Сот сараптама объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 305 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 наурызда № 14958 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің "Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10305 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) және "Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 16 шілдедегі № 396 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 305 бұйрығымен
бекітілді

Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сараптамасы объектілерін пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот сараптамасы органы қызметкерлерінің, лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын жеке тұлғалардың (бұдан әрі – лицензиаттар) және сот сараптамасын жүргізуді бір жолғы тәртіппен жүзеге асыратын өзге де адамдардың сот сараптамасы объектілерін қабылдау, сақтау, қайтару тәртібін белгілейді.

      2. Заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі, адам психикасының жай-күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасының нысанына жататын, ол бойынша сот сараптамасы жүргізіліп жатқан іс материалдарында қамтылған мәліметтер - сот сараптамасы объектілері (бұдан әрі – сот сараптамасы объектілері) болып табылады.

      3. Сот сараптамасын жүргізуге қажетті тірі адамның, мәйіттің, жануардың, өсімдіктің, бұйымның, материалдың немесе заттың қасиеттерін бейнелеп көрсететін материалдық объектілер - үлгілер болып табылады.

2-тарау. Сот сараптамасы объектілерін қабылдаудың тәртібі

      4. Сот сараптамасы объектілерін сот сараптамасы органына немесе лицензиатқа сот сараптамасын тағайындайтын адам тікелей ұсынады не арнайы пошта байланысы арқылы жолданады.

      Арнайы пошта байланысы арқылы қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен пиротехникалық құрамдарды, жарғыш құрылғылар мен жару құралдарын, жеңіл тұтанатын және жаңғыш заттарды, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды, қатты әсер ететін, уытты және улы заттарды, радиоактивті заттар мен ядролық материалдарды, қымбат заттарды, құнды қағаздарды, тибиғи күйіндегі биологиялық текті объектілерді, рабайсыз объектілерді жіберуге тыйым салынады.

      5. Сот сараптамасы объектілері олардың зақымдану, өзгеру, ауысып кету мүмкіндігін болдырмайтын және оларды сақтау мен тасымалдау кезінде белгілері мен қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін орамаға орналастырылады.

      Әрбір сот сараптамасы объектісі мен заттардың үлгілері бөлек ыдысқа салынды. Сот-гистологиялық сараптамасы объектілері үшін бір ыдысқа салу рұқсат етіледі.

      Биологиялық текті объектілерді олардың табиғи күйінде тасымалдау өздерінің бастапқы қасиеттерін өзгертуге кедергі келтіретін жағдайларда қамтамасыз етіледі.

      6. Орамада сот сараптамасы объектісінің атауы, оның пайда болуы, алу шарттары, объекті табылған және алынған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туралы мәліметтер, табу, алу және орау кезінде қатысқан адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолдары, алуды жүргізген немесе сот сараптамасын тағайындаған лауазымды адамның қолы және оның қолын куәландыратын мөрдің бедері көрсетіледі.

      Биологиялық текті объектілер үшін орамада сот сараптамасы объектісінің атауы, оның пайда болуы, объектілерді алуды жүргізу орны, объектілерді алу жүргізілген адамның немесе мәйітінен объектілерді алу жүргізілген өлген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (объектілерді белгісіз тұлғадан немесе мәйіттен алу кезінде ерекше белгілері және тіркеу журналында көрсетілген нөмірі көрсетіледі) туралы мәліметтер, консервациялау ортасы (егер мұндайлар қолданылса), сот сараптамасы объектілерін орау кезінде қатысқан адамдардың қолдары, алуды жүргізген немесе сот сараптамасын тағайындаған лауазымды адамның қолы және оның қолын куәландыратын мөрдің бедері көрсетіледі.

      7. Сот сараптамасы объектілерінің көлемдері мен өлшемдеріне байланысты, зерттелуге жататын материалдардың өзіндік ерекшеліктеріне орай оларды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, сот сараптамасын тағайындаған адам сот сарапшысының зерттеу объектілерінің орналасқан жеріне жеткізуді, сот сарапшысының оған кедергісіз кіруін және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

      8. Сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) Заңның 30-бабының 2-тармағына сәйкес сот сараптамасы органы аймақтық бөлімшесінің басшысына не лицензиатқа сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыны, ұйғарымды зерттеу объектілерін және зерттеу жүргізуге және қорытынды беруге қажетті өзге де материалдарды ұсынады.

      9. Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы, ұйғарым осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасын жүргізуге келіп түскен материалдарды тіркеу журналында тіркеледі.

