Банкке және (немесе) банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 24 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15050 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулыға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2018 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйым құруға немесе иемденуге, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденетін еншілес ұйымды банктің құруына немесе иемденуіне, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйым құруға, иемденуге, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатын кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 91 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7564 тіркелген, 2012 жылғы 18 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 229-230 (27048-27049) жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі 8-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді қадағалау департаменті (Қизатов О.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      Министр ____________ Д. Абаев

      2017 жылғы 7 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Министр __________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 27 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 28 қаңтардағы
№ 24 қаулысымен
бекітілген

Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас
банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк
холдингінің еншiлес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу
қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банкке және (немесе) банк холдингіне еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беру, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты қайтарып алу тәртібін анықтайды.

      2. Банктер және (немесе) банк холдингтері Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда еншілес ұйымдар құрады немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алады.

      3. Уәкілетті орган банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты өтініш бергеннен кейін 3 (үш) ай ішінде береді немесе беруден бас тартады.

      Банкке және (немесе) банк холдингіне бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды қоспағанда, еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беруден бас тарту үшін негіздер Заңның 11-1-бабының 6-тармағында көзделген.

      Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе сатып алуына рұқсатты беруден бас тарту үшін негіздер Заңның 11-2-бабының 6-тармағында көзделген.

2-тарау. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға немесе сатып
алуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды
банктің құруына немесе сатып алуына рұқсат беру тәртібi

      4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды қоспағанда, еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органға еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін Заңның 11-1-бабының 4-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтердің, сондай-ақ банктер сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің есебін қоса бере отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып, өтініш қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      Қазақстан Республикасының резиденттері емес - банк холдингтері өтінішті қағаз тасымалдағышта ұсынады.

      5. Еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын растау мақсатында банк және (немесе) банк холдингі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын ақпаратты ұсынады.

      6. Құрылатын не сатып алынатын еншілес ұйым Қазақстан Республикасының резиденті - банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, өтініш қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алу туралы өтінішпен бірге бір мезгілде ұсынылады.

      Банк Қазақстан Республикасының резиденттері – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы – еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 3), 4), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      Банк Қазақстан Республикасының резиденті – банк – еншілес ұйымын құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін өтініш не банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденттері – банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы – еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда Заңның 11-1-бабы 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      7. Құрылатын не сатып алынатын еншілес ұйым Қазақстан Республикасының резиденттері - банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, инвестициялық портфельді басқарушы болып табылса, еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7552 тіркелген "Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру, қайтарып алу қағидаларын және көрсетілген келісім алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі - № 67 қаулы) сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алуға келісіммен бірге бір мезгілде беріледі.

      8. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатты алу үшін банк уәкілетті органға Заңның 11-2-бабының 5-тармағында көзделген құжаттарды, сондай-ақ есепті, оның ішінде шоғырландырылған негізде болжанып отырған бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның болуы нәтижесінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтердің және банктер сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің есебін қоса бере отырып, өтініш береді.

      Талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып, өтініш қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      9. Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      10. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды қоспағанда, табыс етілген құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне оларды жою мерзімін көрсете отырып, почта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы мұндай ескертулерді көрсетіп хат жібереді.

      Банк және (немесе) банк холдингі ескертулерді жояды және уәкілетті орган жіберген жазбаша хабарламада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.

      11. Уәкілетті органның еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсатын бұрын алған және кейіннен ұйымдардың капиталына қомақты қатысудың белгілері ғана бар банк және (немесе) банк холдингі көрсетілген өзгерісті растайтын құжаттарды ғана ұсына отырып, көрсетілген сәйкессіздік туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға бұрын берген рұқсаттың қолданылуын және банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беруді тоқтату туралы уәкілетті органға өтінішхат береді.

      12. Уәкілетті орган банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға, сондай-ақ бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға берілген және қайтарып алынған рұқсаттардың тізбесін жүргізеді, онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) банктің және (немесе) банк холдингінің атауы;

      2) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өту туралы деректерді және қызметтің түрін көрсете отырып, еншілес ұйымның (бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымның) атауы;

      3) банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды (бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды) құруға немесе сатып алуға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі;

      4) банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды (бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды) құруға немесе сатып алуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешімнің күні мен нөмірі.

