1. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Қ.Айтахановқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Б.Атамқұлов |
Д.Сатыбалды | |
Б. Жылқышиев | |
Е.Айтаханов | |
С.Қаныбеков | |
Е.Садыр | |
С.Тұяқбаев | |
А.Абдуллаев | |
К.Мендебаев |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы " 1 " ақпандағы № 21 қаулысына қосымша |
"Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы, 10 үй, индексі 160023.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:облыс аумағында арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде және балалардың құқығын қорғауда мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыру;
білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
15. Міндеттері:
"Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты салалардағы Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
16. Функциялары:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз ету;
2) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету;
3) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз ету;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
5) облыс әкімдігіне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту жөнінде ұсыныс енгізу;
6) облыс әкімдігіне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөнінде ұсыныс енгізу;
7) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
9) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджет қаражатының кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсау;
10) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету;
11) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
12) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
13) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
14) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
15) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
16) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
18) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету;
19) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсыну;
20) облыс әкімдігіне облыстық мәслихатқа ұсыныс енгізу үшін білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы материалдар мен құжаттар дайындау;
21) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
22) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
23) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасау;
24) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсету;
25) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
26) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлеу;
27) мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
28) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
29) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігінің бекітуіне енгізу;
30) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлеу және облыс әкімдігінің бекітуіне енгізу;
31)дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
32) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы бiлiм беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидалары негiзiнде бекітілетін орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын белгілеу жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
33) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;
34) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу;
35) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тәрбиелейтiн, емдейтiн және соған ұқсас басқа да мекемелердегi баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыру;
36) білім саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
конференциялар, семинарлар мен оқыту нысандарын және білім беру саласындағы мамандармен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрату және алу мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдармен бірлесе іс-қимыл жасау, олардан өзінің функцияларын орындау мақсатында;
тәрбие, бiлiм беру саласында балалар мүдделерiне орай орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
өзінің құзыреті шегінде ұйымдар құру, қайта құру және тарату жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық жасайды;
2) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мақсаттар мен функцияларды, облыс әкімдігінің, облыс әкімінің және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының, "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай-ақ "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенiмхатсыз әрекет етеді;
6) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін бiлдiреді;
7) шарттар жасасады;
8) сенімхаттар береді;
9) банктік шоттар ашады;
10) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
11) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі жұмысшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін жоғарлату, көтермелеу, үстемеақы белгілеу, сыйлықақы беру, сонымен қатар оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
12) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және оларға тәртіптік жаза қолданады;
13) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде жүргізеді;
14) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауаптыболады;
15) "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаржы-шаруашылық қызметіне және берілген мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады.
"Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
23. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiкті және оған қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебінен сатып алынған мүлiкті өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. "Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Қазығұрт ауданының "Мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облыстық үш тілде оқытатын мамандандырылған № 1 мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Мақтарал ауданының мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан "Дарын" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Шардара ауданының № 3 мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Сарыағаш ауданының № 4 мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Жамбыл Қаппаров атындағы № 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Мұхамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Маржан Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған № 12 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Түлкібас ауданының үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 1 қазақ-түрік ер балалар лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 2 қазақ-түрік қыз балалар лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 3 Кентау қазақ-түрік ер балалар лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Батырбек Өтеп атындағы "Өнер" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Оңтүстiк Қазақстан облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Жетісай қосалқы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Леңгір көмекші мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Сайрам көмекші мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Құлағы нашар еститін балалар үшін Ленгір қосалқы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Шымкент қосалқы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Түркістан көмекші мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Шымкент № 1 саңырау балалардың мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Естімейтін балаларға арналған № 2 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Көзі нашар көретін балаларға арналған "Үміт" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Ленгір тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған көмекші мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 11 санаторий типтес арнаулы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып;
32) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Бауыржан" отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 3 Шымкент балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 2 Төлеби балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 4 балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Облыстық оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
41) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 1 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
42) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 2 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
43) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 3 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
44) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 4 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
45) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 5 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
46) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 6 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
47) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 7 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
48) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 8 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
49) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 9 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
50) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 10 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
51) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 11 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
52) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 12 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
53) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
54) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 14 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
55) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 15 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
56) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 16 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
57) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 17 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
58) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№1 8 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
59) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 19 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
60) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Дәуренбек Құрманбек атындағы № 20 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
61) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 21 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
62) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 23 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
63) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "№ 24 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
64) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Д.Қонаев атындағы № 25 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
65) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Экологиялық орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
66) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Балалар мен жеткіншектерге арналған аймақтық оқу-практикалық дене тәрбиесі орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
67) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Облыстық мамандандырылған "Тау самалы" оқу-сауықтыру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
68) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Облыстық мектеп олимпиадаларын өткізу орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
69) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Облыстық жас туристер станциясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
70) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
71) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
72) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Шымкент аграрлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
73) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Қапланбек гуманитарлық-агроэкономикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
74) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
75) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
76) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
77) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
78) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
79) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Мақтарал гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
80) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Кентау көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
81) Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының "Оңтүстік Қазақстан саз колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.