"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 7 наурыздағы № 83 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15046 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) (бұдан әрі – бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы 4) тармақшасы алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 5, 6, 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _____________ Д. Абаев

      2017 жылғы 27 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т.Сүлейменов

      2017 жылғы 24 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
1-қосымша

"Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      портал арқылы жүгінген кезден бастап – 10 (он) жұмыс күні.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру немесе уәжді түрде бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ұңғыма объектiлерiне сынақтар жүргiзу кезiнде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;

      көрсетілетін қызметті алушы жасаған және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген ұңғыманың жекелеген объектілерін сынау жоспарларының электрондық көшірмелері;

      осыған дейін алынған рұқсат аясындағы ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы олардың жүргізілмеген себептерін түсіндіретін растау құжатын қоса тіркейді.

      2) кен орнын сынамалық пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші, "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.

      10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;

      2) жер қойнауын пайдаланушының (өтініш берушінің) және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің талаптарға және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) жер қойнауын пайдаланушыға (өтініш берушіге) қатысты айқындалған бірінші (лицензиялар) және (немесе) екінші санаттағы рұқсаттарды алуын талап ететін жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот шешімі болса;

      4) жер қойнауын пайдаланушыға (өтініш берушіге) қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде жер қойнауын пайдаланушы айқындалған бірінші (лицензиялар) және (немесе) екінші санаттағы рұқсаттарды алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

3 - тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 14-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады.

      Министрліктің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 - тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Ұңғымалар объектілерін сынау,
кен орнын сынамалы пайдалану,
технологиялық жабдықты іске
қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстары кезінде
газды технологиялық еріксіз
жағу кезінде ілеспе және
(немесе) табиғи газды алау етіп
жағуға рұқсаттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар алу үшін ӨТІНІШ

      (қайда) ___________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы) (кімнен)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы,

      орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

      ________________________________________________________________________________

      (кен орны; ұңғыма нөмірі*; қандай сатыда)

      ________________________________________________________________________________

      (газ жағу қажеттілігінің себебі және негіздемесі; жылына жағылатын газдың болжамды

                        көлемі (млн. м3)

      ________________________________________________________________________________

      (сатылары көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың күні,

      нөмірі және қолдану мерзімі)

      _______________________________________________________________________________

      (келісімшартқа соңғы қосымшаның (болған жағдайда) күні, нөмірі және қолдану мерзімі)

      _______________________________________________________________________________

      (жүргізілетін жұмыстардың жоспарлы мерзімі)

      Ұңғыма туралы деректер:*

Объектінің атауы және нөмірі

Көлемі, млн. м3

Аралығы

Объектілер бойынша сынау күндерінің саны

1

2

3

4

      * ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде газды жағуға рұқсат алу үшін

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. ______________________________________

      2. ______________________________________

      Ұйымның басшысы (лауазымы) ___________ _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      20 __ жылғы "____" _________

  "Ұңғымалар объектілерін сынау,
кен орнын сынамалы пайдалану,
технологиялық жабдықты іске
қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстары кезінде
газды технологиялық еріксіз
жағу кезінде ілеспе және
(немесе) табиғи газды алау етіп
жағуға рұқсаттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Өткен жылғы өндірілген газ, млн. м3. ______________________.

      2. Өткен жылғы жағылған газ, млн. м3. оның ішінде:

      1) сынамалы пайдалану кезінде, млн. м3 _____________;

      2) газды технологиялық еріксіз жағу кезінде, млн. м3 _________;

      3) барлау ұңғымаларын сынау кезінде, млн. м3 _________________.

      3. Өтінім беру жылына газды жағу, млн. м3 ____________________.

      4. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе газды өңдеуді дамыту бағдарламасын бекіту туралы ақпарат:

      1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) ______;

      2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _____;

      3) өтінім беру жылына жағылатын газдың рұқсат етілген мөлшері, млн. м3

      ____________________________________________________________;

      4) өтінім беру жылына газ өндіру мөлшері, млн. м3 ____________.

      5. Газ жағуды есептеу аспаптарының саны мен олардың орналасуы

      ______________________________________________________________.

      6. Газ өңдеудің және кәдеге жаратудың нақты көлемі туралы ақпарат:

      1) өткен жылғы газ өңдеу мөлшері, млн. м3 ____________________;

      2) өткен жылғы газ өңдеу тәсілі ______________________________;

      3) өткен жылғы кәдеге жаратылған газ мөлшері, (көзі бойынша) млн. м3

      ____________________________________________________________;

      4) өткен жылғы газды кәдеге жарату тәсілі (көзі бойынша) _____;

      5) өткен жылғы технологиялық жоғалулар, млн.м3________________.

      7. Газды өндірістік үздіксіз жағу көздері (алаулары) туралы ақпарат:

      1) жалпы саны ________________________________________________;

      2) орналасқан жері ___________________________________________;

      3) биіктігі, метр ____________________________________________;

      4) өнімділігі, Hм3 мың/тәулік ________________________________.

      8. Кен орнын сынамалы пайдалану немесе игеру жобасын бекіту туралы ақпарат:

      1) құжат нөмірі (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) ______;

      2) құжаттың күні (хаттама, хат не басқа растайтын құжат) _____;

      3) жобалық құжаттағы қолданыс мерзімінің басталуы ____________;

      4) жобалық құжаттағы қолданыс мерзімінің аяқталуы ____________;

      5) өткен жылғы мұнай өндірудің жобалық мөлшері, мың тонна ____;

      6) өткен жылғы газ өндірудің жобалық мөлшері, млн. м3 ________.

      9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64

      бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 28

      қарашада № 9915 болып тіркелген) бекітілген Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе

      және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне

      сәйкес ұңғымалар объектілерін сынау және кен орнын сынамалы пайдалану, газды

      технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағу

      нормативтері мен көлемдерінің есептемесі ______________.

      Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарт туралы деректер:

      1) келісімшарт күні _________________________________________;

      2) келісімшарт нөмірі _______________________________________;

      3) келісімшарттың қолдану мерзімі ___________________________;

      4) келісімшартқа жасалынған соңғы қосымшаның күні (бар болған жағдайда)

      _________________________________________________________;

      5) келісімшартқа жасалынған соңғы қосымшаның нөмірі (бар болған жағдайда)

      _______________________________________________________;

      6) келісімшартқа жасалынған соңғы қосымшаның қолдану мерзімі (бар болған

      жағдайда) _____________________________________________;

      7) кен орны сатысы (барлау, өнеркәсіптік игеру) ______________.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
2-қосымша

"Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      портал арқылы жүгінген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсат беру немесе уәжді түрде бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.

      10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) жер қойнауын пайдаланушы немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші дәйексіз мәлiметтерді қамтитын құжаттарды ұсынған жағдайда;

      2) келісуші уәкілетті органдардың біреуінің теріс жауабы болса;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

3 - тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 14-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады.

      Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 - тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Теңiз құрылыстарын салуға
немесе орналастыруға рұқсаттар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсатты алу үшін
ӨТІНІШ

      (қайда) _________________________________________________________________________

      (уәкiлеттi органның толық атауы)

      (кімнен) ________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы,

      орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

      ________________________________________________________________________________

      (теңіз құрылысының, объектінің атауы (маркасы)

      (теңiз құрылыстарын салу немесе орналастыру бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыру

                              қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)

      (жоспарланған теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу жөніндегі жүргізілетін

                  жұмыстардың сипаты, мерзімі мен орналасатын жері)

                        (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________ _____________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      20__жылғы "___" ____________

  "Теңiз құрылыстарын салуға
немесе орналастыруға рұқсаттар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсатты алу үшін
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Теңіз құрылысын салу мақсаты, мәні мен негізі _________________________

      ____________________________________________________________________.

      2. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз құрылысының географиялық

      координаталарының негіздемесі:

      1) ендігі ____________________________________________________________;

      2) ұзақтығы ________________________________________________________.

      3. Теңіз құрылысын құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылуы болжанатын

      кеме және өзге де жүзу құралдары туралы ақпарат:

      1) кеме және өзге де жүзу құралдарының саны_________________________;

      2) кеме және өзге де жүзу құралдарының атауы _________________________.

