Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11279 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) "Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      4) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;
      5) алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      6) "Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;

      7) "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.02.2018 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      министрі

      ________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 27 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 25 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
1-қосымша

"Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      портал арқылы жүгінген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының рұқсат беруге және (немесе) оған қосымша беруге құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ұңғыма объектiлерiне сынақтар жүргiзу кезiнде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған шикі газды алау етіп жағуға рұқсат алу үшін өтініш;

      өтініш беруші бекіткен ұңғыманың объектілерін сынау жоспарының электрондық көшірмесі;

      осыған дейін алынған рұқсат аясында ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда, өтініш беруші олардың жүргізілмеген себептерін түсіндіретін растау құжаттың электрондық көшірмесін қоса тіркейді.

      2) кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған шикі газды алау етіп жағуға рұқсат алу үшін өтініш;

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) жер қойнауын пайдаланушы (өтініш беруші) рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталса;

      2) жер қойнауын пайдаланушының (өтініш берушінің) және (немесе) рұқсатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің талаптарға және (немесе) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) жер қойнауын пайдаланушыға (өтініш берушіге) қатысты айқындалған бірінші (лицензиялар) және (немесе) екінші санаттағы рұқсаттарды алуын талап ететін жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын, заңды күшіне енген сот шешімі болса;

      4) жер қойнауын пайдаланушыға (өтініш берушіге) қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болса, оның негізінде жер қойнауын пайдаланушы айқындалған бірінші (лицензиялар) және (немесе) екінші санаттағы рұқсаттарды алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылса.

3 - тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады.

      Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 - тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

      17. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.

      Ескерту. 17-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Шикі газды алау етіп
жағуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат алу үшін
ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      (қайда)__________________________________________________________________________

      (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның толық атауы)

      (кімнен)_________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды

      тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      байланыс деректері (телефон, электрондық пошта)

      ________________________________________________________________________________

      (кен орны (құрылым); ұңғыма нөмірі*)

      ________________________________________________________________________________

      (мәлімделген жылға жағу мерзімін көрсете отырып, жағылатын шикі газдың көлемі

      (миллион текше метр)

      ________________________________________________________________________________

      (жүргізілетін жұмыстардың жоспарлы мерзімі)

      ________________________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау құжатының атауы,

      нөмірі, бекіту күні және қолдану мерзімі)

      ________________________________________________________________________________

      (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 16961 болып

      тіркелген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164

      бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде

      шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес шикі газды жағу

      нормативтері мен көлемдерінің есептемесі)

      Ұңғыма туралы деректер:*

Объектінің атауы және нөмірі

Көлемі, миллион текше метр

Аралығы

Объектілер бойынша шикі газды алау етіп жағу күндері

1

2

3

4









      * ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде шикі газды жағуға рұқсат алу үшін

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

      ...

      Ұйымның басшысы немесе уәкілетті адам (лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Электрондық цифрлық қолтаңба 20 __ ж." ____ " _________

  "Ұңғымалар объектілерін сынау,
кен орнын сынамалы пайдалану,
технологиялық жабдықты іске
қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жұмыстары кезінде
газды технологиялық еріксіз
жағу кезінде ілеспе және
(немесе) табиғи газды алау етіп
жағуға рұқсаттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Нысан

МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
2-қосымша

"Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.elicense.kz, www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      портал арқылы жүгінген сәттен бастап – 13 (он үш) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабын береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс күні аяқталған соң жүгінсе, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.

      10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) жер қойнауын пайдаланушы немесе жүзбелі жабдықты (жүзбелі бұрғылау қондырғысын) алуға тапсырыс беруші дәйексіз мәлiметтерді қамтитын құжаттарды ұсынған жағдайда;

      2) келісуші уәкілетті органдардың біреуінің теріс жауабы болса;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

3 - тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады.

      Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 - тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

      17. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.

