"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 46/383-V "Оңтүстік Қазақстан облысын басқару схемасы туралы" шешіміне және облыс әкімдігінің "Мемлекеттік мекемелер туралы" 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 12 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Қаныбековке жүктелсін.
Облыс әкімі | Б. Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Б.Жылқышиев | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
К.Мендебаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "5" ақпандағы № 31 қаулысына қосымша |
"Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
3. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт тұрғын үй алабы, Астана даңғылы, 10-құрылыс, пошталық индексі 160023;
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен.
13. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында энергетика, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, ауызсумен қамтамасызету, газбен қамтамасызету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, санитарлық тазалық салаларын мемлекеттік реттеу мен басқару саласындағы мемлекеттік саясатты Оңтүстік Қазақстан облысның аумағында іске асыру болып табылады.15. Міндеттері:
1) энергетиканы, энергия үнемдеуді, энергия тиімділік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, ауызсумен қамтамасызету, газбен қамтамасызету, абаттандыру, санитарлық тазалық дамыту салаларындағы облыстық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.
16. Функциялары:
1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
2) облысты газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;
3) уәкілетті органға облыстың, аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;
4) уәкілетті органға облыстың, аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
5) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) тауарлық және сұйытылған мұнай газын есептеу және тұтыну нормасының тәртібін әзірлейді және облыс акімдігіне бекітуге ұсынады;
7) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
8) жасыл екпелердi күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту бойынша жобаны әзірлеп облыс әкімдігіне облыстық мәслихатта бекітуге ұсынады;
9) кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөніндегі қызметін бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
10) бюджет қаражаты есебінен кондоминиумдар құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдайды;
11) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
12) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері) құрастырылған қауіпті техникалық құрылғыларды (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) пайдаланатын ұйымдармен кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
13) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
14) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
15) қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келіседі;
16) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынудың нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;
17) су объектілерін ұтымды пайдалану, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
18) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;
19) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;
20) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;
21) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
22) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;
23) тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
24) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;
25) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;
26) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;
27) 0,07 Мегапаскальдан жоғары және судың 115 градус Цельсийден жоғары қызу температкрасында жұмыс әстейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылайды;
28) қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асырады;
29) пайдалануға тапсырлатын объектілерді (кешендерді) қабылдауды ұйымдастырады және тіркейді;
30) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
31) әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін, табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы уәкілетті органның шешіміне келісім беру;
32) үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
33) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесінің жоспарларын облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз функциялары мен негізігі міндеттерін орындау мақсатында өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен қажетті мәліметтерді алу бойынша қарым-қатынаста болады;
2) "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарына жауапкер немесе талапкер болады;
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;
2) "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
5) "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
7) келісім-шарттар жасасады;
8) сенімхаттар береді;
9) банкте шоттар ашады;
10) өз уәкілеттігі шегінде барлық "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Ресаубликасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолданыла алады;
12) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;
13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігі мен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
"Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.