БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 697 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1219 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12617 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру:
1) олардың өндірушілерін мынадай бағыттар: жұмыс орындарын күтіп-ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізу; кепілдік міндеттемелерін қолдау бойынша қаржыландыру;
2) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында өндірілген көлік құралын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу кезінде оларға өндіруші берген жеңілдікті қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.";
3-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) жеңілдік сертификаты – пайдаланудан шығарылған көлік құралын кәдеге жаратуға тапсыруды растайтын және Қазақстан Республикасында өндірілген экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу кезінде жеңілдік алу құқығын көздейтін, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжат, оны беру тәртібін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы айқындайды;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өндіруші мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі – Оператор) арасындағы осы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген бағыттар бойынша Өндірушілерді қаржыландыруды беру шартының негізінде жүзеге асырылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қаржыландыруды алу үшін қаржыландыру шарты жасалған Өндіруші Операторға мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орындарын күтіп ұстауға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия ресурстарын пайдалануға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;
4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дөңгелекті көлік құралдары мен олардың құрауыштарының сынақтарын жүргізумен байланысты, көлік құралдарының үлгілері мен олардың құрауыштарын өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізу орындарына дейін және кері қарай тасымалдауға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;
5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша М санатының дөңгелекті, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесін;
6) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша N санатының дөңгелекті, соның ішінде G санатының жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдарына қатысты кепілдік міндеттемелерін қолдаумен байланысты қаржыландыру есептемесін;
7) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндіру туралы есепті;
8) кепілдік міндеттемесін қолдауды қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәлімделген шығындар бөлігінде өнімнің (бір бірлігінің) өзіндік құнының бекітілген жоспарлы калькуляциясын қоса беріп, қаржыландыруды беру туралы өтінішті (Оператормен келісілген нысанда) ұсынады.
Осы күнтізбелік жылы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізілген бір экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) осы тармаққа сәйкес қаржыландыру сомасы қозғалтқыштарының тиісті көлемдері және толық массасының көрсеткіштері бар дөңгелекті көлік құралдарының санаттары бөлінісінде өткен күнтізбелік жыл үшін осындай қаржыландырудың сомаларының орташа арифметикалық мәнінен аспауға тиіс. Осы күнтізбелік жылы өндірілген бір экологиялық таза автомобиль көлік құралының (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) бұдан әрі көрсетілген қаржыландыру сомасы өткен күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткішіне қатынасы бойынша айлық есептік көрсеткіштің пропорционалды түрде өзгеруіне сәйкес келтіріледі.
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Операторға қаржыландыру көлемін осы күнтізбелік жылы өзгерту туралы ұсыныспен жазбаша өтінішті,осындай ұсыныстың негізділігін растайтын құжаттарды қоса тіркеп, бере алады.
Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын Оператордың қаржы мүмкіндіктері тұрғысынан талдайды. Оператор талдау қорытындысы бойынша қаржыландыру көлемін айқындайды және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Оператордан ұсыныстарды алғаннан кейін онымен келіседі немесе Операторға ескертулер жолдайды.
Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келісу қорытындысы бойынша Инвестициялық саясатқа сәйкес өзгертулерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
Осы тармаққа сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағы 1) тармақшасында белгіленген бағыттар бойынша осы күнтізбелік жылда Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бір экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралын қаржыландырудың басқа сомасы (бұдан әрі – басқа қаржыландыру) қозғалтқыштарының тиісті көлемдері және толық массасының көрсеткіштері бар дөңгелекті көлік құралдарының санаттары бөлінісінде өткен күнтізбелік жыл үшін Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізілген экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралын қаржыландыру сомаларының орташа арифметикалық мәнінен аспауға тиіс. Осы күнтізбелік жылы өндірілген бір экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралының бұдан әрі көрсетілген қаржыландыру сомасы өткен күнтізбелік жылдың айлық есептік көрсеткішіне қатынасы бойынша айлық есептік көрсеткіштің пропорционалды түрде өзгеруіне сәйкес келтіріледі. Басқа қаржыландырудың жалпы сомасын Оператор қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген тиісті жылға арналған өзінің инвестициялық саясатында мынадай тәртіппен айқындайды:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Өндірушілердің ұсыныстары негізінде тиісті күнтізбелік жылға арналған басқа қаржыландырудың жалпы көлемдері туралы ұсыныстарды Операторға жібереді;
2) Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын өзінің қаржы мүмкіндіктері тұрғысынан талдайды. Талдау қорытындысы бойынша Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға басқа қаржыландыру ретінде бөлінуі мүмкін қолжетімді қаражаттың көлемдері туралы ақпаратты жібереді;
3) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган басқа қаржыландыру ретінде Оператор бөлуі мүмкін қолжетімді қаражаты көлемінің шегінде Операторға көлік құралдарының өндірушілері мен санаттары бөлінісінде басқа қаржыландырудың көлемдері туралы ұсыныс жібереді;
4) Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы негізінде басқа қаржыландырудың көлемдерін Инвестициялық саясаттың тиісті бөліміне енгізеді, ол қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізілген көлік құралдары бойынша осы тармаққа сәйкес қаржыландыру жүзеге асыру болып қалған кезде, олар басқа қаржыландыруға жатпайды.