      Сот-медициналық, сот-психиатриалық, сот-наркологиялық сараптамаларды тағайындау туралы қаулы, ұйғарым осы Қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша кеңседе тіркеледі.

      Сот медицинасы бөлімшелерінде (облыстық, ауданаралық және аудандық) сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы, ұйғарым осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша сараптамаларды тіркеу журналдарында тіркеледі, онда зерттеуге ұсынылған объектілер көрсетіледі.

      Біртекті заттар болған кезде олардың саны, заттар үшін - түрі мен саны, бірдей мазмұндағы құжаттар үшін - парақтар саны көрсетіледі.

      Қылмыстық, азаматтық істің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарын алу кезінде оның нөмірі, күдіктінің (күдіктілердің), айыпталушының (айыпталушылардың) немесе азаматтық істегі тараптардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), томдарының және іс парақтарының саны көрсетіледі.

      10. Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда көрсетілген объектілер тізбесінің, олардың санының сәйкессіздігі, ораманың бүтіндігі бұзылғандығы анықталған жағдайда сараптамаға келіп түскен материалдар мен объектілерді қарап-тексеру актісі (бұдан әрі – Қарап-тексеру актісі) осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данада жасалады. Қарап-тексеру актісіне аумақтық бөлімшенің басшысы, қарап-тексеруді жүргізген сот сарапшысы және сараптаманы тағайындаған адам қол қояды.

      Қарап-тексеру актісінің бір данасы сот сараптамасын тағайындаған адамға тапсырылады, екіншісі сот сарапшысының қорытындысымен бірге бақылау өндірісінде сақталады.

      Объектілер пошта байланысы арқылы жеткізілген жағдайда, Қарап-тексеру актісіне аумақтық бөлімшенің басшысы, осы сараптаманы жүргізу тапсырылған сот сарапшысы және кеңсе қызметкері қол қояды. Актінің бір данасы сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жолданады.

      Объектілердің тізілімі мен санының сәйкессіздігі анықталған кезде биологиялық текті объектілердің бұзылуына жол бермеу мақсатында сот сараптамасы органы немесе лицензиат сараптама объектілерін орындау үшін (объектілердің қойылған мәселелерді шешуге жарамды болуы шартымен) қабылдайды. Бұл ретте Қарап-тексеру актісі жасалады.

      11. Заң талаптарына сәйкес келмейтін сот сараптамасын жүргізу үшін ұсынылған материалдар Заңның 43-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес сот сарапатамсын тағайындаған адамға орындаусыз кері қайтарылады.

      12. Зерттеуге келіп түскен есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының сот сарапшысы сот сараптамасын тағайындаған адамның қатысуымен өлшейді, көлемін есептейді.

      Аталған объектілерді қарап-тексерудің және өлшеудің (көлемін есептеудің) нәтижелері Қарап-тексеру актісінде көрсетіледі, оған осы сараптаманы жүргізу тапсырылған сот сарапшысы және объектілерді жеткізген адам қол қояды.

      13. Сот сараптамасы органы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының ірі партиядағы объектілерін қабылдаған жағдайда, сондай-ақ сот сараптамасына ақша қаражаты, бағалы қағаздар, зергерлік бұйымдар келіп түскен кезде Қарап-тексеру актісі жасалады, оған, оның біріне осы сараптаманы жүргізу тапсырылған екі сот сарапшысы және объектілерді жеткізген адам қол қояды.

      14. Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорлар тіркеу журналында тіркелуге жатады.

      15. Сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түсетін қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғылар осы Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иір ойықты қару, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар мен құрылғыларды тіркеу журналында тіркелуге жатады.

      16. Бағалы металдардан (осы бұйымдардың сынықтары), асыл тастар мен інжуден жасалған бұйымдар, сондай-ақ зергерлік қолөнер бұйымдар, асыл тастар, бағалы металдардан жасалған тиындар мен шетел валютасы осы Қағидалардың 14-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдарды, бағалы қағаздарды, Қазақстан Республикасының және басқада мемлекеттердің ақша банкноттарын тіркеу журналында тіркелуге жатады.

      17. Молекулярлық-генетикалық, сот-биологиялық сараптамалар жүргізу үшін тірі адамдардан биологиялық үлгілерді алу осы Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тірі адамдардан биологиялық үлігілерді алуды тіркеу журналында тіркелуге жатады.

