Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 06 ақпанда № 14764 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-5, 5-6-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілеп отырған Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 3 ақпан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 31 қаңтарда
№ 34 бұйрығымен
бекітілген

Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-5 және 5-6-баптарына сәйкес әзірленді және бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Халыққа екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялар беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мынадай міндеттерін іске асыру үшін жүзеге асырылады:

      1) ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру;

      2) жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

      3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпаратты тасымалдаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – АТҚАЖ) – жөнелтілетін құжаттамаға санкцияланбаған қолжетімділіктен қажетті қорғауы бар арнайы байланыс арнасы;

      2) банктік қарыз шарты – екінші деңгейдегі банк пен қарыз алушының арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызы беріледі;

      3) бастапқы тұрғын үй – құрылыс салушыдан (тапсырыс берушіден) немесе құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) тұрғын үйін өткізетін басқа заңды тұлғалардан сатып алған кезде меншік құқығы бірінші рет тіркелетін жылжымайтын мүлік объектісі (салынған объектідегі пәтер, жеке тұрғын үй);

      4) екінші деңгейдегі банктер – банктік және өзге де операцияларды, оның ішінде банктік қарыз операцияларын жүргізуге тиісті лицензиясы бар, жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы және Бағдарламаға қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының банктері (бұдан әрі – ЕДБ);

      5) жеке тұрғын үй – жер учаскесі және жүргізілген инженерлік инфрақұрылымы бар жеке тұрғын үй;

      6) ипотекалық тұрғын үй қарызы – сатып алынатын жылжымайтын тұрғын үй мүлкі ипотекасымен қамтамасыз етілген бастапқы тұрғын үйді сатып алу мақсатында берілетін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің ипотекалық қарызы, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары;

      7) қаржы агенті – "Қазақстандық ипотекалық компания" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы атынан квазимемлекеттік сектор субъектісі;

      8) қарыз алушы – субсидияланатын ипотекалық тұрғын үй қарызы қаражаты есебінен бастапқы тұрғын үйді сатып алушы жеке тұлға;

      9) субсидия – қарыз алушыларға ЕДБ берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін қаржы агенті арқылы өтеусіз және қайтарымсыз негізде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат;

      10) субсидиялау – ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы ретінде қарыз алушы ЕДБ-ге төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын қарыз алушыны қолдау нысаны;

      11) субсидиялау шарты – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ) бекіткен нысан бойынша қаржы агенті, ЕДБ және қарыз алушы арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенті ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін субсидияларды мерзімді төлеуді жүзеге асырады;

      12) төлемдер кестесі – банктік қарыз шартының ажырамас бөлігі болып табылатын негізгі борышты, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы сомасын өтеу кестесі;

      13) уәкілетті орган – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі орталық мемлекеттік орган.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Субсидиялау шарттары

      4. Бағдарламаға және осы Қағидаларға сәйкес келетін шарттарда бастапқы тұрғын үйді сатып алу үшін банктік қарыз шартының негізінде ЕДБ беретін ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қарыз алушылар субсидия алушы болып табылады.

      5. Тұтынушылық мақсат, қарызды қайта қаржыландыру, тұрғын емес жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алу үшін ЕДБ берген ипотекалық қарыздар субсидиялауға жатпайды.

      6. Субсидиялау жылдық 16 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша ЕДБ беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7. Субсидия тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 6 %-ға дейін, Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үй сатып алған кезде тұрғын үй ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 7 %-ға дейін қайтарылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      7-1. Субсидиялар қаржы агенті арқылы жіберіледі, оның көрсеткен қызметіне ақы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен төленеді.

      Түпкілікті қарыз алушыларға аударылатын субсидиялардан жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының салық заңнамасының талаптарын ескере отырып, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      8. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қарыз алушы төлейді.

