Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі N 118 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 мамырда N 4550 болып тіркелді

Қолданыстағы
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5- қосымшаларға сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) айқындалсын.
      2. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шығыс Қазақстан облысының
      әкімі Д. Ахметов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Шығыс Қазақстан облыстық
      мәслихатының хатшысы
      _____________В. Головатюк
      2016 жылғы "21" 04

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына 1 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Басқарушы персонал: денсаулық сақтау ұйымынаң басшысы мен оның орынбасары.
      2. Клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері, дәріхана (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі, бас бухгалтер, басшының әкімшілік-шаруашылық бөлік және мейіргер ісі жөніндегі орынбасары.
      3. Негізгі персонал: мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер; фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, стоматологиялық гигиенист, оптик және оптикометрист, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер.
      4. Әкімшілік персонал: шаруашылық бөлімшелерінің арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының басшылары (меңгерушілері), азаматтық қорғаныс штабының басшысы, мамандар: бухгалтер, программист (АТ-маманы, жүйелік әкімші), барлық мамандықтағы инженер, менеджер, экономист, заңгер консультант, инструктор, механик, аудармашы, статистик, технолог, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі менеджер, кадрлар жөніндегі инспектор.
      5. Қосалқы персонал: архивариус, рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, кассир, көшіру көбейту машиналарының, байланыс жүйелерінің, компьютерлік техника (бағдарламалар), оператор, күзетші, медициналық мейіргердің көмекшісі, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, тіркеуші, кезекші әкімші, диспетчер.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына 2 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Басқарушы персонал: аудандық және қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы, стационарлық үлгідегі ұйымның басшысы (психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер; психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер), үйде қызмет көрсету ұйымының (үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, облыстық маңызы бар стационарлық үлгідегі ұйымның құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары (жартылай стационарлық үлгідегі ұйым басшысының орынбасары), облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас бухгалтері.
      2. Негізгі персонал: біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, логопед, психолог, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, жүзу жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы.
      3. Әкімшілік персонал: бухгалтер, экономист, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына 3 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс

істейтiн білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Басқарушы персонал: облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы, облыстық маңызы бар құрылымдық бөлімше (әдістемелік кабинет) басшысы және орынбасары.
      2. Негізгі персонал: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушысы мен әдіскері, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері, дефектолог-мұғалім (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), логопед мұғалім, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы оқытушысы, орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шебері, вожатый, тәрбиеші, нұсқаушы-әдіскер, дене тәрбиесі нұсқаушысы, музыкалық жетекші, қосымша білім беру педагогы, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, хореограф.
      3. Әкімшілік персонал: мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы (меңгерушісі): кітапхана, лагерь, интернат, шеберхана, оқу-әдістемелік шеберхана, кітапханашы, концертмейстер, көркемдік жетекші.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына 4 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Басқарушы персонал: облыстық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы; облыстық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны филиалының басшысы; облыстық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бөлімінің басшысы; облыстық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сектор басшысы.
      2. Негізгі персонал: мамандар, соның ішінде: архивист, қор сақтаушы, экскурсовод, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер).
      3. Әкімшілік персонал: бухгалтер.
      4. Қосалқы персонал: оператор, мұражай қараушысы.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына 5 қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Негізгі персонал: аға жаттықтырушы; спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы; спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы; спорт жаттықтырушысы; дене шынықтыру және спорт бойынша нұсқаушы; нұсқаушы-спортшы.

  Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "20" сәуірдегі
№ 118 қаулысына 6 қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулылары

      1. "Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2477, 2008 жылғы 06 наурыздағы № 30 (15939) "Дидар", 2008 жылғы 06 наурыздағы № 35-36 (18469) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.
      2. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 02 маусымдағы № 117 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2543, 2011 жылғы 05 шілдедегі № 76 (16552) "Дидар", 2011 жылғы 04 шілдедегі № 75 (19063) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.
      3. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 06 желтоқсандағы № 285 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2563, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 153 (16629) "Дидар", 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 (19139) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.
      4. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 02 сәуірдегі № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2572, 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 48 (16677) "Дидар", 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 48 (19188) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.
      5. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 02 шілдедегі № 152 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2585, 2012 жылғы 21 шілдедегі № 84 (16713) "Дидар", 2012 жылғы 23 шілдедегі № 85 (19225) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.
      6. "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлық ақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 276 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3517, 2014 жылғы 18 қарашадағы № 136 (17071) "Дидар", 2014 жылғы 19 қарашадағы № 135 (19581) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды) қаулысы.