"Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 421 қаулыға өзгеріс ен

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 02 маусымдағы N 117 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 27 маусымда N 2549 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - "Мақат ауданы әкімінің аппараты" ММ 2012.09.03 № 181 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 21 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының үш пайыз мөлшерінде, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшін Мақат ауданында жалпы санының бір пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. "Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды осы қаулыға сәйкес жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Сағиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Қайненов