Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 213 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 мамырда № 15096 болып тіркелді.

Жаңартылған

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық банкінің төрағасы

      _____________ Д. Ақышев

      2017 жылғы 29 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 30 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 213 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 02.02.2018 № 119 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерін жанама әдіспен айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 22 шілдедегі № 383 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14160 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.";

      3. "Бағалы қағаздарды ұстаушы тексерілетін жеке тұлғалар туралы мәліметтерді, сондай-ақ тексерілетін жеке тұлғалар жасасқан сақтандыру шарттары жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 407 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14184 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.";

      4. "Тексерілетін жеке тұлғалардың бағалы қағаздармен немесе тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен мәмілелер туралы мәліметтерді брокерлермен ұсыну қағидаларын және нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 408 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14178 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құкықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 қыркүйекте жарияланған):

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.".