Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 80 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 мамырда № 4378 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Б.Салахатдинова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н.Т.Төреғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Көлгінов

  2016 жылғы 29 наурыздағы №80
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар

р/с

Өлшемшарттардың атауы

Иеліктен айыру түрлері

1.

Жекешелендіру объектісін одан әрі бақылауға мемлекеттің мүдделілігінің болмауы (шарттар қойылмайды);
заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
барынша жоғары ықтимал бағамен жекешелендіру объектісін сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі;
мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды оларды одан әрі бақылауға мемлекеттің мүддесі болмаған кезде сату.

Сауданы аукцион нысанында өткізу

2.

Заңнамамен белгіленген мерзімдерде жекешелендіру объектісін сатудан бюджетке ақшалай қаражатты алу қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау);
барыншажоғары ықтимал бағамен жекешелендіру объектісін сату қажеттілігі;
сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт ішінде жекешелендіру объектісін мемлекеттің бақылауында сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау) болған жағдайда мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату.

Сауданы коммерциялық тендер нысанында өткізу

3.

Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарының орындалуын мемлекеттің бақылауын белгілі бір уақыт ішінде сақтау қажеттілігі

Тікелей атаулы сату