1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Тұяқбаевқа жүктелсін.
Облыс әкімі Б. | Атамқұлов |
Сатыбалды Д. | |
Жылқышиев Б. | |
Қаныбеков С. | |
Садыр Е. | |
Тұяқбаев С. | |
Абдуллаев А. | |
Мендебаев К. |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 1 ақпан 2016 жылғы № 23 қаулысына қосымша |
"Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Тәуке-хан даңғылы, № 35 үй, пошталық индексі 160000.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:1) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
2) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту мен жетілдіруге ықпал ету.
15. Міндеттері:
1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдану;
3) жүргiзiлетiн тексерулердiң материалдарын объективтi түрде дайындау.
16. Функциялары:
1) жер заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
2) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
3) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындау және беру;
4) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
5) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұру;
6) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган:
мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
межелiк белгiлердiң сақталуына;
жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады және жүргiзедi.
Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
7) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;
8) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасауға;
9) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығаруға;
10) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беруге
11) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алуға;
12) жерге құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өзіне жүктелген міндеттері мен функциялары шегінде шешімдер қабылдау;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және өзге де ақпаратты сұратып алу;
3) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларданан келіп түскен мәселелерді қарау;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен, қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға кедергiсiз кiруге, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн-оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеруге;
5) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз мүдделерін ұсыну;
6) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерді мемлекеттік органдармен, мекеме және ұйымдармен бірлесе атқару.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
2) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастыру;
3) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындау және және қызметтен босату, оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолдану;
4) "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
6) заңнамалармен, осы Ережемен, облыс әкімі мен әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;
7) сенім хат береді.
"Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының жер инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.