3-тарау. Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты
қатысуға рұқсатты беру тәртібi

      13. Банк және (немесе) банк холдингі ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға Заңның 11-1-бабының 12-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға өтініш ұсынады.

      Талап етілетін құжаттар қоса беріле отырып, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алу үшін өтініш қағаз тасымалдағышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

      14. Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына қомақты қатысуды сатып алатын жағдайда банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алу үшін өтініш қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алу туралы өтінішпен бірге бір мезгілде ұсынылады.

      Банк Қазақстан Республикасының резиденттері – банктің (банктің ірі қатысушысы мәртебесін сатып алу туралы өтініш), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына банктің қомақты қатысуына рұқсатты алу үшін өтініш берген жағдайда Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      Банк Қазақстан Республикасының резиденті - банктің капиталына банктің қомақты қатысуына рұқсатты алу (банк холдингінің мәртебесін сатып алу туралы өтініш) үшін өтініш не банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденттері – банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алу үшін өтініш берген жағдайда Заңның 11-1-бабы 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      15. Қазақстан Республикасының резиденттері – банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының капиталына қомақты қатысуды сатып алған жағдайда ұйымдардың капиталына қомақты қатысу үшін рұқсат № 67 қаулыға сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысының, банк холдингінің және (немесе) сақтандыру холдингінің мәртебесін сатып алуға келісіммен бір мезгілде беріледі.

      16. Банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      17. Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттарды қоспағанда, ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган банкке және (немесе) банк холдингіне оларды жою мерзімін көрсете отырып, пошта, факсимильді байланыс және (немесе) электрондық пошта арқылы мұндай ескертулерді көрсетіп хат жібереді.

      Банк және (немесе) банк холдингі ескертулерді жояды және уәкілетті орган жіберген жазбаша хабарламада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес пысықталған (түзетілген) құжаттарды ұсынады.

      18. Уәкілетті орган банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты катысуға берілген және қайтарып алынған рұқсаттардың тізбесін жүргізеді, онда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) банктің және (немесе) банк холдингінің атауы;

      2) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өту туралы деректерді және қызметтің түрін көрсете отырып, банктің және (немесе) банк холдингінің қомақты катысуы бар ұйымның атауы;

      3) ұйымның капиталына қомақты катысуға рұқсаттың күні мен нөмірі;

      4) ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешімнің күні мен нөмірі.

4-тарау. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншiлес ұйымды құруға, сатып алуға,
банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға
рұқсатты қайтарып алу тәртібі

      19. Уәкілетті орган банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты Заңның 11-1-бабының 13-тармағында көрсетілген негіздер бойынша қайтарып алады.

      20. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат қайтарып алынған жағдайда банк және (немесе) банк холдингі Заңның 11-1-бабы 13-тармағының үшінші бөлігінде көзделген іс-шараларды жүзеге асырады және осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, оларға тиесілі акцияларды (жарғылық капиталда қатысу үлестерін) иеліктен шығаруды жүргізген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға хабарлама ұсынады.

      21. Банктің және (немесе) банк холдингінің еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берілген рұқсатты қайтарып алу туралы өтінішхатпен банк және (немесе) банк холдингі растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Заңның 11-1-бабы 13-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген жағдайлар туындаған сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде уәкілетті органға өтініш жасайды.

  Банкке және (немесе) банк
холдингіне еншiлес ұйымды
құруға немесе сатып алуға, бас
банктің күмәнді және үмітсіз
активтерін сатып алатын
еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуға
рұқсатты беру, сондай-ақ
банктің және (немесе)
банк холдингінің еншiлес
ұйымды құруға, сатып алуға,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуына
рұқсатты қайтарып алу
қағидаларына
1-қосымша
нысан

      _____ жылғы "___" __________ № _____

Еншiлес ұйым құруға немесе сатып алуға, оның ішінде бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат алуға өтініш

      _____________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      банк және (немесе) банк холдингі уәкілетті органының

      _____________________________________________________________________________

      (өткізілетін орын)

      _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес

      _____________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________________

      (құрылатын (сатып алынатын) еншілес ұйымның атауы, орналасқан жері)

      құруға немесе сатып алуға рұқсат беруді сұрайды.