      4. Теңіз құрылысын құруды бастау және аяқтау күні _____________________

      5. Теңіз құрылысын пайдалану кезінде қолданылатын байланыс құралдары

      (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер) туралы ақпарат

      ________________________________________________________________.

      6. Теңiз құрылысын салу немесе орналастыру кезіндегі жоспарланған іс-шаралар:

      1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе тұрақты тазарту

      құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа да зиянды заттарды қабылдауға

      арналған құралдар жасауды қоса алғанда, қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу

      немесе азайту жөнінде

      ______________________________________________________________________________;

      2) теңіз құрылысында авариялық жағдайларды болдырмау және жою жөнінде

      _______________________________________________________________________________;

      3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі,

      сондай-ақ балықтар және басқа да су жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею

      жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнінде

      _______________________________________________________________________________.

      7. Теңіз құрылысын болжамды орналастыру орнының негізгі гидрологиялық және

      гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды, жіберілетін сарқынды суларды, алынатын

      жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
3-қосымша

"Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      портал арқылы жүгінген кезден бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсат беру немесе уәжді түрде бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтері көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.

      10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

3 - тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 14-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады.

      Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі.

      2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 - тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Теңiзде iздестiру, барлау,
пайдалану ұңғымасын немесе
өзге де ұңғыманы бұрғылауға
рұқсаттар беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы
бұрғылауға рұқсатты алу үшін
ӨТІНІШ

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы,

      орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________ ____________________________________

      (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      20__жылғы "___" ____________

  "Теңiзде iздестiру, барлау,
пайдалану ұңғымасын немесе
өзге де ұңғыманы бұрғылауға
рұқсаттар беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын
немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсатты алу үшін
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған лицензия туралы мәліметтер:

      1) лицензия __________________________________________________;

      2) ЖСН/БСН _________________________________________________;

      3) лицензия нөмірі____________________________________________;

      4) лицензия күні______________________________________________.

      2. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы туралы мәліметтер:

      1) қорытынды ________________________________________________;

      2) ЖСН/БСН _________________________________________________;

      3) қорытынды нөмірі___________________________________________;

      4) қорытынды күні_____________________________________________.

      3. Теңіз құрылысын салуға не орналастыруға рұқсат туралы мәліметтер:

      1) рұқсат ____________________________________________________;

      2) ЖСН/БСН _________________________________________________;

      3) рұқсат нөмірі _______________________________________________;

      4) рұқсат күні ________________________________________________.

      4. Кен орны туралы мәліметтер

      1) Ұңғыма атауы ______________________________________________;

      2) Ұңғыманың орналасқан жері _________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
5-қосымша

"Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға
рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      портал арқылы жүгінген кезден бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсат беру немесе уәжді түрде бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.

      10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) жер қойнауын пайдаланушы немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші дәйексіз мәлiметтерді қамтитын құжаттарды ұсынған жағдайда;

      2) келісуші уәкілетті органдардың біреуінің теріс жауабы болса;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

3 - тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 14-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады.

      Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 - тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметінің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Теңізде мұнай-газ құбырларын
салу, монтаждау немесе төсеу
жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі
жұмыстарға рұқсатты алу үшін
ӨТІНІШ

      (қайда) ________________________________________________________________________

      (уәкiлеттi органның толық атауы)

      (кімнен) ________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы,

      орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

      ________________________________________________________________________________

      (теңіз құрылысының, объектінің атауы (маркасы)

      ________________________________________________________________________________

      (теңiз құрылыстарын салу немесе орналастыру бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыру

                              қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)

      ________________________________________________________________________________

      (жоспарланған теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу жөніндегі жүргізілетін

                        жұмыстардың сипаты, мерзімі мен орналасатын жері)

      ________________________________________________________________________________

      (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________ __________________________________

      (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      20__жылғы "___" ____________

  "Теңізде мұнай-газ құбырларын
салу, монтаждау немесе төсеу
жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі
жұмыстарға рұқсатты алу үшін
МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      1. Теңіз құрылысын салу мақсаты, мәні мен негізі _____________________________________

      _______________________________________________________________________________.

      2. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз құрылысының географиялық

      координаталарының негіздемесі:

      1) ендігі ____________________________________________________________;

      2) ұзақтығы ________________________________________________________.

      3. Теңіз құрылысын құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылуы болжанатын

      кеме және өзге де жүзу құралдары туралы ақпарат:

      1) кеме және өзге де жүзу құралдарының саны_________________________;

      2) кеме және өзге де жүзу құралдарының атауы _________________________.