3-тарау. Сот сараптамасы объектілерін сақтау тәртібі

      18. Сот сараптамасының биологиялық текті емес объектілерін сақтау объектілердің жекелеген санаттарын сақтаудың ерекшелігін ескере отырып арнайы жабдықталған орынжайларда (сот сараптамасы объектілерін сақтау камераларында) сақталады. Арнайы сақтау шарттарын қажет етпейтін объектілер сақтау камерасындағы метал шкафтар мен сейфтерде сақталады.

      Биологиялық текті объектілер оладың бастапқы қасиеттерін сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады.

      Сот сараптамасы объектілеріне сот сараптамасының нөмірі, келіп түскен күні көрсетілген жазбасы бар жапсырма қағаздар бекітіледі.

      19. Сот сараптамасы органының сақтау камерасындағы объектілердің сақталуына жауапты адам (бұдан әрі - сақтауға жауапты адам) сот сараптамасы органы басшысының бұйрығымен тағайындалады.

      20. Сақтауға жауапты адам сот сараптамасы органының сот сарапшысына сақтау камерасынан сот сараптамасы объектілерін беруді, сондай-ақ оларды сақтау камерасына қабылдауды жүзеге асырады, бұл туралы осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес сот сараптамасы объектілерін сақтау камерасына қабылдауды және тапсыруды тіркеу журналына жазба енгізіледі.

      21. Егер сот сараптамасы объектілернің көлемдері, өлшемдері мен қасиеттері мүмкіндік берсе, олар сейфтерде, металл шкафтарда сақталады.

      22. Сот сарапшысы сараптамаларды жүргізу кезінде Заңның 32-бабының 3-тармағына сәйкес сот сараптамасы объектілерінің барынша сақталуын қамтамасыз ететін әдістерді пайдаланады.

      23. Сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда сот сараптамасы объектілерінің қасиеттерін өзгертуге, оларды ішінара не толықтай жоюға рұқсат болмаған жағдайда, сот сарапшысы үш тәулік ішінде, көп обьектілі сот сараптамасы бойынша - бес тәулік ішінде сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) осы әрекеттерге рұқсат беру туралы жазбаша өтініш жасайды.

      Одан әрі зерттеу сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі, бұл туралы Сарапшы қорытындысында тиісті жазба жасалады.

      24. Сот сараптамасын жүргізу кезінде жұмсалған заттардың көлемі сот сарапшысының қорытындысындағы сот–сараптамалық зерттеудің әрбір кезеңінде көрсетіледі. Сот сарапшысы қорытындының синтездеу бөлігінде жұмсалған және қайтарылатын заттардың жалпы санын көрсетеді.

      25. Сот сарапшысы осы Қағидалардың 12-16-тармақтарында көрсетілген сот сараптамасы объектілерін жұмыс күні аяқталғаннан кейін осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес сақтау камерасына тапсырады.

      26. Биологиялық текті объектілерді қоспағанда, сот сараптамасын жүргізу аяқталғаннан кейін сот сарапшысы сот сараптамасы объектілерін буып-түйілген (таңбаланған) және мөрленген күйінде заттай дәлелдемелерді сақтау камерасына тапсырады. Орамаға мынадай жазбалар енгізіледі: сот сараптамасының нөмірі, аяқталу күні, орманың ішіндегісі, сот сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), оның қолы. Орамаға "Пакеттер үшін" дөңгелек мөрінің бедері қойылады.

      Сот медициналық сараптаманың объектілері (мәйіттен басқасы) буып-түйіледі және мөрленеді және сараптама тағайындаған адамға беру немесе кеңсеге тапсыру кезіне дейін обьектілердің жекелеген санатын сақтау ерекшелігі ескеріле отырып, бөлімшелерде сақталады.

4-тарау. Сот сараптамасы объектілерін қайтару тәртібі

      27. Сот сараптамасына ұсынылған сот сараптамасы объектілері, сараптаманы тағайындаған орган (адам) белгілеген мерзіммен бастапқы қасиеттерін сақтауды талап ететін биологиялық текті объектілерді қоспағанда, сот сараптамасы органдарында немесе лицензиатта, тек олардың сот-сараптамалық зерттеу жүргізу уақытында ғана болады.

      28. Биологиялық текті химиялық-токсикологиялық сараптама объектілерін қоспағанда, сот сараптамасы объектілері сот сараптамасын тағайындаған адамның тікелей өзіне немесе оның уәкілетті өкіліне беріледі. Бұл ретте осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген сот сараптамасын жүргізуге келіп түсетін материалдарды тіркеу журналында және сот сараптамасы органың бақылау өндірісінде сақталатын сот сарапшысы қортындысының бір данасында алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, жеке куәлігінің немесе қызметтік куәлігінің нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.

