Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 122 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 17 наурызда № 6223 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазахстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Исабаев

  Әкімдіктің
2016 жылғы 25 ақпандағы
№ 122 қаулысымен бекітілген

Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария салаласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:
      1) Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринарлық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
      3. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111100, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Затобол кенті, Терешкова көшесі, 19 А үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі.
      11. Осы Ереже Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      14. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк
      мекемесінің миссиясы: ветеринария саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
      15. Міндеттері:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      2) ветеринариялық- санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де
      міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      2) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      3) аудан шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      4) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      5) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Ведомствоның функциялары:
      1) малдарың аса қауіпті және энзоотиқалық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларын жүргізу;
      2) ветеринарлық анықтамалар беру;
      3) биологиялық материалдың сынауын іріктеп алу және оларды ветеринарлық зертханаға жеткізу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;
      2) оның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі басшылықты Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң бірінші басшысын Қостанай ауданы ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы бар, шарттар жасасады, сенiмхаттар бередi;
      лауазымдық міндеттерін бөледі және бекітеді, мекеменің барлық қызметкерлері үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      iссапарлар, тағылымдамалар, оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн көтерудiң өзге де түрлерi жөнiндегi тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      жұмысқа қабылдайды және босатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртiптiк жаза қолданады;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратың тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.