      4. Теңіз құрылысын құруды бастау және аяқтау күні _____________________

      _______________________________________________________________________________.

      5. Теңіз құрылысын пайдалану кезінде қолданылатын байланыс құралдары

      (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер) туралы ақпарат

      _______________________________________________________________________________.

      6. Теңiз құрылысын салу немесе орналастыру кезіндегі жоспарланған іс-шаралар:

      1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе тұрақты тазарту

      құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа да зиянды заттарды қабылдауға

      арналған құралдар жасауды қоса алғанда, қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу

      немесе азайту жөнінде _______________________

      _______________________________________________________________________________;

      2) теңіз құрылысында авариялық жағдайларды болдырмау және жою жөнінде

      _______________________________________________________________________________;

      3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі,

      сондай-ақ балықтар және басқа да су жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею

      жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнінде

      _______________________________________________________________________________.

      7. Теңіз құрылысын болжамды орналастыру орнының негізгі гидрологиялық және

      гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды, жіберілетін сарқынды суларды, алынатын

      жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі _______________

      ___________________________________ ____________________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
6-қосымша

"Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-
химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға,
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын
пайдалануға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:

      (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде 30 (отыз) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде 3 (үш) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабын береді.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:

      1) осы қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есепті көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      8. Порталдың жұмыс кестесі тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі; өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, лицензияларды қайта ресімдеген кезде бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алым сомасын төлегені (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация ұсынған нысан бойынша ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы өзінде заңды тұлға үшiн – өтініш беруші заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы, жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) болмаған кезде өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" жүзеге асырылады.

      Егер рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз нысанда берілсе, лицензиат өтініш арқылы оларды электрондық форматқа ауыстыруға және рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымшаның электрондық нұсқасын алуға құқылы.

      10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер негізінде жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң түрiмен айналысуға тыйым салынуы;

      2) лицензиялық алым енгізілмегені;

      3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алғаны;

      5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болғаны;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салғаны.

3 - тарау. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымданған кезде: шағым Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі", 14-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-08-44, 8 (7172) 74-09-74 мекен-жайы бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта, "электрондық үкімет" веб-порталын емесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі шағымның қабылдағанын растау болып табылады.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 - тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министріліктің www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      2) порталда орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Мұнай және газ саласындағы
тау-кен өндірістерін (көмірсутек
шикізаты), мұнай-химия
өндірістерін жобалауға
(технологиялық) және (немесе)
пайдалануға, магистральдық газ
құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнімдері
құбырларын пайдалануға
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары және оларға сәйкестiгін растайтын құжаттардың тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Қызметтің лицензияланатын түрлері мен кіші түрлерін (жұмыстарын) орындаудың технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің болуы туралы ақпарат (жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық); магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін қолданылмайды) ____________________________ (технологиялық регламенттің атауын және оның бекітілген күнін көрсету).

      2. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде өндірістік базаның (ғимарат, үй-жайлар) болуы туралы ақпарат ___________________ (меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттарды көрсету (жер учаскелерінің, жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі; объектілердің техникалық паспорттары; жалдау (жалға алу) шарттары, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты).

      3. Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер үшін:

      1) жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді, көмірсутекті шикізат кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесін жасау; мұнай-химия өндірістерін жобалау (технологиялық) үшін:

      жобалау үшін пайдаланылатын лицензияланған бағдарламалық қамтылымның, арнайы техника мен жабдықтардың болуы туралы ақпарат ____________________________ (бағдарламалық қамтылымның атауын көрсету, қолда бар арнайы техника мен жабдықтарды атап көрсету);

      2) мұнай, газ, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін:

      инженерлік құрылыстардың, тетіктердің, арнайы техника және жабдықтардың, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарының ___________________________________ болуы туралы ақпарат (инженерлік құрылыстарды, тетіктерді, арнайы техника және жабдықтарды, технологиялық процесті бақылауға арналған өлшеу жабдықтарын атап көрсету);

      3) көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстар (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) жүргізу үшін:

      ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр, сейсмикалық станциялар, немесе басқа сейсмикалық барлау жабдығының болуы туралы ақпарат.

      _________________________________________ (қолда бар ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткіштерін тіркеуге арналған жер үсті аппараттары, арнайы кабель, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр, сейсмикалық станцияны көрсету);

      4) мұнай; газ; газ конденсаты; айдама ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшін:

      жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензияның нөмірі және берілген күні ______________________________________________________;

      шарттың нөмірі * _____________________________________;

      шартқа қол қойылған күні * ___________________________________;

      лицензиясы бар ұйымның атауы_________________________________;

      перфорациялық жабдықтар немесе жүйелерінің болуы туралы ақпарат __________________________________________________________________.

      * ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар болған жағдайда, үшінші және төртінші абзацтар толтырылмайды;

      5) құрлықта; теңізде; ішкі су қоймаларында көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін:

      бұрғылау (оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында жүзетін) қондырғыларының, қашаудың, бұрғылау құбырларының, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың болуы туралы ақпарат ______________________ (қолда бар жабдықты көрсету);

      6) кен орындарында ұңғымаларды жер астында (күрделi, ағымдағы) жөндеу үшін:

      арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпарат__________ (қолда бар жабдықты атап көрсету);

      7) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынаудан өткізу үшін:

      көтергіш көлік құралдарының, цементтеу агрегатының, арнайы техника және жабдықтардың, тетіктер мен құралдардың болуы туралы ақпарат ____________(қолда бар жабдықтарды, тетіктер мен құралдарды атап көрсету);

      8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін:

      техника құралдары кешенінің, арнайы техника және жабдықтардың болуы туралы ақпарат _______________________________________________ (қолда бар құралдар мен жабдықтарды көрсету);

      9) құрлықта; теңiзде кен орындарында көмірсутекті шикізат төгiлуiнiң алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар үшін:

      теңіздегі мұнай жинау қондырғысының (скиммер), құрлықта мұнай жинауға арнайы техника және жабдықтардың, жүзуші резервуарлардың және бонолық тосқауылдардың болуы туралы ақпарат ______________________ (қолда бар құралдар мен жабдықтарды көрсету);

      10) көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін:

      құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтеу агрегатының және лақтыруға қарсы жабдықтардың болуы туралы ақпарат ___________________________________________ (қолда бар құралдар мен жабдықтарды көрсету);

      11) мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін:

      тетіктердің, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың болуы туралы ақпарат __________________________ (қолда бар тетіктерді, қондырғылар мен өзге жабдықтарды көрсету);

      өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмірі және берілген күні _______________________________________;

      аккредиттелген зертханасы бар ұйымның атауы, аттестатының нөмірі және берілген күні * ________________________________________________;

      аккредиттелген зертханасы бар ұйыммен жасалған шарттың нөмірі және күні* _________________________________________________.

      * төртінші және бесінші абзацтардағы ақпарат жеке меншікте зертхана болмаған кезде толтырылады;

      12) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану үшін:

      меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының болуы туралы ақпарат ________________________________(меншік құқығын немесе өзге де заңды негіздерді растайтын құжаттарды (жер учаскелерінің, жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық нөмірі; объектілердің техникалық паспорттары; жалдау (жалға алу) шарттары, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартын көрсету);

      кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдардың, жабдықтардың болуы туралы ақпарат;

      жұмыс істейтін өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бекітілген бағдарламалар, қоршаған ортаны қорғау, заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының); аварияларды жою жоспарының болуы туралы ақпарат ________________________________ (бекітілген бұйрықтардың нөмірлері (бар болған жағдайда) және күндерін көрсету).

      4. Мыналарды:

      1) машиналарды, тетіктерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

      2) еңбек қауіпсіздігін бақылауды;

      3) метрологиялық бақылауды;

      4) маркшейдерлік жұмыстарды ("мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану", "магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметтерінің кіші түріне қолданылмайды);

      5) технологиялық процесті сақтауды және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды ("мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану" қызметінің кіші түріне қолданылады);

      6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды ("магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметтерінің кіші түріне таратылады);

      7) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін қызметтер және жауапты тұлғалар: бұйрықтың нөмірі және күні ______________________;

      қызметтің атауы және жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) ____________________________________________________;

      5. Тиісті білім деңгейіне, атқаратын лауазымына және техникалық басшылар үшін – аталған салада кемінде 3 жыл, практикалық тәжірибесінің болуына, жауап беретін біліктілік құрамының (техникалық басшылар үшін – мұнай және газ саласында жоғары техникалық білім, мамандар үшін – кемінде орта арнаулы білімі) бар болуы туралы ақпарат _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының атауы, білімі бойынша мамандығы және біліктілігі, лауазымы, тиісті салада еңбек өтілі).