      Сот сараптамасы объектілерін сақтауға жауапты адамның, ал сот сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асырған жағдайда - сот сарапшысы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген сот сараптамасын жүргізуге келіп түсетін материалдарды тіркеу журналында "өзі алды", "сенімхат бойынша берілді" деген белгілер мен материалдардың берілген күні қойылады.

      29. Поштамен жөнелтуге жатпайтын бағалы заттар, қару, оқ-дәрілер, есірткі, улы, күшті әсер ететін, жарылғыш, жеңіл тұтанатын заттар мен ірі көлемді объектілер coт сараптамасын тағайындаған органның (адамның) тікелей өзіне қайтарылады, бұл туралы үш тәулік ішінде телефонограммамен хабарланады не сарапшы қорытындысы (қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама), зерттеу объектілері және басқа да материалдар сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) беріледі (жолданады).

      30. Сот сарапшысының қорытындысын арнайы пошта байланысымен жөнелту, бастапқы қасиеттерін сақтауды талап ететін табиғи күйдегі биологиялық текті объектілерді қоспағанда, сот сарпатамасын тағайындаған органға (адамға) сот сараптамасы обьектілерінсіз беруге жол берілмейді.

5-тарау. Мәйіттерді тапсыру, қабылдау және тіркеу тәртібі

      31. Мәйіт сот сараптамасы органына немесе лицензиатқа мәйітке сот-медициналық сараптамасын тағайындау туралы қаулымен, мәйітті оқиға орнында (немесе мәйіттің табылған орнында) қарау хаттамасының көшірмесімен, медициналық құжаттармен (ол болған жағдайда) бірге жіберіледі.

      32. Мәйітті сот сараптамасы органы немесе лицензиат қабылдап алған кезде қайтыс болған адамның киімдері, құнды заттары, құжаттары және мәйітпен бірге жеткізілген басқа да нәрселері осы Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәйітханадағы күнделікті киетін киімдерді, заттай дәлелдемелерді, құнды заттар мен құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және мәйітке оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қайтыс болған адамның жасы мен тіркеу нөмірі көрсетілген жапсырма қағаз немесе тіркеу нөмірі таңбаланған метал жетон ілінеді.

      33. Сот-медициналық сараптаманы тағайындаған орган (адам) мәйітті сот сараптамасы органына немесе лицензиятқа жіберген кезде, сонымен бір мезгілде қосымшаларымен бірге медициналық картасының ауру тарихының түпнұсқасын және ол медициналық мекемеге келіп түскен кездегі киімдерін жеткізуді қамтамасыз етеді. Егер киімдерін анықтау немесе тергеу органдары алған болса немесе олардың рұқсатымен заңды өкілдеріне берілген болса, қаулыда тиісті жазба жазылады.

      34. Мәйітті және ілеспе құжаттарды сот-медициналық мәйітханадағы мәйіттерді тіркеу журналында тіркейді.

      35. Жылдың жылы мезгілдері, құрғақ ауа райы және жұмыс үшін қажетті жағдай болған кезде сот сарапшысының келісімі бойынша эксгумация жасалған мәйіттің сараптамасын ашық далада жүргізуге жол беріледі.

      Суықтан қатып қалған мәйіттер бөлме температурасында олар толық ерігеннен кейін ғана зерттеледі, жоғары температура жағдайында мәйітті жылдамдатып ерітуді жүргізуге жол берілмейді.

      36. Сот-биологиялық сараптама жүргізу үшін сот сараптамасы объектілерін алуды мәйітке сараптама жүргізетін сот сарапшысы жүргізеді. Объектілер алынады, буып-түйіледі,таңбаланады және осы Қағидаларға сәйкес жіберіледі. Сот сарапшысы мен мәйіттен алынған объектіні жіберу осы Қағидалардың 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот-биологиялық бөлімде (бөлімшеде) биологиялық объектілер мен мәйіттен алынған объектіні тіркеу журналында тіркеледі.

      37. Мәйітті зерттеу аяқталғаннан кейін, биологиялық үлгілерді қоспағанда, зертханалық зерттеулер үшін алынған барлық органдар сот сарапшысының бақылауымен мәйітке салынады, ол қосымша кесілген жерлерімен қоса қайта тігіледі.

