"Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 296 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 447 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 сәуірде № 15087 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 296 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11325 болып тіркелген, 2015 жылы 25 маусымда "Әділет" Ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психитатриалық сараптамалары" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы";

      бұйрықтың 3 және 4 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.";

      осы бұйрықпен бекітілген "Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламентінде:

      регламенттің атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психитатриалық сараптамалары" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің регламенті";

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 242 бұйрығымен бекітілген "Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриалық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11188 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетеді.";

      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – сот–сараптама қызметімен айналысуға, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психитатриалық сараптамаларына лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.";

      8 тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға өтініш жасауы үшін порталдан "Сот-сараптамалық, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психитатриалық сараптамалары қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беруді" таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудің бастапқы адымын қалыптастырады.";

      1, 2, 3 және 4-қосымшасы осы бұйрықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап және оның ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн мерзімде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамысыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017 ж. 20 сәуірдегі
№ 447 бұйрығына
1 қосымша
  "Сот-сараптама қызметімен,
соның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және сот-
психиатриялық
сараптамалармен айналысуға
арналған лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтің регламентiне
1-қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара іс-қимыл жасау рәсiмдері (iс-қимылдар) реттiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамасы

1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) әрекетiнiң сипаттамасы

Рәсiмдер (iс-қимылдар) №

1

2

3

4

ҚФБ атауы

Кеңсе

Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры

Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкері

УО басшысы

Iс-қимылдардың атауы және олардың сипаттамасы

Лицензия беруге, қайта ресiмдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге өтiнiштi және қажеттi құжаттар тiзбесiн қабылдау, алынған құжаттарға тiркеу жасау, бұл ретте өтiнiштiң оң жақ төменгi бұрышына түскен күнi мен кiрiс нөмiрi көрсетіле отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасы қойылады

Тiркеуге келiседi және сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкеріне нұсқама жiбередi

Көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қарайды, тiзiлiмге лицензия беру, қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын беру туралы тиiсiнше жазба енгiзу, лицензияны қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын ресiмдеу

Өтiнiштi қарау, лицензияға, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасына қол қою.

Аяқталу нысаны

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайына пошта арқылы жiбередi

Орындау мерзiмi мен басқарманың жауапты орындаушысы қамтылған қарары бар құжаттар

Тiркеу тiзiлiмiне жазба, лицензияны ресiмдеу, қайта ресiмдеу немесе лицензияның телнұсқасын ресiмдеу

Лицензияға, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасына қол қою, электрондық лицензия беру

Орындау мерзiмi

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

12 жұмыс күні

1 жұмыс күні

      2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.

Кеңсе

Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры

Сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкері

УО басшысы

1. Лицензия беруге, қайта ресiмдеуге немесе лицензияның телнұсқасын беруге өтiнiш және қажеттi құжаттар тiзбесiн қабылдау, бұл ретте, өтiнiштiң төменгi оң жақ бұрышына түскен күнi мен кiрiс нөмiрi көрсетіле отырып, мемлекеттiк тiлде тiркеу мөртаңбасы қойылады.

2. Тіркеуді келіседі және сараптама қызметін ұйымдастыру департаментінің қызметкеріне нұсқама жiбередi

3. Лицензия беруден, қайта тіркеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыны ресiмдейдi.

4. Лицензия беруден, қайта ресiмдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыға қол қояды

6. Лицензия беруден, қайта ресiмдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыны көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайына жiбередi


5. Лицензия беруден, қайта ресiмдеуден немесе лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту туралы қорытындыны кеңсеге жiбередi.


  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017 ж. 20 сәуірдегі
№ 447 бұйрығына
2 қосымша
  "Сот-сараптама қызметімен,
соның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және сот-
психиатриялық
сараптамалармен айналысуға
арналған лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтің регламентiне
2-қосымша

Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

      


      Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталға тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);

      3) 1-шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру;

      4) 2-процесс - порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

      5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген қызметті алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеу;

      6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметтерді төлеу, содан кейін ол ақпарат порталға түседі;

      7) 2-шарт – қызмет көрсеткені үшін төлегені туралы фактіні порталда тексеру;

      8) 5-процесс – қызмет көрсеткені үшін порталда төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      9) 7-процесс көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;

      10) 3-шарт порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);

      13) 9-процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;

      14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға және негіздемелерге сәйкестігін тексеру;

      15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталдағы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

      


      Көрсетілетін қызметті берушінің өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

      1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қызмет көрсету үшін порталда ЖСН және паролін (авторизациялау процесін) енгізу;

      2) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізу;

      3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жіберу;

      4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да "АИС СУ" АЖ-де көрсетілетін қызметті алушының соттылығы туралы деректерін тексеру;

      5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің, "АИС СУ" АЖ-де соттылығы туралы деректердің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;

      6) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сұрау салу нысанын, оның ішінде қағаз түрінде құжаттарының бар екендігі туралы белгісін толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеуі, оларды сұрау салудың нысанына бекітуі және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;

      7) 6 -процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;

      8) 2-шарт – қоса берілген құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші Стандартта және қызмет көрсету үшін негіздемелерде көрсетілген сәйкестігін тексеру (өңдеу);

      9) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

      10) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушы қызмет нәтижесін ("Сот-сараптамалық қызметін жүзеге асыруға лицензия алу) алу.

      Шартты белгілері:

      


  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017 ж. 20 сәуірдегі
№ 447 бұйрығына
3 қосымша
  "Сот-сараптама қызметімен,
соның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және сот-
психиатриялық
сараптамалармен айналысуға
арналған лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтің регламентiне
3-қосымша

      Шығатын құжаттар

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі



      ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

      [ЖТ атауы] [УО атауы], сіздің [өтінім күні] № [өтінім нөмірі]

      өтінішіңізді қарап шығып, мыналарды хабарлаймыз. [Бас тартудың себебі].

      [Қол қоюшының лауазымы]            [Қол қоюшының Т.А.Ә.]

      (бар болған жағдайда)

      


      Осы құжат Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электрондық

      құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңының 7-бабының 1) тармақшасына

      сәйкес электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.



      ЛИЦЕНЗИЯ

      20 ____ жылғы "___" ___________                  №_____________

      ________________________________________________________________________________

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

      ______________________________________________________________________ айналысуға

      ____________________________________________________________ берілді (заңды

      тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда –

      шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке

      тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Ерекше шарттары

      ________________________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

      Ескерту:

      ________________________________________________________________________________

      (иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

      Лицензиар ______________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      Басшы (уәкiлеттi тұлға) ___________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Алғашқы берілген күні: " " ____________ _______ ж.

      Лицензияның қолданылу кезеңі: " " ____________ _______ ж.

      Берілген орны _____________

      


      Осы құжат Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017 ж. 20 сәуірдегі
№ 447 бұйрығына
4 қосымша
  "Сот-сараптама қызметімен,
соның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және сот-
психиатриялық
сараптамалармен айналысуға
арналған лицензия беру"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтің регламентiне
4-қосымша

"Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

*Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік органға жүгінген кезде қызмет көрсету тәртібі;