      9. Субсидияланғаннан кейін қарыз алушы үшін сыйақының түпкілікті мөлшерлемесі ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша жылдық 10 %-дан аспайды, Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үй сатып алған кезде ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5 %-дан кем емес болады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      10. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақыны есептеген кезде жылына 360 (үш жүз алпыс) күнге және айына 30 (отыз) күнге тең уақыт базалары пайдаланылады.

      11. Сыйақының жалпы сомасын, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақыны есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады (есептеу нәтижесі жүздікке дейін дөңгелектенеді):

      сыйақының жалпы сомасы:


      мұндағы:

      L – сыйақының жалпы сомасы;

      S – қарыз бойынша негізгі борыштың қалдығы;

      v – қарыз бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі;

      n – пайыз есептелетін кезеңдегі күн саны;

      субсидияланатын сыйақы сомасы:


      мұндағы:

      С – субсидияланатын сыйақы сомасы;

      S – қарыз бойынша негізгі борыштың қалдығы;

      k – қарыз бойынша сыйақыны субсидиялау мөлшерлемесі;

      n – пайыз есептелетін кезеңдегі күн саны;

      субсидияланбайтын сыйақы сомасы: A = L - C

      мұндағы:

      A – қарыз алушы төлейтін субсидияланбайтын сыйақы сомасы;

      L – сыйақының жалпы сомасы;

      С – субсидияланатын сыйақының мөлшерлемесі.

      12. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 168, 169-баптарына сәйкес қаржы агенті төлем көзінен салық салынатын субсидия түрінде қарыз алушы алған кіріс үшін жеке табыс салығын (бұдан әрі – ЖТС) ұстап қалады және бюджетке аударады.

      13. Қарыз алушы үшін міндетті шарттар:

      Бағдарламаның "Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру" деген кіші бөлімі шеңберінде тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша кредиттеу мерзімі – 180 айға дейін;

      "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚТҚЖБ) ішкі құжаттарына сәйкес Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үйді сатып алу үшін тұрғын үй ипотекалық қарыздары бойынша кредит беру мерзімі;

      ЕДБ-ға өтініш берген қарыз алушының шотында сатып алынатын тұрғын үй құнының кемінде 30 %-ы мөлшерінде қаражаттың болуы және/немесе сатушыға қаражат төлеу туралы растайтын құжаттарының және/немесе қарыз алушыға немесе үшінші тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүліктің құнымен бірдей қосымша кепіл затының болуы;

      ҚТҚЖБ-ға өтініш жасаған қарыз алушының банктік шотында сатып алынатын тұрғын үйдің құнынан кемінде 30 % қаражатының болуы;

      нысаналы мақсаты – бастапқы тұрғын үйді сатып алу;

      субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғарғы сомасы тұрғын үйді Алматы және Астана қалаларында сатып алған кезде – 20 млн. теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде – 15 млн. теңгеге дейін қоса алғанда;

      Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" деген кіші бөліміне сәйкес пилоттық жоба шеңберінде тұрғын үйді сатып алу үшін субсидияланатын ипотекалық тұрғын үй қарыздарының ең жоғарғы сомасы – 20 млн. теңгеге дейін қоса алғанда;

      ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу ай сайынғы аннуитетті немесе сараланған төлемдермен және ЕДБ-нің ішкі қағидаларына сәйкес әр айдың 10 (он) күніне есептелген қарызды өтеудің өзге де әдістерімен жүзеге асырылады (егер өтеу күні демалыс не мереке күндеріне келсе, өтеу одан кейінгі жұмыс күнінде жүргізіледі).

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      14. Сатып алынатын бастапқы тұрғын үй қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылады.

      15. Субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі:

      10 (он) жылдан аспайды, бірақ пәтерді сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кредит беру мерзімінен артық емес;

      5 (бес) жылдан аспайды, бірақ Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" міндетінің шеңберінде жеке тұрғын үйді сатып алуға арналған кредит беру мерзімінен артық емес.