      Банк және (немесе) банк холдингі өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратып алынған қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды. Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың тізбесін атауымен, әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек).

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімді ұсынамыз.

      Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға)

      ____________________________

      (қолы)

      Басқару органының басшысы (бар болса)

      ___________________________

      (қолы)

      Мөр орны (бар болса)

  Банкке және (немесе) банк
холдингіне еншiлес ұйымды
құруға немесе сатып алуға, бас
банктің күмәнді және үмітсіз
активтерін сатып алатын
еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуға
рұқсатты беру, сондай-ақ
банктің және (немесе)
банк холдингінің еншiлес
ұйымды құруға, сатып алуға,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуға
рұқсатты қайтарып алу
қағидаларына
2-қосымша
нысан

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның
қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын ақпарат

      ___________________________________________________________

      (банктің және (немесе) банк холдингінің атауы)

Банктердің еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты банктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыруына қойылатын талаптар

Банктің еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің бар екенін растайтын ішкі нормативтік құжаттарының (бұдан әрі – ІНҚ) атауы
(ІНҚ бөлімін, тармағын көрсету керек)

1.

Банктің директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері және функционалдық міндеттері, олардың жауапкершіліктері:
банктің директорлар кеңесі банктің еншілес ұйымдарында ішкі аудиттің тәртібін, стандарттарын және принциптерін енгізуді қамтамасыз етеді;
уәкілетті алқалы орган банктің еншілес ұйымдарында ішкі аудиттің тәртібін, стандарттарын және қағидаттарын енгізуді қамтамасыз етеді.
банктің басқармасы банктің еншілес ұйымына инвестицияларға және оларды одан әрі дамытуға қатысты мақсаты (жоспарлары) қамтылатын банк стратегиясының жобасын әзірлейді.


2.

Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі ішкі саясаттар мен рәсімдер:
банк рәсімдер арқылы өтімділіктің топ ішіндегі тәуекелді басқарады, оның ішінде банктің еншілес ұйымдарын топтағы басқа көздерінен қорландыруына байланыстығын шектейтін лимиттерді белгілейді;
банк комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімше құрады, оның ішінде банктің еншілес ұйымдарының комплаенс-тәуекелді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша қызметін ұйлестіру функциясын жүзеге асырады;
банк тәуекелдерді, оның ішінде банкке қатысты еншілес немесе тәуелді болып табылатын барлық ұйымдарды ескере отырып, басқарудың ішкі бақылауын жүзеге асыру рәсімдерін әзірлейді;
банктің еншілес ұйымдарымен әрекет ету және ақпарат алмасу тәртібін қамтитын ішкі аудит саясатын банк әзірлейді.
банк ішкі аудит бөлімшесін құрайды, ол өзгеден басқа, банктің ішкі аудит бөлімшесінің банктің еншілес ұйымдарының ішкі аудит бөлімшелерімен өзара әрекет ету тәртібін әзірлейді.


      Ескерту:

      Осы нысанға мыналар қоса беріледі:

      1) ішкі нормативтік құжаттардың тізбесі;

      2) банктің ішкі нормативтік құжаттары.

  Банкке және (немесе) банк
холдингіне еншiлес ұйымды
құруға немесе сатып алуға, бас
банктің күмәнді және үмітсіз
активтерін сатып алатын
еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуға
рұқсатты беру, сондай-ақ
банктің және (немесе) банк
холдингінің еншiлес ұйымды
құруға, сатып алуға, банктің
және (немесе) банк холдингінің
ұйымдардың капиталына
қомақты қатысуына рұқсатты
қайтарып алу қағидаларына
3-қосымша
нысан

фотосурет
орны



Еншілес ұйымның басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер
лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат

      ____________________________________________________________________

      (еншілес ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер

      лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттың)

