1. "Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 44/4 шешіміне (2016 жылғы 19 қаңтарда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3567 болып тіркелді, 2016 жылғы 12 ақпанда "Парыз" аудандық газетінде, 2016 жылғы 12 ақпанда "Новатор" аудандық газетінде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
1 тармақ жаңа басылымда баяндалсын:
"1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына, Мемлекет басшысының Үкіметтің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 72-тармағына сәйкес "Ерекше кезең" экономикалық саясатының шараларын ескере отыра әзірленді және өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Шал ақын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.";
2 тармақта:
4) тармақша жаңа басылымда баяндалсын:
"4) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары мен оралмандар қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;";
13) тармақша жаңа басылымда баяндалсын:
"13) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
13 тармақ жаңа басылымда баяндалсын:
"13. Шартты әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 15) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы мен Солтүстік Қазақстан облысында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде отбасының әрбір мүшесіне ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға бір мезгілде көрсетіледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қолданылу мерзіміне тағайындалады.
Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, шартты әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ оны тағайындаған сәттен бұрын емес.";
келесі мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 20) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша кірістер есебінсіз, жүрген жол құны мөлшерінде қажетінше көрсетіледі.";
18 және 19 тармақтар келесі басылымда баяндалсын:
"18. Әлеуметтік көмек осы Қағидаларға 3-қосымшаның 21) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескере отырып азаматтарға 160 (жүз алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде оқу жылының басында көрсетіледі.
19. Әлеуметтік көмек көрсетуге адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы шартты әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасаған айдың алдындағы үш айда алынған ақшалай және зат түріндегі жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы және үш айға есептеп шығарылады.
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі ақшалай көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының қолданылу мерзімі ішінде қайта қаралмайды.
Сонымен бірге жиынтық табыс "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 тіркелді) бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептеледі.";
31 тармақ алып тасталсын;
4 тараудың тақырыбы келесі басылымда баяндалсын:
"4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек көрсету тәртібі";
35 және 36 тармақтар келесі басылымда баяндалсын:
"35. Адам (отбасы) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға жүгінген кезде жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның маманы немесе, ауылдық округ әкімі консультация өткізу деңгейіндегі оны көрсету шартын түсіндіреді және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасауға келісім берген жағдайда азаматпен әңгімелесу жүргізеді, оның барысында адамның (отбасының) проблемалары туралы, оның өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндігі туралы ақпаратты нақтылайды.
Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 7 және 8-қосымшаларына сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді және өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама толтырылады.
36. Осы Қағидалардың 9-10-қосымшаларына сәйкес әлеуметтік келісімшарт негізіндегі шартты ақшалай көмекке құқық айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) оның отбасы мүшелерін отбасыға көмектің жеке жоспарын (бұдан әрі – жеке жоспар) әзірлеу және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау үшін шақырады.
Бұл ретте, бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар санатына жатқызылған өтініш берушілер "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жұмыспен қамту орталығына жіберіледі не жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларына жолдамалар береді.";
5 тараудың тақырыбы келесі басылымда баяндалсын:
"5. Көрсетілетін шартты ақшалай көмектің тоқтатылуы және қайтарылуы үшін негіздемелер";
46 тармақ жаңа басылымда баяндалсын:
"46. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізіндегі шартты ақшалай көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.";
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 3 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда баяндалсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі
1) жетiмдiк;2) ата-ана қамқорлығының болмауы;
3) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы, оның iшiнде девианттық мiнез-құлық;
4) туғанынан үш жасқа дейiнгi балалардың ерте психофизикалық дамуы мүмкiндiктерiнiң шектелуi;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкiндiктерiне байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуы;
6) әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауiп төндiретiн аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінiң шектелуi;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектiгi салдарынан өзiне-өзi күтiм жасай алмауы;
8) әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соқтырған қатыгез қарым-қатынас;
9) баспанасыздық (белгiлi бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
11) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұруы;
12) кәмелетке толмағандардың ерекше тәртіпте ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
13) адамның (отбасының) ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
14) табиғи зілзала немесе өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;
15) еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің (отбасының) адамның белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған кезінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, 60 пайыз ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың тіс протездеуге мұқтаждығы;
17) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің Қазақстан Республикасының шипажайларында және емдеу-сауықтыру орындарында шипажайлық-курорттық емделуге мұқтаждығы;
18) Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерінің коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу үшін шығындардың орнын толтыруға мұқтаждығы;
19) амбулаторлық емделуде жатқан азаматтарда туберкулездің белсенді түрінің болуы;
20) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және оларға теңестірілгендердің, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілгендердің өзге де санаттарының, сондай-ақ Семей ядролық полигоны аймағындан зардап шеккендердің Қазақстан Республикасының аумағында теміржол (плацкарт вагон), жолаушылар тасымалдайтын автомобиль көлігінің (таксиден басқа) бір түрімен жол жүру станциясынан ауруханаға жатқызылатын жерге дейін және кері жол жүруге мұқтаждығы;
21) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан жоғарғы кәсіби білім беретін органдарда оқытудың күндізгі оқу нысанында білім алуда аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларының болуы.