      16. Белгіленген мерзім өткеннен кейін және (немесе) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда субсидиялау тоқтатылады. Бұл ретте, ЕДБ-нің жеке бағдарламалары бойынша субсидиялауды тоқтата отырып, қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыруға рұқсат етіледі.

      17. Бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту" міндетінің шеңберінде 5 (бес) жыл өткеннен кейін алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздары бойынша, сондай-ақ тұрғын үй қарызына ауысқан кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылады. ҚТҚЖБ Бағдарламаның көрсетілген бағытына қатысатын кезекте тұрғандарға ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жеке тұрғын үй сатып алу үшін қарыз береді.

      Жеке тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салу құны 120 мың теңгеден аспауы тиіс (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құнын есептемегенде). Салынған жеке тұрғын үйді өткізу кезінде сумен және электрмен жабдықтау бойынша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға арналған шығындар жалпы құнға қосылады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      18. ЕДБ қарыз алушыға ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша төлемдерді өтеудің мерзімін ұзартқан кезде субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Қарыз алушы ипотекалық тұрғын үй қарызын мерзімінен бұрын толық өтеген жағдайда субсидиялау тоқтатылады.

      19. Мынадай жағдайларды:

      қарыз алушы бастама жасаған кредит беру шарттарының, банктік қарыз шартының, субсидиялау шартының өзгеруіне байланысты жағдайларды;

      қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы, субсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін бұзуы себепті алынатын комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді;

      кепіл затына (қамтамасыз ету) тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл затын (қамтамасыз ету) сақтандыруға, ипотекалық кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алуға (оның ішінде, қызметтерді арнайы органдар көрсеткен кезде) байланысты жағдайларды қоспағанда, ЕДБ ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға немесе оған қызмет көрсетуге, субсидиялау шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссия, алымдар және (немесе) өзге де төлемдер алмайды.

3-тарау. Субсидиялау тәртібі

1-параграф. Қарыз алушыға субсидия беруді қарау тәртібі

      20. Қарыз алушы ЕДБ-нің ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға құжаттарды және субсидия алуға арналған өтінішті ЕДБ-ге береді.

      21. ЕДБ-нің ішкі құжаттарында белгіленген рәсімдерге сәйкес ЕДБ қарыз алушының төлем қабілетіне бағалау және кепілдікті қамтамасыз етуге бағалау жүргізеді.

      22. Ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда ЕДБ шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы агентіне АТҚАЖ арнайы бөлінген қорғай алатын байланыс арнасы (не ЕДБ мен қаржы агенті белгілеген электрондық құжат айналымының өзге де тәртібі) бойынша ЕДБ-нің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған қарыз алушыға субсидия беру туралы қолдаухатты мынадай сканерден өткізілген құжаттармен бірге жібереді:

      ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға арналған өтініш;

      қарыз алушының сауалнамасы;

      субсидия алуға арналған өтініш;

      қарыз алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      ипотекалық тұрғын үй қарызын беру бойынша ЕДБ-нің уәкілетті органының шешімінен үзінді көшірме;

      сатып алатын жылжымайтын мүлікке және қосымша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарды (ол бар болған жағдайда);

      құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) тұрғын үйін заңды тұлғалардың өткізу құқығын растайтын құжат;

      ЕДБ-ға өтініш берген қарыз алушының сатып алынатын тұрғын үйдің құнынан кемінде 30 % мөлшерде қаражатының және/немесе сатушыға осы соманы төлемді бергенін растайтын құжаттардың болуы;

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын жылжымайтын мүлікке және қосымша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке (ол бар болған жағдайда) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      23. Қарыз алушының құжаттар топтамасын қараған кезде қаржы агенті ЕДБ-ден барынша толық талдау және шешім қабылдау үшін қажет сатып алынатын тұрғын үйге меншік құқығының туындауына байланысты қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратуға жол беріледі. Аталған жағдайда қарыз алушының құжаттары ЕДБ-ге пысықтауға қайтарылады және оны қаржы агенті қайта қарауы тиіс.

