"Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыру бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н. А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Б. А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілді |
Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыру
Ескерту. Ұйымдастыру жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тәуелсіз сараптамалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 20-тармағына сәйкес әзірленді және Комиссия жұмысын ұйымдастыруды анықтайды.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын және басқа нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды басшылыққа алады.
2-тарау. Комисия қызметін ұйымдастыру
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Комиссия қызметін қамтамасыз етеді және оның міндеттерінің іске асырылуына жалпы бақылау жасайды.
4. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) Комиссия жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
5. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері (келісім бойынша) арасынан сарапшылар кіреді. Комиссия құрамын Министрлік бекітеді.
6. Комиссия құрамына енгізу өлшемшарттары мыналар:
1) жалпы жұмыс өтілі - 10 жыл немесе мамандығы бойынша - 5 жыл;
2) шетелдік білімінің болуы және/немесе халықаралық жобаларға қатысуы;
3) ғылыми атағы немесе дәрежесі, ғылыми жарияланымдары немесе өнертабыс авторлығын куәландыратын патентінің болуы.
Үміткер Комиссия құрамына кіру үшін үш өлшемшарттың екеуіне сай болуы қажет.
7. Комиссия отырысы өткізілген кезде аудио және бейнежазба, сондай-ақ интернет-ресурстар және/немесе әлеуметтік желілердегі онлайн көрсетілім жүргізіледі.
3-тарау. Комиссияның негізгі міндеті
8. Комиссияның негізгі міндеті үміткерлермен жеке әңгімелесуді жасырын түрде өткізу болып табылады.
9. Комиссия мүшелері:
1) үміткердің кәсіби даярлық деңгейін (тәжірибелік дағдыларын);
2) таңдаған оқу мамандығы бойынша базалық білім деңгейін (теориялық дағдыларын);
3) мамандықты таңдауды түсіну деңгейін, дәлелділікті;
4) жағдайлық тапсырмаларды шешу дағдыларын анықтау үшін үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізеді.
4-тарау. Үміткерлермен әңгімелесуді өткізу
10. Комиссия мүшелері үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізу арқылы үміткерлерді жасырын, алдын ала іріктеу жүргізеді. Комиссияға әңгімелесуді өткізу үшін бірінші кезеңнің нәтижелері ұсынылады.
11. Комиссияның кемінде 5 (бес) мүшеден тұратын тақ сандағы Комиссия мүшелері үміткерлермен жеке әңгімелесуді жүргізеді.
12. Қоғам үміткерлердің құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында әңгімелесуді өткізу үшін үміткердің тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда) үміткердің кодына ауыстырады.
13. Комиссия әрбір үміткермен әңгімелесуді 30 минуттан артық емес жүргізеді.
14. Үміткерге сұрақтар осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастырудың қосымшасында көрсетілген болжалды сұрақтар тізбесі бойынша қазақ және орыс тілдерінде немесе болжалды оқу елінің тілінде қойылады.
Комиссияның әрбір мүшесі болжалды сұрақтар тізбесінен бір сұрақтан қояды, сонымен қатар сұрақтардың жалпы саны 8 (сегіз) сұрақтан асып кетпеуі тиіс.
Комиссия мүшелері болжалды сұрақтар тізбесіне кірмейтін қосымша 3 (үш) сұраққа дейін қояды.
15. Комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде № 11258 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлермен жеке әңгімелесуі парағында бағаларды қояды.
16. Комиссия шешімі Комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен рәсімделеді.
17. Хаттаманы Қоғамның конкурсты ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі екі данада дайындайды.
18. Комиссия мүшелерінің (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) үміткерлермен жеке әңгімелесуді өткізу бойынша көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу Қоғам мен тәуелсіз сарапшы арасында жасалған шарт негізінде қызметақы "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруға қосымша |
Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің болжамды сұрақтар тізбесінің үлгісі
№ | Бөлім | Сұрақ нұсқалары |
11. | Мамандықты таңдауды түсіну деңгейін анықтауға арналған сұрақтар (таңдалған тақырып бойынша атқарылған жұмыстардың бар болуы), дәлелділік (5 мин) |
1) Сіз неге/қалай осы оқу елін/ЖОО және көрсетілген мамандықты таңдадыңыз? |
22. | Таңдалған оқу мамандығы бойынша базалық білім деңгейін анықтауға арналған сұрақтар (теориялық дағдылар) (5мин) |
1) Елдегі таңдалған мамандану бойынша жалпы жағдай туралы айтып берсеңіз? Қандай мәселелер бар? |
33. | Үміткердің кәсіби даярлығы деңгейін анықтауға арналған сұрақтар тәжірибелік дағдылар) (5 мин) |
Үміткердің жұмыс өтілі болған жағдайда: |
44. | Жағдайлық тапсырмаларды шешу дағдыларын анықтауға арналған сұрақтар (5мин) | Сіздің алдыңызда ұйымыңыздың қызметтері мен міндеттерін жаңғырту бойынша мақсат қойылды. Сіз бірінші кезекте қандай іс-әрекеттер жасайсыз? Реттілік? Қандай ең оңтайлы жолмен мақсатқа жетуге болады? |