"Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 22 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 ақпанда № 3580 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 12 "Мемлекеттік мекемелер туралы" қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев
      К.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы " 1 "
ақпандағы № 22 қаулысына
қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қарасты ведомствалары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы 10, индекс 160023.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясына: облыстағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, он төрт пен жиырма тоғыз жас аралығындағы азаматтардың әлеуметтік дамуына жағдайлар жасау, мемлекет тарапынан жасалынып жатқан қолдауларды насихаттай отырып, іске асыру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) жастар саясаты мәселелеріне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
      2) жастардың шығармашылық, рухани және тәндік мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір сүру салтының берік негіздерін қалыптастыру және жастарды азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетке тәрбиелеу;
      3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді, оның тарихына, мәдениетіне және ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) өскелең ұрпақ арасында азаматтық-патриоттық тәлім-тәрбиені және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда ақпараттық-насихаттық және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
      5) жастар арасында өтетін мемлекеттік үдерістерді реттеуге қатысу;
      6) жастар саясаты саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
      7) облыстағы жастар саясаты қызметіне мониторинг пен талдау жүргізу;
      8) облыс аумағында мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөнінде республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
      9) жастар ұйымдарына ұйымдастырушылық, әдістемелік-кеңестік және ақпараттық қолдау көрсету;
      10) жастар қоғамдық бірлестіктерімен және студенттік ұйымдармен, саяси партиялардың жастар қанатымен және ұлттық-мәдени орталықтармен құқық қорғау, діни және өзге де үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
      16. Функциялары:
      1) мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын қамтамасыз ету;
      2) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз ету;
      3) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастыру;
      4) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу;
      5) облыс әкімдігіне жастар ресурстық орталықтарын құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру жөнінде ұсыныс енгізу;
      6) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз ету;
      7) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолдану;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін, жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жастар саясаты саласындағы өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер және отырыстар өткізуге;
      4) "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемлекеттік органдарда білдіруге.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қарасты мемлекеттік коммуналдық мекемелердің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты жөніндегі мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      4) шарттар жасасады;
      5) сенімхаттар береді;
      6) банктік есеп-шоттар ашады;
      7) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
      8) "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты жөніндегі мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесіне берілген мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты жөніндегі мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақы мен сыйлықақы төлеу, сондай-ақ қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      11) "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулар береді;
      12) Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      13) перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      14) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
      15) "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      16) "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      17) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      18) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғалар орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      1. Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" коммуналды мемлекеттік мекемесі.