      24. Қаржы агенті ЕДБ-ден қарыз алушыға субсидия беру туралы қолдаухат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушының құжаттарын осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      25. Қаржы агенті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЕДБ-ге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлама жібереді (бір мезгілде осы хабарламаның сканерден өткізілген көшірмесін электрондық пошта бойынша жібереді).

      26. Қаржы агенті тиісті ағымдағы қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражатының болуына байланысты ЕДБ-ден түскен қолдаухатты қарайды.

      27. Қаржы агенті қарыз алушының өтінішін қараған кезде ЕДБ мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      Қазақстан Республикасының заңнамасында талап етілетін қолданыстағы лицензиялардың, оның ішінде ипотекалық қарыздар беруге байланысты банктік және өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензияның болуы;

      ЕДБ-дегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысуы.

      28. Қаржы агенті шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) айдан аспайды. Қаржы агенті ЕДБ-ге субсидиялау шартының бекітілген үлгі нысанын береді.

      29. ЕДБ қаржы агентінен алынған шешімнің негізінде қарыз алушымен банктік қарыз шартын, төлемдер кестесін, ипотекалық шарт жасасады, сондай-ақ өз тарапынан субсидиялау шартына қол қояды және қарыз алушының тарапынан оған қол қойылуын қамтамасыз етеді және субсидиялау шартын қаржы агентіне жібереді. Қаржы агенті субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін қаржы агенті шартқа қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЕДБ-ге шарттың 2 (екі) данасын қайтарады, оның біреуі қарыз алушыға берілуі тиіс.

      30. Субсидиялау шарты қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Субсидия берудің көзделген тәртібі бойынша ЕДБ, қарыз алушы мен қаржы агенті арасындағы өзара қарым-қатынас субсидиялау шартымен реттеледі.

      31. Субсидиялау шартында көрсетілген мерзімдерде ЕДБ қаржы агентіне төлемдер кестесімен бірге сканерден өткізілген жасалған банктік қарыз шартын, ипотекалық шартты, оларға қосымша келісімдерді, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес АТҚАЖ-ның арнайы бөлінген қорғай алатын байланыс арнасы (не ЕДБ мен қаржы агенті белгілеген электрондық құжат айналымының өзге де тәртібі) бойынша электрондық форматта кредиттік досье үшін мәліметтер тізбесіне сәйкес ақпарат жібереді.

2-параграф. Субсидиялар төлеу тәртібі

      32. Қарыз алушыларға ЕДБ берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      33. Қаржы агентіне қаражат аударуды уәкілетті орган қаржыландырудың жеке жоспарына және шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған қаржы агентінің арнайы шотына жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем тиісті қаржы жылына көзделген қаражат сомасынан 50% мөлшерінде қаржы агентіне аударылады. Кейінгі төлемдер қажеттілігіне қарай қаржы агентінің өтінімдері бойынша жүзеге асырылады.

      34. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы шотынан субсидиялау үшін түскен қаражат бірыңғай траншпен ЕДБ-нің бірінде ашылған қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотына аударылады.

      35. Қаржы агенті субсидияны ЕДБ-де ашылған қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотынан тиісті ағымдағы шотына аударады. Бұл ретте ЕДБ-нің шотты жүргізгені үшін осы ағымдағы шоттан комиссия (субсидиялар сомасын есептеп шығару, есепке жатқызу, қайтару, өтеу) алуына жол берілмейді.