      Мәйіттің қуысына, сіңіргіш шүберектерден бөлек, оған тиесілі емес органдарды немесе бөтен заттарды салуға жол берілмейді.

      38. Мәйітті зерттеу аяқталғанға және материалдар зертханалық зерттеуге алынғанға дейін мәйітке оны бұзылудан сақтайтын заттарды енгізуге жол берілмейді. Мәйіттің сот-медициналық сараптамасы аяқталғаннан кейін мәйітті сот сараптамасы органында консервациялау сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) жазбаша рұқсатымен ғана жүргізіледі. Жазбаша рұқсатта жазбаша рұқсат берген адам туралы мәліметтер, қызметтік куәлігінің нөмірі және сот сараптамасын тағайындаған адамның қолтаңбасы болады.

6-тарау. Мәйіттерді сақтау тәртібі

      39. Мәйіттің киімі және онымен бірге жеткізілген заттар сот сараптаманы органдарына қандай күйде түссе, сот-медициналық сараптаманы жүргізу басталғанға дейін сондай күйінде сақталады.

      Ылғал киімдер мен аяқкиім желдетілетін бөлмеде тікелей күн сәулесі түспейтін бөлме температурасында кептірілуге тиіс.

      40. Мәйіттер, сондай-ақ бөлінген мәйіттердің бөлшектері сот сараптамасы органында олардың бастапқы қасиеттерін өзгертуге жол бермейтін жағдайларда сақталады.

      41. Сот-медициналық сараптама жүргізуді бастағанға дейін жарақаттарды (зақымдарды) қарау кезінде оларды зондымен тексеру және бастапқы түрін немесе зақымдану сипатын өзгертуге алып келетін басқа да әрекеттерді жүргізуге, сондай-ақ кепкен қанды, сот сараптамасының басқа да түрлері үшін заттай дәлеледемелер болуы ықтимал ұсақ бөлшектерді (әйнектің, металдың сынықтары, ыс және тағы басқалар) жоюға жол бермеу үшін шығындыларды жууға, сүртуге және өзге де жолмен оларды жоюға жол берілмейді. Мәйіт зерттелгенге дейін зақымданудағы шегенделген құралдарды, заттарды алуға, қозғауға жол берілмейді.

      42. Карантинді және аса қауіпті инфекциялардан өлген адамдардың мәйіттері басқа мәйіттерден оқшауланып сақталады.

      43. Сот сараптамасы органдарындағы немесе лицензиаттағы мәйіттер сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін үш тәуліктен асырмай сақталады.

      Мәйіттің сот сараптамасы органдарында немесе лицензиатта одан әрі сақталуы келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

      44. Санитарлар мәйіттерді жерлеу үшін қайтыс болған адамның туыстарына немесе жақындарына не сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) жазбаша рұқсаты бойынша жерлеу міндетін алған уәкілетті қоғамдық ұйымдарға береді. Киіндіру, жуып-шаю, бальзамдау, сондай-ақ басқа да салттық ғұрыптар қызметін көрсету санитардың міндетіне кірмейді.

      45. Карантинді және аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдардың мәйіттері жерлеу (кремациялау) орнына табытын ашу құқығынсыз жеткізу үшін беріледі.

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Сот сараптамасын жүргізуге келіп түскен материалдарды тіркеу журналы


р/с

Сараптама нөмірі, келіп түскен күні

Сараптама тағайындаған орган, судьяның, тергеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, атағы

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істің, ақпаратты есепке алу кітабының (сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі) нөмірі мен санаты, сезіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Сараптаманың шифры, зерттеу объектілері

Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алғаны туралы белгі, қолы

Өтініштер туралы белгі, шығару күні, қанағаттандыру күні, тоқтата тұру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Статистикалық деректер

Сарапаманы тапсыру күні, сот сарапшысының қолы

Сараптаманы алғаны туралы белгі, алатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алған күні, қызметтік куәлігінің нөмірі, қолы

Объектілер саны

Сұрақтар саны

Тұжырымдар саны

Кесімді

Ықтималды

Мүмкін еместігі

Сараптама мерзімі

Күрделілігі

Безендірулері

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Кіріс хат-хабарларын тіркеу журналы (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер)

Құжаттың кіріс нөмірі

Келіп түскен күні

Материалдарды жеткізген адамның тегі, лауазымы, қызметтік куәлігінің №, немесе пошта түбіртегінің № және күні

Сараптама тағайындаған орган, сараптама тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

СДТБТ (сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі) нөмірі (азаматтық іс №)