Басқа қаржыландыруды алу үшін өндіруші осы Қағидаларға 10-қосымшада белгіленген нысан бойынша мұндай өтініштің негізділігін растайтын құжаттаманы, осы тармақтың 1)-8) тармақшаларында тізбеленген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік декларацияларды және (немесе) тауарға ілеспе құжаттарды қоса бере отырып, қаржыландыру беру туралы өтінішпен жүгінеді.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қаржыландыруды алу үшін қаржыландыру шарты жасалған Өндіруші Операторға алдыңғы ай ішінде сатып алушылардан алған жеңілдік сертификаттарын алғанын растайтын құжаттарды қоса тіркеп, Қазақстан Республикасында өндірілген экологиялық таза автомобиль көлік құралын өткізу кезінде жеке және заңды тұлғаларға берген жеңілдікті қаржыландыруды беру туралы өтінішті (Оператормен келісілген нысанда) ай сайын ұсынады.
Жеңілдіктің мөлшері жеңілдік сертификатында көрсетіледі және теңгемен көрсетілген соманы білдіреді.
Жеңілдік сертификаты берілген кезден бастап бір жыл ішінде қолданылады және ол берілген кезден бастап екі реттен аспай өзге тұлғаларға берілуі мүмкін. Өзге тұлғаларға сертификатты беру оның қолданыс мерзімін өзгертпейді.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралын сатып алуға жеңілдік бір сатып алынатын көлік құралына екіден аспайтын жеңілдік сертификаты бойынша қосылуы мүмкін.
Жеңілдік мөлшерін айқындау үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Өндірушілердің ұсыныстары негізінде Операторға экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралын өндіру жоспарын және келесі жылға автомобиль көлік құралдарының санаттары бөлінісінде жеңілдік мөлшерін жолдайды.
Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұсыныстарын Оператордың қаржы мүмкіндіктері тұрғысынан талдайды. Оператор талдау қорытындысы бойынша жеңілдік сертификаттарының санын және автомобиль көлік құралдарының санаттары бөлінісінде көзделген жеңілдік мөлшерін айқындайды және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.
Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Оператордан ұсыныстарды алғаннан кейін онымен келіседі немесе Операторға ескертулер жолдайды.
Оператор индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен келісу қорытындысы бойынша жеңілдік сертификаттарының санын және автомобиль көлік құралдарының санаттары бөлінісіндегі жеңілдік мөлшерін келесі жылға Инвестициялық саясаттың тиісті бөліміне енгізеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келісуге жібереді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Оператор:
1) осы Қағидалардың 10, 10-1-тармақтарына сәйкес ұсынылған қаржыландыруды беру туралы өтініштерді келіп түсу тәртібімен тіркейді;
2) қаржыландыруды беру туралы өтініштер келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды оларда бар мәліметтердің толықтығы тұрғысынан тексереді және оң шешім қабылданған жағдайда үш жұмыс күні ішінде Өндірушіге қаржыландыруды береді;
3) қаржыландыруды беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өндірушіні бас тартудың негіздемесін көрсете отырып, жазбаша түрде хабар етеді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Ұсынылған құжаттардың және онда мазмұндалған мәліметтің толық болмауы және/немесе осы Қағидалардың 10, 10-1-тармақтарында бекітілген талаптарға сәйкес келмеуі қаржыландыруды беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Осы Қағидалардың 4, 7 10 және 10-1-тармақтарында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталған жағдайда Өндіруші осы бұзушылықтардың нәтижесінде алған қаражаты Оператор кірісіне қайтарылуға жатады.";
осы Қағидаларға 1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 9-қосымшамен толықтырылсын;
осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік ететін энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілер мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы арасындағы үлгілік шарт
________ қаласы 20__ жылғы "___" __________
Осы Шарт бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын ________________________ атынан Жарғы негізінде әрекет ететін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі - Оператор) және ______________ атынан ________________ негізінде әрекет ететін _____________________________ (бұдан әрі Өндіруші) арасында жасалған.
Шарт:
Тараптардың өзара құқықтары мен міндеттерін оның талаптарын іске асырған кезде реттейтіні туралы уағдаласқанын назарға ала отырып,
Тараптар төмендегі туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарт нысанасы
1.1.Осы Шарттың нысанасы Тараптардың отандық экологиялық таза автомобиль өнеркәсібін дамытуға бағытталған Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 8701 (ершікті тартқыштар), 8702 (жүргізушіні қоса алғанда, 10 және одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары), 8703 (негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары), 8704 (жүктерді тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары), 8705 (арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары) тауар позицияларының экологиялық таза көлік құралдарын өндіру кезінде өзара міндеттемелерді белгілеу және іске асыру бойынша өзара іс-қимылы болып табылады.
Экологиялық таза көлік құралдарын өндіру деп 4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар кемінде бір экологиялық таза автомобиль көлік құралын және болған кезде олардың құрауыштарын сериялық өндірудің жүйесі ұғынылады.
Көлік құралдарының құрауыштарын өндіру деп көлік құралдары конструкциясының құрамдас бөліктері, бөлшектері, тораптары, жиынтықтаушы бұйымдары, материалдар, химиялық, лак-бояу өнімі және көлік құралдарын өндіру үшін қажетті өзге де жиынтықтауыштары ұғынылады.
1.2. Осы Шарт Оператордың экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді мыналар:
1) олардың Өндірушілерін мынадай бағыттар: жұмыс орындарын күтіп-ұстау; энергия ресурстарын пайдалану; ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыру; өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізу; кепілдік міндеттемелерін қолдау бойынша қаржыландыру;
2) жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасында өндірілген экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу кезінде оларға Өндіруші жеңілдік сертификаттарына сәйкес берген жеңілдікті қаржыландыру арқылы ынталандыруы үшін негіз болып табылады.
1.3. Осы шарттың 1.2-тармағының 2) тармақшасының ережелерінен туындайтын қатынастарды регламенттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 285-4-бабы 1-тармағының 10-2) тармақшасының ережелері ескеріле отырып айқындалады.
2. Тараптардың міндеттері
2.1 Өндіруші:
2.1.1. экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді қамтамасыз етуге;
2.1.2. Операторға Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларының 10 немесе 10-1-тармақтарына сәйкес қаржыландыру беру туралы өтінішті және құжаттарды беруге;
2.1.3. Оператор артық төлеген сомаларын қайтаруға және экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын Өндірушілерге қойылатын талаптарды бұзу фактілері анықталған жағдайда, сондай-ақ Өндіруші дұрыс емес не бұрмаланған мәліметтерді және деректерді ұсынған кезде растайтын құжаттар бірге қоса тіркелетін тиісті хабарламаны алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде Операторға ақша қаражатының қайтарылуын жүргізуге міндеттенеді.
2.1.4 Қаржыландыруды алу мақсатында Өндіруші ұсынатын ақпараттың дұрыстығы үшін Өндіруші жауапты болады.
2.2. Оператор:
2.2.1. қаржыландыруды беру туралы өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексеруге және оң шешім қабылданған жағдайда үш жұмыс күні ішінде Өндірушіге қаржыландыруды беруге;
2.2.2. қаржыландыруды беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Өндірушіні бас тартудың негіздерін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге;
2.2.3. экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндірушілерге қойылатын талаптарды бұзу фактілері анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, сондай-ақ дұрыс емес не бұрмаланған мәліметтер және деректер ұсынылған кезде Өндірушіге аударылған ақша қаражатын қайтару қажеттігі туралы хабарлауға міндеттенеді.
3. Тараптардың жауапкершілігі
3.1. Өндіруші Шарттың нормаларын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Оператор Өндірушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, Шартты тоқтата тұру туралы және бір айлық мерзімде бұзушылықты жою туралы хабарламаны жазбаша нысанда жібереді.