      36. Қаржы агенті қарыз алушылардың төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын әр айдың 9 (тоғызы) күнінен кешіктірмей аванстық төлемдермен ЕДБ-дегі ағымдағы шотқа субсидия аударады (егер өтеу күні демалыс не мереке күндеріне түссе, аудару одан кейінгі жұмыс күнінде жүргізіледі), қарыз алушының кодтарын көрсете отырып, электрондық пошта арқылы қаражаттың аударылғаны туралы аванстық төлемдер төленген күннен кешіктірмей өкімнің (бұдан әрі – өкім) көшірмесін жіберу арқылы ЕДБ хабардар етеді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      37. ЕДБ ай сайын қарыз алушылардың төлемдер кестесі бойынша өтеу күні қарыз алушының берешегін өтеу үшін қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарады. Бұл ретте ЕДБ өтелмеген мерзімі өткен берешегі бар қарыздар бойынша соманы есептен шығармайды. Қарыз алушы есепті кезеңде мерзімі өткен берешекті өтеген кезде ЕДБ қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарады.

      38. ЕДБ ай сайын субсидияны есептен шығарғаннан кейін келесі күні қаржы агентіне АТҚАЖ-ның арнайы бөлінген қорғай алатын байланыс арнасы (не ЕДБ мен қаржы агенті белгілеген электрондық құжат айналымының өзге де тәртібі) бойынша электрондық нысанда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушылардың ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша міндеттемелерді орындауы туралы тиісті тізілім (бұдан әрі – тізілім) жібереді, кейіннен оны уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, ЕДБ-нің мөрімен расталған қағаз тасығышта жібереді.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      39. Қаржы агенті ай сайын субсидиялау үшін көзделген қаражаттың қалдығы туралы ақпаратты ағымдағы айдың 1 (бірінші) күніндегі жағдай бойынша АТҚАЖ жүйесінің хабарландыру тақтасына (не ЕДБ мен қаржы агенті белгілеген электрондық құжат айналымының өзге де тәртібінде) орналастырады.

      40. Қаржы агенті қазіргі ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және субсидиялануы мақұлданған жаңаларын субсидиялауға қайта жіберу үшін субсидиялануы тоқтатылған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша, сондай-ақ ішінара өтелген және/немесе мерзімінен бұрын толық өтелген қарыздары бойынша субсидиялар қаражатын ағымдағы шоттан операторлық шотқа қайтаруды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      41. Қаржы агентінің операторлық ағымдағы шотындағы субсидиялар қаражатының ағымдағы қаржы жылында пайдаланылмаған қалдығы есепті қаржы жылы үшін қарыз алушылардан қабылданған өтініштер бойынша келесі қаржы жылында пайдаланылады.

3-параграф. ЕДБ-нің қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидияларды есептен шығару шарттары

      42. ЕДБ төлемдер кестесіне сәйкес қарыз алушы негізгі борыштың сомасын және сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігін толық өтеген жағдайда қаржы агентінен алынған тиісті өкімге сәйкес әрбір қарыз алушы бойынша қаржы агентінің ағымдағы шотынан субсидияларды есептен шығарады.

      43. Негізгі борышты ішінара не мерзімінен бұрын толық өтеу үшін қарыз алушы ЕДБ-ге негізгі қарыз бойынша және сыйақы мөлшерлемесінің субсидиялауға жатпайтын және субсидияланатын бөлігі бойынша соманы қарызды өтеу күні салады. Бұл ретте, сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің есептелген сомасы ЕДБ-нің қаржы агентінің дебиторлық берешегіне жатады.

      ЕДБ мерзімінен бұрын өтеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыйақының бір бөлігі субсидияланатын қарыздың сомасы мерзімінен бұрын өтелген кезде қаржы агентінің қарыз алушы төлеген бөлігін қайтаруы мақсатында қаржы агентін қарыздың ішінара не мерзімінен бұрын толық өтелгені туралы хабардар етеді. Қарыз ішінара мерзімінен бұрын өтелген жағдайда ЕДБ ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша төлемдердің жаңа кестесін ұсынады.

      Қаржы агенті 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыйақының субсидияланатын сомасын өтеуді жүргізеді.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      44. Тиісті негіздемелер болған кезде кейіннен қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу есебінен қаражатты есептен шығара отырып, банктік қарыз шарты бойынша тең дәрежеде қарыз алушының барлық құқықтары мен міндеттерін білдіретін бірлесіп қарыз алушылардың шотына субсидиялар аударуға рұқсат етіледі.

      45. ЕДБ қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша шешім қабылдауға әсер еткен анық емес мәліметтер бергені анықталған жағдайда, ЕДБ қаржы агентінен талаптар алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде субсидиялардың аударылған сомасынан 25 % мөлшерінде айыппұл төлей отырып, субсидиялардың аударылған сомасын қайтарады. Субсидиялар қаражатын қайтару мерзімі сақталмаған жағдайда ЕДБ мерзімі өткен әр күн үшін қаржы агентіне қайтаруға жататын субсидиялар сомасынан 0,1 % мөлшерінде өсімпұл төлейді.

      46. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4-параграф. Банктік қарыз шартына өзгерістер енгізілген кезде қарыз алушыны субсидиялау тәртібі

      47. ЕДБ банктік қарыз шартына, ипотекалық шартқа қосымша келісім жасалған жағдайда олар жасалған (қол қойылған) күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде қаржы агентіне арнайы бөлінген қорғай алатын байланыс арнасы бойынша банктік қарыз шартына, ипотекалық шартқа сканерден өткізілген қосымша келісімдерді жібереді.

      48. Қарыз алушы ипотекалық тұрғын үй қарызын мерзімінен бұрын өтеген жағдайларды қоспағанда, банктік қарыз шартының сыйақы мөлшерлемесі, қарыз алушыға төлемдерді төлеу бойынша мерзімдерді ұзарту, борышты аудару бөлігіндегі шарттарын және субсидиялау шарттарына байланысты өзге де шарттарды өзгертуді қаржы агенті келіскен жағдайда ЕДБ жүзеге асырады.

      49. ЕДБ қайта құрылымдау жүргізген қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша қаржы агентінің оң шешімі болған кезде төлемдер кестесі қайта басталғаннан кейін субсидиялау жалғасады. Бұл ретте субсидиялау мерзімі өзгеріссіз қалады.

      50. Банктік қарыз шартының субсидиялау шарттарына байланысты емес шарттарын өзгертуді қарыз алушы тиісті қосымша келісім жасаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қаржы агентіне кейіннен хабарлама берген жағдайда ЕДБ дербес жүзеге асырады.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату, қайта бастау тәртібі

      51. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді ЕДБ қолдаухаттарының (өтініштері немесе хабарламалары) негізінде қаржы агенті қабылдайды. Субсидиялауды қайта бастау туралы шешім оны тоқтата тұруға негіз болып табылған себептер жойылған жағдайда қабылданады.

      52. Қаржы агенті мынадай жағдайларда:

      1) қарыз алушы төлемдер кестесіне сәйкес, оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бір бөлігінің сомасын өтеу бойынша ЕДБ-нің алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерін күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен артық орындамаған;

      2) қарыз алушының ағымдағы шоттарының қатысуынсыз субсидияланатын сыйақыны өтеуді пайдалану жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының банктік шотындағы ақшаға тыйым салынған жағдайларда субсидия аудармайды.

      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайлар туындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ЕДБ қаржы агентін хабардар етеді.

      Қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша мерзімі өткен берешек өтелген немесе оның шотынан тыйым салу және (немесе) шектеулер алып тасталған жағдайда қаржы агенті субсидиялардың төленбеген сомасын аударады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      53. Қарыз алушы банктік төлемдер кестесіне сәйкес ЕДБ-нің алдындағы төлемдер төлеу жөніндегі міндеттемелерін бұзған кезде тізбекті күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде қаржы агенті кейіннен қабылданған шешім туралы ЕДБ мен қарыз алушыға хабарлай отырып, субсидиялау шартын бұзу туралы мәселені қарайды.