      Ескерту. 17-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Теңіздегі объектілерді құруға
және орналастыруға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алуға
ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      (қайда) _________________________________________________________________________

      (уәкiлеттi органның толық атауы)

      (кімнен) ________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды

      тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      байланыс деректері (телефон, электрондық пошта)

      ________________________________________________________________________________

      (теңіз объектінің атауы (маркасы)

      ________________________________________________________________________________

      (теңiз объектісін құру және орналастыру бойынша теңізде және ішкі су айдындарында

      көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізу қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)

      ________________________________________________________________________________

      (жоспарланған теңіз объектісін не осындай теңіз объектісін құру және орналастыру жөніндегі

      жүргізілетін жұмыстардың мерзімі мен орналасатын жері)

      ________________________________________________________________________________

      (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

      Ұйымның басшысы немесе сенімгер адам (лауазымы)

      ______________ _______________________________________

      (қолы)                  тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Электрондық цифрлық қолтаңба                              20__ж. "___" ____________

  "Теңіздегі объектілерді құруға
және орналастыруға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алуға мәлімет нысаны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Теңіз объектісінің атауы (маркасы) __________________________________________

      2. Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың нөмірі және күні ____________________

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітілген, жер

      қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін жобалық құжаттың атауы мен бекіту күні

      ________________________________________________________________________________

      4. Теңіз объектісін құру мақсаты, мәні мен негізі_________________________________

      5. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз объектісінің географиялық

      координаттарының негіздемесі:

      1) ендігі __________;

      2) ұзақтығы ______.

      6. Теңіз объектісін құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылуы

      болжанатын кеме және өзге де жүзу құралдары туралы ақпарат:

      1) кеме және өзге де жүзу құралдарының саны __________________________________;

      2) кеме және өзге де жүзу құралдарының атауы _________________________________.

      7. Теңіз объектісін құруды бастау және аяқтау күні ______________________________.

      8. Теңіз объектісін пайдалану кезінде қолданылатын байланыс құралдары

      (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер) туралы ақпарат _______.

      9. Теңiз құрылысын құру және орналастыру кезіндегі жоспарланған іс-шаралар:

      1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе тұрақты тазарту

      құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқада зиянды заттарды қабылдауға

      арналған құралдар жасауды қоса алғанда, қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу

      немесе азайту жөнінде ____________________________________________________________;

      2) теңіз объектісінде авариялық жағдайларды болдырмау және жою жөнінде

      _______________________________________________________________________________;

      3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      жөніндегі, сондай-ақ балықтар және басқа да су жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың

      көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнінде

      _______________________________________________________________________________.

      10. Теңіз объектісін болжамды орналастыру орнының негізгі гидрологиялық және

      гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды, жіберілетін сарқындысуларды, алынатын

      жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі

      _______________________________________________________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
3-қосымша

"Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
4-қосымша

"Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды айдауға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
5-қосымша

"Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға
рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
6-қосымша

"Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) мәліметтер нысанында көрсетілгендерді тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер нысанында көрсетілгендер толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабын береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:

      1) төмендегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым:

      тау-кен өндірістерін (көмірсутектер) жобалауға (технологиялық) - 10 айлық есепті көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);

      тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға - 100 АЕК құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 13.02.2018 № 48 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      8. Порталдың жұмыс кестесі тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі; өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, лицензияларды қайта ресімдеген кезде бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алым сомасын төлегені (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы жоқ болған жағдайда - заңды тұлға не жеке басын куәландыратын құжат үшін - жеке тұлға үшін (сәйкестендіру үшін) көрсетілетін қызметті алушы туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" жүзеге асырылады.

      Егер рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз нысанында берілсе, лицензиат өтініш арқылы оларды электрондық форматқа ауыстыруға және рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымшаның электрондық нұсқасын алуға құқылы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер негізінде жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарымен субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң түрiмен айналысуға тыйым салынуы;

      2) лицензиялық алым енгізілмегені;

      3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;

      4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алғаны;

      5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болғаны;

      6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салғаны.

3 - тарау. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады.

      Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі;

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4 - тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министріліктің www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      2) порталда орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

      17. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.

      Ескерту. 17-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Көмірсутектер саласындағы
тау-кен өндірістерін
(көмірсутектер), мұнай-химия
өндірістерін жобалауға
(технологиялық) және (немесе)
пайдалануға, магистральдық газ
құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнімдері
кұбырларын пайдалануға
арналған лицензия"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.11.2018 № 469 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Технологиялық регламенттің болуы туралы (көмірсутектер кен орындарына

      арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-

      экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай

      өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін қолданылмайды):

      _______________________________________________________________________________;

      (мәлімделген қызметтің кіші түріне арналған технологиялық регламенттің атауы және

      бекітілген күні)

      2. Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (ғимараттың,

      тұрғын емес үй-жайдың) болуы ("магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметінің кіші түріне қолданылмайды):

      _______________________________________________________________________________;

      (жалға берушіні және жалдау/сенімгерлікпен басқару мерзімдерін, жылжымайтын мүлік

      объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларын көрсете отырып, өндірістік базаның (ғимараттың,

      тұрғын емес үй-жайдың) болуын растайтын құжаттардың атауы, нөмірі және күні)

      3. Көмірсутектер саласында тау-кен (көмірсутектер) өндірістерін, мұнай-химия

      өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ

      құбырларын, мұнай құбырларын,мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер

      үшін мәлімделген қызметтің кіші түріне сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де

      заңды негіздегі төмендегілердің болуы қажет:

      1) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, негізгі инженерлік құрылыстардың және

      қондырғылардың атауы)

      2) көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу

      (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) үшін:

      кәсіпшілік зерттеулер үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, ұңғымалық аспаптардың және (немесе) жабдықтың

      атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі) геофизикалық

      жұмыстар үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, ұңғымалық аспаптардың және аспаптардың

      көрсеткіштерін тіркеуге арналған жерүсті аппаратурасының, ұңғымада түсіру-көтеру

      операцияларына арналған жүк шығырдың және жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған

      жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі) сейсмикалық барлау жұмыстары үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, сейсмикалық станцияның және (немесе)

      сейсмикалық барлау жабдығының атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың

      сериялық нөмірі)

      3) мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын

      жүргiзу үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға

      рұқсаттың атауы, нөмірі және берілген күні)

      _______________________________________________________________________________;

      (жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты

      бар ұйыммен жасалған шарттың атауы, нөмірі және берілген күні)*

      *ұйымның жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі

      қолдануға рұқсаты бар болған жағдайда осы абзацтың екінші жолы толтырылмайды;

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, перфорациялық жабдық немесе жүйенің атауы,

      маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      4) құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында

      ұңғымаларды бұрғылау үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, бұрғылау қондырғысының, шығарындыға қарсы

      жабдықтың және басқа да жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы

      зауыттың сериялық нөмірі)

      5) кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы, күрделi) үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, ұңғымаларды жөндеу бойынша қондырғының,

      шығарындыға қарсы жабдықтың және басқа да жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған

      жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      6) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынамалаудан

      өткізу үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, қондырғының және (немесе) арнайы техниканың

      атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      7) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, консервациялауға және жоюға арналған

      қондырғының және (немесе) жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы

      зауыттың сериялық нөмірі)

      8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, арнайы техниканың және (немесе) жабдықтың

      атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      9) құрлықтағы; теңiздегі көмірсутектер кен орындарында төгiлуді болғызбау және жою

      жөнiндегi жұмыстар үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, арнайы техниканың және (немесе) құрлықта мұнай

      жинауға арналған жабдықтың; теңіздегі мұнай жинау құрылғысының, жүзуші резервуарлар

      және бондық тосқауылдардың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың

      сериялық нөмірі)

      10) мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін: негізгі технологиялық қондырғылардың және

      жабдықтың болуы туралы

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, негізгі технологиялық қондырғылардың және

      жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      арнайы жабдықталған қоймалардың болуы туралы

      _______________________________________________________________________________;

      (арнайы жабдықталған қоймалардың атаулары) аккредиттелген зертхананың немесе

      аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы туралы

      _______________________________________________________________________________;

      (өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша

      зертханаға берілген аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні)

      _______________________________________________________________________________;

      (өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша

      аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының нөмірі және берілген күні)**

      **ұйымның жеке зертханасы бар болған жағдайда төртінші абзацтың екінші жолы толтырылмайды;

      11) көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын;

      технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау

      үшін: __________________________________________________________________________;

      (лицензияланған бағдарламалық қамтылымның атауы; лицензияланған бағдарламалық

      қамтылымның заңды иелігін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні)

      _______________________________________________________________________________;

      (пайдаланылатын компьютерлердің, принтердің, плоттердің, кәсіпшілік зерттеулерге арналған

      ұңғымалық аспаптардың атауы, маркасы және саны) 4. Магистральдық газ құбырлары, мұнай

      құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану үшін меншік құқығындағы немесе өзге де

      заңды негізде мыналардың болуы:

      1) магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары

      _______________________________________________________________________________;

      (магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары желілік

      бөлігінің ұзақтығын көрсете отырып, магистральдық газ құбырларының, мұнай

      құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуын растайтын құжаттардың атауы, нөмірі

      және берілген күні)