Келіп түскен құжаттардың, заттай дәлелдемелердің, үлгілер мен зерттеу объектілерінің тізбесі, бет саны

Жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Материалдарды алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), күні, алғаны туралы белгі, қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Шығыс хат-хабарларды тіркеу журналы (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер)

Материалдарды тапсыру күні және сарапшының қорытындысы №

Шығыс құжатының нөмірі және күні

Сараптама тағайындаған орган, сараптама тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

СДТБТ (сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі) нөмірі

Материалдарды тапсырған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Құжаттардың, заттай дәлелдемелердің, үлгілер мен зерттеу объектілерінің тізбесі, бет саны

Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Сарапшының қорытындысын алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алған күні, қызметтік куәлігінің нөмірі, қолы (не пошта түбіртегінің № және күні)

1

2

3

4

5

6

7

8

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Сот-медициналық сараптамаларын жүргізу үшін ______ бөлімшеге келіп түскен материалдар мен заттай дәлелдемелерді тіркеу журналы

Сараптама нөмірі/процессуалдық мәртебесі

Кеңседе тіркеу күні/бөлімшеге келіп түскен күні

Жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Сараптама тағайындаған орган, сараптама тағайындаған (жолдаған) адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

СДТБТ (сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі) нөмірі

Келіп түскен құжаттардың, заттай дәлелдемелердің, салыстырма үлгілер мен зерттеу объектілерінің тізбесі

Істің қысқаша мән-жайы

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алу туралы белгі, қолы

Өтініштер туралы белгі, шығару күні, қанағаттандыру күні, тоқтата тұру мерзімі

Сараптаманы (зерттеуді) жүргізу мерзімі

Қорытынды берудің мүмкін еместігі, орындаусыз кері қайтару

Күрделілік санаты

Сараптаманы алғаны туралы белгі, алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алған күні, қызметтік куәлігінің нөмірі, қолы

басталуы

Аяқталуы

8

9

10

11

12

13

14

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Сот-медициналық мәйітханадағы мәйіттерді тіркеу журналы


р/с

Сот-медициналық сарапшы қорытындысының нөмірі

Өлген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Туған күні

жынысы

Мәйіт мәйітханаға жеткізілді

Өлген адамның тұрғылықты орны және жеке куәлігінің нөмірі

Мәйіт мәйітханаға қайдан әкелінді (үйден, көшеден және т.б.)

уақыты

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Кестенің жалғасы

Сараптама жүргізу туралы қаулыны кім және қашан шығарды

Сот-медициналық сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және сараптаманы жүргізу уақыты

Өлімнің себебі (өлім жөнінде медициналық куәландыруға, перинаталды өлім туралы дәрігерлік куәландыруға сәйкес қысқаша сот-медициналық диагноз)

Соңғы сот-медициналық диагноз

Зертханалық зерттеу үшін жіберілген объектілердің тізбесі

Сот-медициналық сараптаманың аяқталу күні

"Сот-медициналық сарапшының қорытындысы" қашан және кімге жолданды не берілді, алғаны туралы қолы

Мәйітті беру не көму күні, қайтыс болғаны туралы медициналық куәлік нөмірі

Мәйіт кімге берілді (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),жеке адамды куәландыратын құжат нөмірі, тұрған орны, көму орны

10

11

12

13

14

15

16

17

18

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Жәбірленушілердің, сезіктілердің, айыпталушылардың және басқа адамдардың сот медециналық сараптамаларын тіркеу журналы

Сот медициналық сарапшы қорытындысының нөмірі

Сараптама тағайындаған орган, тергеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, атағы

Қылмыстық, азаматтық істің, ақпаратты есепке алу кітабының (сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімі) нөмірі және санаты

Куәландырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні, жынысы

Жеке адамды куәландыратын құжат,берілген күні қашан

1

2

3

4

5

6

      Кестенің жалғасы

Үй мекен-жайы тұратын жері

Ұсынылған құжаттардың тізбесі

Сараптаманы жүргізу мерзімі

Сараптама түрі (жыныстық жай-күйі, медициналық құжаттар және іс материалдары бойынша куәландыру)

Зерттеудің қосымша әдістері, зерттеу кезінде алынған обьектілердің тізбесі

Сараптама нәтижелері

Сот медициналық сарапшының ТАӘ

Сарапшы қорытындысын алған адамның тегі, лауазымы, қызметтік куәлігінің №, оның қолы, күні, (не пошта түбіртегінің № және күні)

