"Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:
15-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламаны республикалық және өңірлік аккредиттелген спорт федерациясы әзірлейді және "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 22) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.";
29-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) аккредиттелген спорт федерациясы Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтары, 12-бабының 2 және 4-тармақтарымен және "Қоғамдық бірлестіктер туралы" 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабымен белгіленген талаптарды орындамауы немесе дұрыс орындамауы;".
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |