"Пробация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 1), 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығына 1-қосымша |
Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесі
1–тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Пробация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар:
1) пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы;
2) пробация – санаттары заңмен айқындалған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері мен жеке айқындалатын шаралар жүйесі;
3) сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;
4) сотқа дейінгі баяндама – күдіктінің, айыпталушының жеке басының ерекшеліктері, олардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындауы, пробация қызметінің ұсынымдарын ұстануы және оның көмегін қабылдауы туралы ақпарат пайдаланылады.
2-тарау. Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу
3. Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу сотқа дейінгі баяндаманы жасау кезеңінде өткізіледі және зерттеу жүргізу тәртібін қатаң сақтай отырып, сұралатын адамдарға зерттеу мақсатын алдын ала түсіндірумен, зерттелетін адамның қалауы бойынша мемлекеттік не орыс тілдерінде, күннің бірінші жартысында ерікті негізде жүзеге асырылады, бұл ретте сұрау ұзақтығы алпыс минуттан аспайды.
4. Қойылған психологиялық зерттеудің мақсаттарына сәйкес күдіктінің, айыпталушының жеке тұлғасының құрылымындағы қызықтыратын факторлардың ара қатынасын бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелер пайдаланылады.
5. Психодиагностикалық әдістемелердің мазмұны зерттелетін тұлғаның жынысына, жасына және білім деңгейіне бейімделеді, өйткені әдістемелердің мазмұны күдіктінің, айыпталушының барлық санаттарымен ұғынуын қамтамасыз ететіндей құрылуы қажет.
6. Күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеуден өткізуді психологиялық немесе педагогикалық білімі бар адамдар жүзеге асырады.
7. Күдіктінің, айыпталушының жеке басын егжей-тегжейлі зерделеуді қамтамасыз ету үшін бірнеше өзара толықтырылатын әдістемелер қолданылады.
8. Күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижелерін өңдеу және талдауды зерттеу жүргізген маман жүзеге асырады.
9. Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестіден өткізу әдістемесі мынадай кезеңдерден:
1) психологиялық-әлеуметтік тестілеуді дайындау және ұйымдастыру;
2) биографиялық деректерді жинау;
3) жеке бастың жеке-психологиялық ерекшеліктерін психологиялық диагностикалаудан тұрады.
10. Психологиялық-әлеуметтік тестілеуді дайындау және ұйымдастыру зерттеу мақсаттары мен міндеттерін белгілеуді, пробация қызметінің өкілдерімен оны өткізу орны мен уақытын келісуді, зерттелетін адамның болуын қамтамасыз етуді қарастырады.
11. Биографиялық деректерді жинау жеке басын қалыптастырудың негізгі кезеңдері, дамуы кезінде басынан өткізген дағдарыстары туралы түсінік береді. Осы кезеңде алынған мәліметтер айыпталушының қоғамдық қауіптілік дәрежесін түсіну және оның түзелуі мен қайта тәрбиелену болашағы үшін маңызды.
12. Жеке-психологиялық ерекшеліктерін психологиялық диагностикалау бірнеше өзара толықтырылатын тестілік әдістемелерді және сауалнамаларды пайдалануды көздейді. Қолдануға негіздемесі бар психологиялық диагностиканың жобалық әдістерін қолдануға жол беріледі.
13. Осы кезеңде жеке бастың мынадай жеке мінездемелерін зерделеуге бағытталған:
1) психологиялық жай-күйі (қал-жағдайы, көңіл-күйі, белсенділігі, жұмысқа қабілеті, мазасыздығы,күйзеліске төзімділігі);
2) зияткерлік дамуы;
3) жеке басының өзгешеліктері (мінез ерекшеліктері, темпераменті);
4) құндылық бағыттары;
5) топішілік қарым-қатынастары әдістемелер өткізіледі.
14. Тұлғаны психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижелері зерттеу барысында алынған әдістемелер кешенін (тестік батарея) және басқа да мәліметтерді интерпретациялау негізінде жалпыланады.
15. Сотқа дейінгі пробация сатысында күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижесі бойынша ұсынымдармен бірге психологиялық қорытынды ресімделеді.
16. Күдіктінің, айыпталушының жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижелері бойынша қорытындының мазмұны сотқа дейінгі баяндаманың сипаттамалық бөлігінде Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесінің қосымша сәйкес жазылады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 ақпандағы № 90 бұйрығына 2-қосымша |
Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Пробация туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар:
1) пробация қызметі – қылмыстық жазалардың қоғамнан оқшауламай орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ пробацияны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын (пенитенциарлық) қылмыстық-атқару жүйесінің органы;
2) сотқа дейінгі пробация – күдіктінің, айыпталушының мінез-құлқын түзеуге бағытталған, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жөніндегі қызмет пен шаралар жиынтығы;
3) сотқа дейінгі баяндама – күдіктінің, айыпталушының жеке басының ерекшеліктері, олардың әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасында көзделген іс-шараларды орындауы, пробация қызметінің ұсынымдарын ұстануы және оның көмегін қабылдауы туралы ақпарат пайдаланылады.
