда есепте тұрған жұмыссыздардың іс-жүзіндегі саны көрсетіледі.
6-жол бойынша (1.1-жолдағы) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына жұмысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алатын адамдардың саны көрсетіледі.
7-жол бойынша. Жұмыспен қамту органдары көрсеткен жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралардың санымен айқындалатын жалпы жұмысқа орналастыру көрсетіледі.
Егер есепті ай ішінде өтініш берген адамға әлеуметтік қорғаудың бірнеше түрі көрсетілген болса, онда оны бірнеше рет ескеру қажет екенін атап өткен жөн.
7.1-жол бойынша жұмыспен қамту органдары жұмысқа орналастырған адамдардың санымен айқындалатын жалпы жұмысқа орналастыру көрсетіледі.
5. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1) 2-бағанның барлық жолдары бойынша (0; 0.1 және 5; 5.1-жолдарды қоспағанда)=есепті кезеңнің 1-бағаны + алдыңғы кезеңнің 2-бағаны;
2) 2-бағанның барлық жолдары бойынша (0; 0.1 және 5; 5.1-жолдарды қоспағанда) ≥1-баған;
3) 2-жол = 1.1-жол-1.1.2-1.1.3;
4) 2-жол = 2.1-жол+2.2;
5) 3-жол = 3.1-жол + 3.2 + 3.3 +3.4 + 3.5 + 3.6 +3.7 +3.8 +3.10 + 3.11;
6) 5-жол = (0+2) жолдар-6;
7) 5.1-жол = (0.1.+2.1.) жолдар - 4.1;
8) 7-жол = 1.1.2-жол+3.1 +3.6 +3.7 +3.9 +3.10.