Басталуы

Аяқталуы

7

8

9

10

11

12

13

14

15

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Сот-наркологиялық сараптамасын жүргізуді тіркеу журналы

Сараптама нөмірі/ процессуалдық мәртебесі

Кеңседе тіркеу күні/бөлімшеге келіп түскен күні

Жәбірленушінің,сезіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жынысы, жасы

Сараптама тағайындаған орган, сараптама тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Диагноз

Қорытынды

Ұсынылатын медициналық сипаттағы шаралар

Сараптама жүргізу мерзімі

Сараптаманы алу туралы белгі, алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), алу күні, қызметтік куәлік нөмірі, қолы

Басталуы

Аяқталуы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Істерді (қылмыстық және азаматтық) және сот-психиатриалық сараптамалық комиссия қорытындыларын қабылдауды, беруді тіркеу журналы


р/с

Бөлімшеге, стационарға келіп түскен күні

Тегі, аты, әкесінің аты, жынысы

Туған күні (жылы, айы, күні)

Сараптама тағайындаған орган, сараптама тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қаулыны (ұйғарымды) шығару күні

Сараптама жүргізуге жататын адамның (жәбірленуші, сезікті, айыпталушы, сотталушы, азаматтық істегі тараптар) мәртебесі

ҚР ҚК, ҚР АК

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Сараптама мәртебесі (бастапқы, қосымша, қайталама)

Комиссия өткізу күні

СПСК, үйлестіруші-сарапшының, мүшелерінің Т.А.Ә.

Сараптама қорытындысының нөмірі

Диагноз

Қорытынды (қай тілде)

Ұсынылған медициналық шаралар

Сот-психиатриялық сараптама жүргізуге жататын адам қайда жіберілді

Стационардан шықан күні

Сараптаманы жүргізудің жалпы мерзімі (АСПЭК, ССПЭК)

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

Амбулаториялық және стационарлық сот-психиатриялық сараптамасын тіркеу журналы


р/с

Бөлімшеге, стационарға келіп түскен күні

Тегі, аты, әкесінің аты, жынысы

Туған күні (жылы, айы, күні)

Сараптама тағайындаған орган, сараптама тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қаулыны (ұйғарымды) шығару күні

Қылмыстық, азаматтық іс (қай тілде)

Сараптама жүргізуге жататын адамның (жәбірленуші, сезікті, айыпталушы, сотталушы, азаматтық істегі тараптар) мәртебесі

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Жүргізу күні

Үйлестіруші-сарапшы

Диагноз

Қорытынды (қай тілде )

Істі және қорытындыны беру күні

Сараптаманы алу туралы белгі, алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алу күні, қызметтік куәлігінің нөмірі, қолы

8

9

10

11

12

13

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Комиссиялық сот медициналық сараптамаларды тіркеу журналы

Сот медициналық сарапшы қорытындысының нөмірі

Кеңседе тіркеу күні/бөлімшеге келіп түскен күні

Сараптама тағайындаған орган, сараптама тағайындаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қаулыны (ұйғаруды) шығару күні

Қылмыстық, азаматтық істің, ақпаратты есепке алу кітабының (сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімі) нөмірі және санаты

Жәбірленушінің, сезіктінің, айыпталушының тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні, жынысы

Ұсынылған құжаттардың тізбесі

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Сараптаманы жүргізудің мақсаты, күрделілік санаты

Комиссия құрамы

Үйлестіруші-сарапшы

Сараптаманы жүргізу мерзімі

Сараптама нәтижелерін қысқаша баяндау

Сарапшы қорытындысын алған адамның тегі, лауазымы, қызметтік куәлігінің №, оның қолы, күні, (не пошта түбіртегінің № және күні)

Басталуы

Аяқталуы

8

9

10

11

12

13

14

  сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Зерттеуге келіп түсетін материалдар мен объектілерді қарау актісі

      Қабылдау уақыты: ______________ Күні "___" ___________20__ ж.

      Біз, төменде қол қойған комиссия құрамында:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      сараптама тағайындаған адамның (не оның уәкілетті өкілінің) қатысуымен:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      қаулы (ұйғару) ____________________________________________________________

      Қысқаша мән-жайы:_________________________________________________________

      ____________________________________________________ жүргізу үшін

      Жалпы орама және бөлек әрбір обьектінің күйі:__________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қаулыға (ұйғаруға ) сәйкес материалдар мен зерттеу объектілерінің тізбесі:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Өлшеу (көлемді өлшеу, санын есептеу) сараптама тағайындаған адамның не оның

      уәкілетті өкілінің қатысуымен жүргізілді:_______________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Актіні келесі құрамдағы комиссия жасады:

      1.