      2) мәлімделген кіші қызмет түрлеріне қажетті техникалық талаптарға сәйкес қолданылатын

      магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды

      қамтамасыз ететін аспаптары және жабдықтары

      _______________________________________________________________________________;

      (аспаптардың және жабдықтардың атауы)

      3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін

      _______________________________________________________________________________;

      (диагностикалық аспаптардың атауы)

      4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін

      _______________________________________________________________________________;

      (бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың, жабдықтардың атауы)

      5) заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, қолданыстағы өндiрiстiк

      объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бекітілген бағдарламалар; жөндеу

      жұмыстарын орындау жоспарлары (бағдарламалары)

      _______________________________________________________________________________;

      (бағдарламалар мен жоспарлардың атауы және олардың бекітілген күні)

      5. Мыналарды:

      1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдаланудың

      және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

      2) еңбек қауіпсіздігін;

      3) қоршаған ортаны қорғауды;

      4) метрологиялық бақылауды;

      5) технологиялық процесті және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды ("мұнай-

      химия өндiрiстерiн пайдалану" қызметінің кіші түріне ғана қолданылады);

      6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын

      пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды ("магистральдық газ құбырларын, мұнай

      құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметтерінің кіші түрлеріне ғана

      қолданылады) қамтамасыз ететін қызметтер және (немесе) жауапты тұлғалар:

      _______________________________________________________________________________;

      (қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың

      нөмірі және күні)

      6. Тиісті білім деңгейіне сәйкес келетін:

      1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы үшін - мұнай және газ

      саласындағы жоғары техникалық білімі, көрсетілген салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      2) мамандар үшін - жоғары техникалық немесе орта арнаулы білімі бар, атқаратын қызметіне

      сәйкес жалпы персоналдың 50%-нан кем емес біліктілік құрамының болуы туралы

      _______________________________________________________________________________.

      (әрбір жұмыскер бойынша ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының

      атауы, білім туралы құжаттың нөмірі және берілген күні, білімі бойынша мамандығы және

      біліктілігі, лауазымы, техникалық басшы үшін (2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан

      Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарға сай)

      тиісті саладағы мамандығы бойынша еңбек өтілі)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
7-қосымша

"Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 07.03.2017 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 - тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:

      1) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлігін (бұдан әрі – куәлік) берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде мынадай жағдайларда:

      газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде – 5 (бес) жұмыс күні;

      егер газ желісі ұйымының екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

      газ желісі ұйымының есептік деректеріне рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын қосу – 15 (он бес) жұмыс күні;

      3) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы Газ желісі ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне мәліметтерді енгізу кезінде, жалға алу (бұдан әрі – жалға алу) мерзімі аяқталғанға дейін жалға алу немесе сенімгерлік басқару шарты негізінде газ толтыру станциясының пайдалануы расталған кезде – 7 (жеті) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) мәліметтер нысанында көрсетілгендерді тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер нысанында көрсетілгендер толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабын береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық.

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – куәлік, қайта ресімделген куәлік, мәліметтерді Тізілімге енгізу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.01.2019 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) куәлікті алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған куәлікті алуға өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны;

      2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде мынадай жағдайларда:

      газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған куәлікті қайта ресімдеуге өтініш;

      куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      егер газ желісі ұйымның екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес иелену тоқтатылғын газ толтыру станциясының мекенжайын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;

      газ желісі ұйымының есептік деректеріне рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын қосу:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті қайта ресімдеуге өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны;

      3) егер газ желісі ұйымы жалға алу шарты негізінде газ толтыру станциясын пайдалануды ұзартқан жағдайда, онда оны жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін газ желісі ұйымы Тізілімге мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мәліметтер енгізу үшін уәкілетті органға мына құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады:

      жаңа мерзімге жалға алу немесе оны ұзарту шарты;

      жалға алу шартына сәйкес мүлікті қабылдау-тапсыру актісі;

      электрондық үкімет порталынан алынған жалға берушінің жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы осы тармақшаның екінші және үшінші абзацында көрсетілген құжаттарды өткізгенге дейін кемінде екі күн қалғанда берілген анықтама.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" жүзеге асырылады.

      Өтініште және мәлімет нысанында көрсетілген ақпараттардың дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушының өзі жауапты.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.01.2019 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Рұқсатты беруден бас тарту мынадай негіздер негізінде жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) тексерудің теріс қорытындысы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3 - тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады.

      Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Шағымда:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы;

      2) заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8 800 080 7777.

      17. Мүмкіндіктері шектеулі қызметті алушылар (олардың өкілдері) көрсетілетін қызмет берушіге жүгінген жағдайда оларға мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшелігі: "Министрліктер үйі" ғимараты он төртінші және он бесінші кіреберістері аралығында орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жеке есікпен жабдықталған.

      Ескерту. 4-тарау 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 29.01.2019 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді.

      Ескерту. 18-тармақпен толықтырылды – ҚР Энергетика министрінің 18.11.2019 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті алуға өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.01.2019 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу

      нөмірі мен күні)

      _______________________________________________________________________

      (газ толтыру станциясының орналасқан жері)

      ___________________________ газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік

      беруді сұрайды.

      Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны қоса беріледі.

      Өтініште және мәліметтер нысанында қамтылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұйымның басшысы немесе уәкілетті өкіл (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

  "Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 29.01.2019 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік-техникалық базаның бар

      болуы _____________________________ (жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық

      паспорттардың, электрондық үкімет порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар

      (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтамалардың, көрсетілген

      құжаттарды беру/қол қою/тіркеу күнін көрсете отырып, жалға берушіні және жалға алу немесе

      сенімгерлік басқару мерзімін көрсете отырып, газ толтыру станциясын және топтық

      резервуарлық қондырғыларды жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару шартының (бар

      болған жағдайда)) туралы ақпарат.

      2. Газ толтыру станциясының аумағында орналасқан

      ___________________________________(төгу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш

      бағандар, баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, баллондарды

      техникалық куәландыру және жөндеу учаскесі, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе

      жабық түрдегі қойма, жалпы көлемі кемінде 600 м3 сұйытылған мұнай газын сақтауға

      арналған резервуарлар, газды есепке алу аспаптары, су ағынды сорғылармен

      жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар және/немесе су қоймасының болуын

      көрсету) бар болуы туралы ақпарат.

      3. Топтық резервуарлық қондырғылар бар болуы туралы ақпарат _________________

      (резервуарлық қондырғы орналасқан жері, көлемін және санын болуын көрсету).

      4. Газ толтыру станциясының техникалық процесіне басшылықты (техникалық басшы);

      өрт қауіпсіздігін; өнеркәсіптік қауіпсіздікті; сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүргізуді;

      авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін

      қызметтердің және (немесе) жауапты тұлғалардың болуы туралы ақпарат

      _________________________ (қызметтерді құру және (немесе) жауаптыларды (лауазымы, тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) тағайындау туралы бұйрықтардың күндерін және

      нөмірлерін көрсету).

      5. Білікті құрамының бар болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық басшылар үшін – мұнай-газ, газбен жабдықтау саласында жоғары білімі,

      кемінде екі жыл мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар туралы ақпарат

      _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), оқу орнының атауын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі техникалық басшылардың тиісті саласындағы мамандығы

      бойынша жұмыс өтілі (тиісті саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі еңбек заңнамасында

      белгіленген тәртіппен расталады));

      2) инженерлік-техникалық қызметкерлері үшін – атқаратын лауазымына сәйкес кем

      дегенде арнайы орта білімі бар туралы ақпарат _____________________(әрбір қызметкер

      бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының

      атауын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын).

      6. Объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы туралы

      ақпарат ___________________________________ (шарттың күнін және нөмірін көрсету).

      7. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының

      Заңына (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік

      саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік

      қауіпсіздік декларациясының бар болуы туралы ақпарат ____________________________

      (декларацияны тіркеу күні және нөмірін көрсету).

      8. Азаматтық қорғау туралы заңына сәйкес аварияларды жою жоспары бар болуы

      туралы ақпарат ____________________________ (кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің

      және (немесе) құралымдарының аварияларды жою жоспарын келісу күні, сондай-ақ оны ұйым басшысы бекіткеннен күні мен нөмірі (болған кезде) көрсету).

  "Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
  Нысан

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге өтініш

      Ескерту. Стандарт 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 29.01.2019 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу

      нөмірі мен күні)

      20__ жылғы "____"________________ №____________________________________

      газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті

      ____________________________________________________________ байланысты

      (қайта ресімдеу себебін көрсету)

      қайта ресімдеуді сұрайды.

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. _________________________________

      2. _________________________________

      3. _________________________________

      Өтініште және қоса берілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Ұйымның басшысы немесе уәкілетті өкіл (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда))