2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 17 бұйрығы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15052 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидалары бекітілсін.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" дирекциясына, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберуді;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ___________ Д. Абаев

      2017 жылғы 16 наурыз

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      ___________ Ж. Асанов

      2017 жылғы 28 наурыз

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 7 наурыз

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ___________ С. Жасұзақов

      2017 жылғы 17 наурыз

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметінің

      бастығы

      __________ А. Күреңбеков

      2017 жылғы 15 наурыз

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      "Сырбар" Сыртқы барлау

      қызметінің директоры

      ____________ Ғ. Байжанов

      2017 жылғы 15 наурыз

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ___________ К. Мәсімов

      2017 жылғы 31 наурыз

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 10 наурыз

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2017 жылғы 13 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 3 наурыздағы
№ 17 бұйрығымен бекітілген

2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 14-тармағына сәйкес әзірленді және 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу тәртібін көздейді.

      2. Қайта есептеуге 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері жатады.

      3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты қайта есептеледі.

2-тарау. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін есептеу тәртібі

      4. Әрбір мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі айқындалады.

      5. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:

      1) Заңның 13-бабына сәйкес есептелген 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі;

      2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең есепке алынады.

      6. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі қосымша құжаттарды талап етусіз алушының зейнетақы ісіндегі құжаттар бойынша есепке алынады және жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған еңбек өтіліне сәйкес келеді.

      7. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары түскен айлардың жалпы саны ретінде есепке алынады.

      8. Егер орталықтандырылған дерекқорда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңінде міндетті зейнетақы жарналары қай айға аударылғаны туралы мәліметтер болмаса, онда міндетті зейнетақы жарналары нақты аударылған ай есепке алынады.

      9. Егер жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын бір айда бірнеше рет аудару жүзеге асырылса, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі бір айды құрайды.

      10. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне еңбек өтілі және еңбек сіңірген жылдары қосымша құжаттарды талап етусіз зейнетақы ісіндегі деректер бойынша есепке алынады.

      11. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған күнге есепке алынады.

      Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 63 жасқа (ерлер) және 58 жас 6 айға (әйелдер) толғанға дейін есепке алынады.

3-тарау. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу

      12. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі.

4-тарау. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

      13. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу жөніндегі жұмысы алушының мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу туралы өтінішін талап етпестен жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу туралы шешім 2018 жылғы 1 шілдеден бастап осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ресімделеді.

      15. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес 1-BС-арттыру нысаны бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалына бір данада әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы зейнеткердің зейнетақы ісінен үзінді көшірме береді.

  2018 жылғы 1 шілдеге дейін
тағайындалған мемлекеттік
базалық зейнетақы төлемінің
мөлшерін қайта есептеу
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

      Коды ______________

      Облысы ____________

2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің
____________ облысы бойынша департаментінің
20__ жылғы "__" _______ № ___ шешімі

      Азамат(ша) ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Іс № __________

      Жынысы ________________ Туған күні 19__ жылғы "_____" __________________

      Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ___ жыл ___ ай ________ күн

      оның ішінде:

      1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ___ жыл ___ ай ___ күн

      МЗЖ жүзеге асырылған кезең ___ жыл ___ ай

      Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті ____________________________

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері "Қазақстан Республикасында

      зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018

      жылғы 1 шілдеден бастап __________________________ теңгені

      ___________________________________________________________ теңгені құрайды

      (сомасы жазбаша)

      Департамент басшысы ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Басқарма (бөлім) басшысы ___________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Маман ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Шешімнің жобасын дайындаған:

      "ӘТВЕО" департаментінің директоры _________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      "ӘТВЕО" департаментінің маманы ___________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      "ӘТВЕО" бөлімшесінің бастығы ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      "ӘТВЕО" бөлімшесінің маманы ______________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  2018 жылғы 1 шілдеге дейін
тағайындалған мемлекеттік
базалық зейнетақы төлемінің
мөлшерін қайта есептеу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қайта есептеу туралы шешім (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін)

      ____________________________________________________________________

      (әскери, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Зейнетақы ісінің № __________

      Туған күні 19___ жылғы "___"__________

      Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі:

      күнтізбелік есептегенде __ жыл __ ай __ күн,

      жеңілдікпен есептегенде __ жыл __ ай __ күн,

      оның ішінде:

      1) еңбек сіңірген жылдары:

      күнтізбелік есептегенде __ жыл __ ай __ күн,

      жеңілдікпен есептегенде __ жыл __ ай __ күн,

      2) еңбек өтілі:

      күнтізбелік есептегенде __ жыл __ ай __ күн,

      жеңілдікпен есептегенде __ жыл __ ай __ күн.

      Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті __________________________

      Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері "Қазақстан Республикасында

      зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018

      жылғы 1 шілдеден бастап _______________________________________________ теңгені

      ______________________________________________________________ теңгені құрайды

      (сомасы жазбаша)

      М.О.

      Бөлімше басшысы      _______________       _______________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бөлімше маманы      ________________      _______________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)