      54. Қарыз алушы қайтыс болған жағдайда оның қайтыс болуы туралы мәліметтер (ақпарат) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ЕДБ қаржы агентіне тиісті хабарлама жібереді. Қаржы агенті мұрагердің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтатады. Мұрагердің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген шарттарда субсидиялау қайта басталады.

4-тарау. Қаржы агентінің субсидиялауды және мониторингті жүзеге асыру тәртібі

      55. Қаржы агенті:

      1) алынған және төленген субсидиялар бойынша тұрақты есепке алуды;

      2) қарыз алушының Бағдарлама шарттарына сәйкестігіне мониторингті;

      3) ЕДБ ұсынатын деректердің негізінде қарыз алушының төлем тәртібіне ай сайынғы мониторингті;

      4) осы тармақтың 1-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда мониторинг тәртібін, мерзімін, есептілік нысандарын бекітуді жүзеге асырады.

      56. Қаржы агенті тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 (жиырма бесі) күніне дейін уәкілетті органға субсидиялар қаражатының игерілуі бойынша жиынтық ақпарат пен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірлер бөлінісінде субсидиялар қаражатының пайдаланылуы бойынша талдаманы жібереді.

      57. Қаржы агенті ай сайын уәкілетті органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау үшін қабылданған міндеттемелер мен қаражаттың болжамды қалдығы бойынша есеп жібереді.

      58. Қаржы агентіне қызметтер көрсеткені үшін комиссия төлеу уәкілетті орган мен қаржы агентінің арасында жасалған қызметтер көрсетуге арналған шарттың негізінде жасалады.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.01.2018 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      59. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенті ЕДБ-ден (қажет болған жағдайда қарыз алушыдан да) қажетті құжаттарды және мониторингтің нысанасына қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын ақпаратты сұратады, бұл ретте ЕДБ қаржы агенті сұратқан ақпаратты ұсынады.

  Халыққа екінші деңгейдегі
банктер берген ипотекалық
тұрғын үй қарыздары бойынша
сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігін өтеу үшін
квазимемлекеттік сектор
субъектілері арқылы
субсидиялар беру қағидаларына
1-қосымша

Кредиттік досье үшін мәліметтер тізбесі

1

ЕДБ атауы

2

ЕДБ-дегі қарыздың бірегей коды

3

Қарыз алушының деректері (Т.А.Ә. (болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың № және күні, жеке куәлігі, ЖСН)

4

Нысаналы мақсаты

5

Банктік қарыз шарты

6

Банктік қарыз шарты бойынша сома

7

Банктік қарыздың валютасы

8

Сыйақы мөлшерлемесі, субсидияланатын мөлшерлеме

9

Банктік қарыз шартының мерзімі

10

Қарыз бойынша қамтамасыз ету (кепілдік бойынша деректер)

11

Төлемдер кестесі (қайта есептеу күні, негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы)

  Халыққа екінші деңгейдегі
банктер берген ипотекалық
тұрғын үй қарыздары бойынша
сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігін өтеу үшін
квазимемлекеттік сектор
субъектілері арқылы
субсидиялар беру қағидаларына
2-қосымша

20__ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша қарыз алушылардың ипотекалық қарыздар бойынша міндеттемелерді орындауы туралы тізілім

      ЕДБ атауы ________________________

ЕДБ-дегі қарыздың бірегей коды

Өңір атауы

Қарыз алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)

ЖСН

Банктік қарыз шарты

нөмірі

күні

сомасы

1

2

3

4

5

6

7


Сыйақы мөлшерлемесі, %

Субсидиялау шарты

субсидияланатын бөлік

субсидияланбайтын бөлік

нөмірі

күні

9

10

11

12


Өтеу күні

Төлемдер кестесі бойынша өтеу

Мерзімі өткен берешекті өтеу

төлемдер кестесі бойынша

факт бойынша

негізгі борыш

сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі

Сыйақының субсидияланатын бөлігі

негізгі борыш

сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі

сыйақының субсидияланатын бөлігі

13

14

15

16

17

18

19

20


Толық/ішінара мерзімінен бұрын өтеу

Ескертпе

негізгі борыш

сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі

сыйақының субсидияланатын бөлігі

21

22

23

24

      Лауазымды тұлға ___________________________________________________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) (қолы, ЕДБ мөрі)

