"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 3-тармағына және "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 14 қазандағы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа, "Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне өзгерістер енгізу туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның 2016 жылғы 18 қазандағы № 101 Шешіміне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің жаңа редакциясына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтік жеңілдіктер беру қағидаларын және тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11069 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 30 қаңтар
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________ Ж. Қасымбек
2017 жылғы 30 қаңтар
Тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлардың тізбесі
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы1 |
---|---|
1. Құрылтайшының жарғылық капиталына салымы ретінде үшінші елдерден әкелінетін тауарлар | |
8432 | Жерді дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша немесе орман шаруашылығы машиналары, көгалдар мен спорт алаңдарына арналған аунақтар |
8433 | Пресс жинағыштарды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер, сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған престер; пішен шалғылары және көгал шалғылары, жұмыртқаларды, жемістерді немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе калибрлеуге арналған машиналар |
8434 | Сауын қондырғылары мен аппараттары, сүт өңдеуге және қайта өңдеуге арналған жабдықтар |
8435 | Шарап жасауға, сидр, жеміс шырындарын және осыған ұқсас сусындар өндірісі үшін ұсақтағыштар және осыған ұқсас жабдықтар |
8436 | Ауыл шаруашылығына, бағбандыққа, орман шаруашылығына, құс шаруашылығына немесе бал ара шаруашылығына арналған жабдықтар, механикалық немесе жылытқыш құрылғылары бар тұқым өсіруге арналған жабдықтарды қоса алғанда, өзгелер; құс шаруашылығына арналған инкубаторлар мен брудерлер |
8437 | Тұқымды, астықты және құрғақ бұршақ дәнді дақылдарды тазалауға, сұрыптауға немесе іріктеуге арналған машиналар, ауыл шаруашылығы фермаларында пайдаланылатын жабдықтардан басқа ұн тарту өнеркәсібіне арналған немесе дәнді немесе құрғақ бұршақ дәнді дақылдарды өңдеуге арналған жабдықтар |
8438 | Мал немесе ұшпайтын өсімдік майларын немесе май бөліп алуға немесе жасауға арналған жабдықтардан басқа, аталған топтың басқа жерінде аталмаған немесе енгізілмеген азық-түлік өнімдерін немесе сусындарды өнеркәсіптік жолмен жасауға немесе өндіру үшін жабдықтар |
8701 | Тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа) |
8709 | Зауыттарда, қоймаларда, кемежайларда немесе әуежайларда жүктерді шағын қашықтықтарға тасымалдау үшін пайдаланылатын, көтергіш немесе тиегіш қондырғылармен жабдықталмаған өздігінен жүретін өндірістік мақсаттағы өзге электр көлік құралдары, теміржол платформаларында пайдаланылатын тракторлар; жоғарыда аталған көлік құралдарының жаңа, сол сияқты бұрын пайдалануда болған бөлшектері |
8716 39 300 9 | Жүктерді тасымалдауға арналған өзге жаңа жартылай тіркемелер |
8716 39 500 9 | Жүктерді тасымалдауға арналған өзге жаңа тіркемелер |
8716 39 800 8 | Жүктерді тасымалдауға арналған өзге бұрын пайдалануда болған тіркемелер мен жартылай тіркемелер |
8802 11 000 | Бос снарядталған аппараттың массасымен аспайтын тікұшақтар |
8802 30 000 7 | Бос снарядталған аппараттың массасымен 2000 кг асатын, бірақ 15 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан асатын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары, өзгелер |
8802 40 001 6 | Бос снарядталған аппараттың массасымен 15 000 кг асатын, бірақ 20 000 кг аспайтын, саны 50 адамнан асатын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары, өзгелер |
8802 40 003 4 | Бос снарядталған аппараттың массасымен асатын, бірақ аспайтын, саны 50 адамнан аспайтын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары |
8802 40 003 5 | Бос снарядталған аппараттың массасымен асатын, бірақ аспайтын, саны 50 адамнан асатын, бірақ 300 адамнан аспайтын жолаушы орындары, отырғыштардың арасында екі өту жолы бар магистральды, кең фюзеляжды азаматтық жолаушы ұшақтары |
8802 40 003 6 | Бос снарядталған аппараттың массасымен асатын, бірақ аспайтын, саны 50 адамнан асатын, бірақ 300 адамнан аспайтын жолаушы орындары бар азаматтық жолаушы ұшақтары |
8901 10 100 1 | Теңіз паромдары |
9406 90 310 0 | Жиналатын құрылыс конструкциялар, жылыжайлар |
9406 90 900 9 | Өзге материалдардан жасалған жиналатын құрылыс конструкциялары |
2.Қант өндіретін кәсіпорындарға үшінші елдерден әкелінетін тауарлар | |
1701 13 | Тростниктік шикі қант |
1701 14 | Өзге тростниктік шикі қант |
Ескертпе:
1 Тарифтік жеңілдіктер қолдану мақсаттары үшiн тауарлар СЭҚ ТН кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшiн келтiрiлген.
Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі
1. Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі
ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауардың атауы1 | Тауарларға қатысты кедендік бажы мөлшерлемелері | Кедендік бажын қолдану мерзімі | |
---|---|---|---|---|
Қазақстан Республика сының шегінен тыс әкетілетін2 | ЕСАШ-ға қатысушы елдерге әкетілетін3 | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
4101 | Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 1 тоннасына 500 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 450 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 400 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 300 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 200 евро | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
4102 | Осы топқа 1в ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 1 тоннасына 500 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 450 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 400 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 300 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 200 евро | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
4103 | Осы топтағы 1б немесе 1в ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер | 1 тоннасына 500 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 450 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 400 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 300 евро | 20 %, бірақ 1 тоннасына 200 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | ||
1 тоннасына 200 евро | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
5101 | Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты | |
5102 | Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты | |
5103 | Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты | |
5104 00 000 0 | Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат | 10 %, бірақ 1 тоннасына 50 евродан кем емес | тұрақты | |
7204 | Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар) | 15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
10 %, бірақ 1 тоннасына 10 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
5 %, бірақ 1 тоннасына 5 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
7302 7302 10 220 0 қоспағанда | Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіруге немесе бекітуге арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер | 18,33 %, бірақ 1 тоннасына 18,33 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
16,66 %, бірақ 1 тоннасына 16,66 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
7404 00 | Мыс қалдықтары мен сынықтары | 30 %, бірақ 1 тоннасына 330 евродан кем емес | 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
30 %, бірақ 1 тоннасына 252 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
20 %, бірақ 1 тоннасына 168 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
10 %, бірақ 1 тоннасына 84 евродан кем емес | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
7601 20 200 1 | Авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін бастапқы алюминий қорытпалары | 14 %, бірақ 1 тоннасына 95 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
13 %, бірақ 1 тоннасына 90 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
12 %, бірақ 1 тоннасына 85 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
11 %, бірақ 1 тоннасына 80 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
7601 20 200 94 | Бастапқы алюминий қорытпалары, өзгелері | 14 %, бірақ 1 тоннасына 95 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
13 %, бірақ 1 тоннасына 90 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
12 %, бірақ 1 тоннасына 85 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап 2019 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
11 %, бірақ 1 тоннасына 80 евродан кем емес | 2019 жылғы 30 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
7601 20 800 2 | Құйма немесе сұйық түріндегі қосымша алюминий қорытпалары | 3 %, бірақ 1 тоннасына 22 евродан кем емес | тұрақты | |
7602 00 | Алюминий қалдықтары мен сынықтары | 15 %, бірақ 1 тоннасына 100 евродан кем емес | 2020 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
10 %, бірақ 1 тоннасына 76 евродан кем емес | 2020 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
8607 11, 8607 12, 8607 21 100 0 – 8607 99 800 0, 8607 19 900 0 | Теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктері: жиналған немесе бөлшектелген түрдегі біліктерден басқа; дөңгелек және оның бөлшектері | 16,67 %, бірақ 1 тоннасына 13,33 евродан кем емес | 2017 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |
13,34 %, бірақ 1 тоннасына 11,66 евродан кем емес | 2017 жылғы 30 қарашадан бастап 2018 жылғы 29 қарашаны қоса алғанға дейін | |||
10 %, бірақ 1 тоннасына 10 евродан кем емес | 2018 жылғы 30 қарашадан бастап | |||
8607 19 100 1 | Жиналған немесе бөлшектелген түрдегі біліктер; дөңгелектер және бұрын пайдаланылған оның бөлшектері | 5 % | тұрақты |
Ескертпе:
1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген. <4> сілтемеде көзделген жағдай ерекшелік болып табылады.
2 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының әкету кедендік бажын төлеуден босатуды көздейтін еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасаған елдерді қоспағанда.
3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.
4 Кедендік әкету бажын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын қоспағанда.
5 Кедендік әкету баждарын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын, сонымен қатар алюминий-бериллий лигатурасын қоспағанда.