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 7 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
7-қосымша

"Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:

      аккредиттеу туралы куәлігін берген (бұдан әрі – куәлік) кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      куәлікті қайта ресімдеу кезінде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – аккредиттеу туралы куәлік, куәлікті қайта рәсімдеу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі; өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) куәлікті алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша мәліметтер.

      2) куәлікті қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.

      куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған құжаттар көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" жүзеге асырылады.

      Өтініште және мәлімет нысанында көрсетілген ақпараттардың дұрыстығына қызмет алушының өзі жауапты.

      10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер негізінде жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3 - тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымданған кезде: шағым Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі", 14-кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-08-44, 8 (7172) 74-09-74 мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта, "электрондық үкімет" веб-порталы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетіледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі шағымның қабылдағанын растау болып табылады.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымның қаралу нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жолданады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 - тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

  "Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Газ желістері ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті беруге өтініш

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның БСН, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі мен күні)

      ____________________________________________________________________

      (газ толтыру станциясының орналасқан жері)

      ___________________________ аккредиттеу туралы куәлік беруді сұрайды.

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. _________________________________

      2. _________________________________

      Ұйымның басшысы (лауазымы)

      _______________ _________________________________________

      (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      МО

      20 __ жылғы "___" ______________

  "Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны

      1. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін өндірістік-техникалық базаның бар болуы _____________________________ (жерге жеке меншік құқығына актілерді, объектілерге техникалық паспорттарды, әділет органдарынан немесе электрондық үкімет порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтамаларды, объектілерді пайдалануға беру туралы мемлекеттік комиссиялардың актілерін, жалға алу мерзімдерін көрсете отырып, жалға алу шартын көрсету) туралы ақпарат;

      2. Газ толтыру станциясының бар болуы туралы ақпарат _______________________ (баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, толтырғыш бағандар, баллон жөндеу цехы, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе жабық түрдегі қоймалардың, жалпы көлемі кемінде 300 тонна сұйытылған мұнай газын сақтауға арналған резервуардың, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың және/немесу су қоймасының болуын көрсету);

      3. Инженерлік құрылыстар бар болуы туралы ақпарат _________________ (төгу-құю теміржол эстакадасы, су ағынды сорғылармен жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтардың және/немесу су қоймасының болуын көрсету);

      4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауды, оның ішінде: қауіпті өндірістік объектілерді және техникалық қондырғыларды өндірістік бақылауды; газ толтыру станциясын пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді; сұйытылған мұнай газын сақтау, тасу және өткізу объектілерін пайдаланудың техникалық процесін сақтауды; еңбекті, қауіпсіздік техникасын және қоршаған ортаны қорғауды; метрологиялық бақылауды; өрт қауіпсіздігін; өнеркәсіптік қауіпсіздікті; күзет қауіпсіздігін; авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін қызметтердің болуы туралы ақпарат_________________________(қызметтерді құру және осы қызметтер бойынша жауаптыларды тағайындау туралы бұйрықтарының күнін және нөмірін көрсету);

      5. Тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша және нұсқама алудан, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өткен, мамандығы бойынша кемінде екі жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар мамандардың техникалық басшыларының білікті құрамының (техникалық басшылары үшін – мұнай-газ саласындағы жоғары білімі, мамандар үшін – техникалық персоналдың жалпы санының кемінде 50 %-ы және кем дегенде арнайы орта білімі) бар болуы туралы ақпарат _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), білімі бойынша мамандығы, қызметі, бұл саладағы қызметінің еңбек өтілі);

      6. Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бекітілген бағдарламалар мен іс-шаралардың, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі іс-шаралардың; аварияларды жою және қаланың аварияларды жою жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимыл жоспарының бар болуы туралы ақпарат ______________________ (бағдарламалар мен іс-шаралардың күндерін және нөмірлерін көрсету);

      7. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган тіркеген қауіпті өнеркәсіп объектісінің қауіпсіздік декларациясының бар болуы туралы ақпарат __________________________ (декларацияны тіркеу күні және нөмірін көрсету);

      8. Объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының бар болуы туралы ақпарат______________________ (шарттың күнін және нөмірін көрсету).