Анықталған бұзушылықтарды жоймау немесе тиісінше жоймау Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен Шартты бұзу үшін негіз болып табылады.
3.2. Өндіруші ақшалай төлемді белгіленген мерзімде қайтармаған жағдайда оларды қайтару сот тәртібімен жүзеге асырылады.
3.3. Басқа міндеттемелер мен кепілдіктердің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
4. Форс-мажор
4.1. Тараптардың ешқайсысы Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелердің орындалмауы үшін, егер мұндай орындамау немесе орындау кезіндегі кідіріс еңсерілмейтін күштің мән-жайларымен (форс-мажор) тудырылса, жауапты болмайды.
4.2. Форс-мажорға әскери жанжалдар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы) және өзге де төтенше және осы жағдайларда алдын алуға болмайтын мән-жайлар жатады.
4.3.Форс-мажорлық мән-жайлармен тудырылған Шарт бойынша жұмыстар толық немесе ішінара тоқтатыла тұрған кезде міндеттемелерді іске асыру мерзімі форс-мажор қолданысының мерзіміне ұзартылады.
4.4. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда олардан зардап шеккен Тарап олар туындаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші Тарапты оқиғаның басталу күнін көрсете отырып және форс-мажорлық мән-жайларды сипаттап, жазбаша хабарламаны тапсыру арқылы хабардар етеді.
4.5. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін іздеу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарын барынша төмендету үшін барлық құралдарды пайдаланады.
5. Құпиялылық
5.1.Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Шартты іске асыру бойынша жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпарат пен есептер бойынша құпиялылықтың талаптарын оның қолданыс мерзімі ішінде сақтайды.
5.2. Тараптардың бірде-бірі екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай Шарттың мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпиялы болып есептелетін және осы Шарттың ережелерін іске асырумен байланысты өзге ақпаратты, мынадай:
1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылған;
2) Шарт бойынша Тараптардың біріне қызметтер көрсететін үшінші тұлға осы ақпараттың құпиялылығы талаптарын сақтау және оны тек Тараптар белгілеген мақсаттарда және Тараптар айқындаған мерзімге пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда ақпарат осындай үшінші тұлғаларға берілген;
3) банк немесе Шарт бойынша Тарап одан қаржылай қаражатты алатын қаржы ұйымы осы ақпараттың құпиялылығы талаптарын сақтау міндеттемесін алатын жағдайда сол банкіге немесе қаржы ұйымына ақпарат ұсынылған;
4) ақпарат Қазақстан Республикасының салық органдарына немесе кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын, Өндірушінің кез келген банктік шоттарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік банктерде ашылған банктік шоттарға қатысты ақпаратқа қолжетімділігі бар өзге уәкілетті мемлекеттік органдарына ұсынылған;
5) Өндірушілерді ынталандыру көлемдері туралы деректер жарияланған жағдайлардан басқа, ашуға құқылы емес.
6. Дауларды реттеу
6.1. Тараптар арасындағы осы Шартты түсіндіруге немесе қолдануға қатысты кез келген дау консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
6.2. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
7. Қорытынды ережелер, Шарттың күшіне енуі және қолданысын тоқтату.
7.1. Осы Шарт бір жылға дейін қолданыста болады және Тараптар шарттың талаптарын адал орындаған жағдайда автоматты түрде ұзартылады.
7.2. Осы Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.
7.3. ___ жылғы_________ "___" қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде, заңды күші бірдей, Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан екі данада жасалды. Осы Шарттың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
8. Тараптардың деректемелері
Оператор Өндіруші
_________________________ ________________________
_________________________ ________________________
М.О. (болған кезде) М.О. (болған кезде)
№____________________
Жеңілдік сертификаты
Осы жеңілдік сертификаты ______________________ (жеке тұлғаның ТАӘ, жеке басын куәландыратын құжаты, ЖСН немесе заңды тұлғаның атауы, БСН және ұйымдық-құқықтық нысаны) ______ (күні) ________________________, маркасы/моделі _____________, VIN коды _________________________ _____________ автомобилін кәдеге жаратуға тапсырғанын растайды.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және "Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 697 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1219 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы ___________ (бұдан әрі - Оператор) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасында өндірілген:
- 4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін;
- электр қозғалтқыштары бар экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында сатып алуға берілген _______________ (жазумен) теңге мөлшеріндегі жеңілдіктің өтелуіне кепілдік береді.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және өткізілетін экологиялық таза автомобиль көлік құралын сатып алу кезінде осы жеңілдік сертификатын ұсыну оны ұсынған тұлғаға сонда көрсетілген мөлшердегі жеңілдік құқығын (бұдан әрі – Жеңілдік) береді.