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________________________

      және басшы қызметкердің лауазымы немесе кандидат еншілес ұйымда

      тағайындалатын немесе сайланатын лауазымы көрсетіледі)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi (нөмірі, берілген күні, кіммен берілген), жеке сәйкестендіру нөмірі


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктігі

1

2

3

4

5






      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      4. Еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта еншілес ұйымның басшы қызметкерінің (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) бүкіл еңбек қызметi, оның iшiнде еншілес ұйымдағы лауазымын немесе кандидат еншілес ұйымда тағайындалатын лауазымды көрсете отырып, жоғарғы оқу орнын аяқтаған кезден бастап еңбек қызметi туралы мәліметтер, сондай-ақ кандидат еңбек қызметін жүзеге асырмаған кезең көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы (талап етілсе келісу күнін көрсете отырып)

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5

6







      6. Еншілес ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5






      7. Алынбаған және өтелмеген соттылығы туралы мәліметтер:

Күні

Соттың атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Кандидат оған сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылған заңнама актісінің бабы

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдау күні

1

2

3

4

5

6

7








      8. Банк қызметімен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның орналасқан жерi

Әкімшілік жазаның түрі

Кандидат оған сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған заңнама актісінің бабы

Шешім қабылданған күні

1

2

3

4

5

6







      9. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымының таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына әкеп соққан қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне дейін кемінде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде еншілес ұйымның басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлғаның (банк холдингінің) басшысы болып табылғаны туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету керек)

      10. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып табылғаны туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету керек)

      11. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымдарында, банк және сақтандыру холдингтерінде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы деректердің болуы

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңін, тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып

      ________________________________________________________________________________

      алудың негіздерін және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның

      ________________________________________________________________________________

      атауын көрсету керек)

      12. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша

      ________________________________________________________________________________

      сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін, мінсіз іскери беделі болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      (баспа әріптерімен)

      Күні ____________________________________

      Қолы ___________________________________

  Банкке және (немесе) банк
холдингіне еншiлес ұйымды
құруға немесе сатып алуға, бас
банктің күмәнді және үмітсіз
активтерін сатып алатын
еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуға
рұқсатты беру, сондай-ақ
банктің және (немесе)
банк холдингінің еншiлес
ұйымды құруға, сатып алуға,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуына
рұқсатты қайтарып алу
қағидаларына
4-қосымша
нысан

      ___ жылғы "___" _______ № _____

Банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға
өтініш

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      банктің және (немесе) банк холдингінің уәкілетті органының

      ________________________________________________________________________________

      (өткізілетін орын)

      _____ жылғы "____" _______________ № ____ шешіміне сәйкес

      ________________________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, орналасқан жері)

      ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты беруді сұрайды.

      Банк және (немесе) банк холдингі өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратып алынған қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуін растайды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың тізбесін атауымен, әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек).

      Атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке жүзеге асыратын тұлға)

      ____________________________

      (қолы)

      Басқару органының басшысы (бар болса)

      ___________________________

      (қолы)

      Мөр орны (бар болса)

  Банкке және (немесе) банк
холдингіне еншiлес ұйымды
құруға немесе сатып алуға, бас
банктің күмәнді және үмітсіз
активтерін сатып алатын
еншілес ұйымды банктің
құруына немесе сатып алуына,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуға
рұқсатты беру, сондай-ақ
банктің және (немесе)
банк холдингінің еншiлес
ұйымды құруға, сатып алуға,
банктің және (немесе) банк
холдингінің ұйымдардың
капиталына қомақты қатысуына
рұқсатты қайтарып алу
қағидаларына
5-қосымша
нысан

фотосурет орны


Банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның
басшы қызметкерлері (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау
немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттар) туралы ақпарат

      ________________________________________________________________________________

      (банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның

      басшы қызметкерiнің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін

      ұсынылып отырған кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      және басшы қызметкердің лауазымы немесе кандидат банктің және (немесе) банк

      холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымда тағайындалатын немесе сайланатын