2-тарау. Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау
4. Сотқа дейінгі баяндама сотқа дейінгі пробация қолданатын адамға (күдіктіге, айыпталушыға) қатысты жасалады.
5. Сотқа дейінгі баяндаманы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті, айыпталушы тұлғаға қатысты пробация қызметінің қызметкері әзірлейді, оның жеке басының ерекшеліктері, әдеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен көзделген іс-шараларды орындау туралы сотты хабарландыру үшін пробация қызметінің қызметкері әзірлеген күдікті, айыпталушы тұлға туралы материалдарды жинауды көздейді.
6. Осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті, айыпталушы тұлғаға қатысты сотқа дейінгі баяндама, күдіктіге, айыпталушыға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын іске асыру нәтижелері бойынша, сондай-ақ пробация қызметінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, заңды тұлғалардан сұралатын мәліметтер, анықтамалар, мінездемелер, өзге де ақпараттар негізінде дайындалады.
7. Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау үшін пробация қызметі мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан жеке бағдарламада көзделген іс-шараларды орындау нәтижелері жөніндегі ақпаратты, сотталғандығы туралы деректерді және жұмыс немесе оқу орнынан күдіктіні, айыпталушыны сипаттайтын мәліметтерді сұратады және пайдаланады.
8. Сотқа дейінгі баяндама мен жеке бағдарламаны жасауды күдіктінің, айыпталушының тұрғылықты жері бойынша пробация қызметі жүзеге асырады.
9. Сотқа дейінгі баяндама екі данада жасалады. Бірінші дана күдіктіге, айыпталушыға немесе оның адвокатына, заңды өкіліне сот қарауы басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, қол қоюмен беріледі, екінші дана күдіктінің, айыпталушының жинақтау ісіне тігіледі.
10. Күдікті, айыпталушы сотқа дейінгі баяндаманы әзірлеуге қатысуға және сотқа дейінгі баяндамада көрсетілуі тиіс оның мазмұны бойынша өз пікірін білдіруге құқылы.
11. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында қылмыстық іс тоқтатылған жағдайда пробация қызметі сотқа дейінгі пробацияны тоқтатады. Бұл ретте адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес жалғастырылады.
12. Сотқа дейінгі баяндамада баяндалған ақпарат пробацияның барлық түрлеріне оның жаңаруын ескере отырып жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.
Сотқа дейінгі баяндаманы дайындау әдістемесіне қосымша |
Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті, айыпталушы адамға сотқа дейінгі баяндама
Кіріспе бөлігі
________________________________________________________________________________
(уақыты, күні, сотқа дейінгі баяндама құрылған орны)
________________________________________________________________________________
(cотқа дейінгі баяндаманы құрған тұлғаның аты-жөні, лауазымы) күдіктінің,
айыпталушының жеке басының өмір жағдайларын, әлеуметтік-демографиялық,
психологиялық-әлеуметтік, криминологиялық мінездемесін және өзге де ерекшеліктерін
зерделеу нәтижелері бойынша
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, күні, айы, жылы және туған жері)
Сипаттамалық бөлік
Азаматтығы_____________________________________________________________________
Отбасылық жағдайы______________________________________________________________
Айналысатын кәсібі ______________________________________________________________
Білімі __________________________________________________________________________
Тұрғылықты жері ________________________________________________________________
Соттылығының бар-жоғы __________________________________________________________
Сипаттайтын өзге де деректер _____________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Әлеуметтік–құқықтық көмек көрсету жеке бағдарламасымен қарастырылған, орындалған
(орындалып жатқан) іс-шаралардың қорытындылары туралы
мәліметтер______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Әлеуметтік мінездеме _____________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жеке басын психологиялық-әлеуметтік тестілеу нәтижелері туралы мәлімет ______________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жеке тұлғаның психоәлеуметтік тестілеу қорытындылары______________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ұсынымдық бөлік

Күдіктіге, айыпталушыға сотқа дейінгі баяндаманы ___________________________________
________________________________________________________________________________
(пробация қызметінің атауы)
пробация қызметінің бастығы (аға инспекторы,) жасады
______________________ _________________ ________________________________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
"____" ____________ 20___ж.
М.О.