      2.

      3.

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларды тіркеу журналы


р/с

Сараптама нөмірі, тіркеу күні

Сараптама тағайындаған орган, тергеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы, атағы

Қылмыстық, азаматтық істің, ақпаратты есепке алу кітабының (сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімі) нөмірі және санаты, ұсталған, сезікті айыпталушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Пакеттердің саны, обьектілердің түрі, массасы, көлемі

Обьектілерді кім жеткізді, күні, қолы

1

2

3

4

5

6

      Кестенің жалғасы

Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), сараптама алу күні

Зерттеуге келіп түскен есірткілер, психотроптық заттар мен прекурсорларлардың түрі, жұмсалған/қайтарылатын заттың) массасы (көлемі)

Қорытындыны кеңсеге тапсыру күні

Сұрақтар, жауаптар саны, жүргізу мерзімі

Сараптаманы алған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), алу күні, қызметтік куәлік нөмірі, қолы

7

8

9

10

11

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
13-қосымша
  Нысан

Ойық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды тіркеу журналы


р/с

Күні

Сараптама нөмірі

Обьектілерді зерттеуге жіберген органның атауы

Келіп түскен обьектілердің тізбесі

Обьектілерді алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

Сақтауға өткізгені туралы белгі, сарапшы қолы

Алғаны туралы белгі, жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
14-қосымша
  Нысан

Бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдарды, бағалы қағаздард, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің ақша банкноттарын тіркеу журналы


р/с

Күні

Сараптама нөмірі

Обьектілерді зерттеуге жіберген органның атауы

Келіп түскен обьектілердің тізбесі

Обьектілерді алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

Сақтауға өткізгені туралы белгі, сарапшы қолы

Алғаны туралы белгі, жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
15-қосымша
  Нысан

Тірі адамдардан биологиялық обьектілерді алуды тіркеу журналы


р/с

Зерттелетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),

Туған күні

Жеке басын куәландыратын құжат, қашан және кім берді

Сараптаманы жүргізудің негізі

Алынған обьект

Биологиялық материалды алу күні

Биологиялық материалды алған адамның қолы

Биологиялық материалды алу кезінде қатысқан адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
16-қосымша
  Нысан

Сот сараптамасы обьектілерін сақтау камерасына қабылдауды және өткізуді тіркеу журналы


р/с

Күні

Сараптама нөмірі

Обьектілерді зерттеуге жіберген органның атауы

Келіп түскен обьектілердің тізбесі

Обьектілерді алған сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

Сақтауға өткізгені туралы белгі, сарапшы қолы

Алғаны туралы белгі, жауапты адамның қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
17-қосымша
  Нысан

Киетін киімдерді, заттай дәлелдемелерді, құнды заттар мен құжаттарды мәйітханада тіркеу журналы


р/с

Келіп түскен күні

Өлген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Мәйітті кім жеткізді

Мәйітпен бірге жеткізілген күнделіті киетін киімдердің, заттай дәлелдемелердің және басқа заттардың тізбесі мен қысқаша сипаттамасы

Мәйітпен бірге жеткізілген құжаттар мен құндылықтардың тізбесі мен қысқаша сипаттамасы

Адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы

Мәйітпен бірге жеткізілген заттарды, құжаттарды, құндылықтарды, заттай дәлелдемелерді берудің негізі

Берілген заттардың, құжаттардың, заттай дәлелдемелердің тізбесі, алушы туралы мәлімет: тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және атауы, алушының тұратын жері, қолы, күні

Қайтарылмаған күнделікті киетін киімдердің, құжаттардың, құндылықтардың және басқа заттардың тағдыры туралы мәліметтер

Мәйітті алып келген, заттар, құжаттар, құндылықтар

Мәйітті қабылған, заттар, құжаттар құндылықтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

  Сот сараптамасы объектілерін
пайдалану қағидаларына
18-қосымша
  Нысан

_________________________ бөлімшедегі мәйіттен алынған обьектілердің тіркеу журналы


р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жасы

Объектілерді жолдаған сот-медициналық сарапшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),

Сот медициналық сарапшы қорытындысының нөмірі

Объектілерді алу күні

Бөлімшеге келіп түскен күні

Тізбесі, орама, саны

Объектілерді тіркеген адам (қолы)

1

2

3

4

5

6

7

8