      лауазымы көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________________

      (банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның атауы)

      1. Жалпы мәліметтер:

Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, берілген күні, кіммен берілген), жеке сәйкестендіру нөмірі


      2. Білімі:

Оқу орнының атауы

Түскен күні – аяқтаған күні

Мамандығы

Білімі туралы дипломның деректемелері, біліктігі

1

2

3

4

5






      3. Жұбайы (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) және жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңлісі, балалары) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған жылы

Туыстық қатынасы

Жұмыс орны мен лауазымы

1

2

3

4

5






      4. Банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы немесе акцияларын иеленуі туралы мәліметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі немесе кандидатқа тиесілі акциялары санының дауыс беретін акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1

2

3

4





      5. Еңбек қызметі туралы мәліметтер.

      Осы тармақта банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкерінің (немесе басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидаттың) бүкіл еңбек қызметiнде атқарған лауазымдары, оның iшiнде уәкілетті органға келісу туралы өтінішхат ұсынған қаржы ұйымындағы, холдингтегі лауазымы көрсетіледі.

Жұмыс істеген кезеңі (күні, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртіптік жаза қолданудың болуы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5

6







      6. Банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымдағы және (немесе) басқа ұйымдардағы инвестициялық комитеттерде мүшелігі туралы мәліметтер:

Кезеңі (күні, айы, жылы)

Ұйымның атауы

Лауазымы

Жұмыстан шығарылу, лауазымнан босатылу себептері

1

2

3

4

5






      7. Алынбаған және өтелмеген соттылығы туралы мәліметтер:

Күні

Соттың атауы

Соттың орналасқан жері

Жаза түрі

Кандидат оған сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылған заңнама актісінің бабы

Соттың іс жүргізу шешімін қабылдау күні

1

2

3

4

5

6

7








      8. Банк қызметімен байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы туралы мәліметтер:

Күні

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған орган

Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған органның орналасқан жерi

Әкімшілік жазаның түрі

Кандидат оған сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған заңнама актісінің бабы

Шешім қабылданған күні

1

2

3

4

5

6







      9. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы ұйымының таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына әкеп соққан қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуіне дейін кемінде 1 (бір) жылдан аспайтын кезеңде еншілес ұйымның басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы - жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлғаның (банк холдингінің) басшысы болып табылғаны туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын

      ________________________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету керек)

      10. Еншілес ұйымның басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) қатарынан төрт және одан да көп кезең бойы шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешегінің сомасы купондық сыйақының төрт еселенген және (немесе) одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолттың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асып түсетін соманы құрайтын дефолтқа жол берген бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлға, ірі қатысушы (ірі акционер) – заңды тұлға – эмитенттің басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болған адам банктің басшы қызметкері болып табылғандығы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңiн көрсету керек)

      11. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу және қаржы ұйымдарында, банк және сақтандыру холдингтерінде, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамында қызметтік мiндеттерiн орындаудан шеттету туралы деректердің болуы

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), ұйымның атауын,

      ________________________________________________________________________________

      лауазымын, жұмыс істеген кезеңін, тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып ________________________________________________________________________________

      алудың негіздерін және осындай шешім қабылдаған мемлекеттік органның

      ________________________________________________________________________________

      атауын көрсету керек)

      12. Банктің және (немесе) банк холдингінің капиталына қомақты қатысуы бар ұйымның басшы қызметкері (басшы қызметкер лауазымына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылып отырған кандидат) тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды ма

      ________________________________________________________________________________

      (иә (жоқ), құқық бұзушылықтың, қылмыстың қысқаша

      ________________________________________________________________________________

      сипаттамасы, жауапкершілікке тарту негіздерін көрсете отырып,

      ________________________________________________________________________________

      тәртіптік жаза қолдану туралы актінің немесе сот шешімінің деректемелері)

      Осы өтініштегі ақпаратты өзім тексергенімді және оның дәйекті және толық екендігін, мінсіз іскери беделі болуын растаймын.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      ________________________________________________________________________________

      (баспа әріптерімен)

      Күні ____________________________________

      Қолы ___________________________________