"Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыру бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н. А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің орынбасары Б. А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 268 бұйрығымен бекітілді |
Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыру
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тәуелсіз сараптамалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 20-тармағына сәйкес әзірленді және Комиссия жұмысын ұйымдастыруды анықтайды.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, заңдарын және басқа нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруды басшылыққа алады.
2-тарау. Комисия қызметін ұйымдастыру
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Комиссия қызметін қамтамасыз етеді және оның міндеттерінің іске асырылуына жалпы бақылау жасайды.
4. "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Комиссия жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
5. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдері (келісім бойынша) арасынан мамандықтар бағыттарына сәйкес сарапшылар кіреді. Комиссия құрамын Министрлік бекітеді.
6. Комиссия құрамына енгізу өлшемшарты:
1) мамандық бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл;
2) шетелдік білімінің болуы және/немесе халықаралық жобаларға қатысуы;
3) ғылыми атағы немесе дәрежесі, ғылыми жарияланымдары немесе өнертабыс авторлығын куәландыратын патентінің болуы болып табылады.
7. Комиссия отырысы өткізілген кезде аудио және бейнежазба жүргізіледі.
3-тарау. Комиссияның негізгі міндеті
8. Комиссияның негізгі міндеті үміткерлерді уәждемелік пен ұсыным хаттарын бағалау арқылы жасырын түрде алдын ала іріктеуді, сондай-ақ үміткерлермен жеке әңгімелесуді өткізу болып табылады.
9. Комиссия мүшелері:
1) үміткердің кәсіби даярлығы деңгейін (тәжірибелік дағдыларын);
2) таңдаған оқу мамандығы бойынша базалық білім деңгейін (теориялық дағдыларын);
3) мамандықты таңдауды түсіну деңгейін, дәлелділікті;
4) таңдаған мамандық бойынша Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын білу деңгейін;
5) жағдайлық тапсырмаларды шешу дағдыларын анықтау үшін үміткерлермен әңгімелесуді өткізеді.
4-тарау. Уәждемелік және ұсыным хаттарды бағалау
10. Комиссия мүшелері үміткерлерді уәждемелік пен ұсыным хаттарын бағалау арқылы жасырын түрде алдын ала іріктеуді осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастырудың 1-қосымшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес өткізеді.
11. Комиссияның мамандықтың тиісті салалары жөніндегі 3 (үш) мүшесі уәждемелік және ұсыным хаттарды бағалайды.
12. Комиссия мүшелеріне (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) үміткерлердің уәждемелік және ұсыным хаттарын бағалау бойынша қызметақы төлеу "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі – № 1193 қаулы) сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.11.2017 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен13. Қоғам үміткердің тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда) үміткердің кодына ауыстыруды қамтамасыз етеді және оларды бағалау үшін Комиссияға жолдайды.
14. Комиссия мүшелері бағаларды осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастырудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткердің уәждемелік пен ұсыным хаттарын бағалау парағына қояды.
Уәждемелік және ұсыныс хаттарды бағалау нәтижелері туралы шешім Комиссия мүшелері қойған қорытынды балдардың көпшілігі негізінде қалыптасады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 19.07.2017 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Комиссия шешімі Комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен рәсімделеді.
16. Хаттаманы Қоғамның конкурсты ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі екі данада дайындайды.
5-тарау. Үміткерлермен әңгімелесуді өткізу
17. Комиссияға әңгімелесуді өткізу үшін алдыңғы кезеңдер нәтижелері ұсынылады.
18. Комиссияның мамандықтың тиісті салалары жөніндегі 3 (үш) мүшесі үміткерлермен әңгімелесуді жүргізеді.
19. Қоғам әңгімелесуді өткізу үшін үміткердің тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда) үміткердің кодына ауыстыруды қамтамасыз етеді.
20. Комиссия әрбір үміткермен әңгімелесуді 20 минуттан артық емес жүргізеді.
21. Үміткерге сұрақтар осы тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастырудың 3-қосымшасында көрсетілген болжалды сұрақтар тізбесі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде немесе болжалды оқу елінің тілінде қойылады.
22. Комиссия "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде № 11258 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерінің "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлермен жеке әңгімелесуі парағында бағаларды қояды.
23. Комиссия шешімі Комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен рәсімделеді.
24. Хаттаманы Қоғамның конкурсты ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі екі данада дайындайды.
25. Комиссия мүшелерінің (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) үміткерлермен жеке әңгімелесуді өткізу бойынша көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу № 1193 қаулыға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.11.2017 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруға 1-қосымша |
|
Нысан |
Бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.11.2017 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Уәждемелік хат | |
Бағалау өлшемшарттары | Баға |
1. Уәждеме деңгейі. | |
Уәждеме деңгейі толығымен ашылған (атап айтқанда, кәсіби, жеке мақсаттар, біліктіліктер, келешек; шетелде оқу аясында даярлану барысында алынған тәжірибені пайдаланып, қандай мәселе немесе міндет шешілуі қажет). Коммуникативтік ниет байқалады. | 2 |
Уәждеме деңгейі үстіртін ашылған, коммуникативтік ниет байқалады. | 1 |
Уәждеме деңгейі ашылмаған, жауап мазмұны оның уәждеме деңгейі жөнінде түсінік бермейді. | 0 |
2. Дәлелдеме. | |
Деректер мен мысалдар әртүрлі дереккөздерден алынған: академиялық ғылыми әдебиет, бұқаралық ақпарат құралдары ақпараты, оқу әдебиеті материалдары, жеке әлеуметтік тәжірибе мен өз бақылаулары қолданылады (әртүрлі дереккөздерден кем дегенде 2 мысал келтірілген). | 2 |
Дәлелдеме тек қана жеке әлеуметтік тәжірибеге және өз бақылауларына сүйене отырып берілген немесе мысал(дар) бірсарынды дереккөзден келтірілген. | 1 |
Дәлелдеме жоқ немесе келтірілген деректер дәлелденетін тақырыпқа сәйкес келмейді. | 0 |
3. Ойлау логикасы. | |
Пікірлерді баяндау қисындылығымен және бөлімдерінің мөлшерлестігімен ерекшеленеді, мағыналық бөлімдер ішінде бірізділік бұзушылықтары мен негізсіз қайталанымдар жоқ. | 2 |
Уәждемелік хат бөлімдері өзара қисынды байланысқан, бірақ мағыналық бөлімдер ішінде бірізділік жоқ және/немесе ой қайталанып, дамымайды. | 1 |
Қисындылықтың өрескел бұзушылықтары жазылғанның мағынасын түсінуге кедергі жасайды немесе уәждемелік хаттың бөлімдері өзара қисынды байланысты емес. | 0 |
4. Сөз сапасы. | |
Үміткер түрлі грамматикалық құрылымдар мен әртүрлі лексиканы пайдалана отырып, ойын нақты жеткізеді, қажет болған жағдайда терминдерді орынды қолданады, даяр сөз орамдарына (штамптар) жол бермейді. | 2 |
Үміткер ойын нақты жеткізеді, бірақ оның тілі сөздік қоры кедейлігімен және тілдің грамматикалық құрылымының біртектілігімен сипатталады. | 1 |
Сөз сапасының төмендігі оның мағынасын түсінуді елеулі түрде қиындатады. | 0 |
5. Біртумалық. | |
Үміткер уәждемені ашу үшін ерекше шығармашылық тұрғыны (қызықты ойлар байқалады немесе күтпеген және сонымен бірге, сендірерлік дәлелдер немесе жаңа бақылаулар және т.б.) немесе стиль жарқындылығын көрсетеді. | 2 |
Үміткер уәждемені ашудың қалыпты тәсілдемесін қолданады, жалпыға мәлім деректерді пайдаланады, сонымен бірге айтарлықтай сендірерлік дәлелдерді келтіреді. | 1 |
Үміткер өздігінен ойлануды және/немесе шығармашылық, ерекше әдісті және/немесе стиль біртумалылығын көрсетпейді. | 0 |
Ұсыным хат | |
Бағалау өлшемшарттары | Баға |
1. Ұсыным берушінің бағасы. | |
Ұсыным беруші ретінде үміткермен ұзақ уақыт аралығында таныс (оқытушы, ғылыми жетекші, әріптес) және үміткер таңдаған мамандық бойынша біліктілігінің деңгейі жеткілікті болған тұлға болады. | 2 |
Ұсыным беруші ретінде үміткермен ұзақ уақыт аралығында тікелей таныстықта болмаған, бірақ үміткер таңдаған мамандық бойынша біліктілігінің деңгейі жеткілікті болған тұлға болады. | 1 |
Ұсыным беруші ретінде үміткер таңдаған мамандық бойынша біліктілігінің деңгейі жеткіліксіз болған тұлға болады. | 0 |
2. Мінездеме. | |
Үміткердің жетістіктері мен табыстарын, сондай-ақ кәсіби және жеке қасиеттері жайлы ақпаратты қамтиды, таңдаған мамандығына қатысты қызметті жүзеге асыру бойынша мысалдар (жағдайлар) келтірілген. | 2 |
Жеткілікті түрде толық және нақты, онда үміткердің дағдыларына және жетістіктеріне, қасиеттеріне қатысты пікірлер берілген және мысалдармен (жағдайлармен) бекітілген. | 1 |
Үміткердің барлық мүмкінді сипаттары мысалдар (жағдайлар) келтірілмей және/немесе біліктіліктер (жетістіктер) көрсетілмей берілген және таңдалған мамандыққа қатысты емес. | 0 |
3. Ұсыным беруші дәлелдемесі мен әділдігінің деңгейі. | |
Ұсыным беруші үміткердің таңдаған мамандануының өзектілігін оның болашақта көрсетілген тақырыптағы маңызды мәселелерді шешу үшін қажеттілігінің ерекшелігін дәлелдеумен ашып көрсетеді. Үміткердің бағасында оқудың нақты бағдарламасын зерттеуге қойылатын арнайы талаптар ескеріледі. | 2 |
Ұсыным үміткердің жеке және кәсіби қасиеттері негізінен шығады. | 1 |
Үміткерді ештеңемен расталмаған мақтаудан тұрады. | 0 |
Тәуелсіз сараптамалық комиссия жұмысын ұйымдастыруға 2-қосымша |
|
Нысан |
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткердің уәждемелік және ұсыным хаттарын бағалау парағы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 19.07.2017 № 343 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Үміткер коды ____________
Бағалау өлшемшарттары | Балл |
Уәждемелік хат* | |
1. Уәждеме деңгейі | |
2. Дәлелдеме | |
3. Ойлау логикасы | |
4. Сөз сапасы | |
5. Бірегейлік | |
Қорытынды балл | |
Ұсыным хат** | |
1. Ұсыным берушінің бағасы | |
2. Мінездеме | |
3. Ұсыным беруші дәлелдемесі мен әділдігінің деңгейі | |
Қорытынды балл |
_____________________ _____________________ ____________________
Комиссия мүшесі Т.А.Ә. (қолы) (күні)
(әкесінің аты бар болған жағдайда)
Ескертпе:
*Кезеңнен өту үшін жеткілікті болып табылатын балл саны – 5 балл.
** Кезеңнен өту үшін жеткілікті болып табылатын балл саны – 3 балл.
Тәуелсіз сараптамалық комиссия | |
жұмысын ұйымдастыруға 3-қосымша |
Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелері үшін болжамды сұрақтар тізбесінің үлгісі
№ | Бөлім | Сұрақ нұсқалары |
1. | Мамандықты таңдауды түсіну деңгейін анықтауға арналған сұрақтар (таңдалған тақырып бойынша атқарылған жұмыстардың бар болуы), дәлелділік (5 мин) |
1) Сіз неге/қалай осы оқу елін/ЖОО және көрсетілген мамандықты таңдадыңыз? |
2. | Таңдалған оқу мамандығы бойынша базалық білім деңгейін анықтауға арналған сұрақтар (теориялық дағдылар) (5мин) |
1) Елдегі таңдалған мамандану бойынша жалпы жағдай туралы айтып берсеңіз? Қандай мәселелер бар? |
3. | Үміткердің кәсіби даярлығы деңгейін анықтауға арналған сұрақтар тәжірибелік дағдылар) (5 мин) |
Үміткердің жұмыс өтілі болған жағдайда: |
4. | Таңдалған мамандық бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білу деңгейін анықтауға арналған сұрақтар (5 мин) |
1) Өзіңіз таңдаған мамандық мәселелерін қандай мемлекеттік орган реттейді? |
5. | Жағдайлық тапсырмаларды шешу дағдыларын анықтауға арналған сұрақтар (5мин) | Сіздің алдыңызда ұйымыңыздың қызметтері мен міндеттерін жаңғырту бойынша мақсат қойылды. Сіз бірінші кезекте қандай іс-әрекеттер жасайсыз? Реттілік? Қандай ең оңтайлы жолмен мақсатқа жетуге болады? |