      Жауапты жұмыскер _________________________________________________________

  Халыққа екінші деңгейдегі
банктер берген ипотекалық
тұрғын үй қарыздары бойынша
сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігін өтеу үшін
квазимемлекеттік сектор
субъектілері арқылы
субсидиялар беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

20____жылғы "___" ___________ жағдай бойынша (есепті кезеңнен кейінгі тоқсанның 1-күніне) _______жылдан ___________ жыл кезең ішінде субсидиялар қаражатының игерілуі бойынша жиынтық ақпарат

Р/с

ЕДБ атауы

Барлығы көзделген субсидиялар, мың теңге

оның ішінде:

Барлығы аударылған субсидиялар, мың теңге

жылдың басынан бастап есепті кезеңнің басында жасалған қолданыстағы субсидиялау шарты бойынша

есепті тоқсанда жасалған субсидиялау шарты бойынша

1

2

3

4

5

6














оның ішінде:

Бұрын мерзімі өткен қарыздар бойынша өтелді, мың теңге

оның ішінде:

есепті кезеңнің басында жасалған қолданыстағы субсидиялау шарты бойынша

ЖТС

есепті тоқсанда жасалған субсидиялау шарты бойынша

ЖТС

есепті кезеңнің басында жасалған қолданыстағы субсидиялау шарты бойынша

есепті тоқсанда жасалған субсидиялау шарты бойынша

7

8

9

10

11

12

13
















Төленетін субсидиялар қалдығы, мың теңге (3-6-11-бағандар)

оның ішінде:

Ескертпе

есепті кезеңнің басында жасалған қолданыстағы субсидиялау шарты бойынша

есепті тоқсанда жасалған субсидиялау шарты бойынша

14

15

16

17









  Нысан

20___жылғы "___" ________ жағдай бойынша өңірлер бөлінісінде (есепті кезеңнен кейінгі тоқсанның 1-күніне) субсидиялар қаражатының пайдаланылуы бойынша талдама

Р/с

ЕДБ атауы

Өңір атауы

Субсидияланған ипотекалық портфельдің сомасы, мың теңге
 

Субсидияланған ипотекалық тұрғын үй қарыздарының саны, мың бірлік

оның ішінде:

есепті кезеңнің басында жасалған қолданыстағы субсидиялау шарты бойынша

есепті тоқсанда жасалған субсидиялау шарты бойынша

1

2

3

4

5

6

7
















Аударылған субсидиялар сомасы, мың теңге

оның ішінде:

Ескертпе

есепті кезеңнің басында жасалған қолданыстағы субсидиялау шарты бойынша

есепті тоқсанда жасалған субсидиялау шарты бойынша


8

9

10

11









  Халыққа екінші деңгейдегі
банктер берген ипотекалық
тұрғын үй қарыздары бойынша
сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігін өтеу үшін
квазимемлекеттік сектор
субъектілері арқылы
субсидиялар беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

20___жылғы "____" ____________ жағдай бойынша субсидиялау үшін қабылданған міндеттемелер мен қаражаттың болжамды қалдығы бойынша есеп

      теңге

Р/с

Кезеңнің басындағы қалдық

Ағымдағы жылы түскен қаражат

Аударылды

Кезеңнің соңындағы қалдық

Төленген субсидияларсыз субсидиялаудың барлық кезеңі үшін субсидиялар бойынша қабылданған міндеттемелердің қалдығы

Субсидиялау үшін қаражаттың болжамды қалдығы (5-6-бағандар)

1

2

3

4

5

6

7