Жеңілдік бір сатып алынатын көлік құралына екіден аспайтын жеңілдік сертификаты бойынша қосылуы мүмкін.
Осы сертификат берілген кезден бастап 1 (бір) жыл ішінде қолданылады және ол берілген кезден бастап екі реттен аспай өзге тұлғаларға берілуі мүмкін. Өзге тұлғаларға сертификатты беру оның қолданыс мерзімін өзгертпейді.
Жеңілдік сертификатын беру, пайдалану және өзге тұлғаларға беру туралы ақпарат Операторда тіркелуге/қайта тіркелуге жатады.
Жеңілдік Өндірушілері Оператормен Жеңілдікті қаржыландыруға жасалған шарты бар экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын сатып алуға ғана беріледі.
___________ Берілген күн
Оператордың электрондық цифрлық қолтаңба
Қаржыландырудың өзге сомаларын беру туралы өтініш
Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобиль көлік құралдарын және олардың құрауыштарын өндіруді ынталандыру қағидаларының 10-тармағына сәйкес ______________________ _____________ өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына мынадай автомобиль көлік құралдарын (4 және одан жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрауыштарын өндіруге қаржыландыру беру туралы өтініш жасайды:
____________ кезеңі үшін атауы _____________ (маркасы, моделі), VIN коды _____________, өткізу орны ________________, бұлар бойынша қаржыландыру:
- ағымдағы күнтізбелік жылдан бастап _________________ (теңгемен) мөлшерінде жүзеге асырылған
- _________________ (теңгемен) мөлшерінде мәлімделген, оның ішінде:
№ | Қаржыландыру бағыты | Қаржыландыру сомасы, теңге |
1 | Жұмыс орындарын күтіп-ұстауға шығындар | |
2 | Энергия ресурстарын пайдалануға шығындар | |
3 | Ғылыми-зерттеужәнетәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруға шығындар | |
4 | Дөңгелекті көлік құралдары мен олардың құрауыштарының сынақтарын жүргізумен, көлік құралдарының үлгілері мен олардың құрауыштарын сынақтарды жүргізу орындарына дейін және кері қарай тасымалдауға, өнім шығарумен байланысты шығындар | |
5 | M санатындағы, оның ішінде жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатындағы дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдікті міндеттемелерді қолдауға шығындар | |
6 | N санатындағы, оның ішінде жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатындағы дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдікті міндеттемелерді қолдауға шығындар бөлігінде қаржыландыру | |
Жиыны | ||
N… |
4 және одан да жоғары экологиялық сыныбына сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар экологиялық таза автомобиль көлік құралдары
№ | VIN коды | Қысқаша атауы |
1 | ||
2 | ||
3 |
Қосымшалар:
1. жұмыс орындарын күтіп-ұстауға шығыстар бөлігінде қаржыландыру есептемесі;
2. энергия ресурстарын пайдалануға шығыстар бөлігінде қаржыландыру есептемесі
3. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді жүзеге асыруға шығындар бөлігінде қаржыландыру есептемесі;
4. дөңгелекті көлік құралдары мен олардың құрауыштарының сынақтарын жүргізумен байланысты, көлік құралдарының үлгілері мен олардың құрауыштарын өнім шығарумен байланысты сынақтарды жүргізу орындарына дейін және кері қарай тасымалдауға шығындардың бір бөлігін қаржыландыру есептемесін;
5. M санатындағы, оның ішінде жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатындағы дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдікті міндеттемелерді қолдауға шығындар бөлігінде қаржыландыру есептемесі;
6. N санатындағы, оның ішінде жүріп өту мүмкіндігі жоғары G санатындағы дөңгелекті көлік құралдарына қатысты кепілдікті міндеттемелерді қолдауға шығындар бөлігінде қаржыландыру есептемесі;
7. экологиялық таза автомобиль көлік құралдарын өндіру туралы есеп;
8. кепілдік міндеттемесін қолдауды қоспағанда, мәлімделген шығындар бөлігінде өнімнің (бір бірлігінің) өзіндік құнының бекітілген жоспарлы калькуляциясы.
Ұйымның басшысы: ______________ ________________________________________________
(қолы) (тегі аты әкесінің аты)
М.О.